Мемлекеттік қызмет туралы


-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру және қызметтік мансап



жүктеу 0,66 Mb.
бет4/6
Дата10.03.2018
өлшемі0,66 Mb.
#12142
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6

  4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру және қызметтік мансап


      15-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi 
               
сынақ

      1. Мемлекеттiк әкiмшілік қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн.


      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн.
      4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады және сынақ мерзiмi мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi. 
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      15-1-бап. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
                 
лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу

      1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзі келiсiм берген, қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда және оның соңғы лауазымындағы қызметінің нәтижелері ескеріле отырып, ауысу тәртібімен орналасуға құқығы бар.


      Ауысудың жүргізілу тәртібі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде реттеледi.
      Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы 
ережеде көзделген жағдайларда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен жүзеге асырылады.
      2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, мемлекеттік органның, оның ведомствосының ішінде, сондай-ақ олардың арасында жүзеге асырылады.
      3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына басқа мемлекеттік органдардан, олардың ведомстволарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен ауысу тәртібімен орналасу Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы 
ережеде айқындалатын жағдайларда жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуға жол берiлмейдi.
      
Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін
               
бағалау және оларды аттестаттау

      1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысының тиімділігін және сапасын айқындау үшін олардың қызметін жыл сайынғы бағалауды жүргізеді.


      2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелері сыйлықақы беру, көтермелеу, оқыту, мансаптық жоспарлау, ротация жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін үш жыл бойы бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
      3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кәсiби даярлық деңгейін және олардың лауазымдық мiндеттерді орындау қабілетін айқындау жөніндегі рәсім 
аттестаттау болып табылады.
      Аттестаттау тестілеуді және әңгімелесуді қамтиды. Кемiнде он бес жыл мемлекеттiк қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлері тестiлеуге жатпайды.
      4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін бағалау және оларды аттестаттау тәртібін уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi 
бекiтедi.
      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестаттауға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
      Аттестаттауда теріс нәтижелер алған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінен төмендетілуге не босатылуға жатады.
      Қызметінен төмендету «Б» корпусының төмен тұрған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы болған, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі осы лауазымға қойылған біліктілік талаптарына сай келген кезде жүзеге асырылады.
      Қайта аттестатталуға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қайта аттестаттау аяқталғанға дейін ауысу тәртібімен тең дәрежелі не жоғары тұрған лауазымдарға тағайындала алмайды.
      5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай аттестаттау комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
      Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай аттестаттау комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17-бап. Жұмыс уақыты

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.


      2. Тұтас алғанда мемлекеттiк органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты (үздiксiз) жұмысы әрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл және күнi бұрын болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның жазбаша өкiмi бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сәйкес өтелетiн, демалыс және мереке күндерi қызметке келуге мiндеттi жекелеген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн.
      
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18-бап. Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар

      1. Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттерге, iссапарларға арналған шығындары өтеледi. 


      Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген iссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, көздеген жерiне барып-қайту жөнiндегi шығындарға, тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындарға кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады.
      2. Iссапарға жiберiлген мемлекеттiк қызметшілердiң iссапардың бүкiл уақыты бойы жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
 
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

      18-1-бап. Ротация

      Мемлекеттік қызметте «А» корпусының мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерiн ротациялау мансаптық жоспарлау шеңберінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
      Ротация жүргізудің тәртiбiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi 
айқындайды.
      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08 N 75 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18-2-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыруына тыйым салынады.


      2. Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс.
      3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте мемлекеттiк қызметшi өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттiк органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
      Тiкелей басшысы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның iшiнде:
      1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруды басқа адамға тапсыруға;
      2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң келiсiмi бойынша оны басқа лауазымға ауыстыруға тиiс.
      4. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
      
Ескерту. Заң 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-бап. Мемлекеттiк қызметті өткерудiң өзге де мәселелерi

      1. Мемлекеттiк әкiмшілік лауазымдарға алғаш рет қабылданған адамдарға уәкілетті орган айқындайтынтәртіппен тәлімгерлер бекітіледі.


      2. Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамадан өтуі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтынтәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк қызметті өткерудің осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актiлерiнде, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде регламенттеледі.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20-бап. Мемлекеттiк қызметтің кадр резервi

      Ескерту. 20-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi қалыптастырылады.
      2. Кадр резервiн қалыптастыру тәртiбi және онымен жұмысты ұйымдастыру уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi туралы 
ережемен реттеледi.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 75 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау