Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет21/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

73
Сөз басында: иық (ыйық) [ɪ-yɪq];
Сөз  ортасында:  тиын  (ты-йын)  [tɪ-yɪn],  қыйын  (қы-йын),  [qɪ-
yɪn], жыйын (жы-йын) [jɪ-yɪn];
Сөз соңында: тый (тый), ылғый (ыл-ғый) [ɪl-ğɪy], сыный (сы-
ный) [sɪ-nɪy], ысый (ы-сый) [ɪ-sɪy];
Жіңішке (қысаң) әуезді İ мен үнді (жуысыңқы) Й дауыссызы-
ның  тіркесі  сөздің  морфем  және  буын  тұрқын  бұзбай,  тасымал 
ретін сақтау үшін İЙ болып жазылады:: 
Сөз басында: и (ій) [iy], иіс (і-йіс) [i-yis], ирек (ій-рек) [iy-rek], 
ие (і-йе) [i-ye], ине (ій-не) [iy-ne]; 
Сөз ортасында: киім (кі-йім) [ki-yim], шие (ші-йе) [şi-ye], тиін 
(ті-йін) [ti-yin], сирек (сій-рек) [siy-rek];
Сөз соңында: ти (тій) [tiy], би (бій) [biy], бәлки (бәл-кій) [bäl-
kiy], іскери (іс-ке-рій) [is-ke-riy].
Дауысты Ұ[u] және Ү[ü] дыбыстарының жазылымы
Жуан (қысаң) әуезді Ұ[u] мен үнді (жуысыңқы) У[w] дауыссы-
зының тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын сақтап, тасымал 
ретін бұзбау үшін ҰУ[uw] болып жазылады: 
Сөз  басында:  у  (ұу)  [uw],  уық  (ұ-уық)  [u-wuq],  уыс  (ұ-уыс) 
[u-wus], уақыт (ұ-уа-қыт) [u-wa-qɪt];
Сөз ортасында: ту (тұу) [tuw], туыс (тұ-уыс) [tu-wus], суық (сұ-
уық)  [su-wuq],  жуан  (жұ-уан)  [ju-wan],  шаруа  (ша-рұ-уа)  [şa-ru-
wa], оқушы (о-құу-шы) [o-quw-şɪ];
Сөз соңында: су (сұу) [suw], бу (бұу) [buw], алу (а-лұу) [a-luw], 
толу (то-лұу) [to-luw], оқу (о-құу) [o-quw], қару (қа-рұу) [qa-ruw];
Жіңішке (қысаң) әуезді Ү[ü] мен үнді (жуысыңқы) У[w] дауыс-
сызының тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын сақтап, тасы-
мал ретін бұзбау үшін ÜW болып жазылады:: 
Сөз басында: уіл (ү-уіл) [ü-wül], уәде (ү-уә-де) [ü-wә-de], ү-уәж 
(үуәж) [ü-wәj], уәли (ү-уә-лій) [ü-wә-liy], уәзір (ү-уә-зір) [ü-wә-zir]; 
Сөз  ортасында:  сурет  (сүу-рет)  [süw-ret],  келуші  (ке-ліу-ші) 


74
[ke-lüw-şi],  сенумен  (се-нүу-мен)  [se-nüw-men],  секіруге  (се-кі-
рүу-ге) [se-ki-rüw-ge], келуі (ке-лү-уі) [ke-lü-wi];
Сөз соңында: елу (е-лүу) [e-lüw], білу (бі-лүу) [bi-lüw], ескеру 
(ес-ке-рүу) [es-ke-rüw], кешіру (ке-ші-рүу) [ke-şi-rüw].
ЙA[ya] тіркесінің жазылымы:
Cөз басында: жоқ.
Сөз ортасында: тұяқ (тұ-йақ) [tu-yaq], аяқ (а-йақ) [a-yaq], таяқ 
(та-йақ)  [ta-yaq],  сияқты  (сы-йақ-ты)  [sɪ-yaq-tɪ],  жымияды  (жы-
мы-йа-ды) [jɪ-mɪ-ya-dɪ];
Сөз аяғында: сия (сы-йа) [sɪ-ya], ұя (ұ-йа) [u-ya], мия (мы-йа) 
[mɪ-ya],  сұрқия  (сұр-қы-йа)  [sur-qɪ-ya],  жария  (жа-ры-йа)  [ja-rɪ-
ya]; дария (да-ры-йа) [da-rɪ-ya].
ЙӘ[yә] кесінің жазылымы:
Сөз басында: жоқ;
Сөз  ортасында:  әлиямен  (ә-лі-йә-мен)  [ә-li-yә-men],  ілиянің 
(і-лі-йә-нің) [i-li-yә-niŋ];
Сөз соңында: иә (і-йә) [i-yә], әлия (ә-лі-йә) [ә-li-yә], дүрия (дү-
рі-йә) [dü-ri-yә], күлиә (кү-лі-йә) [kü-li-yә]
ЙҰУ[yuw] тіркесінің жазылымы: 
Cөз басында: жоқ;
Сөз  ортасында:  аюлы  (а-йұу-лы)  [a-yuw-lɪ],  қоюсыз  (қо-йұу-
сыз)  [qo-yuw-sɪz],  жиюлы  (жы-йұу-лы)  [jɪ-yuw-lɪ],  тиюсыз  (ты-
йұу-сыз) [tɪ-yuw-sɪz];
Сөз соңында: аю (а-йұу) [a-yuw], ою (о-йұу) [o-yuw], азаю (а-зa-
йұу) [a-za-yuw], жаю (жа-йұу) [ja-yuw], таю (та-йұу) [ta-yuw].
ЙҮУ[yüw] тіркесінің жазылымы: 
Сөз басында: жоқ;
Сөз ортасында: түюлі (тү-йүу-лі) [tü-yüw-li], есеюде (е-се-йүу-
де) [e-se-yüw-de];


75
Сөз соңында: үю (ү-йүу) [ü-yüw], кею (ке-йүу) [ke-yüw], кеңею 
(ке-ңе-йүу) [ke-ŋe-yüw], үрпию (үр-пү-йүу) [ür-pi-yüw].
 
Жалған дыбыстардың жазылымы:
Дауыссыз  Ш  дыбысының  жазылымы:  ащы  (аш-шы)  [aş-şɪ], 
тұщы (тұш-шы) [tuş-şɪ], кеще (кеш-ше) [keş-şe].
Дауыссыз Х дыбысының жазылымы: хат (қат) [qat], хабар (қа-
бар) [qa-bar], халық (қа-лық) [qa-lɪq], тарих (та-рыйқ) [ta-rɪyq], та-
риқи (та-рый-қый) [tariqɪy].
Жалған  Һ  дыбысының  жазылымы:  қаһарман  (қа-қар-ман) 
[qaqarman], гауһар
(гау-қар) [gawqar], жиһаз (жый-қаз) [jɪy-qaz].
Ендеше латын әліпбиіне қазіргі орфографиямыздың үлгісімен 
өтуге  болмайды.  Онда  кирилдегі  тілбұзар  ережелерімізді  сол 
күйінде қайталаған болып шығамыз. Сондықтан алдымен қазақ 
мәтініне «әліпби транскрипция» жасап алуымыз керек. Сонан соң 
барып, қазақ тілінің төл дыбыстарын латын әліпбиіне көшіреміз. 
Осындай реформаның нәтижесінде қазақ тілінің: 
-төл дыбыс құрамы кірме таңбаларсыз таза анықталады;
-төл дыбыс құрылымы (жүйесі) сақталады;
-морфем құрамы бұзылмайды;
-буын тұрқы жаңсақ жіктелмейді;
-тасымал реті сетінемейді. 
Латын әліпбиіне өту үстіндегі жазу реформасының басты нәти-
жесі осы болмақ.


76
А.Қ. Жүндібаева 
философия ғылымдарының докторы (PhD), 
қауымдастырылған профессор,
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
                             Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
Қазақ тілі – ұлттың қазынасы. Қазақ тілі – туған халқымыздың 
тарихы. Ертеңгі келешегімізге ұсынатын үкілі аманатымыз.
Қазақ  тілін  оқытатын  ұстаз  ұлттың  ертеңіне  жол  көрсетіп, 
бағыт беріп қана қоймай, ұлттық таным мен қазақылықты сақтай-
тын  ұрпақты  тәрбиелейтінін  үнемі  жадында  ұстайтыны  сөз-
сіз. Қазақ тілі пәнінің оқу мазмұнын меңгертуде қолданылатын 
әдіс-тәсілдерді жан-жақты талдай отырып, тапсырмалар түрлері 
мен ерекшеліктерін анықтау - заманның талабы. 
Оқу үдерісінде білім алушылардың білім, білік, дағды әрекет-
терін, сондай-ақ, еліміздің ертеңі – жас ұрпаққа білім мен тәрбие 
беріп қана қоймай, олардың өзінің туған тарихы мен тілін құрмет 
ететін, атамекенін ардақтайтын, әдет-ғұрпын сүйетін азамат бо-
лып қалыптасуын мақсат ететін тапсырмалар қажет. 
Білім алушы ең алдымен, мәдени кеңістікте өз орнын табуы 
тиіс. Бұл үшін білім беру үдерісінде қол жеткізетін нәтижелердің 
басымдылығына назар аударылып, тілдің теориясы мен тарихын 
әдістемелік  негізге  сабақтастырғанда  ғана  білім  алушы  пән 
мазмұнын жетік түсініп, тапсырмаларды орындауда жоғары нәти-
жеге қол жеткізе алады. 
Білім алушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның 
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру – оқу үдерісіне қойылатын не-
гізгі  талаптардың  бірі.  Берілген  тапсырмалар  барысында  білім 
алушының  өзіндік  менін  қалыптастыру,  тұлғалық  ерекшелігін 
шыңдау,  шығармашылық-логикалық  болмысын  дамыта  отырып 
жетілдіру мақсатында диалогтік, монологтік сипаттағы тапсыр-
малар ұйымдастырылуы керек.
Диалогтік  және  рефлексивті  технологияларды  қолдану  білім 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау