Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы оқу әдістемелік құрал


Өзін - өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 1,75 Mb.
бет3/8
Дата07.02.2018
өлшемі1,75 Mb.
#8926
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқықтық мемлекет идеялары қалай және қашан пайда болды?

2 Құқықтық мемлекеттiң негiзгi белгiлерi қандай?

3 Азаматтық қоғам деген не?

4 Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың негiзгi алғышарттары

қандай?
10 тақырып. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу


Мақсаты: Студенттерде құқық ұғымы, оның мәні және міндеттері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Жоспары:

1 Қоғамдық қатынастарды реттеудiң объективтiк қажеттiлiктерi.

2 Қоғамдық қатынастарды нормативтiк және нормативтiк емес реттеу.

3 Әлеуметтiк нормалар ұғымы және түрлерi.

4 Құқықтың әлеуметтiк нормалар жүйесiндегi орны мен ролi.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормаларының көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қызмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.

Мораль – бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандылық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Құқық пен соральдің ортақ белгілері:

1) әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады;

2) олардың реттеу объектісі біреуі – қоғамдық қатынастар;

3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды;

Құқық пен моральдің арасындағы айырмашылықтар төмендегідей:

1) пайда болу бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық мемлекетпен пайда болады;

2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;

3) әрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттей алады, ал құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді.

Діни нормалар деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптардан көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, Буддисттердің діни кітаптарында, және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дәуірлерде діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азаматтық-құқықтық, отбасы- некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық және моральдік нормалардың негізі болып табылады.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Қоғамдық қатынастарды реттеу не үшiн қажет?

2 Қоғамдық қатынастарды нормативтiк реттеу деген не?

3 Қоғамдық қатынастарды нормативтiк емес реттеу деген не?

4 Әлеуметтiк нормалар деген не?

5 Әлеуметтiк нормалардың қандай түрлерi бар?

6 Құқық әлеуметтiк нормалар жүйесiнде қандай орын алады?
11 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәнi
Мақсаты: Студенттерде құқық түсінігі, оның мәні және міндеттері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Жоспары:

1 Құқық ұғымы және белгiлерi. Құқық ұғымына қатысты түрлi анықтамалар.

2 Құқықтың мәнi мазмұны. Құқық мәнiндегi таптық және жалпыәлеуметтiк негiздер.

3 Құқық мәнiнiң негiзгi тұжырымдамалары.

4. Объективтік құқық және субъективтік құқық.

5 Құқықтың қағидалары мен қызметі.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Құқықтың мазмұны, түсінігі — адам қоғамын басардағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі – құқықтың объективтік түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап, бекіту.

Құқықтың негізгі қағидалары; Қоғамдағы әртүрлі мүдде- мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп- басқару; Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс-әрекетінің деңгейін, шеңберін норма арқылы анықтап отыру; Адамдардың, ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру; Мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен нормативтік актілерінің орындалуын бақылап отыру.

Құқықтың мазмұны дегеніміз қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы. Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс жүзінде қатынастардың субъектілері нақты белгілі болмағандықтан, теңдік нормалар да абстракты түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа тартылуы керек. Міне осы кезеңнен бастал заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы басталады. Құқық үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі. Бұл мүддені заңға айналдырушы және оны орындаушы мемлекеттік аппарат. Мемлекеттік құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын, өзара қарым-қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін іске асыруы мүмкін емес. Құқық құқықтың тірегі, оның күш-қуаты, абыройы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.

Құқықтың негізгі белгі-нышандары:

Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар ресми түрде қалыптастырады; әлеуметтік нормалардың басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.

Құқықтық нормалардың мемлекеттің барлық аумағына, барлық халықтарына және барлық ұйымдарға заңды күші болады.

Құқықтық нормалар жеке адамдардың және қоғамдық мүдде- мақсаттарды қамтиды; басқа нормалар жеке ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын қамтиды.



Құқықтық нормалардың орындалуын мемлекеттік органдар ақылап отырады; басқа нормаларға мемлекеттің қатысы жоқ, олардың орындалуын ұйымдар, бірлестіктер бақылайды.

Сонымен, құқық дегеніміз адам мен қоғамның объективтік құрылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда формальды түрде анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.

Қоғамның өмірінде белсенді жұмыс атқаратын құқықтың функциялары. Оның бағыттары толып жатыр. Ең күрделі бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау. Өйткені мемлекеттің жұмысының мазмұны, бағыты нормативтік актілерде көрсетіліп, анықталып отырады. Құқықтың негізгі функцияларының түрлері:

Қоғамның әр саласына сәйкес құқықтың, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, тәрбиелік, экологиялық, қаржылық т,б. функциялары болады.

Мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы болады: заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау.

Міндеттерге сәйкес құқықтың өзіне тән екі функциясы болады: реттеу және қорғау. Құқықтың реттеу функциясы — нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бүл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады: біріншісі - құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын көрсету; екіншісі - нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету. Құқықтың қорғау функциясы — нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократиялық, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді. Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескертудің маңызы зор: 1) формалдық кез келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2) мазмұндық осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызметтегі тетігінде. Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады: - таптық буын шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдеген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады; - жалпыәлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.

Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Позитивті құқық. Бұқаралық және жеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық - бұл нақты бip мемлекеттен белгілі бip кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілiгi жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көpiнic табады. Субъективтік құқық - бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін журіс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға және т.б. құқық) атауға болады, олардың cyбъeктивтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқық дегенiмiз не?

2 Құқықтың әдет-ғұрыптардан қандай ерекшелiктерi бар?

3 Құқықтың негiзгi белгiлерi қандай?

4 Құқықтың таптық мәнi ненi бiлдiредi?

5 Құқықтың жалпыәлеуметтiк мәнi ненi бiлдiредi?

6 Құқық принциптерi дегенiмiз не?

7 Құқықтың негiзгi принциптерi қандай?

8 Құқық функцияларының маңызы қандай?

9 Құқық қандай функциялар атқарады?


12 тақырып. Құқық нормалары
Мақсаты: Студенттерде құқықтық норма туралы білім қалыптастыру және оның құрылымын ажырата білуге үйрету.
Жоспары:

1 Құқықтық норма ұғымы және белгiлерi.

2 Құқықтық норманың басқа әлеуметтiк нормалардан ерекшелiгi.

3 Құқықтық норманың құрылымы. Гипотеза: ұғымы, түрлерi.

4 Диспозиция: ұғымы, түрлерi.

5 Санкция: ұғымы және түрлерi.

6 Құқық нормасы және нормативтiк құқықтық актiнiң бабының арақатынасы. Құқық нормасының нормативтiк құқықтық актiнiң баптарында берiлу тәсiлдерi.

7 Құқық нормасының классификациясы.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқық нормасы – бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальді анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған. Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл «құқық» және «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.

Құқық нормасының белгілері: 1) жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді; 2) формальді анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады; 3) мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі; 4) ұсынушылық- міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Заң нормаларының түрлері: 1) реттеуші және құқық қорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші; 3) императивтік және диспозитивтік. Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттер, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма. Құқық қорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың мазмұны мен сипатын анықтайтын норма. Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма. Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асырудан бас таратуды міндеттейтін норма. Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндеттерін жүктейтін норма. Императивтік норма – бұл қатаң ережелері түрінде көрініс табатын және құқық субъектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде көрініс табатын және құқық субъектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма. Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.

Құқық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция. Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету. Диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өздерін көрсету. Санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқықтық норма деген не?

2 Гипотеза деген не?

3 Диспозиция деген не?

4 Санкция деген не?

5 Нормативтiк құқықтық актiнiң бабы деген не?

6 Құқықтық норманың қандай түрлерi бар?
13 тақырып. Құқықтық реттеу және оның механизмі
Мақсаты: Студенттерде құқықтық реттеу және оның механизмі туралы біртұтас түсінік қалыптастыру және реттеудің әдістері мен тәсілдерін ашу.
Жоспары:

1 Құқықтық реттеу ұғымы және сатылары.

2 Құқықтық реттеудің әдiстерi, тәсiлдерi және типтерi.

3 Құқықтық реттеудің механизмдерi.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі және элементтері. Құқықтық реттеу механизмі – бұл құқықтық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі.

Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты – субъектілердің мүдделерінің құндылықтарға кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету. Құқықтық реттеу механизмі – бұл табиғаты және функциялары бойынша әр түрлі заңды құралдардың жүйесі.

Құқықтық реттеу механизмінің келесі элементтерін бөліп қарастыруға болады: 1) құқық нормасы – мұнда мүдделерді қанағаттандыру үлгісі қалыптасады; 2) ұйымдастырушылық – атқарушы акт сияқты шешуші фактімен бірлескен заңды факт немесе фактілік құрам; 3) құқықтық қатынас – бұл жердегі нормативтік талаптар сәйкес субъектілерге қатысты нақтыланады; 4) құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері – субъектілердің сақтау, атқару және пайдалану нысанындағы әрекеттері; 5) қорғаушы, құқыққолданушы акт – құқықбұзушылық жағдайында қолданылады.

Құқықтық реттеудің тиімділігі - бұл құқықтық реттеудің нәтижесі мен оның алдында тұрған мақсаттың арасындағы арақатынас. Құқықтық реттеудің тиімділігін көтерудің төмендегідей жолдарын атап өтуге болады:

Құқықшығармашылықты жетілдері; мұның нәтижесінде заңшығармашылық техниканың жоғары деңгейіне сәйкес құқық нормаларында қоғамдық мүдделер мен заңдылықтар мейлінше анық көрініс табады. Бұл кезде заңды және ақпараттық құралдардың көмегімен заңды сақтау оны бұзудан пайдалы болатындай жағдай жасау керек.

Құқықты қолдануды жетілдіру нормативтік реттеудің нәтижелерін толықтырады. Құқықты қолдану әрбір заңды жағдайлардың нақты жағдайын, өзіндік ерекшеліктері ескереді. Құқықшығармашылық пен құқыққолдануды дұрыс үйлестіру құқықтық реттеуге икемділік пен кешенділік береді.

Құқық субъектілерінің құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеруді құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту процесіне әсерін тигізеді.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқықтық реттеу дегенiмiз не?

2 Құқықтық реттеу қандай сатылардан тұрады?

3 Құқықтық реттеудiң әдiстерiне не жатады?

4 Құқықтық реттеудiң тәсiлдерiне не жатады?

5 Құқықтық реттеудiң типтерiне не жатады?

6 Құқықтық реттеудiң механизмдерi қандай?
14 тақырып. Құқық формалары/қайнар көздері/
Мақсаты: Студенттерде құқық нормаларының көрініс табу формалары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Жоспары:

1 Құқық формалары (қайнар көздерi) ұғымы және түрлерi.

2 Нормативтiк құқықтық актiлер ұғымы және түрлерi.

3 Нормативтiк құқықтық актiлердiң уақыт шеңберiндегi, кеңiстiктегi және тұлғалар арасындағы әрекетi.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқықытың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілуі және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері: 1. Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. 2. Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. 3. Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім. 4. Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі. 5. Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. 6. Діни мәтіндер – бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен бұл Құран – Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап, пен Сүннет – Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.

Нормативтік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.

Заң – бұл заңшығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғарғы заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады: 1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер; 2) Парламенттің құзіреті шегінде қабылданған қаулылар мен өкімдер; 3) мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдардың актілері; 4) ведомстволық актілер – белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.

Заң – бұл заңшығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғарғы заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңның белгілері: 1. Заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық әрекеттер бекітілген заң актісі; 2. Заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі. 3. Заң жоғары заң күшіне ие. 4. Заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт.

Заңдардың түрлері: 1) Конституция – бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігін жүйесін анықтайтын, коституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт; 2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады; 3) жай заңдар – бұл қоғамның өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілер.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқық формалары деген не?

2 Құқықтың қайнар көздерiне нелер жатады?

3 Нормативтiк құқықтық актi деген не?

4 Нормативтiк құқықтық актiнiң уақыт iшiндегi әрекетi деген не?

5 Нормативтiк құқықтық актiнiң кеңiстiктегi әрекетi деген не?

6 Нормативтiк құқықтық актiнiң тұлғалар арасындағы әрекетi деген не?
15 тақырып. Құқық жүйесі және заңнама жүйесі
Мақсаты: Студенттерде құқық жүйесі және заңнама жүйесі туралы, олардың арақатынасы туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Жоспары:

1 Құқық жүйесi ұғымы және оның құрылымдық элементтерi.

2 Негiзгi құқық салалары.

3 Құқық жүйесi мен заңнама жүйесiнiң арақатынасы.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салалрға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді. Құқық жүйесінің негізгі сипаттары: 1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, бірге отырып, ірі құрылымдарды – институттарды, салаларды құрайды; 2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлескен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді; 3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты; 4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тәуелді және адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.

Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін. Құқықтық реттеу пәні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы-неке құқығының реттеу пәні болып табылады. Құқықтық реттеу әдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады: 1) императивтік – бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі; 2) диспозитивтік – рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы, координация әдісі; 3) марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапаттау әдісі; 4) ұсынушылық – мемлекет пен қағам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.

Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық саласының белгілері:- әрбір саланың өз пәні болады;- әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;- құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.



жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау