37
ең алдымен, жаттығулар жүйесі орын алуы тиіс те, ал теориялық
түсіндіру соңында жүруі тиіс.
Ұсыныс:
1. Арнайы грамматикалық тақырыпқа арналған және грам-
матиканың қарым-қатынасқа жұмыс істеуіне көмек беретін қо-
сымша әдістемелік оқулық шығару. Оқулықта бір граммати-
калық құрылым бойынша көптеген тапсырмалар берілуі тиіс
және тапсырмалар сол грамматиканың жан-жақты қолданысын
кеңінен беруі тиіс. Аталған оқулық негізгі оқыту оқулықтарына
байланыс ты болмауы тиіс. Ол дегеніміз – әр түрлі авторлық оқу-
лықпен оқыған тіл үйренуші қосымша әдістемелік оқулықтағы
тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Себебі негізгі грам-
матикалық минимум негізгі оқулықта меңгерілген.
Қазіргі таңда тілді оқытуда және сабақ үрдісінде жұмыс істеу
үстінде тап болатын қиыншылықтардың бірі – мәтін мәселесі.
Себебі қазақ тіліндегі кез-келген мәтінді тіл үйренушіге түпнұсқа
күйінде бере алмаймыз. Оның себептері:
1. мәтінде күрделі тілдік орамдар;
2. қиын грамматикалық құрылым;
3. мағынасы терең және жан-жақты лексикалық сөздер
кездеседі. Сол себепті қазақ тіліндегі мәтіндерді оқыту мәті-
ніне айналдыру керек. Ол үшін:
• Мәтінді өңдеу
• Мағыналас сөздермен алмастыру
• Сөйлемдерді қысқарту
• Грамматиканы ықшамдау
• Сурет пайдалану
• Қызық мәтіндер табу жұмыстарын қолға алу керек.
Ұсыныс:
Өңделген тақырыптық мәтіндер жинағын шығару. Ол үшін:
1. Белгілі бір шығарманы алу
2. Деңгей бойынша өңдеу
3. Бір деңгейде бірнеше автордың шығармасы болуы мүмкін.
4. Деңгейге бөлу А1- С1 ге дейін
38
5. С1 деңгейінде мәтіннің түпнұсқасы беріледі.
Аталған жинақ тек ересектер емес, сонымен қатар мектеп
оқушыларына да арналып шығарылуы тиіс. Осы жұмыстың арқа-
сында қазақ тілін үйренушілерге қазақ әдебиетін насихаттау және
оқыту мүмкіндігі туады.
Тыңдалым – тілдің мазмұнын түсіну, сол арқылы өз ойын біл-
діруге арналған әдістердің бірі. Соған байланысты, қазіргі таңда
қазақ тілін оқытуда тыңдалым материалдары аздау, болған күнде
арнайы бір тақырыпқа сай келмейді. Сондай-ақ технология за-
маны болғандықтан, мобильді қосымшалардағы тыңдалым мате-
риалдар арқылы тілді меңгертуге болады.
Ұсыныс:
Мобильді қосымша бағдарламалары арқылы тақырыптық
тыңдалым материалдарын кеңінен шығару. Себебі:
1. Уақыт жағынан тиімді, тіл үйренуші кез-келген бос уақы-
тында қолдана алады;
2. Әлемнің кез-келген түкпірінде, тіпті, интернет байланысты
болмаған жағдайда қолдана алады.
Тыңдалым материалын берудің қысқаша сипаттамасы:
39
Ж.Ізтұяқ
Жамбыл облысы әкімдігінің
Тілдерді дамыту басқармасы
Тілдерді оқыту орталығының директоры
Жаңа инновациялық технологияларды оқыту үдерісіне
енгізу және оның тиімділігі
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі оқу орындарында тілді мең-
герту жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәсе-
лесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың жаңа
технологиялары жасалынып, оқыту орталықтарының тәжіри-
бесіне де енгізілуде. Тілдерді оқыту орталығы оқытушыларының
инновациялық даярлығын қалыптастыру – олардың жаңа педа-
гогикалық технологияны меңгеруінің алғы шарты. Ал оқытушы-
лардың жаңа технологияларды меңгеруі мен оны оқыту үрдісі-
не енгізуі – уақыт талабы. Өйткені инновациялық технологияны
меңгеру оқытушылардың іскерлігін, ізденісін туғызып, шығар-
машылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, тіл үйренушілердің білім
сапасын арттыруға өз үлесін қосады.
Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының Тіл-
дерді оқыту орталығы – облыс әкімінің қолдауымен толығымен
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бірден бір орталық.
Оқыту орталығында мемлекеттік тілді оқытатын 3 оқу кабинеті
және ағылшын тілін оқытатын 1 лингафондық оқу кабинеті бар.
Әрбір оқу кабинеттері 10+1 компьютер кешенімен, интерак-
тивті тақтамен, стендтермен жабдықталған. Орталықтың арнайы
кітап хана қорында 6 000-ға жуық оқу әдістемелік кешендер, түр-
лі сала бойынша сөздіктер, көркем және әлем әдебиеттері, түрлі
энциклопедиялар жинақталған. Орталықтың 8 аудандық оқыту
бөлімшелері ашылған: Қордай, Шу, Меркі, Талас, Сарысу, Жам-
был, Жуалы және Байзақ аудандарында. Барлық аудандық оқыту
бөлімшелеріндегі оқу кабинеттері де бүгінгі заман талабына сай
жабдықталған.
40
Орталықтың жалпы штатында 43 қызметкер жұмыс істейді.
Оның ішінде 19 оқытушы, 4 әдіскер және 8 аудандық бөлімше
меңгерушілері қазақ және ағылшын тілі сабақтарынан дәріс бе-
реді. Оқу курстары Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандартына сәйкес 5 деңгейлік (А1, А2, В1, В2, С1) бірүлгі
бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады.
Осы кезекте,
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту
мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасындағы нәтижелер көрсеткіштерінің бірі ретінде:
«Онлайн режимінде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін
пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді
оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін артты-
руға бағытталған іс-шаралардың үлесін (2014 жылға қарай -
20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90%) артты-
ру» - міндеттелген. Осы бағытта Жамбыл облысында атқарылып
жатқан жұмыстарға тоқталсам, жоғарыда берілген нәтижелі көр-
сеткішті орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді
дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы 2017 жылдан
бастап онлайн бағдарламасын орнатып, барлық облысқа қарасты
аудандардағы оқыту бөлімшелеріндегі оқытушылардың біліктілі-
гін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда. Атап
айтсақ, ағымдағы жылдың ақпан айында оқыту орталығының
әдіскерлері онлайн режимде барлық аудандық оқыту бөлімше-
лері мен Тараз қалалық оқыту орталығының оқытушыларына
«Жаңартылған бағдарлама – оқытудың жаңа мазмұны» тақыры-
бында оқыту семинарын онлайн режимде өткізді. Семинар бары-
сында 2017 жылы қолданысқа енгізілген ҚР Ұлттық стандарты,
қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарламасы және «Қазақ
тіл» оқу-әдістемелік кешенінің II басылымы таныстырылды. Со-
нымен қатар, наурыз айында ағылшын тілі оқытушыларының
біліктілігін арттыру мақсатында жоғары және арнаулы орта оқу
орындары, жекеменшік үш тілді оқытатын тіл орталықтарындағы
білікті оқытушыларының қатысуымен «Ағылшын тілін оқыту-
дағы инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында онлайн семи-
нар-тренинг ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |