Мемлекеттік органның «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс
барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-R-4
|
73 288,23
|
99 105,68
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті, 040008, Талдықорған қ., Біржан Сал көшесі, 130/132, анықтама телефондары: (7282) 24-35-78, факс: (7282) 24-33-36, электронды мекен-жайы: s.makhatova@minfin.gov.kz, БСН 041240003318 мемлекеттік органның «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. Қаратал аудандық қазынашылық басқармасының төлемдерді алдын-ала бақылау және өткізу тобының бас маман-бас қазынашысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне) С-R-4 санаты, 1 бірлік, (№14-1-№14-13).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелердің қаржылық құжаттарын электронды тасығыш және қағаз түрінде қабылдау, енгізу, қабылданған, енгізілген құжаттардың Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуын тексеру, орындалмаған құжаттарды кері қайтару, мемлекеттік мекемелер өткізген құжаттардың дұрыстығын және рәсімделуін бақылау, жүргізілген операциялардың Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуын бақылау, компьютерде жұмыс істей білу, мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету). Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
1. Еңбекшіқазақ аудандық қазынашылық басқармасының операциялық тобының бас маман-бас қазынашысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне) С-R-4 санаты, 1 бірлік, (№16-1-№16-52).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелердің төлеуге арналған шоттарын бекіту және инкассалық өкімдермен жұмыс істеу, бос қорлардың және хабарламаның болуын тексеру, сондай-ақ бекітілген төлем шоттарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуын қадағалау, ағымдағы бақылау, есеп нысандарын бақылау, күн құжаттарын қалыптастыру, тігу, күн хаттамасын толтыру, операциялық күннің аяқталуы бойынша есептілік қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білу, мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, әлемдік экономика). Жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету). Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде 040008, Талдықорған қ., Біржан Сал көшесі, 130/132, анықтама телефондары: (7282) 24-35-78, факс: (7282) 24-33-36,: мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады. Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын электрондық s.makhatova@minfin.gov.kz мекен жайы бойынша ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |