"Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 43 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 1 ақпандағы № 24 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 ақпанда № 18272 болып тіркелді
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 39-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 379 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 24 қазандағы № 232 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16133 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 қаңтарда жарияланған).
2) "Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы №379 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 24 қазандағы №232 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 110 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 87 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 17162 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Этолондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық Әдістеменің 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
|
Д. АбаевҚазақстан Республикасы
|
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
|
А. Шпекбаев
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
|
Қазақстан Республикасы
|
|
Ақпарат және коммуникациялар
|
|
министрінің
|
|
2019 жылғы 1 ақпандағы № 43
|
|
және Қазақстан Республикасы
|
|
Мемлекеттік қызмет істері және
|
|
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
|
|
іс-қимыл агенттігі төрағасының
|
|
2019 жылғы 1 ақпандағы № 24
|
|
бірлескен бұйрығына қосымша
|
"Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі 1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы Әдістеме 2018 жылғы 1 қаңтардағы кезеңнен бастап мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Бұл ретте "Стратегиялық кадрлық жоспарлау" және "Тілдерді білу деңгейі" бонустық көрсеткіштері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалау кезеңіне қолданылады.
3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) "А" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына алмасу – "А" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын ұзақ уақыт алмастыру деңгейін айқындайтын айыппұл көрсеткіші;
2) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалдау) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі қызмет немесе олар арқылы осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғандағы көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;
3) ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлімшенің болуы – ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлімше болған кезде жергілікті атқарушы органдар үшін бонустық көрсеткіш 5 балға тең;
4) алғаш қабылданған қызметшілердің ауыспалығы – мемлекеттік органда алғаш қабылданған қызметшілердің тәлімгерлігін және бейімделуін ұйымдастыру тиімділігін айқындайтын көрсеткіш;
5) архитектуралық порталда ақпараттық жүйелерді тіркеу – мемлекеттік органның сервистік интеграторға ақпараттық жүйенің сипаттамасы көрсетілген сұрау салуды тіркеуге ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13320 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалануға енгізу актісінің және техникалық құжаттаманың электрондық көшірмелерін ұсыну процесі;
6) архитектуралық порталда тіркелген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің үлесі – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру жүзеге асырылған ақпараттық жүйелер;
7) әдеп және ұжымдағы өзара қарым-қатынас – мемлекеттік органда ұйымдастырушылық мәдениеттің даму, сондай-ақ қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларды ұстауы деңгейін айқындайтын көрсеткіш;
8) басқа мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін пайдалану – басқа мемлекеттік орган иесі болып келетін, мемлекеттік органның ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметтерді/функцияларды көрсету процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
9) гендерлік құрам - 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес әйелдердің мемлекеттік органда басшы лауазымдардағы өкілдігін айқындайтын көрсеткіш;
10) дұрыс емес есептік ақпарат - қайта тексеру барысында дұрыс емес ақпараттық фактілер анықталатын есептік ақпарат;
11) "Е-қызмет" жүйесін пайдалану – "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйені пайдалану деңгейін айқындайтын бонустық көрсеткіш;
12) еңбек шарттарымен қанағаттану – қызметшілердің тиісті жұмыстар үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілу деңгейін айқындайтын көрсеткіш;
13) еңбектің нормалануы – мемлекеттік органдағы артық жұмыстардың бар болуын айқындайтын көрсеткіш;
14) кадрлық құрамның тұрақтылығы – мемлекеттік органдағы кадрлық саясаттың орнықтылығы мен кадрлардың тұрақтылығын айқындайтын көрсеткіш;
15) конкурстық рәсімдердің ашықтығы – мемлекеттік органдағы кадрларды іріктеу процесінің ашықтығы деңгейін айқындайтын көрсеткіш;
16) мансаптық өсу – мемлекеттік органда мансаптық моделдің қағидатын сақтау деңгейін айқындайтын көрсеткіш;
17) мемлекеттік қызметшілерді оқыту – мемлекеттік қызметшілерді уақтылы оқытуға жіберуді айқындайтын көрсеткіш;
18) мемлекеттік органда көтермелеудің ашықтығы – мемлекеттік органда көтермелеудің ашықтығы мен әділдігінің деңгейін айқындайтын көрсеткіш;
19) мемлекеттік органдағы басқару тәжірибесі – мемлекеттік органдағы ішкі менеджменттің тиімділігін айқындайтын көрсеткіш;
20) мемлекеттік органдардың интранет-порталы – бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған және қол жеткізілуі шектеулі электрондық ақпараттық жүйелерін қоспағанда, барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
21) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жетекшілік ететін салаларда және аяларда ведомстволық, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалануы – мемлекеттік органның, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың балансында тұрған, мемлекеттік органның ережесіне сәйкес функцияларды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
22) меритократияны сақтау – мемлекеттік органдардың меритократия кағидаттарын сақтауы деңгейін айқындайтын көрсеткіш;
23) нақты нәтиже – ақпараттық жүйені енгізуден күтілетін нәтиже (пайдалану шығындарын қысқарту, жұмыс тиімділігін арттыру нәтижесінде әкімшілік кедергілерді төмендету; процесті оңтайландыру және тағы басқалары);
24) персоналдың таза ауыспалығы – жұмыскерлердің мемлекеттік қызмет жүйесінен өз еркімен кету деңгейін айқындайтын көрсеткіш;
25) стратегиялық кадрлық жоспарлау – мемлекеттік органда персоналды басқару стратегиясының болуын айқындайтын бонустық көрсеткіш;
26) толық емес есептік ақпарат - есептік ақпарат құрылымындағы бекітілген талаптарда көзделген жекелеген бөліктері жоқ (қосымшалары, бөлімдері, кестелері, көрсеткіштің мәні және басқалар) есептік ақпарат;
27) тілдерді білу деңгейі – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік орган оларды оқыту үшін жасаған жағдайларын айқындайтын бонустық көрсеткіш;
28) уақытылы емес есептік ақпарат - өз уақытынан кеш ұсынылған/ орналастырған бағалау кестесімен көзделген есептік ақпарат;
29) шығу сұхбаты – қызметінен шығарылатын қызметшілерге сауалнама жүргізуді қамтуды, сондай-ақ олардың босатылу себептерін айқындайтын көрсеткіш;
30) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі - архитектуралық портал) – сыныптауышқа сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді тіркеуді жүзеге асыруға, есепке алуға, сақтауға және бір жүйеге келтіруге және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе;
31) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы - "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді сүйемелдеу жөніндегі функциялар жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін заңды тұлға".
4. Әдістеме орталық мемлекеттік (бұдан әрі – ОМО) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың (бұдан әрі – ЖАО) жергілікті атқарушы органдарында (бұдан әрі – бағаланатын мемлекеттік органдар) ұйымдастырушылық дамыту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін айқындауға арналған.
5. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуының тиімділігін бағалау (бұдан әрі – тиімділікті бағалау) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін қызмет тиімділігіне бағалау жүргізу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – Бағалау кестесі) мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) персоналды басқару;
2) ақпараттық технологияларды қолдану.
6. Тиімділікті бағалауды келесі бағалауға уәкілетті органдар (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті органдар) жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі – "Персоналды басқару" бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган) тиімділігін бағалау;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі – "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган) тиімділігін бағалау;
3) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган – "Персоналды басқару" бағыты бойынша ОМО мен ЖАО тиімділігін бағалау;
4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша ОМО мен ЖАО ақпараттық жүйелерін және интернет-ресурстарының тиімділігін бағалау.
7. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдану бойынша қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді сүйемелдеу үшін тартады.
2-тарау. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалауға арналған ақпарат көздері
8. Бағаланатын мемлекеттік органдар бағалауға уәкілетті органдарға жыл сайын Бағалау кестесінде белгіленген мерзімдерде есептік (күнтізбелік) жылдың қорытындысы бойынша электрондық және қағаз тасығыштарда есептік ақпаратты:
1) осы Әдiстемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығу сұхбатының нәтижелерi туралы;
2) осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеген адам-сағат саны туралы;
3) осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға байқаушылардың қатысуы туралы;
4) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орган қызметкерлерінің қызмет бабында көтерілуі туралы;
5) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның штат саны туралы;
6) осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органда 3 жылдан аса үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттік қызметшілердің саны туралы;
7) осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттырудан өтуге тиіс және өткен және қайта даярлаудан өткен мемлекеттік қызметшілер туралы;
8) осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің тілдерді білу деңгейі туралы;
9) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясының көшірмесі және оны іске асыру туралы қысқаша ақпарат;
10) осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық технологияларды қолдану бойынша есепті ұсынады.
9. Ақпараттың дәйектілігін бағаланатын мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
10. Бағалауды жүргізуге арналған ақпаратты Бағалау кестесіне сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне электрондық тасығышта ұсынады.
11. Бағалауды осы Әдістеменің 8-тармағының 1) - 9) тармақшаларына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
12. Бағалауды осы Әдістеменің 8-тармағының 10) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелерінің негізінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
13. Ұсынылған ақпарат бойынша талдауды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы жүргізеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Бағалау кестесінде белгіленген, бағаланатын мемлекеттік органдарға қорытындыларды беру мерзіміне дейін 3 күнтізбелік күн бұрын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
14. "Персоналды басқару" бағытын бағалау жүргізу үшін ақпарат көздеріне мыналар жатқызылады:
1) мемлекеттік органдардың статистикалық деректері, есептік ақпараты және автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің деректері;
2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын ұсынылатын есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне жүргізілген мониторингтің деректері;
3) бағаланатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижелері;
4) осы ақпараттық жүйеден алынатын "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесін мемлекеттік органдардың пайдалану деңгейі туралы ақпарат;
5) осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілердің сауалнама нәтижелері;
6) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ай сайынғы негізде берілетін, "А" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу туралы есептік деректері.
15. Мемлекеттік органдардың архитектуралық порталы "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша бағалау жүргізудің ақпараттық көзі болып табылады.
1-параграф. Есептік ақпараттарда қамтылған деректерді қайта тексеру
16. Жарғының 41-тармағына сәйкес бағалауға уәкілетті органдар бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеруді (бұдан әрі – қайта тексеру) жүзеге асырады, бұл ретте бағаланатын мемлекеттік органдардың қайта тексеруге жататын есептік ақпараттары тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалады.
17. Қайта тексеру бағаланатын мемлекеттік органдар ұсынған есептік ақпаратының дәйектілігін айқындау мәніне жүргізіледі.
Тиімділікті бағалау бағыттары бойынша деректерді қайта тексеру үшін бағалауға уәкілетті органдар қабылдайтын ұйымдастырушылық шаралардың кешені мыналарды қамтиды:
бағалауға уәкілетті органдардың ұсынылған ақпараттың нақты деректерге сәйкестігін белгілеу бойынша осы Әдістемеде көзделген іс-шараларды жүргізуі;
бағаланатын мемлекеттік органдарға осы Әдістемеде көзделген мәліметтердің сәйкестігін белгілеу бойынша қосымша мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуларды жіберу.
18. Мемлекеттік органдарда қайта тексеру іс-шараларын жүргізу растайтын құжаттарды талдау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді зерттеу арқылы Бағалау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
19. Қайта тексеру рәсімі бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттарды жинау, есептік ақпаратқа салыстыру жүргізу, осы Әдістемеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік ақпаратта қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша Салыстыру актісін (бұдан әрі – Салыстыру актісі) жасаудан тұрады.
20. Қайта тексеру шеңберінде бағалауға уәкілетті органдардың құпиялылық грифі, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін алуға болады.
2-параграф. Есептік ақпараттардың уақтылығы, толықтығы және дұрыстығы
21. Бағаланатын мемлекеттік органдар бағалау кестесіне сәйкес толық және дұрыс есептік ақпаратты уақтылы ұсынады/орналастырады.
22. Уақтылы, толық емес, дұрыс емес есептік ақпарат ұсынылған/орналастырылған жағдайда бағаланатын мемлекеттік органдардың қорытынды бағасынан әрбір бағыт бойынша айыппұл балдары шегеріледі.
23. Бағаланатын мемлекеттік органдардың уақтылы есептік ақпаратты ұсынбағаны/орналастырғаны үшін әрбір кешіктірген күнтізбелік күн үшін 1 (бір) айыппұл балы шегеріледі, бірақ 5 айыппұл балдан көп емес.
Есептік ақпараттың болмағаны үшін 5 (бес) айыппұл балы шегеріледі.
24. Бағаланатын мемлекеттік органдардың толық емес есептік ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін 2 (екі) айыппұл балы шегеріледі.
25. Бағаланатын мемлекеттік органдардың дұрыс емес есептік ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін әрбір тіркелген факт үшін 0,2 айыппұл балы шегеріледі.
26. Дұрыс емес ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін шегерілетін айыппұл балдарының жалпы сомасы 10 балдан аспауы тиіс.
27. Дұрыс емес ақпаратты ұсыну/орналастыру фактілері деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша Салыстыру актісінде тіркеледі.
28. Айыппұл балдары туралы ақпарат мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындының "Балдарды шегеру" бөлімінде көрсетіледі.
3-тарау. "Персоналды басқару" бағыты бойынша бағалау
29. "Персоналды басқару" бағыты бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырады:
1) мемлекеттік органның кадрлық әлеуеті;
2) еңбекті ұйымдастыру;
3) меритократия және ұйымдастырушылық мәдениеті.
30. ОМО және олардың ведомстволары, ОМО аумақтық бөлімшелері мен олардың облыстардағы, Астана және республикалық маңызы бар қалалардағы ведомстволары, сондай-ақ аудандық бөлімшелерді қоспағанда ЖАО "Персоналды басқару" бағыты бойынша бағалау объектілері болып табылады,
31. "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогының "Персоналды басқару" бағыты бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды осы Әдістемеге 12-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады.
1-параграф. "Мемлекеттік органның кадрлық әлеуеті" өлшемшарты бойынша бағалау
32. "Мемлекеттік органның кадр әлеуеті" өлшемшарты бойынша мемлекеттік органның кадрлық құрамы, оның өзгеруі және мемлекеттік органның кадр саясатының тиімділігі бағаланады.
33. "Мемлекеттік органның кадрлық әлеуеті" өлшемшарты бойынша бағалау (K) мынадай формула арқылы есептеледі:
K = C + S + J + V + G – A,
мұнда:
C – "Персоналдың таза ауыспалығы" (мемлекеттік қызмет жүйесінен өз еркімен кету) көрсеткіші бойынша мемлекеттік органның бағасы;
S – "Кадрлық құрамның тұрақтығы" көрсеткіші бойынша мемлекеттік органның бағасы;
J – "Алғаш рет қабылданған қызметшілердің ауыспалығы" көрсеткіші бойынша мемлекеттік органның бағасы;
V – "Шығу сұхбаты" көрсеткіші бойынша мемлекеттік органның бағасы;
G – "Гендерлік құрам" көрсеткіші бойынша мемлекеттік органның бағасы;
А – "А корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасудың" айыппұл көрсеткіші бойынша мемлекеттік органның бағасы.
Аталған өлшемшарт бойынша ең жоғарғы мәні 30 балды құрайды.
34. "Персоналдың таза ауыспалығы" көрсеткіші бойынша бағалау (мемлекеттік қызмет жүйесінен кету) (C):
1) персоналдың таза ауыспалық көрсеткіші (t) 0,06-тен аз немесе тең болған жағдайда, мемлекеттік органға ең жоғарғы балл (10 балл) беріледі.
Персоналдың таза ауыспалық көрсеткіші мынадай формула арқылы есептеледі:
мұнда:
t – персоналдың таза ауыспалық көрсеткіші;
a1 – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйін мониторингтеу шеңберінде алынған басшылық лауазымдарға ие мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы туралы мәліметтер;
b1 – мемлекеттік органның штаттық кестесіне сәйкес басшылық мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа саны (әр тоқсанның соңғы күнгі жай-күйі бойынша мемлекеттік органның штаттық кестесіне сәйкес мемлекеттік әкімшілік басшылық лауазымдар саны қосылады және жылдың тоқсандар санына бөлінеді (4).
a2 – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйін мониторингілеуеу шеңберінде алынған басшылық емес лауазымдарға ие мемлекеттік қызметшілердің таза ауыспалығы туралы мәліметтер;
b2 – мемлекеттік органның штаттық кестесіне сәйкес басшылық емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа саны (әр тоқсанның соңғы күнгі жай-күйі бойынша мемлекеттік органның штаттық кестесіне сәйкес мемлекеттік әкімшілік басшылық емес лауазымдар саны қосылады және жылдағы тоқсандар санына бөлінеді (4).
2) персоналдың таза ауыспалығының көрсеткіші (t) 0,09-ға тең немесе одан артық болған жағдайда, мемлекеттік органға көрсеткіш бойынша 0 балл беріледі.
3) басқа жағдайларда көрсеткіш бойынша бағалау мынадай формула арқылы есептеледі:
мұнда:
C – персоналдың таза ауыспалық көрсеткіші бойынша бағалау;
k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті (10);
t – персоналдың таза ауыспалық көрсеткіші.
Аталған көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 10 балды құрайды.
35. "Кадрлық құрамның тұрақтығы" көрсеткіші бойынша бағалау (S):
мұнда:
S – "Кадрлық құрамның тұрақтығы" көрсеткіші бойынша бағалау;
k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті (5);
h – аталған мемлекеттік органның жүйесінде үш жылдан аса үздіксіз жұмыс жасаған мемлекеттік қызметшілердің саны;
b – мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің орташа нақты саны (әр айдың соңғы күнгі жай-күйі бойынша органдағы жұмыскерлердің нақты саны қосылады және жылдағы айлар санына бөлінеді (12).
m – бұрынғы мемлекеттік орган жүйесінде үш жылдан астам үздіксіз жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілердің (тағайындалғандар қатарынан) саны.
Бағаланатын жыл ішінде мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе мемлекеттік органға қосымша штаттық бірлік бөлінген жағдайда, осы көрсеткіш бойынша бағалауды есептеу кезінде, бұрынғы мемлекеттік орган жүйесінде үш жылдан астам үздіксіз жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілердің (тағайындалғандар қатарынан) саны ескеріледі.
Аталған көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балды құрайды.
36. Жаңадан құрылған мемлекеттік органға (кемінде үш жыл) арналған "Кадрлық құрамның тұрақтылығы" көрсеткіші бойынша бағалау (S2):
мұнда:
S2 – "Кадрлық құрамның тұрақтылығы" көрсеткіші бойынша бағалау;
k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті (5);
h – мемлекеттік қызмет жүйесінде үш жылдан аса үздіксіз жұмыс жасаған мемлекеттік қызметшілердің саны;
b – мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің орташа нақты саны (әр айдың соңғы күнгі жай-күйі бойынша мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің нақты саны қосылады және жылдың айлар санына бөлінеді (12).
Аталған көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балды құрайды.
37. "Алғаш рет қабылданған қызметшілердің ауыспалығы" көрсеткіші бойынша бағалау (J):
мұнда:
J – "Алғаш рет қабылданған қызметшілердің ауыспалығы" көрсеткіші бойынша бағалау;
k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті (5);
p – мемлекеттік қызметке кірген алғашқы жылы қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілер саны (сынақ мерзімі қорытындысы бойынша қызметтен шығарылғандарды және ауысу тәртібімен басқа мемлекеттік лауазымға тағайындалуына байланысты жұмыстан босатылғандарды қоспағанда);
b – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тағайындалған адамдардың жалпы саны (уақытша бос орындарға тағайындалғандарды қоспағанда));
1 – алынған нәтижелерді балдық мәнге келтіру коэффициенті;
Аталған көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балды құрайды.
38. "Шығу сұхбаты" көрсеткіші бойынша бағалау (V):
мұнда:
V – "Шығу сұхбаты" көрсеткіші бойынша бағалау;
k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті (5);
a – мемлекеттік қызмет жүйесінен өз қалауы бойынша шығарылған қызметшілер санынан есептік кезеңде осы Әдістемеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығу сұхбатын толтырған адамдардың саны;
b – есептік кезеңде мемлекеттік қызмет жүйесінен өз қалауы бойынша қызметтен шығарылған қызметшілердің жалпы саны.
Қызметтен шығарылған қызметшілердің көпшілігі (50% -дан астамы) өздерінің қызметтен шығарылуын мемлекеттік орган қызметінің келеңсіз аспектілерімен байланыстырған жағдайда (мысалы, қолайсыз моральдық - психологиялық климат, басшылықтың әдеп нормаларын сақтамауы, артық жұмыс істеу және т.б.) "шығу сұхбаты" көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесінен 1 айыппұл балл шегеріледі.
Аталған көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балды құрайды.
39. "Гендерлік құрам" (G) көрсеткіші бойынша бағалау:
1) басшы лауазымды атқаратын әйел мемлекеттік қызметшілердің коэффициенті (j) 0,3-тен көп немесе тең болған жағдайда, мемлекеттік органға ең жоғары балл (5 балл) беріледі.
басшы лауазымды атқаратын әйелдердің мемлекеттік қызметшілерінің коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
j – басшы лауазымдағы әйелдердің мемлекеттік қызметшілердің коэффициенті;
a – мемлекеттік қызметшінің - басшы лауазымды атқаратын әйелдердің бағаланатын жылдың соңғы күнгі жағдай бойынша саны;
b – мемлекеттік органның басшы лауазымындағы мемлекеттік қызметшілерінің орташа нақты саны (әрбір айдың соңғы күнгі жағдай бойынша органда басшы лауазымды атқаратын қызметкерлердің нақты саны жинақталады және жылдағы айлар санына бөлінеді (12);
2) қалған жағдайларда осы көрсеткіш бойынша бағалау келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
G – "Гендерлік құрам" көрсеткіші бойынша баға;
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (5);
j – басшы лауазымдағы әйелдердің мемлекеттік қызметшілерінің коэффициенті;
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 5 балды құрайды.
40. "А" корпусының бос әкімшілік лауазымдарына орналасу" айыппұл көрсеткіші бойынша бағалау (A):
мұнда:
А – "А" корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу" айыппұл көрсеткіші бойынша бағалау;
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (1,5);
d – бағаланатын кезең ішінде "А" корпусының ұзақ уақыт бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының саны(үш айдан астам) ;
v – мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының орташа саны (әрбір тоқсанның соңғы күніндегі жағдай бойынша мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдар саны жинақталады және жылдағы тоқсандар санына бөлінеді (4);
1 – алынған нәтижелерді балдық мәнге келтіру коэффициенті.
ЖАО үшін осы көрсеткіш бойынша бағалауды есептеу кезінде сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандар әкімдерінің лауазымдары ескеріледі.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 1,5 айыппұл балын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |