Ms word редакторы туралы негiзгi мағлұматтар



жүктеу 363,34 Kb.
бет1/2
Дата17.11.2017
өлшемі363,34 Kb.
#951
түріПрограмма
  1   2

www.testent.ru


Тақырыбы: MS WORD редакторы туралы негiзгi мағлұматтар. EXCEL программасын іске қосу. Программа терезесімен жұмыс істеу. Microsoft PowerPoint ортасында презентация дайындау
Жұмыстың мақсаты: MS WORD редакторымен танысу және жұмыс жасап үйрену. Электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу. Кесте деректерін енгізу және оларды өңдеу, есептеу. Кестені файл ретінде сақтау, жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену. Power Point программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін тандау. Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру, көркемдеу.
MS WORD-мәтiндiк құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесiнiң қосымша бағдарламасы. Ол-мәтiндiк және графикалық ақпараттарды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын кеңінен тараған мәтiн редакторының бiрi.

Қазiргi компьютерлiк технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiнгi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер жазылып бiрден орындалатын iшкi программалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. бар.

MS WORD редакторын дайындау, iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау

MS WORD-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа бағдарламалары сияқты оны бастапқы нұсқаулары (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған MS WORD редакторын iске қосу бiрнеше тәсiлмен жүзеге асырылады:


  • Iске қосу=>Бағдарламалар=>MS WORD командалар тiзбегiн орындау арқылы;

  • Microsoft Office бумасындағы MS WORD шартты белгiсiнде тышқанды екi рет шерту арқылы;

  • Windows жүйесiнiң Сiлтеуiш (Проводник) терезесiн пайдалану арқылы.

  • MS WORD редакторында дайындалған құжаттың шарт белгiсiне тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шерту арқылы т.б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiледi:

  • ФайлÞШығу меню командасын таңдау арқылы;

  • WORD негiзгi терезесiнiң жүйелiк менюiндегi Жабу (Закрыть) командасын таңдау арқылы;

  • Редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу арқылы;

  • Alt+F4 пернелерiн басу арқылы.

Егер бағдарламамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiлiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу ә-Да) керектiгiн, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруiңiздi өтiнедi. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрi қарай жұмыс iстей беруiңiзге де (Болдырмау-Отмена) болады.

MS Word редакторының негiзгi терезесiнiң жалпы түрi құжат терезесiмен бiрге көрсетiлген. Терезеде Windows жүйесiнде кездесуге тиiс стандартты көптеген элементтер бар. Солардың iшiнен Word редакторына тән қосымша элементтер де бар.



Қалып-күй немесе қалып жолы негiзгi терезенiң төменгi жағында орналасқан, оның сол жақ бөлiгiнде терiлiп жатқан құжат жөнiнде информация бейнеленедi.

  • стр 5-терiлiп жатқан ағымдағы бет нөмiрi, 5-бет;

  • 5/8-құжаттың басынан есептегенде курсор тұрған орын 5-бетте, ал құжат барлығы 8 беттен тұрады;

  • 15,5 см-курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттiң жоғарғы шетiне дейiнгi қашықтық;

  • Ст 27-осы беттiң жоғарғы шетiнен курсорға дейiнгi жолдар саны;

  • Кол 1-осы жолдың басынан курсорға дейiнгi символдар саны, табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады. Бұл курсор экранда тұрғанда ғана көрiнедi.

Қалып жолында мұнан басқа қара тұске боялып белгiлi бiр режимнiң iске қосылып тұрғанын, ал сұр түстi болса-iске қосылмағанын бiлдiрiп тұратын жұмыс режимi индикаторлары бар:

ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимi iске қосылған екпiндi күйде екенiн көрсетедi;

ИСПР - түзетулердi (исправления) белгiлеу режимi екпiндi күйде, олар құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерiстер енгiзiлгенiн бiлдiредi;

ВДЛ - белгiлеулердi кеңейтетiн (Расширить выделения) F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бiр символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетiп тұрады. Ерекшеленген мөлшердi кiшiрейту-Shift+F8 арқылы, ал ерекшелеудi тоқтату-Esc арқылы орындалады;

ЗАМ-символдарды ауыстыру режимi екпiндi күйде, символдарды ығыстырып енгiзу режимi орындалса, ол сұр түске боялады. Бiр режимнен екiншiсе ауысу-INSERT пернесiн басу арқылы жүргiзiледi.

Сонымен, жоғарыдағы режимдердi iске қосу немесе iске қоспау режимдерi белгiлi бiр пернелiк командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимдi қарама-қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажеттi индикаторға тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шертумен де орындалады.

Цифрлық таңбалары бар көлденең және тiк жылжу белдеулерi мәтiн iшiндегi курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкiндiгiн бередi. Бiрақ бұл жылжу белдеулерi Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады.

Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегiмен:



  • абзац алдындағы жаңа жол басын;

  • беттiң сол жақ және оң жақ шеттерiнде қалдырылуға тиiс бос орындар (поля) аумағын;

  • мәтiн аралықтарындағы кесте бағаналарының енiн;

  • көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнiн бекiтуге болады.

Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерiн өзгерткенде, олардың тек сол абзацқа қатысты екенiн естен шығармаған абзал.

Ал ендi тiк орналасқан сызғыш терезенiң сол жақ жақтауы бойында орналасқан. Оның көмегiмен беттiң жоғарғы және төменгi жақтарында қалдырылатын бос орындар аумағын және де кестелер жолдары биiктiгiн өзгертуге болады. Тiк сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сiздiң мәтiндерiңiзде берiлетiн орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленiп тұрса, мәтiндi форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.



Қарап шығу режимдерiнiң батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетiнде орналасады да, олар мыналардан тұрады:

  • кәдiмгi режим батырмасы-бұл қарап шығу режимi келiсiм бойынша редакторға кiргенде бiрден қабылданады. Ол мәтiндi форматтау элементтерiн қарапайым түрде көрсете отырып, символдарды теру, түзету және қарап шығу процесiн жылдам орындайды.

  • беттердi белгiлеу режимi мәтiн қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтiн режим болып есептеледi, мұнда форматтау, мәтiндi түзету өте ыңғайлы, өйткенi қағаз шеттерi айқын көрiнiп тұрады.

  • құрылым режимi, құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себептi мәтiн тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкiндiктерiн бередi. Ал оны түйiндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемдi мәтiн өңделгенде, оның белгiлi бiр бөлiктерiн түгелдей ауыстыруға, көшiруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.

Аспаптар тақтасы командалар мен iс-әрекеттердi жылдам орындау үшiн ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан батырмасының немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегiмен жүргiзiледi. Аспаптар тақтасының белгiлi бiр командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткенi, қалауымыз бойынша, ол құжат терезесiнiң жоғарғы жағында тұрақты көрiнiп тұрады. Меню жолының төменгi жағында Стандартты және Форматтау әрекеттерiн ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екi тақтадан басқа Word редакторында бiрсыпыра әрекеттердi атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әртүрлi батырмаларының атқаратын қызметi жұмыс барысында түсiндiрiледi.

Терезенiң негiзгi элементiнiң бiрi болып, бiрнеше мәтiндiк құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тратын, ашық түске боялған жұмыс аумағы (рабочая область) болып саналады.

Жаңа құжатты даярлау

MS Word iске қосылған соң, экранда 1-құжат (Документ1) деген бос терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебi Word программасы iске кiрiскен кезден бастап, бұл сiздiң 1-құжатыңыз болып саналады. Келесi құжат 2-нөмiрлi, онан кейiн 3-нөмiрлi, т.с.с. болып әрбiр келесi құжат нөмiрi осылай өсiп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс iстеп отырғанда (осы сеанс кезiнде) даярланған келесi мәтiн 2-құжат болып нөмiрленедi.

Жаңа құжат ашарда MS Word оны құру үшiн белгiлi бiр шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерiн анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегi таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрiстер (поля) мәнi, табуляция символдары және т.б. жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтерi болуы мүмкiн:


  • мәтiн (мысалы, жоғарғы немесе төменгi колонтитулдар немесе бет нөмiрлерi);

  • кестелер (таблицалар);

  • төртбұрышты жақтаулар (керегелер);

  • графикалық бейнелер;

  • кейбiр арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, аспаптар тақтасы) және т.б.

Алдын ала келiсiм бойынша, жаңадан ашылған құжат "Кәдiмгi" нұсқа (шаблон "Обычный") бойынша жасалады. Word редакторын алғашқы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кiруi тиiс, олар: iс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттерi; т.б. типтегi құжат түрлерi. Бұл нұсқалар iшiнде бiрден толтырылуға тиiс стандартты өрiс жолдары (Кiмге, Кiмнен, Дата) мен дайын сөз тiркестерi болғандықтан, олар әркiмнiң уақыттарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi.

"Құжат ашу" сұхбат терезесiнiң мүмкiндiктерi


Бiз "Құжат ашу" терезесiнiң тек бiр функциясын ғана - файлдың аты мен орны белгiлi болғанда оны ашу жолын қарастырдық. Бiрақ бұл сұқбаттасу терезесiнiң басқа да мүмкiндктерi бар.

Сонымен, "Құжат ашу" терезесiнiң (немесе оның аспаптар тақтасы) қосымша мүмкiндiктерi:



  • файл iздеудi жүзеге асыру;

  • мәтiндiк құжат ашу;

  • файлды басқа орынға орналастыру;

  • файлды қиып алу (алмасу буферi арқылы);

  • файлдық көшiрмесiн алу;

  • жарлықты дайындау;

  • файлды басып шығару;

  • бумадағы файлдарды реттеу.

Негiзiнен алғанда, "Құжат ашу" сұқбат терезесi кiшiгiрiм ақпараттық iздеу жүйесiнiң функциясын атқара алады. Жоғарыда көрсетiлген барлық iс-әрекеттер "Құжат ашу" сұқбат терезесiнiң басқару тақтасы мен тышқанның оң жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстiк жанама менюлер жүйесi көмегiмен орындалады. "Құжат ашу" сұқбат терезесiнiң басқару тақтасы көрсетiлген, ал төменде батырмалардың атқаратын қызметтерi көрсетiлген.

"Құжат ашу" терезесiнiң басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметтерiн былай суреттеуге болады (солдан оңға қарай):



Бiр деңгей жоғары өту - бумалар сатысымен жоғары бiр деңгейге өтудi жүзеге асырады;

өз бумаңды ашу - өзiңнiң пайдалануыңа арналған буманы ашады;

өз бумаңа орналастыру - құжатты өз бумаңа орналастырады;

Майда белгiлер - бумалар тiзiмiн олардың шартбелгiлерi (пиктограммалары) мен атын жазу арқылы бейнеленедi;

Қасиеттерiн шығару - экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару: дайындалған, не өзгертулер енгiзiлген уақыты, көлемi және т.б.;

Iшкi мазмұнын шығару-құжатты экранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады;

Командалар мен режимдер-оқу, қағазға басу, iздеу, сұрыптау командаларының тiзiмiн ашады;

Егер файл туралы кесте көмегiмен ақпарат берiлген мәлiметтер толық емес болса, Қасиеттерiн шығару батырмасын басу қажет. Сол кезде берiлетiн қосымша мәлiметтерден iздеп отырған керектi файлды анықтауға болады.



Iшкi мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай-ақ, оның бас жағын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкiндiк iздеу жүйесi арқылы iшкi мәтiнi ұқсас бiрнеше файл тапқанда өте қажет болады. Табылған файлдар iшiнен керегiн оқи отырып осылай анықтайды. Iшкi мазмұнын шығару батырмасы арқылы табылған файлдар мәтiнiнiң бас жағын қарап алып барып, тек керектiсiн ғана терезеге шығаруға болады.

"Кәдiмгi" нұсқа ақпарат енгiзiлетiн бос құжат терезесiн ашады. өйткенi әзiрше бұл құжатқа оның мәтiнiн форматтау немесе безендiру жөнiнде арнайы талап қойылған жоқ.

"Кәдiмгi" нұсқасымен бос құжатты даярлау үшiн:


    1. ФайлÞДаярлау (ФайлÞСоздать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесiнде экранда "Құжатты дайындау" сұқбат терезесi пайда болады.

    2. Сол терезеден "Кәдiмгi" нұсқасын таңдап ал, ОК батырмасын басу керек.

Осы әрекеттi басқа жолмен де-Ctrl+N пернелерiн немесе стандартты аспаптар тақтасында "Жасау" (Создать) батырмасын басу арқылы да iске асыруға болады. Осылардың нәтижесiнде де "Кәдiмгi" нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бiрақ мұнда экранға сұқбат терезесi шығарылмайды.

Бұрын терiлiп дискiге жазылып қойылған мәтiндiк құжаттарды терезеге шығарып алу үшiн "Құжатты ашу" (Открытие документа) сұқбат терезесi пайдаланылады. Бiрақ бұл әрекеттiң басқа тәсiлдермен де Iске қосу менюiнiң Құжаттар командасы немесе Сiлтеу терезесi арқылы да орындалатыны айтылған болатын. Бұл тәсiлдер Word редакторын iске қосумен қатар бiрден керектi құжатты да дискiден оқып терезеге шығарады. Ал егер Word алдын ала iске қосылып тұрса, онда бұл әрекеттер оны екiншi рет қайта iске қоспайды. Оның орнына тек керектi құжат дискiден оқылып жаңа терезе ашылады.

Ендi "Құжат ашу" сұқбат терезесiн экранға шығару үшiн, мына тәсiлдердiң бiрiн (тек бiреуiн ғана) пайдалану керек:


  • ФайлÞАшу (ФайлÞОткрыть) меню командасын таңдау:

  • Ctrl+0 пернелерiн қатар басу.

  • Стандартты саймандар тақтасындағы Ашу (Открыть) батырмасын басу.

Келiсiм бойынша "құжат ашу" терезесi экранға шыққанда, ол Word-та дискiнiң ағымдағы бумасы iшiнде бұрын даярланған құжаттар тiзiмiн бередi.

Терезе бiрiншi рет ашылғанда, экранға WINWORD (немесе болса) тiзiмi шығады. Бiрақ терезе ашыларда, экранға одан өзге бума құжаттарын да шығару мүмкiндiгi бар. Ол үшiн оларды алдын ала СервисÞПараметрлер меню командаларының "Орналастыру" деген парағындағы бiрден ашылуға тиiс буманың аты енгiзiлетiн өрiс жолына қажеттi бума атын жазып қою керек.

Сонымен дискiдегi құжатты ашу үшiн келесi әрекеттердi орындалуы тиiс:


  1. ФайлÞАшу (ФайлÞОткрыть) меню командасын орындау, сонда экранға "Құжат ашу" терезесi шығады. Сол терезеде ағымдағы бумадағы барлық құжаттар тiзiмi тұрады. Буманың өз аты сол терезенiң Бума (Папка) деген өрiс жолында көрiнуi тиiс. Керектi құжат аты тiзiм iшiнде көрiнiп тұрса, оны таңдап алу керек.

  2. Егер керектi құжат ағымдағы бумада жоқ болса, басқа бумалар мен дискiлердi қарап шығу үшiн "Бума" өрiс жолындағы бағыттауыш тiлсызық таңба тұрған батырманы басу қажет, сонда жаңа тiзiмдер пайда болады.

  3. Тiзiмнен өзiңiзге керектi файл орналасқан дискiнi таңдап алыңыз. Мысалы, ол D: дискiсi болсын. Сонда D: дискiсiнiң барлық бумаларының тiзiмi төменгi үлкен терезеге шығады. Әрбiр бума атының қасында жабық бума тәрiздi шартбелгi көрiнiп тұрады.

  4. Бумалар тiзiмiнен керектiсiн таңдап алсақ, мысалы, BOOK бумасын, сонда BOOK сөзi жоғарғы өрiс жолына шығып, ал төменгi негiзгi терезеге сол BOOK бумасының iшiндегi мәлiметтер тiзiмi шығады.

  5. Негiзгi терезедегi бiр буманы, мысалы, "PROSPEKT", таңдап алу керек. Ендi бұл сөз жоғорғы өрiс жолына шығып, оның iшiндегi фалдар тiзiмi төменгi негiзгi терезеге шығады. Қайтадан жоғарғы деңгейдегi бумаларды қарау үшiн арнайы батырма бар. Мысалы, керектi мәлiмет бұл бумадан да табылмаса, қайтадан жоғарғы деңгейге көтерiлiп басқа бумаларды қарап шығамыз.

  6. Егер керектi файл ашық терезеде тұрса, онда келесi қадамға өту керек. әйтпесе келесi төменгi деңгейдегi iшкi бумаларға өтiп, солардың iшiндегi мәлiметтердi қарап шығу қажет, т.с.с. керектi файл табылғанша саты бойынша төмендей беру керек. Ең төменгi файлдар деңгейiнде, олардың атына сәйкес шартбелгiсi мәтiнi бар парақтарға ұқсап тұрады.

  7. Ашылған терезедегi тiзiмнен керектi файлды тышқан арқылы таңдап алу керек. Бұған балама тәсiл ретiнде төмендегi "Файл" атты өрiс жолына бiрден файл атын енгiзуге болады.

  8. Соңында OK-ны басу қажет.

Егер файл тұрағы белгiлi болса, оны тауып алып ашу қиын емес. Ал, егерде белгiсiз болса, онда файлды ашу негiзiнен, оны iздеу процестерiне айналып кетедi.

Word редакторы соңғы өңделген бiрнеше файл аттарын есте сақтайды. әдетте олар Файл менюiнiң тiзiмдерi соңында орналасады. Олардың кез келгенiн тышқанмен ерекшелеп, жылдам ашуңа болады. Сонымен, жақында ғана жұмыс iстеген құжатыңызды ашу үшiн, Файл менюiнiң тiзiмiнен, соған сәйкес файл атын таңдап, тышқанды шерту жеткiлiктi. Есте сақталатын файлдар санын СервисÞПараметрлер командаларының iшiндегi "Жалпы" (Общие) парағының көмегiмен алдын ала тағайындау мүмкiндiгi бар.


Microsoft Excel- бұл Microsoft Windows ортасында электрондық кесте құруға арналған бағдарлама. Excel-дің көмегімен cіз мәліметтерді жинау және сипаттау үшін әртүрлі құжат дайындауыңызға болады, мысалы:

· Айлық баланстар.

· Диаграммалар.

· Тауарлар жазбаша түгендеуі.

· Жабдықтар үшін және тағы басқа төлемдер кестесі.

Excel- Windows-тің кез-келген бағдарламалары сияқты іске қосылады.



Пуск - Программы - Microsoft Excel

Іске қосу - Программалар - Microsoft Excel

Microsoft Excel пиктограммасын бір рет сырт еткізіңіз. Бағдарлама іске қосылады.



Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасуға болады.Белгіленген ұяшықтар тізбегін блог немесе торлар аралығы деп атауға болады.Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі.

2-сурет. D2:D8 блогына деректер жазылған және жөю үшін белгіленген.

В2:С6 блогын белгілеу үшін В2 ұяшығында тышқанды шертіңіз де,тышқанның батырмасын басулы күйде үстап ,оның курсорын С6 деін белгілеңіз.

Белгілеу кезінде бір-бірімен байланыспаған мұндай блоктарды белгілеу үшін алдымен бірінші блокты белгілейміз ,одан кейін келесілерін [Ctri] пернесін басулы күйде ұстап тұрып көлесі блоктарды белгілейміз D4:E8, F1:F5. Бул блоктарды кыіп тастауға, буферға салуға (көшірмесін алу үшін) немесе жөюға болады.




Іске қосқан кезде автоматты түрде жаңа ( таза ) жұмыс кітабін ашады.



Жұмыс кітабі- Excel-дегі кәдімгі құжат немесе файл түрі. Ол папка- скоросшивательдің бір түрі. Кітап жұмыс парағы түрінде көрсетілген, парақтардан тұрады, әр парақтың аты жұмыс кітабінің астыңғы жағында жарлықта көрсетіледі

Көбінесе бұл бір түрлі кестелер, бірақ Сіз келесі өзгерістер енгізе аласыздар:

1. Ұяның ішіндегі мәліметтер мөлшеріне байланысты бағаналар мен жолдардың өлшемін өзгерту. Ол үшін , Формат менюінде Столбец немесе Строка командаларын қолданыңыз, немесе тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

2. Аспаптар панеліндегі пернелер көмегімен шрифт, шрифттің өлшемін,түзетудің мөлшерін белгілеу

3. Алдын-ала көру режімінде, шектерді жылжытып белгілеуге болады. Бұл өте тез орындалатын әдіс, оның нәтижесі тез көрінеді.

4. Есептің аты, баспаның күні, парақтың нөмірі т.б. мәліметтерді орналастыру үшін колонтитуларды қолдану. Ол үшін, Файл менюіндегі Параметры страницы ішінде Колонтитулы-ды қолданыңыз.

5. Парақтардың атын өзгерту. Ол үшін парақ белгісін тышқанның оң жақ пернесімен сырт еткізіп, Переименовать командасын таңдаңыз, атын енгізіп, OK пернесін басып жұмысты аяқтаңыз.

Excel пайдаланушымен енгізілген барлық мәліметтерді тексеріп олардың түрін анықтайды. Егер ұядағы мәлімет мән болмаса, ол тексттеп саналады.Excеl жазбаша және қатарлы әріптердің арасында айырмашылық жасалмайды.

Excel текстті (тексттеп кәдімгі текст, дұрыс енгізілмеген сандар формулалар және күндер саналады) ұяның сол жағынан түзетеді, ал мәндерді (сандар, формулалар және күндер) оң жағынан түзетеді. Excel-деұялардың негізгі үш түрі болады: белгілер, мәндер, формулалар.



жүктеу 363,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау