Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы оқу әдістемелік құрал



жүктеу 1,75 Mb.
бет8/8
Дата07.02.2018
өлшемі1,75 Mb.
#8926
1   2   3   4   5   6   7   8

Атқарушы органдар- мемлекет басшысы, үкімет, министірлік басшысы, жергілікті атқарушы органдар.

Бекіту (ратификация) – мемлекеттік биліктің жоғары органының халықаралық шартты бекітуі. Мұндай бекітуден кейін халықаралық шарт міндетті болып табылады.

Билiк - Қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.

Бипатридтер (лат. қос, грек – отан) – қос не көптік азаматтыққа ие тұлғалар.

Біртұтас мемлекет (унитарлық)- бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғарғы органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

Болжау қызметтері- Мемлекет пен құқық теориясы, тек жаңа заңдылықтардың шындық екенін белгілеп қоймай, олардың дамуындағы тұрақты құбыластардың тенденциясын белгілейді.

Бүкіл халықтық талқылау– мемлекеттің басқару ісіне тікелей қатысу түрінде болатын демократия (халық билігінің) нысаны.

Бұқаралық құқық - бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.

Ведомство – орталық атқарушы органның қызметінің негізінде арнайы атқару және бақылау – қадағалау міндеттерін, сондай – ақ мемлекеттік басқарудың ішкі саласына салааралық үйлестіруді не оған басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның комитеті.

Виза – мемлекет аумағына кіруге, шығуға, онда тұруға және ол арқылы сол мемлекеттің белгілі мерзімге арнайы рұқсатын білдіретін төл құжаттығы белгі.

Вотум (лат. тілек, ерік)- сайлау корпусының немесе өкілді мекеменің белгілі бір мәселе бойынша көпшілік дауыспен қабылдаған шешімі, тоқтамы.

Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету.

Декларация (лат. жариялау) – мемлекеттің негізгі қағидаттарын (принцептерін ) жариялайтын, оны анықтайтын саяси – құқықтық акт.

Демарш – бір мемлекеттің сыртқы істер органдардың өзге мемлекетке қатысты төтенше үндеуі не басқа да әрекеті. Д. әр түрлі дипломатиялық актілер арқылы (үндеулер, нота не меморандум жіберу, дипломатиялық өкілді кері шақырып алу және т.б.) жүзеге асырылады.

Демократизм принципі- онда мемлекеттік органдардың қызметтерінің құрылуындағы және ұйымдастырылуындағы азаматтардың кең көлемдегі қатысуы көрсетіледі.

Дәстүр нормалары – көбінесе, қорытылған және біркелкі тәртіп ережесі, адамдардың өмір сүруіндегі белгілі ортадағы уақытпен сыналған, прогрессивті тұрақтылықты қолданғанда пайда болатын, тәртіп ережесі (мысалы, отбасылық, кәсіби, әскери, ұлттық және басқа салттар).

Диктатор- төтенше магистрат.

Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.

Диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттерді қалыптастыратын норманың бір бөлігі, жүріс- тұрыс, тәртіп ережелері.

Діни нормалар - әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді айтады.

Достастық- бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгеймен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі.

Әдет-ғұрып - Көне дәуірден тәжірибеден өткен, қоғамға пайдалы нормалар.

Әдет-ғұрып нормалары – көп рет қайталана отырып әдетке айналу нәтижесінде, соған орай қоғамдық пікірмен сақталатын және қолдау табатын, тарихи даму процесінде қалыптасатын нормалар.

Әдетті жүріс –тұрыс – бұл құқық нормаларының орындалуын әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс- тұрыс.

Әкiмшiлiк автономиялар- мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру

Әкімшілік құқық- мемлекеттік басқару аясында болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Әлеуметті белсенді жүріс- тұрыс – бұл құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгеймен сипатталатын жүріс-тұрысының жоғарғы нысаны.

Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері.

Әлеуметтік нормалар- адамдардың тәртібін және ұйымдарды қарым- қатынастағы қызметтерін реттейтін ереже.

Әрекеттер – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар.

Жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.

Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға институттар мәртебесі.

Жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жүйеге келтіру.

Заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты міндетті нормаларда құралған нормативтік акт.

Заң ұқсастығы бұл нақты бір істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешуі.

Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер.

Заңдар жүйесі- құқық шығатын қайнар көздердің құқық нормаларының жиынтық нысанын көрсетеді.

Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану.

Заңды қарама - қайшылықтар – бұл бір қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар.

Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.

Заңды фактілер – бұл белгілі бір құқықтық салалардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар.

Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субъектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.

Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны.

Ішкі санкция- қоғам өмірің ішкі жағдайын басқарудағы мемлекеттің негізгі бағыттары.

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.

Қоғамның құқықтық жүйесі- нақтылы тарихи құқықтың заңды істің және жеке мемлекеттің үстемдік ететін идеологиясының жиынтығы.

Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нәтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны.

Консолидация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны.

Конституция – бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысаны, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси- құқықтық акт.

Конституциялық (құқық)- бұл еліміздің қоғам және мемлекеттік құрылымның негізін, мемлекеттің және оның органдарының жүйесін, олардың негізгі қызметін бекітетін құқық саласы.

Конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады.

Консульдар – ең жоғарғы магистраттар.

Конфедерация- белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы.

Конформисттік жүріс – тұрыс – бұл құқықтық ережелерге оларды терең әрі жан- жақты түсінбестен, жоғарғы құқықтық белсенділіксіз бағынумен сипатталатын әрекет.

Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдармен өз жарғыларында белгіленеді және сол жарғыларда көзделген қоғамдық әсер ету шараларымен қорғалады.

Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқық жүйесі – оның ішкі құрылымы, олардың салаларға, институттарға бөлінуі.

Құқық нормалары- мемлекетпен белгіленіп және қорғалатын тәртіп ережелері.

Құқық нормаларын жүзеге асыру – құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс - тұрыс, олардың құқықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттердің орындаумен байланысты тәжірибелік қызметі.

Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызмет.

Құқық реттеу пәні- белгілі құқық саласы нормаларының ықпал жасайтын қоғамдық қатынастардың біртектес сапалы түрі.

Құқық саласы- бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Құқық ұқсастығы – бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мәні негізінде шешу.

Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқықтағы олқылықтар – бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.

Құқықты қолдану – бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны.

Құқықты қолдану актісі – бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде құзыретті орган шығаратын, жеке биіктік ережеден құралған құқықтық акт.

Құқықтық идеология – бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі.

Құқықтық институт- ерекшеленген құқық нормаларының кешені, құқық салаларының арнайы бөлігі ретінде, белгілі қоғамдық қатынастарды реттейтін түрлерінің бірі.

Құқықтық қабілеттілік- субъектің заңда бекітілген құқықты қабылдауы және заңды міндеттерді орындау, иелену қабілеттілігі.

Құқықтық қатынас – бұл қатысушыларды субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық мемлекет- саяси ұйымның билігі , адамның азаматтың құқығын, бостандығын толық қамтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді.

Құқықтық мінез-құлық – бұл субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрыс.

Құқықтық психология – бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы.

Құқықтық реттеу механизімі – бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсаттарында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жиынтығы.

Құқықтық сана – бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны.

Құқықтың қағидалары – бұл құқықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар.

Құқықтың қайнар көзері – мемлекетпен туындайтын немесе онымен танылатын, құқық нормаларын айқындайтын және бекітетін, оларға заңдық, жалпыға міндеттілік мән беретін ресми құжаттық нысандар.

Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.

Құқықшығармашылық – бұл құзыретті органдардың заңдық нормаларды қабылдау, өзгерту және жою жөніндегі арнайы қызметі.

Қылмыстық құқық- нормаларында қылмыс және оны жасағандарға белгіленетін қылмыстық жазалау деңгейі көрсетілген құқық саласы.

Қылмыстық- процессуальдық құқық- қылмыстық сотқа тарту кезіндегі пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Магистраттар - өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты, консульдерге, диктаторларға, преторларға, цензорларға, квесторларға бөлінеді.

Маргиналды жүріс-тұрыс бұл мемлекеттің мәжбүрлеуінің, жазадан қорғаудың нәтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлық.

Мемлекет кейпі- біртұтас қоғамдық- экономикалық формацияның мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.

Мемлекет санкциясын іске асырудың нысаны- оның санкциясының көмегімен жүзеге асырылатын мемлекет органдарының біржақты әрекеттері.

Мемлекет- тәуелсіз биліктің саяси ұйымы , өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады.

Мемлекет формасы - бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынана құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.

Мемлекеттiк билiк - Тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.

Мемлекеттiк құрылым формасы - бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердін әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты.

Мемлекеттік орган- бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатқа сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттің функциялары (қызметі)- бұл оның мәні мен мақсатын көрсететін қызмет аясының негізгі бағыттары.

Мораль – бұл адамдардың жүріс- тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі.

Моральдік нормалар- қоғамдағы адамдардың моральдік ойларына айналған тәртіп ережелері.

Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.

Нормативтік- құқықтық актілер- бұл құқықтық шығармашылық, онда құқық нормалары бар.

Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісім.

Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Одақтастық- бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысаны.

Оқиға – бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б.

Өкілді органдар- заңшығару мекемелері, жергілікті өзін-өзі басқару мен билік ету органдары.

Парламенттік республикада- үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты.

Преторлар- алғашқы кезде, консульдардың көмекшісі одан кейін, мүлік туралы жұмыстарды шешуге, сот функциясын тұрақты атқаруға көшкен.

Ру - бір атадан туып, бірге тұратын, жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін қандас туысқандардың жиынтығы.

Салт нормалары- әлеуметтік нормалардың бір түрі, адамдардың салт- дәстүрін қолдану кездегі тәртіп ережелері және моральдік шаралардың ықпалымен қорғалады.

Санкция – бұл норма бұзылған жағдайда қолданылатын мемлекеттік әсер ету шараларын белгілейтін норманың бір бөлігі.

Саяси билiк - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.

Саяси режим- бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістердің жиынтығы.

Синтез – оның бөліктерін шартты бөлу жолымен, құбылыстарды зерттеу.

Субъективтік құқық - бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы.

Талдау- күрделі мемлекеттік құқықтық құбыластардың шартты түрде жеке бөліктерге бөлу.

Танымдылық қызметтер – қоғамдағы мемлекет пен құқықтың өміріндегі құбылыстармен процестерді түсіндіреді.

Теріс қылықтар - әлеуметтік қауіпсіздіктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салаларға ие.

Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері.

Унитарлық мемлекет- мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді.

Федерация- заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы.

Цензорлар- лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап Рим республикасының азаматтардың соғыс және аумақтық жерлерге бөлген,бір мезгілде азаматтардың дүние –мүлкін бағалаған және “адамгершілік” жөнінде бақылау қызметін жүргізген,

Эвристикалақ қызметтер- Мемлекет пен құқық теориясы, мемлекеттік – құқықтық шындықтың заңдылықтарын түсіндірумен шектелмейді.

Пайдаланылған дерек көздер тізімі
1 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы,1998.

2 Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1999.

3 Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,2003.

4 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,2004.

5 Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,2006.

6 Мемлекет және құқық негіздері/оқулық/. Алматы: Жеті Жарғы,2001.

7 Ашитов З.О. Тәуелсіз Қазақстанның құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 1997.

8 Теория государства и права: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.М. Корельского и проф. В.Д. Перевалова. – М.: Издательство НОРМА, 2001.

9 Общая теория права и государства: Учебник / Под ред. В.В. Лазарева. – М.: Юрист, 1994.

10 Марченко М.Н. Теория государства и права. Учебник. – М.: Юрид. лит., 1996.



11 Теория государства и права. Курс лекции под ред. Матузова Н.И. 1999

12 Сапарғалиев Ғ. ҚР-ның Конституциялық құқығы., Алматы-1998

13 С.Амандықова ҚР-ның Конституциялық құқығы., Алматы-2001

14 Жоламан К.Д, Таукелев А.Н, Теория государства и права.Учебник для юридических вузов на каз. яз. Алматы 1999

15 Крусс В.И. Актуальные проблемы злоупотребления правами и свободами человека // Государства и права № 7,2002

15 Марченко М.Н. Проблемы правопонимания в связи с исследованием источников права. Вестник МГУ, серия право // 2002,№3

16 Матюхин А,А Государство в сфере права: институциальный подход. Алматы : ВШП «Әдiлет», 2000.-596с.

17 Жигуленков М,В К вопросу о классификации функции государства. // Право и политика, 2002.

18 Абайдельдинов Е.М. Соотношение Международного и национального права РК. Алматы: Қазақ университетi, 2002

19 Алимжан К. Вопросы теории обычного права. Алматы,. 2003. Об отдельных сторонах борьбы с правовым нигилизмом./ Саясат 2001

20 Табанов С.А. Совершенствование законодательства: теория и опыт РК. Алматы. Жетi жарғы. 1999

21 Баймаханов М.Т. Взоимодействие правового сознания с моралью и нравственностью в обществе переходного периода. Алматы, Жетi Жарғы. 1995

22 Журсинбаев С. Права человека в международно-правовых актах и конституции Казахстана. Астана ,1998. с. 70

23 Ибраева А.С. Правовая культура: проблемы теории и практики. Алматы, 2002

24 Сапаргалиев Г., Мухамеджанов Э., Жанузакова Л., Сакиева Р. Проблемы унитаризма в РК. Алматы. Жетi Жарғы,2000

25 Ударцев С.Ф. Метаправо и правопонимание (о трансформации правопонимания на новом уровне правового развития)






жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау