Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет23/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

80
А.Д. Ботабаева 
Шығыс Қазақстан облысы 
Тілдер жөніндегі басқармасының
Шығыс Қазақстан лингвистикалық 
орталығының оқытушысы
ЕРЕСЕКТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ 
ТӘЖІРИБЕСІНЕН: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР
Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығында  тіл  саясатында  үлкен 
жетістіктерге  қол  жеткіздік  деп  айтуға  негіз  бар.  Қазіргі  таңда 
республика тұрғындарының 76 пайызы мемлекеттік тілді білетін 
болса,  21  пайызы  ағылшын  тілін  меңгерген.  Мұндай  нәтижеге 
жетуге  әрине,  республикадағы  Тіл  оқыту  орталықтарының  да 
қосқан үлесі орасан зор деп айтуға болады. 
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының тарихы 2006 
жылдан бастау алады. Былтырғы жылы орталығымыз 10 жылдық 
мерейтойын атап өтті. 
Бүгінгі  күнге  дейін  облысымыздың  өзге  ұлт  өкілдері  көп 
шоғыр ланған  қала,  аудандарында  12  тіл  оқыту  орталықтары 
құрылып, жұмыс жасауда. 
Шығыс  Қазақстан  облысында  ҚР  Тілдерді  дамыту  мен  қол-
данудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарла-
масын  жүзеге  асыруда  мақсатты  жұмыстар  жүргізіліп  жатыр. 
Біріншіден,  республика  бойынша  ересектерге  тілді  оқытудың 
типтік бағдарламасы негізінде бекітілген стандарт бойынша жұ-
мыс  жүргізіліп  жатыр. 
Екіншіден,  мемлекеттік  тілді  оқытудың 
инфрақұрылымы жасалды. 
Үшіншіден, онлайн режимі арқылы 
қашықтан оқыту мүмкіндігі іске асырылуда. 
Төртіншіден, жыл 
сайын «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы негізінде мемлекеттік қызмет-
шілердің білім деңгейі анықталуда. 
Орталық  оқу-үйлестіру,  ғылыми-әдістемелік,  ақпараттық-үй-
лестіру, әкімшілік жұмыстармен айналысады. 
Орталығымыздың  әдістемелік  және  оқыту  саласындағы  қол 
жеткізген  жетістіктері  мен  нәтижелері  де    аз  емес.  Ш.Шаяхме-


81
тов  атындағы  республикалық  үйлестіру-әдістемелік  орталығы 
дәстүрлі түрде жыл сайын тілдерді дамытудың ұйымдастыратын 
«Қазақ  тілінің  үздік  оқытушысы»  республикалық  конкурсын-
да 2009 жылы Cейманова Зайра, байқау номинанты болса, 2010 
жылы  Мурсалимова  Арай  аталмыш  байқаудың  бас  жүлдегері 
атанды. 2011 жылы Ибраева Сауле «Үздік әдістеме» номинация-
сын алса, 2012 жылы Жұмабекова Салтанат жүлделі 3-орынға ие 
болды.  Ал  2013  жылы  Рашиева  Назымгүл  аталмыш  байқаудың 
жүлделі 2-орын иегері атанды. 
2010  жылы  Ақласова  Сания,  аға  әдіскер,  II  Республикалық 
медиасабақтар байқауында қазақ тілі сабақтарын қашықтан оқы-
ту номинациясы бойынша бірінші жүлдені иеленді. 2015 жылы 
Мұқашева Құралай Мырзабекқызы «Ең үздік электронды порт-
фолио» номинациясымен ерекшеленді. 
Оқыту сапасын жоғарылатуда әдістемелік жұмыстың маңызы 
зор, сондықтан Орталықтың әдістемелік жұмысын жақсарту мақ-
сатында әдістемелік қызмет көрсету жоспарлы түрде жүргізіледі.
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының 
оқу-әдістемелік қызметі 
Әдістемелік  қызмет  жұмыстарын  жүзеге  асыру  үшін  Орта-
лықтың  әдістемелік  кабинеті  жұмыс  істейді.  Бұл  құрылымның 
негізгі бағыттары:


82
- оқу бағдарламаларын құрастыру;
- ересектерге (соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге) мем-
лекеттік тілді және басқа да тілдерді тиімді әдіс-тәсілдерді қолда-
ну арқылы оқытуды ұйымдастыру;
- сынақ материалдарын ҚАЗТЕСТ мемлекеттік тілді меңгеру 
деңгейін анықтау жүйесіне сәйкес дайындау;
Осы жұмыстың нәтижесінде Орталықтың Ғылыми-әдістемелік 
Кеңесінің сараптамасынан өтіп, мынадай әдістемелік әзірлемелер 
баспаға ұсынылды:
1. Қазақ тілі. Мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың I-деңгейіне 
(А1, А2) арналған оқу - әдістемелік кешен (оқулық, жұмыс дәп-
тері, электрондық оқулық), 2009 ж.
2. Электрондық тестілеу құралы, 2008ж. 
3. Үшдеңгейлік аудиомәтіндер жинағы. 2009 ж. 
4. «Қазақша сөйлейміз» аудиокурсы, 2009 ж.
5. Аудиомәтіндер жинағы, 2009 ж.
6. Қазақ-ағылшын-орыс үштілдік электрондық әмбебап сөзді-
гі, 2010 ж.
7. Қазақ тілін оқытудың мультимедиалық жүйесі. 2010 ж.
2011  жылдан  бастап  Типтік  бағдарламаның  негізінде  келесі 
әдістемелік құралдар жарық көрді. 
1.  Өрт  сөндірушілер  мен  төтенше  жағдайлар  саласына  ар-
налған электрондық тілдік жаттықтырғыш, 2011 ж.
2. «Учимся говорить по-казахски» сайты, 2011ж. 
3.  «Ойна  да  күл,  қазақша  біл!»  Тренингтік  форматта  жүр-
гізілетін авторлық бағдарлама, 2012 ж.
4. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының веб-сайты, 
2013ж
5.  Қазақ  тілін  оқытуды  ойын  арқылы  ұйымдастыру.  Әдісте-
мелік құрал, 2013 ж.
Мұрсалимова  Арай  Белгібайқызының  «Қазақ  тілін  оқытуда 
жағдаяттық тапсырмаларды қолдану» және Бесқараға ауданының 
тілдерді оқыту орталығының әдіскері Әменова Айнаш Әлібекқы-
зының «Кванттелген мәтіндердің және тест түріндегі тапсырма-


83
лардың  әзірлемесі»  атты  әдістемелік  құралдары  биылғы  жылы 
Ш.Шаяхметов  атындағы  республикалық  үйлестіру  әдістемелік 
орталығының қолдауымен баспаға ұсынылып отыр. 
Орталықтың  оқу-әдістемелік  әзірлемелерінің  барлығы  да  за-
ман  талабы  мен  тіл  үйренушінің  сұранысын  қанағаттандырып, 
оқыту сапасын жоғарылатуға ықпал етеді деп ойлаймыз. 
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және 
насихаттау  мақсатында  әр  түрлі  форматтағы  іс-шаралар  жүйелі 
түрде ұйымдастырылып тұрады. 
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арнал-
ған  мемлекеттік  бағдарламасында  мемлекеттік  тілді  меңгерген 
ере сек  тұрғындардың  үлесін  «Қазтест»  тапсырудың  нәтижесі 
бойынша 2017 жылға қарай - 80 %, 2020 жылға қарай - 90%-ға 
жеткізу  көзделген.  Осы  белгіленген  саналы  индикаторларға  қол 
жеткізу  мақсатында  2011  жылдан  бастап  облыстағы  мемлекет-
тік және бюджеттік сала қызметкерлері Қазтест жүйесі негізінде 
диаг ностикалық  тесттілеуден  өтсе,  2013  жылдан  бастап  бүгінгі 
күнге дейін 1155 адам мемлекеттік үлгідегі сертификатты иеленді. 
Мемлекеттік бағдарламаның төртінші бағытында - лингвистика-
лық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделген. 
Осы тұрғыда, 2013 жылдан бастап облыстағы ересек тұрғындардың 
ағылшын тілін меңгеру шаралары қолға алынған. Бүгінгі күні облыс 
орталықтарының барлығында ағылшын тілі курстары оқытылады. 
Аталған курсты соңғы үш жылда 12115 адам бітіріп шықты. 
Тілдік кеңістікте орыс тілінің қатысуын қамтамасыз ету мақса-
тында, оралман азаматтарға ауызекі сөйлеуді үйрету жолға қойыл-
ды. Орыс тілін үйренемін деушілердің қатары да жылдан жылға 
көбейіп келе жатыр. 
Облыстағы  тілдерді  оқыту  орталықтары  оқытушыларының 
біліктілігін жетілдіру мақсатында семинарлар, курстар ұйымдас-
тырылады. Атап айтсақ, 3 семинар, 2 ғылыми-практикалық кон-
ференция  және  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы-
ның облыстағы филиалымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру 
курстары жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, онлайн ре-


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау