Ражулу зариф фиһә яхзифу кәсирән уа бәнуу тәмим лә ясбутуунәһу аслән исм мә уа лә мушәбиһәтәини би ләйсә һуал муснәд иләйһи бәғдә духуләһумә мислу «мә зәйд қаимән» уа ражулә афдәл минкә уа һууә филәшиә.
Мансубат Һууә мә иштәмәлә ғәлә ғилм мафғулия фә минһу әлмафғул әлмутлақ. Һууә исм мә фәғәләһу фәғил фиғл мәзкур би мәғнәһу. Уа иәкуну ли тәкиид уа науғу уал ғададу мислу «жәләсәт жулусән уа жулисәт» фәл әууәл юсни уа лә южмағу би хиләфи ахауайхи. Уа қад иәкуну би ғайри лафз мислу «қағадат жулусән». Уа қад юхзафу әлфиғл ли қиям қаринәт жәуәзән кәқауләк лимән қадамә хайр муқаддам уа ужубән симәғән мислу сақиән уа рағиән уа хибәт уаждәғән уа хамдән уа шукрән ау ғажабән уа қиәсән фи мауадиғ минһә мә уақағә мисбәтән бағдә нәфи дәхил ғәлә исми лә иәкун хабарән ғәнһу ау уақаға мукәррәрән мислу : мә әнтә иллә сирән уа мә әнтә иллә сир әлбәрид уа иннәмә әнтә сирән уа зәйд сирән. Сирән уа минһә мә уақаға тафсилән ли әсәр мадмун жумләт мутақаддимә мислу фәшудду әлуисәқ фә әммә мәннә бағду уа әммә фәдән уа минһә мә уақаға литәшбиһ ғиләжән бағдә жумләт муштәмилә ғәлә исми би мәғнәһ уа сахибиһу мислу мәрәрту би зәйди фәизә ләһу саут сауту химар уа сирах сирах шәкли уа минһә мә уақаға мадмун жумлә лә мухтәмил ләһә ғайриһи мислу ләһу ғәлә әлф дирһәм иғтиранән.
Мағынасы: «Мансубат дегеніміз – ол сөйлемнің соңында «фатха» белгісі бар сөздің соңында жазылады. Бұл белгі табыс септігін білдіреді. Мансубат екіге бөлінеді. Біреуі мафғул мутлақ. Ол белгілі бір істі күшейту үшін қойылады. Мысалы: отырыспен отырды. Мафғул мутлақ екі түрі бар: мағнауи және лафзи. Мағнауи яғни екі сөз бір сөзден шығып тұрады. Ал, лафзи мағынасы бір, бірақ әр түрлі сөзден шығып тұр. Мысалы: қағадат жулусән (отырыспен отырды.) байланыс (қосу) үшін етістік алып тасталады. ........... бұл сөйлем тәшбиһ (ұқсату). Немесе мағнауи боп тұр “лә” сөзі хабар бұдан кейінгісі “лилжинс”. Мысалы: “лә ғуләмә ражулин зарифун фиһә”. Көп жағдайда “лә лижинс”-ті алып тастауға болады. Ал Бану тамим еш уақытта айтпайды оны.
“мә” және “лә” сөздері (емес, жоқ) деген мағынаны білдіреді. Мысалы “мә зайдун қаймун”.
Мансубат дегеніміз, ол – толықтауыштың белгілері. Оған мафғул мутлақ жатады. Мафғул мутлақ дегеніміз - зат есім, оның етістігі зат есімге сәйкес болу керек. Мафғул мутлақ үш түрі бар:“литәкид” , “линауғ” және “лиғадад”. Мысалы: “жәләсту жулусән”, “жаласту жилсәтән”. Біріншісі - “литәкид”, ол жекеше және көпше түрлерді қабылдамайды. Ал қалған екеуі (линауғ және лиғадад) қабылдайды.
Мафғул мутлақ кейде етістікке сай болмайды. Мысалы: “қағадту жулусән”.
Әдеб: Мәшһүр-Жүсіп шығармалары 15 том ЖШС. «ЭКО» 2009. алынған Бетті жазу. Құрастырып, араб тілінен аударғандар Мәшһүртану ҒПО-ның қызметкерлері : Д.Қ. Матаев., Қ.Қ. Талқанбаева., Б.Ә. Ахметниязов
8 Асыл жақ
Мәшһүр - Жүсіп «асыл жақ» туралы былай дейді. «Жағырафияда мұндай сөздер айтылмай, бұлардың орнына шырық, ғырып, шымыл һәм жынып оң. Бұларға «асыл жақ» - тегіс жер жазықта туып жан-жағымызға қарасақ, айналамызда көк пен жер тұтасқан сияқты көрінеді. Сол көрінген дөңгелекті «Нықта шарабы» (шырасы) дейді. Асыл жақтың араларында болған жерге «туынды жақ» - дейді. Хыритаға (картаға) қараған кісінің оң жағы «шырық», сол жағына түскен шепті «ғырып», жоғары жағы «шымыл», астыңғы жағы «жыноб» болады. Күн әр уақытта бір жерден шығып тұрмағандқытан, күннің шығысы мен асыл жақты белгілеуге қатысы (қақысы) болғандықтан, Темірқазық жұлдызымен белгілеу анық болады» - деп жазады [22, 221]. Демек, біздің мақаламыз орыс (еуропа) мәдениеті жөнінде болмақ. Мәшһүр - Жүсіп жер бетіндегі халықты бөлмей бәрі біріне – бірі қарындас деген. Мысалы: «Дүние барша кісілердің ортақ орны болып, адамдар бір-біріне қарындас болғандықтан, әр – қайсысының халінен хабардар болғандықтан, кісінің қадірі әлбетте артық болады» - дейді [22, 220]. Бұл – сөзіне өзі зерттеген мына жайттар да әбден дәлел бола алады. Ең алдымен Мәшһүр - Жүсіп орыс (еуропа) мәдениетін жетік білген бе? Соған біраз шолу жасалық. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы орыс (еуропа) әдебиетін өте жетік білген деп нық сеніммен айталамыз. Оған біздің көзіміз жетті. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына төмендегі бірнеше мысалдарды келтіреміз. Кезінде академик Мұхаметжан Қаратаев: «Кейінгі кезде белгісіз ақындардың аударып ел арасына тараған «Евгений Онегиннің» үзінділері табылды. Мәшһүр Жүсіптің қолжазбаларының ішінде белгісіз ақын аударған Пушкиннің кейбір өлеңдері шықты» - деген еді [23, 117]. Әрине, бұл пікірге кейбір ғалымдармыз күдікпен қарап келгені де рас еді. Мәшһүр - Жүсіп: 1917 жылы алған әйелін өз ықтиярымен үйіне апарып салады. Сонда жолдастары мұныңыз не дегенде «Оның ойнап күлетін жас өмір, жас шағы. Менің қартайып тоқтаған уақытым. Келешегі бар, жас өміріне кеселім тимесін! – деп босаттым!- деп жауап берген екен. Және де айтатын еді: - «Онегин, Татьяна әңгімесін байқамадыңдар ма? Жас пен кәрі еш уақытта да жолдас болып, жақсы өмір, қызық дәурен сүре алмайды» - деп [24, 321]. А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын мысалға келтіреді. Енді бірде ақын: «[А.С. Пушкин өлеңі ] Пушкин сөзі деп біреу жазыпты: Қаңғыдым жан қинадым шындықты іздеп» - деп жазып алған [25, 290].
В.В. Радлов туралы Мәшһүр – Жүсіп «... Бұл ғылым білімнен бастап, мұнан былайғысы бұрын қағаз жүзінде нұсқа болып жазылмаған. Үш жүздің ішінде кеудесі хат болған Қаракесекте – Бердәлі қожа, Қанжығалыда – Саққұлақ, (Әлике) Лике- Байдалыда Аққошқар – Сайдалының Аққошқары – сондай қазақ жақсыларынан естуіменен Мәшһүр Иүсіф Көпеевтің қағаз жүзіне тахырия қылып, оһым өз зиһынан жасалған сөзлерді мыхымұх міркіб қылып кейінгі заманға жәдігер (иадкер) үшін жад әуелі басы Василий Васильевич Радловтың жинаған сөзі – қазақ әдебиетлерінен» - жазған [28, 16].
Немесе, «Жетпіске жетіп, жер таянып отырған біздердің тумай тұрып қалған күнімізде неміс жұртынан шыққан Василеиш Радлов қазақ әдебиетін жинап бастырған екен. Біз жазайық деп отырған сөзіміз сонан алынған. «Қазақтың түбі» деп, Васили Василиш Радлов баспаға бастырған» - деп жазды (ОҒКҚҚ, №1177 папка, 279 бетте) [24, 400-401],
Мәшһүр Жүсіп «1810-1848 жылдардың арасында тіршілік қылған Висарион Белинский - өз тұсында замандастарынан басы озған, арттағыларына ұстаз болған орыстың атақты, ірі әдебиетшісі, тарихшысы. Ол айтқан пәлсапа: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар, - дейді, - жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді, - дейді. –Бірақ тіршілік еш уақыт өлмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдер я әлі күнге орында, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры жоқ ауданды кең бесігінде толғанады». Осы сөзге менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!» - деп сөйлеу керек. Дарвин айтады: «Талай замандар өткенде, биттей көзге ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, құс, аң, ағаш сияқты жәндіктер мен өсімдкітер шығады» - деген. Үшінші сөз Михаил Баскин сөйлеген: «Әлем жүзіндегі барлық нәрселер тоқтаусыз қозғалып, өзгеріп отырады. Осы күнгі қап-қатты болып тұрған жеріміз бір кезде дауылдап жанып тұрған отты зат болған. Нешелер замандар өтіп сырты суый бастаған соң, осы қалыпқа келген» - дейді [26, 56]. Мәшһүр Жүсіп тек қана оқып қоймаған көңіліне жаққан сөздерді қойын дәптеріне жазып қойған және де өзінің ойын пікірін де ашық айтқан. Айталық, Мұсабековтің рақмет ғұмұмия дегені, Дарвиннің тұрмыс – тартысын сөйлегені, Виссарион Белинскийдің: «Толқынды толқын қуады – дегені, Мұхат Әуезовтің осы жүрген жандарды: «Босқа еріп жүрген соқыр» - дегені, оның ішінде «Ақын – жынды қатын» - дегені, Михаил Баскиннің: «Бұл жүрген жанның көбі басы жоқ мұжық» - дегені, Затаевичтің қазақтың әнін жұрт көзіне түсіргені. Бұл сөздерге қол қойған – Мәшһүр Жүсіп Көпей баласы» дейді [26, 60]. Жалинус атанған бір данышпан айтқан: «Һауа түзу бұзылмаған уақытта өзі жүруге жарамай қалған жан арбамен болса да, күнде бір қабат таза ауада жүруді ғадат (әдет) қылсын!» - деген [27, 26].
Сол сияқты, 1828-інші жылда 10 сентябрьде туып, 1910-жылда 20-ыншы ноябрьде өлген – Лев Николаевич Толстой: 1801-1851-інші жыл туған жаннан 30 жас үлкендігі бар 82 жаста қаза тапқан» - депті [28, 180]. Бұл - ақынның орыс (еуропа) әдебиетін, философиясын, географиясын көп оқып, тоқығандығының белгісі, дәлелі болып табылады.
Мәшһүр – Жүсіп ««Л.Н. Толстой және басқалар айтқандары» - дегенде: Адам баласынан – озған күн жоғалмаса, аты жоғалмайтын Лев Николаевич Толстой «Ұят-ай!»- деген мақала жазды: «Біз адам емес пе едік?» Ұят біздің белгіміз емес пе еді? Осы жалғыз белгіден айрылып, ана төрт аяғынан сыйынған аталарымыздың аулына қайтқанымыз ба?!» - деп.
Адам баласынң сөлекеттік қылған ісін-«Хайуандықпен қылған ғой»! – деуге болады. Ғылымды, білімді болған затлар бізді қанша жоғары тартса да, біз тырысып, ащыға қашқан түйедей, төрт аяқтының аулына қайтып жатырмыз. Орыс жазушысы Салтыков «Түзулік пен шошқа» - деп, мақала жазған: «Түзулік, сен: «Күн бар»! – дейсің, рас па, мен көрмеген күнді сен қайдан көрдің?»-деп шошқа түулікті балтырдан алған.
Сонда түзулік айтқан:
- Шошқа, сені Құдай жаратқанда, жоғары қаратпай жасатқан. Сен күнді осы себеппен көрмейсің.
-Есті (ыссы) күнде көретұғын, жұрта көрсетіп тұрғандар, балтырды басқаға бере беріңдер! – деген.
1910 – ыншы жылы опат болды дума члены Василий Иван Королев. Бұл төрт жыл Шилисбилпорых абақтысында отырып, ғұмырынша Сібірге айдалған еді.
1910 – ыншы жыл жазғытұры үшінші (3-інші) дума, государский думаға дін құрдастығы туралы Закон жобасы қаралды. Сонда Королев докладчик: «Дін бәрі құрдас (кордас) дінге бостандық, Құай жолы-адам көкірегінде. Бұған ешкімнің таласы жоқ!» - деп.
Думаның оң жағынан бір депутат:
- Каторжник!-деп, жуандық қылып, Королевтің бетінен алды. Осы надандық, әдепсіздік қылған депутат бір поп еді. Қазақшаға тәржімә қылсам, қажы деуге зор ұқсайды. Сонда Королев айтты:
-Рас, мен абақтыда отырдым, айдалдым да, міне, сендердің государский думаға отырғандарың – осы мен атқарған істің аяғы. Мен бұған мақтанамын!-деп. Осы Королевтің попқа берген жауабы би бетінде тасқа жазулы.
- Королев өлгенде, 3-інші Уфа губерниясынан депутат молда Тоқаев жас әйел баласына ұстатып гүл әкеліпті. Дүйсекең бұған не айтар? Қажы Дүйсекей осы Королев, Потанинмен бір қос болмай:
- Сенімен бір жүріп, тозаққа кетірейін бе?! Жақынға қас қылған Қабыл мен Яһуданың қайда екені белгілі еді. Бұларға да бір атшы керек қой! Жолың болсын! – «Қыр баласы» баласы. Қазақ ішіндегі надан қажылармен айтысу жарамайды. Бәрінің сыбағасына осы сөз де жетерлік сөз. Рахмет «Қыр баласына!»- Анадан бала туса, осындай ту!
54-інші номер «Қазақ» газетасында басылған сөз: «Күллі дүниедегі қажыларға тартылған бір табақ».
1914-інші жылында, апрельде біздің қолымызға келді» - деп Ресей тарихынан көптеген тарихи мәліметтер келтіреді [29, 198-199]. Егер де Мәшһүр – Жүсіп орысша білмесе, оқымаса, саяси сауаты болмаса онда осыншама деректерді қалай білген деген заңды сұрақ туады. Осы сұрақты сейілту мақсатында да және Мәшһүр – Жүсіптің тек қана түркі тарихын ғана біліп қоймай, орыс (еуропа) тарихында жетік білгендігінің нақты дәлелі деп білеміз
Мәшһүр Жүсіп «Әбілғазы ханның шежіресін» жете зерттеп тарихына тоқталады: «Оның сөйлеген шежіресін Яуропа жұрты атам заманда перуаттап алған, Вельяминов-Зернов жазған тариқтан көдедей көп Николайдың әкелері Александр патша француз тілінен орыс тіліне айналдырып, Казимбекке перуатдатқан. Сол Казимбек баспасынан алынған сөз – «Уыз хан шежіресі». Мұны «Әбілғазы хан шежіресі» атаған [24, 397].
«192? - ншы жылдың 21-ші ноябрінде жеке басылған «Еңбекші қазақ» газеті №2- нші нөмірінде: «Ескі заманның мәдениетінен мәжнүн есалаңдар безеді, депті. Оны Маркс айтты дегенге келеді. «Сотқа сот қосылса - салмасын, сөзге сөз қосылса - демесін». Бұл мәдениет ертегіні жаздық. Сайрам қаласының мешітіндегі тас бағанды орнатқан кім екенін жазам» [24, -Б. 416] - деп ақын ескі мәдениеттің керек екендігіне ден қойып, Маркс ілімін жақтайды. Және «мәдениет» - деген терминді ХIХ ғасырда бірінші қолданған да Мәшһүр Жүсіп екендігін ескерте кеткенді жөн көрдік.
«Таудан мұраттау түгел шағыр Некрасов айтқан: «Бәрі жердің астында көмілгенде, жоқ үміт және сонда жылар да жоқ, қаны қатқан, әлі... жүз ел ғұмыр ит һимна үмітте бол. Век живи, век надейся. Үмітсіз шайтан – ғалия лағын» - деп жазды Мәшһүр – Жүсіп [30, -Б. 3].
Мәшһүр Жүсіп: «Мәдени халық қасында дүние халінен хабардар болған, болмаған кісілер өз ортасының халін білмеген кісілер ақымақ кісіге есеп қылынады. Бұлай болса қадар[и] көп халықтың халін білуге бола ма? Болады. Оның үшін жағырафия оқуы керек. [Жағырафия] жайын үйреткен білімге орысша география деп, бұған шейін жазылған сөздер жағырафияның керекті бір ғылым екенін білдіру үшін жетсе керек. Жағырафияның мектеп, медреседе сабақ болып оқылып, жағырафия [ны] медреседе оқытуға бола ма? Жас балалар мектеп, медреседе оқудан пайда қыла ала ма? Бұл сұраудың жауабына көп сөз жазуға орын жоқ. Мәдени жұрттар өнер, дін мектептердің программ [сы]на жағырафия қосып отырғандығы жетеді. Рум, Сияһым, Түркияда болсын, жалпы Еуропада болсын - жағырафия оқытылмаған ешбір мектеп жоқ. Бастауыш, орта, жоғары медреселерде сауда әр дін мектептерінің әрбірінде өздерінің дәрежесіне қарай жағырафия оқытылады. «Жағырафияны мектепте оқуда пайда жоқ» - деу басқа ғылымды, халықтарды ақымақ деген болады. Олай деу [дің] өзі – ақымақтық. Жағырафия адамды өткірлендіреді, ойын нұрландырады һәм Отанын сүйгізеді, басқа пәндерді білуге себепші болады. Әсіресе тарих ғылымының негізі дін ғылымына да қатынасы бар. Бұрынғы пайғамбарларымыз қай жердегі халықты иманға шақырғаны жағырафиямен білінеді. Олай болса, жағырафия оқығаннан кісі Алланың құдіретіне көңіл нығырақ сенеді» - дейді [22, 220-221]. Бұдан әрі Мәшһүр – Жүсіп жағырафия – бек кең ғылым болып бірнеше бөлімге айрылады» - деп жағырафия (география) ғылымының дінмен қатысын айқындайды және Алланың құдіретін осы – жағырафия арқылы өте жақсы тануға болатынын жазады. Жағырафия пәні бала мінез – құлқымен тығыз байланысты екенін, мектептерге ғылым ретінде енгізу мәселесін де ең алғаш көтерген Мәшһүр Жүсіп. Мәшһүр Жүсіп жағырафияны: жағырафия риазы, жағырафия табиғи, жағырафия сабасы, жағырафия тарихы, жағырафия риазыны (екі рет жазыпты – А.Қ.) бөледі. Және олардың ара – қатынасын ажыратып береді. Жердің форымы үлкендігін үстіндегі күрзі себетін сызықтарды Күн мен Айға Жердің жырақтығын білдіреді десе, табиғи жағрафия: жер үстінде болған таулар, сулар, ағаштар, адамдар һәм хайуандарды білдіреді, ал, саяси жағрафия: жер жүзінде болған патшаларды, ол патшаның қол астында болған мемлекет һәм шаһарларды білдіреді, тарихи жағрафия: бір мемлекетте бұрынғы заманда болып өткен қауымдардан, яки бұрынғы қауымдардың қай жақта тіршілік еткендігін білдіреді дейді. Сол сияқты, Мәшһүр - Жүсіп географиялық терминдерді, ономастикалық терминдерді қазақшалаған алғашқы адам болып табылады. Және де қазақшалағанда сол уақыттың орфографиялық нормасына сай термин жасаған. Оны төмендегі келтірілген нақты деректерді оқығанда көзіміз жететін болады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп: Жердің үстінде бірдей қылып екіге бөлген бір сызық бар. Ол сызық күннің жүретін жолын орысша «экватор» - дейді. Оны екіге бөліп: Бұл бөліктің бір жағына - сол жақ жарты, екіншісі - оң жақ жырты. Жерді хыритаға (картаға) түсіргенде, сол жағы жоғары қарайды, оң жағы төмен қарайды. Күннің жүретін жолы қатты: ыстық болады. Екі жақ шет-ыстықтығына қарағанда, беске бөлінеді. Ыстық жер - күннің жүретін жолының әр екі жағынан 9440 шақырымнан болады. Екінші орта жер - ыстық жердің әр екі жағында 4490 шақырымнан болған. Жерорта әуелі сол орта, әуелі жерден екі жақ қарай болған суық жер дейді. Құрғақ дүниенің бөлімдері. Жер үлкен беске бөлінеді. Олардың әрқайсысы бөлім дейді. Олардың аты мыналар: Еуропа, Азия, Америка, Аустралия. Бұлардың әуелгі үшеуін де «Ескі дүние», соңғы екеуін де «жаңа дүние» - дейді. Бұл бөлімдердің құрғақ жерлері әр түрлі аталады. Айналасы су болған құрғаққа Арал дейді. Сондай құрғақтар бір-біріне жақын көп болса: «Аралдар»-дейді. Бір жағы құрғаққа тұтасып, үш жағы су болса: «Жартыарал» - дейді. Жартыаралдың құрғаққа тұтасқан жері жіңішке болса, «Бірзық»; қазақша «Мойын» - дейді. Құрғақтың теңізге сүйір болып шыққан жерін «Тұмсық» - дейді. Жердің үстінде жоғары көтерілген биікке тау дейді. Төбесінен от түтіні шығып тұрған тауға «Жанартау» дейді. Таудың үсті тегіс болса: «Иайла»-дейді. Таусыз жерде болған тегіске «жазық» дейді. Егін, шөп өспейтін құмды жерге «шөл» дейді. Судың бөлімдері дүниені айналып алған үлкен суларға: «Тысқы теңіз (деңіз)» - дейді. «Сол жақтағы мұз теңізі», «Оң жақтағы мұз теңізі». Үлкен теңіз –Һинді теңізі, Атлас теңізі – теңіз аталып, беске бөлінеді. Бұлардан айрылып құрғақтың ішіне кірген сулар... «Ішкі теңіз»-дейді. Бір жағы суға тұтасып, үш жағы құрға[қ] болған суға «Гүрпаз» дейді. Гүрпаздың пароход тоқтауға жасалған орнына «Лимін» - дейді. Екі судың қосылған тар жеріне «Қылма»-дейді («бұғаз» дейді). Егер ол су адам күшімен қазып қосылған болса: «Канал»-дейді. Бір жерден екінші жерге ағып тұрған суға «Өзен» дейді. Өзеннің шыққан жағын: «Мынбых», құятын жағын: «Мынғып» (мынсып) дейді. Өзеннің құятын жағына қарсы қарап тұрған кісінің оң жағы – судың оң жағы – кісінің сол жағы. Судың сол жағы биік жерден ағып түскен суын: «Ғышалла» (хышалла)-дейді. Құрғақтың ортасында ақпай тұнған суға: «Көл» - дейді. Бес бөлімнің әр бөлімдері бірнешеге бөлініп, әрбір бөлігі бір патшаның қол астында болады. Сол бөлімдердің патша қол астында болған жерін: «Патшалық жер» - дейді. Патшалардың тұрған шаһарын: «Астана» - дейді. Қазіргі «Астана» қаласының атын еске түсіріңіз.
Жердің үстінде болған топырағын һәм суларды, патшалық шаһарларды айырып көрсеткен қағазға: «Харита» (карта)-дейді. Әр патшалықты қағазға түсіріп, [ол] кітап сияқты түптелген болса: «Атлас» - дейді. Жердің домалақтығын жасап қағазға түсірген нәрсені креміс (глобус) [дейді]. Сол жерді екіге жарып көрсеткен қағазға: «Кіремстиға» - дейді. Жер жүзінде миллиард алты жүз миллион халық бар. Бұлардың тірісінің түсіне, бетінің қияпаиына қарап, 3 түрге бөлінеді. Бірінші-ақ, екінші-сары, үшінші қара түсте келеді. Ақ түсте – бұларға Еуропада, Азияның күнбатыс жағында, Африканың сол жағында, Американың әр жерінде тұрушы адамдар. Бұлар ғылдауандарда ең ілгері халық. Екінші Сары түсте келеді. Бұлардың ескі қонысы Азияның күншығыс жағы болса да, осы көне Азия, Еуропа, Америка һәм Аустралияда бар. Бұл үш түрде басқа Американың тұрған елі-қызыл түсті һәм Аустралияда тұрған Мализ жұрты. Бұлар сарыға қосылады. Осы адамның тіршілігі. Адамның тіршілігі туралы дүние жүзіндегі кісілер тіршілік жағынан үшке бөлінетінін де жазып кеткен.
Мәшһүр - Жүсіп дін туралы жер жүзіндегі адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі – Құдайды бір дос (дош), бірі Құдайды бір демеуші, «бір» деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге «Бір» деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед-бір деме-осылар. Будда, Бірахмен, Мәжуси, Һубасқа түндей болады. Жер үстінде кітаптан, мішіріктер көп. Тіл туралы жер жүзіндегі болған адамдардың тілдері түрлі-түрлі. Санағандар: «Мың шамалы түрі бар»-дейді. Бұлардың дүниеге ең көп жайылғандары үшке бөлінеді. Бірінші-Һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші – күншығыс Азия тілдері. Үшінші: Хам, Сам тілдері дейді. [Бұлардың] Еуропа бөлімі 5 бөлімінің ең кішкенесі болса да, мәдениет жағынан ең бірінші дәрежеде саналады. Үлкендік һәм бөлігі, Еуропа бөлімі-Ескі дүниенің жарты-аралы күншығыс жағында. Азиядан айырылған Орал таулары (таудары), Орал өзені, Каспий теңізі, Кавказ (Қапқаз) таулары. Оң жаңы – Ақ теңіз, онан пайда болған аталар теңізі-Мірміре (Мрамор) теңізі, Қара теңіз-күнбатыс жағы, Атлас теңізі – сол жағы. Сол жақтағы Мұз теңізбен айналған. Үлкендігі Еуропа бөлімі сол жақ күншығыстан бастап, оң жақ күнбатысқа шейін 4060 шақырым, солдан оңға 3650 шақырым сулар. Еуропаны айналған үлкен теңіздерден бірнеше кішкене теңіздер пайда болады. Сол жақтағы Мұз теңізден Теріскей һәм Ақ теңіз, Атлас теңізінен – Ақ теңіз, Бішкай, Маншы, сол Балты теңіздері пайда болады. Ақ теңізден Тиренин, Адіриатік, Ионан аталары: Мірмірә теңіз һәм Қара теңіз пайда болады. Қара теңізден Азау теңізі пайда болады. Гүргіздер Балты теңізінен 3 Гүрзі туады: Бутин, Пішін, Рига. Сол теңізден 3 Гүрзі туады: Зурайл, Узам, Хырстиафа. Ақ теңізден 3 Гүргіз туады: Лион, Гіпиуез, Қарант – бұғаздар. Еуропаның сол жағында: Зонт, Каттат, Аскажирак, Кала. Оң жағында: Дарданелл, Боспор, Киршин, Ойрант, Гейоралтар (Гиралтар) бұғазы бар. Зонтке, Тагат, Әске, Жырақ бұғаздары Балтии теңізі. Сол теңізді тұтастырып Скандинауия жартыаралын Иұтландия (Жұтландия) жартыаралынан айырады. Кала бұғазы Сол теңізін Маныш теңізін қосып, Баритания аралын үлкен құрғақтан айырады. Гейоралтар бұғазы Ақ теңіз бен Атлас теңізін қосып, Испания жартыаралын Африкадан айырады. Отирант бұғазы Адриаттің теңізін, Ионан теңізін қосып, Италия жартыаралын Балқан жартыаралынан айырады. Дарданелл бұғазы Аталар теңізін Мірміре теңізіне қосып, Балқан жартыаралын Кішкене Азиядан айырады. Босфор бұғазы Мірміре теңізін Қара теңізге қосады. Керіс (Керчь) бұғазы Азау теңізін Қара теңізге қосады, Қырым жыртыаралын Қапқаздан айырады деп көптеген теңіздің, таулардың, бұғаздардың, жартыаралдардың бізге беймәлім қазақша аттарымен атап көрсетеді.
Аралдар. Еуропаның сол жағында: Жаңажер, Исландия, Британия аралдары; оң жағында: Балалаарионан аралдары, Корсика, Сардиния, Асжелия, Крит аралдары бар. Жартыаралдар Еуропаның сол жағында: Скандинауия, Иұтландия. Оң жағында: Испания, Италия, Балқан һәм Қырым жартыаралдары бар.
Мұрындар. Еуропаның сол жағында: Тарипа мұрыны, Мұрткен, Матабан, Сканин мұрындары бар. Мұркен мұрыны Скандиунауия жартыаралының сол жағында. Сканин мұрыны Иұтландия жартыаралының осл жағында, Матабан мұрыны Балқан жартыаралының оң жағында. Иауропаның ең сол шеті-Мұрткен, ең оң шеті-Матабан мұрыны.
Таулар. Иауропаның сол жағында - Скандинауия таулары, күншығысында- Орал, Қапқаз таулары, ортасында- Қарпат, Алып таулары. Оң жағында- Апанин, Пірезе, Балқан таулары. Апанин тауы- Италия жартыаралында. Пирене тауы Испания жартыаралында.
Жанартаулар. Гикла, Атына, Безу деген үш жанартау бар. Гикла жанартауы- сол жақта Сыланда (Исландия) аралында. Атына жанартауы- оң жақта Сыжелия аралында. Безу жанартауы оң жақта Италия жартыаралында.
Иауропадағы атақты өзендер.
Иауропаның сол жағында Пішғұра өзені сол жақтары Мұз теңізге құяды. Сол жақ Диюна (Двина) өзені Ақ теңізге кұяды. Күнбатыс Диюна Рига гүргізіне кұяды. Иауропаның ортасында Ұсылы (Висла), Одыр (Одер) өзендері Балтии теңізіне кұяды. Елба, Маузыр, Рейін өзендері Сол теңізге құяды. Күнбатыс жағында Сыпана өзені Маныш теңізіне құяды. Луара, Тарой өзендері Біскей теңізіне құяды. Оң жағында Тәж өзені Атлас теңізіне құяды. Ұна өзені Ақ теңізге, Дөң-ай, Дініпір, Діністір өзендері Қара теңізге, Дөң (Дон) өзені Азау теңізіне Уолға (Волга), Орал өзендері Кеспе (Каспий) теңізіне ағады. Бұл өзендердің ең үлкені- Уолга, екіншісі- Дөң-ай.
Иауропадағы атақты көлдер.
Иауропаның сол жағында: Өнеге, Ладога, Мінлер,Уезер, Үйтер көлдері. Бұлардың соңғы үшеуі Скандинауия жартыаралында, ортасында Жануа, Күнстан, Тыныс көлдері.
Иауропаның жерінің түрі һәм ауасы.
Иауропаның оң жағы- таулық, күншығыс жағы һәм Балти теңізі. Сол теңізінің жиектері таусыз. Сол жағының ауасы салқын болғандықтан, егін өспейді, кісісі де бек аз болады. Орта жерінің ауасы орташа: егін жақсы шығады, адамдары көп тығыз тұрады. Ауылдары, шаһарлары тәртіпті болады. Оң жағының ауасы ыстық болса да, адамның тууына, егіннің шығуына зиян келтірмейді.
Иауропа адамдарының жынысы.
Иауропада төрт жүз миллион шамасында адам бар. Бұлардың көбі- ақ түстілер болып, атақты төрт руға бөлінеді. Олар мыналар: бірінші-Латын (Блата), екінші-Герман, үшінші- Слауиан, төртінші-Тұран. Латын жынысындағы қауымдар- Италия, Франция, Испания һәм Румения қауымдары. Бұлардың саны-жүз миллионға жақын.
Екінші Герман жыныстағы болғандар. Біріншісі екінші пілеменнің (племяның): Скандинауия, ағылшындар болып, Бұлар 80 миллионға жақын. Үшіншісі Слауиан жынысындағылар: Орыс, Полак (Поляк), Чех, Слауак, Былғар (Болгар), Сырып (Серб)- бұлардың саны 90 миллионға жақын. Төртінші:Тұрандар, Түріктер, Россия татарлары, Мажарлар, Фин, Самуи. Бұлардың саны 30 миллионға жақын, дін һәм мінхұб.
Иауропаның күншығыс оң жағында тұрған халықтар: түріктер мен татарлар Ислам дінінде болып, басқасының бәрі христиандар 3 түрлі дінге айрылады. Латын бөліміндегі адамдар католик дінінде, Герман бөлігіндегі адамдар пурустан (бұрыс) дінінде, Слауиан бөліміндегілер прауслунай (православный) дінінде.
Иауропада болған хүкіметтер.
Иауропа бөлімінде түрлі үлкендікте, түрлі дәрежеде 2 хүкімет бар. Олардың төртеуі- патшалық, он бірі- король, екеуі -жымһуриат, екеуі- князь, бірі- духалық. Патшалықтар мыналар: 1.Россия, астанасы-Петрград. 2.Германия, астанасы-Берлин. З.Аустырия (Австрия), Мажарстан, астанасы-Уина (Вена). 4.Түркия, астанасы-Стамбул.
Иауропадағы атақты корольдер.
Бірінші- Англия, астанасы-Лондон. Екінші- Италия, астанасы-Рим. Үшінші Шуетсия (Швеция), Нұруегия (Норвегия), астанасы-Стокголм (Стокгольм). Төртінші- Испания, астанасы-Мадрид. Бесіншісі- Бельгия, астанасы-Бұрөсіл (Брюссель). Алтыншы- Голландия, астанасы-Амстердам. Жетінші- Португалия, астанасы-Лиссабон. Сегізінші- Румыния, астанасы-Бұғарыш (Бухарест). Тоғызыншы- Дания, астанасы- Көпенқаған (Көпенгаген). Оныншы- Ионан, астанасы- Афина. Он бірінші-Сорұя, астанасы- Белқырат (Белград).
Князьдер.
Бірінші- Былгария (Болгария), астанасы- Сопы-ия (София). Екінші-Қаратау, астанасы-Шегенит.
Жымһуиатлар.
Бірінші- Беренсие (Франция), астанасы-Парыз (Париж). Екіншісі- Шуетсария (Швецария), астанасы- Берін (Берн).
Духалық- Лүксенбөрік (Люксенбург), астанасы- Лүксенбөрік (Люксен-бург).
Европа (Иауропа) бөлімінде болған хүкіметтер.
Россия. Россияның орны һәм бөлігі. Россия мемлекеті жер жүзінде болған мемлекеттердің ең үлкені. Иауропа бөлімінің жартысы, Азияның үштен бірі Россия хүкіметінің билеуінде болып, бүтін жер жүзінің алты үлестен біреулігі Россия мемлекеті болады. Иауропаның күншығыс жағы, Азияның сол һәм орта жерлері Россияның билеуінде больш, Үлкен теңізден: Балти теңізінің жиегінде, сол жақ Мұз теңізден Қара теңізге шейін жайлаған. Сол жағында сол жақтағы Мұз теңізі, күншығысында Үлкен теңіз. Оң жағында Қытай мемлекеті, Афганистан, Персия, Түркияның Азиядағы бөлімі, Қара теңіз. Күнбатыс жағында- Румыния, Аустрия [Австрия], Бенгерия [Венгрия], Германия, Балти теңізі, Шуетсия (Швеция) мемлекетіменен бөлінеді. Солдан оңға 4000 шақырым, күншығыстан күнбатысқа 12000 шақырымнан артығырак жері бар.
Россиядағы атақты бұғаздар һәм гүрпіздер, теңіздер.
Тысқы көлден, теңізден басқа Иауропаның сол жағында Ақ теңіздің оң жағында Орта теңіз, күншығыс жағында Беренгей (Беринг) теңізі, Қамшат жартыаралы, Уахотский [Чукотский] теңізі бар. Бұл теңіздердің жиектері жырымдалған жартыаралы, гүрпіздері көп болады. Балтии теңізінен айрылған Рига, Финландия... сол жақ Мұз теңізден айрылған Обь, Енисей гүрпизі, оң жағында Қырым жартыаралы, Азау теңізі, Қара теңіз, Керіс, Боснау мен Беренгей теңізі. Сол жақ Мүз теңізге Беренгей бұғазымен қосылады.
Россиядағы аралдар һәм таулар.
Россия патшалығынан саналатын аралдардың атақтылары мыналар: сол жақта Калгойб, Новая земля, Байғаш, Лиақов.
Аралдары. Күншығысында- Сақалын аралының жартысы Россияның... бөлімінде. Орал, Кавказ, Қырым, Уалли, Уалдай таулары бар. Бұлардың ішінде ең ұзыны- Орал таулары болып оңға ұзайган Орал тауының ұзындығы екі мың шақырымнан артық. Биіктігі- бір жарым шақырым. Оң жақтагы көп тармақтарға айрылып, кеңдігі- екі жүз шақырым шамасындай болады. Орал тауының үсті қалың ағаш болып, түлкі, сансар, қарсақ, сабыр, аю- сияқты жүнді хайуандары көп болады. Ішінде алтын, күміс, платин-сияқты қымбатты михындар, мірміре, малақит, иашма, тапас, биллор, алмас- сияқты қымбатты тастары көп. Бакыр, темір есепсіз.
Қапқаз таулары Каспий теңізі мен Қара теңіздің арасында болып, Орал таулары сиякты ұзын болмаса да, биіктігі көп артық. Ең биік жері- бес жарым шақырым болған Елбұрыс [Эльбрус] тауы, Жағатау (Игатау), Қазыбек тауларының биіктігі, Кавказ тауларының ұзындығы 1100 шақырым, кеңдігі 1200 шақырым. Қырым жартыаралында Қырым таулары Кавказ тауларының бір өлшеуіші болса да, Кавказ таулары сияқты биік емес. Ең биік жері- Шадыр тау. Кавказ тауларында қымбатты мыхдындар, қымбатты тастар Орал тауларындағы болғандай болмаса да, кен суларынан, жемісті һәм қымбатты ағаш-тоғайлары болмаса да, кен суларынан, темірлі, күкіртті сулардың жылы-сы нэм салқыны көп болады. Алтын, күміс азырақ бар. Кавказдың ең үлкен байлығы-нышпыт. Мұнан керосин жасалады, Кавказ тауларының үстінде әр уақыт қар болып тұрады Мұнан көп өзендер пайда болса да, биік һәм тасты жерлерден аққан себеплі пароход жүрмейді. Уаллы, Уалдай таулары Орал тауларынан айрылып, Балтии теңізіне жақын Алуан тауларына қосылып, Иауропа Ресейді оң һәм солға айырады. Россияның Азия бөлімінде Алтай, Саянскей, Ыстапуы таулары бар. Бұлардың арқасында қымбатты мығдандар көпке, Мішәтке жартыаралында Каушеускей жанартау бар.
Россиядағы атақты өзендер һәм көлдер.
Россия ішінде атақты көлдер һәм өзендер көп, Иауропа бөліміндегі атақты көлдер: Ладога, Онеге, Сайма. Атақты өзендерден: Уолга[Волга], Дініпір [Днепр], Дінестір [Днестр], Ұста [Ұсла-Висла], Отыр [Одер], Найман [Неман]. Күнбатысы-Дуына [Двина], сол жақ Дуына, Бесорле (Пішорле) өзендері. Оп [Обь], Енесай [Енсей], Лина [Лена], Әмір [Амур], Амудария, Сырдария өзендері Россияның қарамағында. Россия үшін Бұл өзендер бек пайдалы өзендер. Көбінде жаз күндері 5-6 пароходтар жүріп, Бұл пароход та Россияның сауда жолын жеңілдетеді. Мал, нәрселер жүргізіп, көп кісілер пайдаланады. Россияның Иауропа бөлімінде 30 мың шақырым пароход жолы бар. Бұл өзендердің ішінде пайдалысы- Уолга [Волга] өзені. Уолга өзені бүтін Иауропада ең бірінші өзен, ұзындығы- 400 шақырым. Бұл өзен Алуан тауының етегіндегі батпақтан шығып, әуелі күншығыс солға, одан кейін оңға, солға бұрылып отырып оң жақ күншығыстағы Кеспе (Каспий) теңізіне құяды. Бұл өзеннің шыққан жері - кішкентай Бұлақ болса да, оңнан һәм солдан бірнеше өзендер қосылып, үлкейіп, тереңдігі 15 сажын, ені құятын жеріне жақын 8 шақырым болады. Волганың екі жақ жиегі әр түрлі: кей жерінде екі жағында биік тау, ағаш, кей жерінде екі жағы да жап-жазық. Көбінесе бір жағы жазық, екінші жағы тау болып отырады. Құятын жерінде бірнеше тармақтарға бөлінеді, айрылады. Бұл өзеннен: сырдалия, мирсен, судак, көсуыс, гіранға, гірауха, жылан балығы сияқты балықтар ұстайды. Бұлардың көбі буаз балық болады. Уолга [Волга] өзені сату, алу жөнінен ең керекті өзен болып, Россияның ағашты жер, ағашсыз жеріне астық шыққан жерді астық шықпайтын жерді тұтастырады. Уолга өзені сол жағында Молуга, Хиксина, Қама; оң жағынан Уага, Сора өзендері қосылады. Қама өзені 1200 шақырым болып, оң жағынан Уолга, сол жағында Уилая, Ақ Еділ, Уага өзені 1400 шақырым болып, сол жағынан Мәскеу суы қосылады. Бұлардың әрқайсысынан пароход жүреді. Орал өзені 1400 шақырым ұзындығы, түбі саяз болғандықтан, пароход жүруге қолайлы емес. Орал тауларынан шығып Кеспе (Каспий) теңізіне құяды. Иауропаны Азиядан айырады. Дон өзені Иауропа[лық] Россияның ортасынан Толы [Тула] шаһарының жанынан шығып, Азау теңізіне құяды, ұзындығы 3000 шақырым, аса терең болмаса да, пароходтар жүріп, сауда қызметіне көп пайдасы тиеді. Россияда болған ағаш, май, тері һәм басқа Қырым нәрселері Царицында Уолга өзенінен 60 шақырым темір жолмен Дон өзеніне қосылып, көшіріліп, одан Азов теңізі арқылы шет мемлекеттерге кетеді.
Дініпір (Днепр) өзені.
Днепр өзенінің шығатын жері Уолганың шығатын жеріне жақын Алуан тауларының екінші жағында болып, Қара теңізге құяды, ұзындығы 1890 шақырым. Шығатын жағы- ағаштық, ортасы- егіндік, құятын жағы шел болғандықтан, бір жерде көп болған нәрселерді болмаған жерлерге көшіруге өте жайлы болып, адамдардың тіршілігі ұшін пайдалы дүр. Бұл өзеннің асты тастақ болғандықтан, пароходтар қорқынышпен жүреді.
Дінестір өзені.
Дінестір өзені Аустриядан шығып, Қара теңізге құяды. Мұ[ны]ң да түбі тастақ болса да, Днепр сияқты қорқынышты болмағандықтан, пароходтар жүріп тұрады.
Усла өзені.
Усла өзенінің ұзындығы 1010 шақырым, біраз жері Россия мен Аустрия арасынан ағып, сонан Россияға кіріп, аяғында Пруссияда Балти теңізіне құяды.
Ниман өзені 850 шақырым ұзындығында болып, Балти теңізіне кұяды. Пруссия мен екі арада сауда жолы болады. Күнбатысы- Дуына өзені, ұзындығы 900 шақырым Алуан тауларынан шығып, Рига гүрпізіне құяды.
Ниуа өзені Ладоға көлінен шығып, Петрградты басып Финляндия гүрпізіне құяды, ұзындығы- 60 шақырым болса да, суы көп болғандықтан, пароходтар жүреді. Сол жақ Дуина-Пипнига [Сипнига], Мизен, Пим [Сим], Ора өзендерінің сауда үшін пайдасы аз.
Азиядағы орысқа қараған өзендер.
Оп [Обь] өзені 3800 шақырым ұзындығы болып, сол жақ Мұз теңізге құяды. 3900 шақырым ұзындығында болған Ертіс өзені де Обқа қосылады. Ертіске қосылады- Тобыл өзені, Ешім өзендері. Енесай өзені Саянскей тауларының оң жағынан шығып, сол жақ Мұз теңізге құяды, ұзындығы- 4000 шақырым.
Лена өзені- дүниедегі болған ең үлкен өзендердің бірі, Сібір тауларынан шығып, сол жақ Мұз теңізге кұяды, ұзындығы-4390 шақырым.
Әмір (Амур) өзені Охотский теңізіне құяды, ұзындығы 3000 шақырым. Бұл өзендердің әрқайсысында пароходтар жүрсе де, жылдың көбірегінде қататын болғандықтан, азырағында пайдалануға болады.
Амудария, Сейхун [Сыр дария] өзендері Арал көліне құяды. Буларда да пароход жүретіндіктен, Орта Азияның саудасына қызметтері көп.
Иауропадағы каналдар.
Россиядағы түрлі жаққа ағатын өзендердің шығатын жерлері бір-біріне жақын болғандықтан, екі жаққа ағатын өзендер қаналдарымен [каналдары-мен] тұтастырылады. Ол қаналдар мыналар: Уошниюлотскей Тібіресе өзені мен Мыста өзенін қосады. Упіртінберік, Білезүр, Мариел, Пирөзен, Оген, Днепр, Оске, Бөгіскей, Агситскей- осы қаналдармен Каспий (Кеспе) теңізі, Ақ теңіз, Балти теңізі- бір-бірлеріне һәм Балти теңізі мен Қара теңіз бір-бірлеріне қосылады. Каспий теңізінен Балти теңізіне шығатын үш жол бар: Уеашыны, Болұтскей, Тысбинскей, Мариянский, Ойшыны, Болтский жолы, Тверь қаласының жанынан Уолга өзеніне қосылған Тиберсе өзенінен Ойшыны, Болтский қаналымен Мыста өзеніне, одан Іле мен көліне, онан Сібірсоп қаналымен Уолков өзеніне, одан Ладужский қаналы мен Ниуа өзеніне барып, Фин гүрпізіне құяды. Тыхвинский жолы Уолга өзеніне қосылатын Молуга, Шагудошша өзені Тыхвинский қаналы Саси өзенімен Ладужский, Ниуа өзенімен Фин суына қосылады. Мариенский жолы Уолгадан Шексина өзенімен Бинозорский қаналы, Көпжи өзені арқылы Мариянский қаналымен Өнеге көлі, онан Сібір өзенімен Ладужский қаналы арқылы Фин қолтығына шығады. Шекісіне өзенінен Бертуерік қаналымен Кобенский көліне, онан Суқона өзені мен Ақ теңізге шығады.... мен сол жақ Мұз теңіз тұтасады. Қара теңіз, Балти теңізіне шығатын үш жол бар. Бірінші Діністр [Днестр] өзені, Бирезия өзені һәм қаналымен күнбатыс Дуына [Двина] өзеніне барып, Рига қолтығына шығады. Екінші Дініпір [Днепр] өзені, Пірипат өзені Огонский қаналымен Шара өзені һәм Найман [Неман] өзені мен Балтии теңізіне құяды. Үшінші жолы- Пірипат өзені мен Буга қаналымен, күнбатысы Бұғы [Буги] өзені мен Усыла [Висла] өзені мен Балти теңізіне құяды.
Россия жерінің топырағы һәм ауасы.
Россияның оң жағында жердің үсті- жармаланған қара топырақ пен әр нәрсені өсіруге жарарлық: Киев (Күйеу), Орел (Өржол), Қазан қаладарының [қалаларының] оң жағында, оң жақ күнбатыстан сол жақ күншығысқа шейін созылған тұтас жерге [жерді]: «қара топырақ»- дейді. Сол жағының топырағы күл сияқты, яки құм болып, еш нәрсе өсіруге жарамайды. Мұндай жерлерге бір-екі жыл егін еккен соң, біріншіде жыл тынықтырмайынша жарамайды. Қара топырақ жерлер еш тоқтаусыз жыртыла бермейді.
Россияның ауасы орнына қарай әр түрлі болады. Қыстың ең суық уақытында һәм жаздың ең ыстық уақытында 40 дәрежеде [даражада] болады. Россияның ауасы күнбатыс иауропаға қарағанда, недәуір суық болады. Өзендер, көлдер, үлкен теңіздер де қатып қалады. Россияның сол жағында Ақ теңіз үш жарым ай шамасындай мұзсыз болады. Өзендер (аяғы сақталмаған) [22, 222-226, 229-233].
Қазақ әдебиеті «Сөз өнерінің» теориялық негізін көбіне Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов бастайды да нақты қисындық түсінік берген Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлын атамайды. Осы олқылықтың орныны толтыру мақсатында Мәшһүр – Жүсіп «Өнер дүниесі» туралы жазғандарынан біраз мағұлымат бергенді жөн көрдік. Ол дүние екі түрлі: бірі – табиғат. Екіншісі - өнер дейді. Өнерді екіге: бірі – тірнек, екіншісі –көрнек деп бөледі. Тірнек: үй салады, арық қазады, етік тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс істейді, т.б. Көрнек: көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сурет (сүгірет), әсерлі күй, ажарлы сөз т.б. Алдыңғысы адамның материалды қажетінен, соңғысы рухани қажетін өтеуден туғандығын айтады. Көрнек өнері бес түрлі: сәулет, сымбат, кескін, қошәуез, әдебиет.
Бірінші – тастан, кірпіштен, ағаштан, яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешті, медресе, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады, Еуропаша – архитектура.
Екінші – балшықтан, иа металдан құйып, тастан иа ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын – сынбатын келтіріп, сурет (сүгірет) жасау өнері. Бұл сымбат өнері болады. Еуропаша «скульптура».
Үшінші – түрлі бояумен нәрсені сын түрлі, түсін, кескінін – келбетін келтіріп, суреттеп (сүгіреттеп) көрсету өнері. Бұл кескін өнері болады. Орысша – живопись.
Төртінші - әуезенің түрлі дарайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін: ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады. Еуропаша – музыка.
Бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, сынын сөзбен келтіріп айту өнері. Бұл «сөз өнері» болады. Қазақ «асыл сөз», арабша – «әдебиет», Еуропада – литература – деп өнердің құдіреттілігне тәнтті болады, әрқайсысының терминдерін дәл келтіреді [29, 146-148].
Қорытынды
«Мәшһүр – Жүсіптің лингвистикалық көзқарасы» - атты зерттеу еңбек. Сегіз тараудан тұрады. Бірінші – тарауда «Мәшһүр – Жүсіп (Адамжүсіп) Көпейұлының хронологиялық кестесі» деп аталады. Онда ақынның әкесі Көпейдің қай жылы қай жерде туды, өмірінің қиын кезеңдері мүмкіншілігінше ретке келтіріліп, өмір-жолы бар материалдар негізінде бір үзге келтірілді. Дегенмен, аздаған өзгерістер, өмірінің қалтарыс тұсында мүлт кеткен жерлерімізде болуы мүмкін. Екінші – Мәшһүр – Жүсіптің ата – тегі кімнен тарады. Арғы аталары кім? деген сауалға да ие боламыз. Ата – тегінің қысқаша бар өміріне – деректеріне де тоқталып отырдық. Жанарыстан кейін 16 ұрпақтың ғұмыр деректері ақын шығармасы бойынша да қлапына келтірілді. Үшінші – «Мәшһүр – Жүсіптің ғылыми ғұмырнамасы» - деп аталады. Ұлы Абайдың төрт ғылыми өмірбаяны бар. Төртеуінде де өздерінің өзгешілкітерін сақтаған. Біз де осыны үлгі тұттық. Ақынның 1858 жылы туғаныннан бастап, Камареддин медіресесіне баруы, 5 –жасынан хат тануы, ауыз әдебиетінің үлгілерін жатқа айтуы, Шорманның Мұсасының үкі таққаны. Мәшһүр атануы, Орта Азияға, Ресейге сапары т.б. Көптеген деректер жүйеге келтірілді. Материалдар ақынның әр жасына байланысты жазған өлеңдерімен салыстырылды. Жалпы, ақынның басқаларға қарағанда ерекшелігі ата – тегіне, өзінің өмір баянына, алынған деректерді белгілі болған оқиғамен байланыстырып дәл беріп отырған. Былай айтқанда өзінің ата – тегін, ғұмыр баянын өзі жазып кеткен. Мәшһүр – Жүсіп туралы деректі бір шығармасынан емес, барлық шығармасын оқып отырғанда кездестіріп қалуыңыз да мүмкін. Төртінші – Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көзқарасы. Мұнда ақынның тіл біліміне де қатысты айтылған ойлары қозғалған. Кезінде әр жерде, әр уақытта жазылған пікірлері жинақталып берілді. Ақының жалпы қазақ тілі туралы ой-пікірлері де қамтылған. Бесінші – Мәшһүр – Жүсіп шығармаларының метрологиялық жүйесі. Мәшһүр – Жүсіп шығармаларында кездескен номинативтер, сандық ескіліктер мысал арқылы дәлелденіп, олардың арғы этимологиясы, бастапқы шығу тегі қалпына келтірілді. Алтыншы – Мәшһүр – Жүсіп шығармаларындағы діни лексика. Ақын шығармаларының екінші бөлігі таразының басын тең басатын көбіне діни сөздер екендігі. Діни сөздер ол уақытта қазақ тілінің құрамдас бөлігі ретінде қаралды. Кеңес дәуірі діни лексиканы кәсіби лексика ретінде қарастырып, тілші зерттеушілер де діни лексика деп жеке тарау ретінде зерттегені белгілі. Біз үшін діни лекиска қазақ тілінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ақын да діни өлеңдерді қазақ өлеңі сияқты қалданған, және мазмұнын солай түсінген. Сондықтан да ақын өлеңдеріндегі көптеген діни сөздерге түснік беруді лайықты деп таптық. Жетінші – Мәшһүр – Жүсіптің «Араб грамматикасы». Ақын араб грамматикасын жете білгендігі соншалықты, сөз таптарына, морфологиясына, дыбыс ерекшеліктеріне тоқталып, арнай өзі жеке кітап етіп жазған. Мінкей, осы – еңбегін қоса беріп отырмыз.
Сегізінші – Асыл жақ. Еуропа, Орыс географиясы, жер, суы, тауы, мекені, халқы т.б. кеңінен сөз болады.
Әдебиеттер
1 Ж±банов А. Ќазаќ тілі жµніндегі зерттеулер / А.Жұбанов. – Алматы: Ѓылым, 1999. –Б. 359-363.
2 Жанпейісова С. Е. Ќазаќ тілініњ рухани мєдениет лексикасы (ќазаќ аќын, жазушыларыныњ шыѓармалары бойынша) // Кан. дис. автореф. Алматы, 1996, –Б. 22-23.
3 Ежелгі дєуір єдебиеті. –Алматы: Ана тілі, 1991. –Б. 14.
4 Ќазаќ тілініњ грамматикасы. –Алматы, Ѓылым, 1967. –Б. 104.
5 Ысќаќов А. Ќазіргі ќазаќ тілі. –Алматы: Ана тілі, 1991., –Б. 206.
6 Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка. –Алма – Ата: Наука, 1989, –С. 122.
7 Н±рмаѓамбетов Є. Бес ж‰з бес сµз. –Алматы: Рауан, 1989, –Б. 26.
8 Малов С.Е. Язык желтых уйгыров. –Алма-Ата, Наука, 1957, –С. 102.
9 Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка. –Алма – Ата: Наука, 1989, –С. 120-123;
10 М±ќанов С. Халыќ м±расы. –Алматы, Қазаќстан, 1974, –Б. 80.
11 М. Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы қаласы, «Хант» баспасы, 1997, I том. II том. III том. –Б. 125.
12 Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка. –Алма – Ата: Наука, 1989, –С. 130-131.
13 Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка. –Алма – Ата: Наука, 1989, –С. 130.
14 Ќайдаров Ә, Оразов М. Т‰ркологияѓа кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1985. –Б. 76.
15 Сарыбаев Ш. Ќазаќ тіл білімі мєселелері. –Алматы: Арыс, 2000. –Б. 497.
16 Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка. –Алма -Ата: Наука, 1989, –С. 130-131.
17 Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка. –Алма – Ата: Наука, 1989, –С. 127.
18 Ќайдаров Ә, Оразов М. Т‰ркологияѓа кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1985. –Б. 76.
19 Н±рмаѓамбетов Є. Бес ж‰з бес сµз. –Алматы: Рауан, 1989, –Б. 275.
20 М±сабаев Ѓ. Ќазаќ тілі тарихынан. –Алматы: Мектеп, 1988. –Б. 108.
21 Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка. –Алма – Ата: Наука, 1989, –С. 128.
22 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 9 том. «ЭКО» ЖШС. Павлодар. 2006 жыл. – Б. 221, 220, 220-221, 222-226, 229-233.
23 Мұхаметжан Қаратаев. Туған әдебиет туралы ойлар. Қазақстан Мемлекеттік Көркем Әдебиет баспасы. – Алматы., 1958. –Б. 117.
24 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 8 том. «ЭКО» ЖШС. Павлодар. 2006 жыл. – Б. 321, 397, 400-401, 416.
25 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 10 том. «ЭКО» ЖШС. Павлодар. 2007 жыл. – Б. 290.
26 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Аспан, жер және адам жаратылысы туралы // Қазақстан тарихы. №2. 1995 жыл. – Б. 56, 60.
27 Мәшһүр Жүсіп Көпеұлы. Адам мен жұлдыздар арақатынасы // Қазақстан тарихы. №6. 1995 жыл. – Б. 26.
29 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 11 том. «ЭКО» ЖШС. Павлодар. 2007 жыл. – Б. 16, 180.
30 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 12 том. «ЭКО» ЖШС. Павлодар. 2008 жыл. – Б. 198-1996 146-148.
31 Мәшһүр Жүсіп шығармалары. 13 том. «ЭКО» ЖШС. Павлодар. 2008 жыл. – Б. 3.
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................3
1 Мәшһүр – Жүсіптің (Адамжүсіп) Көпейұлының
хронологиялық кестесі............................................................................6
2 Мәшһүр – Жүсіптің
(Адамжүсіп) ата-тегі..............................................................................9
3 Мәшһүр – Жүсіптің (Адамжүсіп) ғылыми ғұмырнамасы
(1858 - 1931)...........................................................................................17
4 Мәшһүр – Жүсіптің лингвистикалық
көзқарастары.........................................................................................44
5 Мәшһүр – Жүсіп шығармаларының
метрологиялық жүйесі..........................................................................61
6 Мәшһүр – Жүсіп шығармаларындағы
діни лексика...........................................................................................81
7 Мәшһүр – Жүсіптің «Араб грамматикасы»......................................160
8 Асыл жақ..............................................................................................175
Қорытынды...........................................................................................190
Әдебиеттер............................................................................................192
Достарыңызбен бөлісу: |