Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы оқу әдістемелік құрал


Өзін - өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 1,75 Mb.
бет5/8
Дата07.02.2018
өлшемі1,75 Mb.
#8926
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқыққа сай мiнез-құлық дегенiмiз не?

2 Құқыққа сай мiнез-құлықтың қандай түрлерi бар?

3 Құқықбұзушылықтың себептерi қандай?

4 Құқықбұзушылықтың белгiлерi қандай?

5 Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы қандай элементтерден тұрады?

6 Қылмыс дегенiмiз не?

7 Терiс қылық дегенiмiз не?


22 тақырып. Заңдық жауапкершілік
Мақсаты: Студенттерге заңдық жауапкершілік, оның маңызы туралы білім беру және бекіту.
Жоспары:

1 Заңдық жауапкершiлiк ұғымы, мақсаты және функциялары.

2 Заңдық жауапкершiлiктiң негiздерi.

3 Заңдық жауапкершiлiктiң түрлерi.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Заңдық жауапкершіліктің маңызды белгісі мемлекетпен белгіленеді және құзыреті бар мемлекет органдарымен қолданылады. Құқықбұзушыға зандық жауапкершілік, оған құқық нормаларының жазасымен, онда көрсетілген тағы басқа жауапкершілік шараларын қолдану. Заңдық жауапкершілік- өте қиын әлеуметтік-құқықтық құбылыс. Оған аз дегенде екі жақ кіреді - мемлекет және құқық бұзушылар. Олардың арасында құқық қорғау байланыстылығы пайда болады, онда мемлекет өзінің құзыретті органдарының алдында, өкілетп жақ есебінде көрінеді, ал құқық бұзушы міндетті ретінде болады. Мұнда өкілетті және міндетті жақтар заң негізінде әрекет жасайды және заңды жауапкершілік құқық негізінде іске асырылады, құқық нормаларының нақты жазалау шаралары, сол құқық бұзушылыққа арналған.

Заңдық жауапкершілік - мемлекеттің және қоғамның жасалған құқық бұзушылыққа көңіл аударуы, мемлекеттік мәжбүрлеу, кінәлілердің міндетті түрде жеке басымен не мүліктік сипаттағы жазалануының қажеттігін көрсетеді. Заңдық жауапкершілік, бұзылған құқықты орнына келтіру, құқық бұзушыны өзінің құқықтық міндетін орындауға мәжбүрлеу, сонымен қатар, оны және басқа адамдарды құқыққа қарсы әрекет жасамауға сақтандыру.

Заңдық жауапкершіліктің негізіне, құқық бұзу жатады. Егер субъектінің тәртібі құқык бұзу белгісіне ілінбесе, ол зандық жауапкершілікке тартылмайды. а) ол мемлекеттің, кінәлі қылмысқа қарсы істелген әрекеттерге жауабы (реакциясы); б) құқық нормаларымен көрсетілген, мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түріне жатады; в) кұқықбұзушының жекелеген не мүліктік мұқтаждыққа ұшырауынан құрылады; г) құқық нормаларыньщ жазалау шараларын, құқық бұзушыға қолдану нәтижесінде болады.

Зандық жауапкершіліктің түрлері құқықтың бұзылу түрлеріне сай келеді, себебі тек солар ғана, зандық жауапкершіліктің негізі болып табылады. Заңдық жауапкершілік жасалған құқық бұзушылықтың сипатына қарай тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке бөлінеді. Әрбір заңдық жауапкершіліктің өздеріне тән арнайы жазалау деңгейлері және оларды қолданудың ерекше тәртіптері бар.

Тәртіптік жауапкершілік кінәлі адамға, тәртіптік жаза басқа-рушысының билігімен беріледі. Негізгі тәртіптік шараға - сөгіс беру, ескерту жасау, жұмыстан босату, әскери бөлім жағдайында кезектен тыс қызмет жасату, әскери атағының дәрежесін азайту не лауазымдығынан айыру жатады.

Әкімшілік жауапкершілік - атқарушы билік органдарымен әкімшілік ықпалды кінәлі адамдарға жасау (мысалы, ескерту, айып салу, әкімшілік тұтқынға алу).

Белгілі адам өзінің қызметіндегі міндетін атқару процесіңде жіберген құқықты бүзу әрекетінің нәтижесінде тигізген мүліктік зиянды өтеу, материалдық жауапкершіліктің негізін құрайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - мүліктік және мүліктік емес азаматтардың құқығын бүзуға байланысты шығады. Оның болуының нәтижесінде, азаматтық құқықтың санкциясында көрсетілген нысандағы зиянды төлеу қажет.

Ең қатаң мемлекеттік ықпал, қылмыстық жауапкершілікпен сипатталады, ол соттық тәртіппен қылмыс жасаған, кінәлі адамға қолданылады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Заңдық жауапкершiлiк дегенiмiз не?

2 Заңдық жауапкершiлiк қандай мақсаттарды көздейдi?

3 Заңдық жауапкершiлiк қандай функциялар атқарады?

4 Заңдық жауапкершiлiкке тарту үшiн қандай негiздер керек?

5 Заңдық жауапкершiлiктiң қандай түрлерi бар?



23 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
Мақсаты: Студенттерде құқыққа, құқықтар мен бостандықтарға деген құрметті, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Жоспары:

1 Құқықтық сана ұғымы, құрылымы және түрлерi.

2 Құқықтық мәдениет ұғымы және құрылымы.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқықтық сана – бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны. Құқықтық сананың құрылымы екі элементтен құрылады: құқықтық психология және құқықтық идеология. Құқықтық психология – бұл ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Құқықтық психология арқылы мыналар жүзеге асырылады: а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, тұлғаның мәдениетіне, күнделікті өміріне, әдетіне еніп кеткен барлық элементтер; ә) тұлғаның өзін-өзі бағалауы, яғни өз жүріс-тұрысын құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті. Құқықтық идеология – бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Құқықтық идеология – құқықтық сананың құрылымдағы басты элемент.

Құқықтық сана мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді: 1) мазмұны бойынша: - қарапайым құқықтық сана – бұл тұлғалардың құқыққа қатысты жалпы көзқарастары, өмірлік тәжірибесінің әсерімен туындайтын көңіл-күйлері; - кәсіби құқықтық сана – бұл заңгерлердің заңды тәжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дәстүрлері; - ғылыми құқықтық сана – бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар; 2) субъектілері бойынша: - жеке құқықтық сана;- топтық құқықтық сана;- қоғамдық құқықтық сана.

Құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланысты, бірақ одан әлдеқайда кең. Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді: 1) құқықтық шығындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі; 2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі; 3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі; 4) құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процесстерінің сапалық жағдайы; 5) құқықтық қызметінің ерекше тәсілдері; 6) құқық қызметінің адамдар жасаған рухани және материалды игіліктер түріндегі нәтижелері.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті – бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениетінің құрылымына мына элементтер кіреді: 1) психологиялық элемент – құқықтық психология; 2) идеологиялық элемент – құқықтық идеология; 3) жүріс-тұрыстық элемент – заңды мәні бар жүріс-тұрыс. Қоғамның құқықтық мәдениеті – бұл қоғамның құқықтық санасының және құқық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқықтық сана деген не?

2 Құқықтық сана қандай элементтерден тұрады?

3 Құқықтық сана деңгейiне қандай факторлар әсер етедi?

4 Құқықтық мәдениет деген не?

5 Құқықтық мәдениеттiң қалыптасуына қандай факторлар ықпал етедi?

6 Құқықтық мәдениеттiң құрылымын қандай элементтер құрайды?

7 Құқықтық нигилизм деген не және оның себептері не?

8 Құқықтық нигилизммен күрес жолдары қандай?


24 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
Мақсаты: Студенттерде болашақ мамандықтары бойынша қызмет ету барысында қажет болатын заңдылық принциптерін, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту.
Жоспары:

1 Заңдылық ұғымы және мазмұны.

2 Заңдылықтың принциптерi және кепiлдiктерi.

3 Құқықтық тәртiп ұғымы және оның қоғамдық тәртiп ұғымымен арақатынасы.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы. Заңдылық үшін екі жақ тән: а) мазмұнды жағы – бұл құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы; ә) формальді жағы – бұл оларды орындау, себебі, орындаусыз ең кемшіліксіз заңдардың болуының өзі де жеткіліксіз. Заңдылық қағидалары – бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады: 1) Заңдылық және құқықтық тәртіп – барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныштылығын білдіреді; 2) заңдылықтың тұтастығы – нормативтік аткілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді; 3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі – құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестікті қарама-қарсы қоюды болдырмады білдіреді; 4) заңдылықтың шынайылығы – құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

Заңдылықтың кепілденуі - бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Заңды кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады: 1) әлеуметтік-экономикалық – бұл қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі, оның жағдайының деңгейі, меншік нысандарының алуан түрлілігі, экономикалық бостандық және т.б. 2) саяси – бұл конституциялық құрылымның саяси жүйесінің демократиялылығының дәрежесі, саяси плюрализм, көппартиялылық, биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.; 3) ұйымдастырушылық – бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың қызметі; 4) қоғамдық – бұл заңнаманы бұзумен күресу мақсатында қолданылатын алдын-алу және басқа да шараларының мемлекетте қалыптасқан кешені; 5) идеологиялық – бұл құқықтық сананың дамуының, азаматтар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарын орындаудың дәрежесі, қоғамдағы адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі; 6) арнайы-заңды – бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және қудалау мақсатында қолданыстағы заңнамада бектілген тәсілдер мен құралдар.

Құқықтық тәртіп – бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік қатынастардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі. Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері: а) ол құқық нормаларында жоспарланған; ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды; б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі; в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды; г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді: 1) құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады; құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады; 2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес; 3) заңдылықты нығайту құқықтық тіртіпті нығайтуға алып келеді; 4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Заңдылық дегенiмiз не?

2 Заңдылық қандай принциптерге негiзделедi?

3 Заңдылықты қамтамасыз етудiң қандай кепiлдiктерi бар?

4 Қоғамдық тәртiп деген не?

5 Құқықтық тәртiп деген не?


25 тақырып. Құқық және жеке тұлға
Мақсаты: Студенттерге адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары және оларды сақтау кепілдіктері туралы білім беру және бекіту.
Жоспары:

1 Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесi ұғымы және құрылымы.

2 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының классификациясы.

3 Жеке тұлғаның мiндеттерi және жаупкершiлiктерi.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Тұлғаның құқықтық мәртебесі бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рольдерін орындауға бағытталған өкілеттіліктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы. Құқықтық мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:- құқықтар мен міндеттер;- заңды мүдделер;- құқықсубъектілік;- азаматтық;- заңды жауапкершілік;- құқықтық қағидалар. Жеке тұлғаның міндеттері және жауапкершіліктері. Егер ҚР-сы Конституциясының мәтінін мұқият қарайтын болсақ, онда 34—38-баптарда айтылған міндеттерді бірден аңғаруға болады. Олардың ішінде мыналарға тоқталғанды жөн.1. Біздің әрқайсымыздың ең маңызды міндетіміз — бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау (34-бап). 2. Басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеудің маңызы бұдан да кем емес. Конституцияның 27-бабында ата-аналар мен балалардың өзара міндеттері баянды етілген. 3. Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті республиканы қорғау болып табылады (36-бап). Қорғау және қызмет ету бұл мағынасы бірдей мәселе емес. Отанды қорғау дегеніміз — әскери міндетгі атқарған кезде азаматтың өз кеудесін оққа тосуы деген сөз 4. Келесі міндет — салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу (35-бап). 5. Қазақстан азаматтарының тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндеттілігі де еліміздің Ата Заңынан өз орнын тапқан (37-бап).


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 «Тұлғаның құқықтық мәртебесi», «субъективтi және объективтi құқықтар», «конституциялық мiндет» заңдық ұғымдарының мазмұны қандай?

2 Жеке құқықтар мен бостандықтарға не жатады?

3 Әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтарға не жатады?

4 Саяси құқықтар мен бостандықтарға не жатады?

5 Негiзгi құқықтар мен бостандықтардың кепiлдiктерi дегенiмiз не және олардың қамтамасыз етiлуi қандай факторлармен байланысты?



6 Қандай жағдайда және қандай негiздер бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiледi?

2 Бөлім. Өз білімін тексеруге арналған тапсырмалар
Әр түрлі нысандағы тест сұрақтары
Жеке таңдау түрі бойынша тест сұрақтары


  1. Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдарының қай түрiне жатады

  1. Тарихи теориялық ғылым

  2. Сала аралық ғылым

  3. Шетелдердiң құқығын зерттейтiн ғылым

  4. Салалық ғылым

  5. Қолданбалы ғылым




  1. Қандай теория «Адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекет сыйға тартпайды, ол тумысынан тиiстi» деп түсiндiредi

  1. Табиғи құқықтық

  2. Психологиялық

  3. Нормативистiк

  4. Социологиялық

  5. Идеологиялық




  1. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi қандай жағдайларда шектелуi мүмкiн

  1. Созылмалы алкоголик немесе нашақор деп танылған кезден

  2. Еңбек демалысы кезiнде

  3. Белгiлi жасқа жеткен кезде

  4. Кез-келген кезде

  5. Ешқандай жағдайда




  1. Мемлекет және құқық теориясы пәнін не құрайды?

  1. мемлекет пен құқықтың дамуының және негізгі қызметінің ,пайда

блуының зандылығы

  1. қоғамның әлеуметтік-экономикалык және саяси дамуының процесі

  2. азаматтық қоғамның даму сатысы

  3. мемлекеттің басқару аумағындағы қызметі

  4. қоғамдық қатынастардың нормативті реттелуі




  1. Ішкі функцияның қайсысы конституциялық құрылымды сақтау мен

нығайтуға бағытталған ?

  1. қорғаушы функциясы

  2. экологиялық функциясы

  3. идеологиялық функциясы

  4. әлеуметтік функциясы

  5. экономикалық функциясы




  1. Барлық мемлекеттік органдарды неше топқа бөлуге болады?

  1. үш

  2. екі

  3. төрт

  4. бес

  5. алты




  1. Монархтың билігі шынайы емес, номиналды болатын қандай басқару

нысаны?

  1. конституциялық монархия

  2. парламенттік республика

  3. президенттік республика

  4. унитарлық мемлекет

  5. абсолютті монархия




  1. Қай теорияның тұжырымында мемлекет отбасынан шығады?

  1. Патерналистік теорияда

  2. Теологиялық теорияда

  3. Келісім теориясында

  4. Органикалық теорияда

  5. Озбырлық теориясында




  1. Белгілі бір мақсаттар үшін құрылған мемлекеттер одағы қалай аталады?

  1. конфедерация

  2. унитарлык мемлекет

  3. тотаритарлық мемлекет

  4. Федеративтік мемлекет

  5. тәуелсіз мемлекет




  1. Бүкіл билік бір органның немесе бір лауазымды тұлғаның қолында болумен және баска жоғары мемлекеттік органдардың ролін төмендете отырумен ерекшеленетін қандай режим?

  1. авторитарлық мемлекеттік -саяси режим

  2. тотаритарлық мемлекеттік-саяси режим

  3. демократиялық мемлекеттік -саяси режим

  4. аралас мемлекеттік-саяси режим

  5. дұрыс жауабы берілмеген




  1. Құқықтық мемлекетке тән принципті көрсет?

  1. билікті бөлу принципі

  2. жазадан құтылмайтындық принципі

  3. өзгелердің іске араласпау принципі

  4. міндеттердің тең болу принципі

  5. дұрыс жауабы берілмеген




  1. Табиғи құқық теориясының негізін қалаушы?

  1. Гегель

  2. Моньтескье

  3. Гроций

  4. Кант

  5. Маккиавели




  1. Қазақстан Републикасында заң шығарушы орган қалай аталады?

  1. парламент

  2. жергілікті-атқарушы орган

  3. үкімет

  4. президент

  5. сот




  1. Бүкіл халықтық дауыс беру түріндегі құқық шығармашылық ісі қалай аталады?

  1. референдум

  2. сайлау

  3. кодификация

  4. гипотеза

  5. үкім шығару




  1. Мыналардың қайсысы мемлекеттік құрылыс саласындағы және саяси-құқықтық жүйедегі мемлекеттік тәуелсіздігінің негізгі атрибутына жатпайды

  1. қатаң саяси-құқықтық жүйе

  2. өзінің мемлекттік нышындары

  3. меншікті құқықтық жүйе

  4. республиканың аумақтық үстемдігі

  5. толық, шексіз егемендік




  1. Төмендегі көрсетілген елдердің қайсысында англо-саксондық құқықтық жүйе орын алған?

  1. АҚШ

  2. Австрия

  3. Жапония

  4. Ресей

  5. Чехия




  1. Әдет-ғұрып

  1. Тарихи қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған мінез - құлық ережесі

  2. Белгілі іс-әрекеттердің қайталануы

  3. Әлеуметтік қатынас

  4. Адамның мінез-құлқы және ерік білдіру бостандығының шарасы

  5. Нормативтік акт




  1. Мемлекеттің пайда болуы құдайдың еркімен болды деп түсіндіретін мемлекеттің пайда болуына қатысты теория

  1. Теологиялық

  2. Келісім

  3. Материалисттік

  4. Патриархалдық

  5. Ирригациялы




  1. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория бойынша түсіндіруді ұсынған ғалымдарды атаңыз

  1. Маркс, Энгельс, Ленин

  2. Макиавелли, Гамильтон

  3. Михайловский, Бакунин

  4. Аристотель, Фильмер

  5. Фома Аквиский, Маритн




  1. Феодалдық мемлекеттің басты қағидасын атаңыз

  1. Билік көлемінің жер мөлшеріне сәйкес келуі, вассалдық бағыну қағидасы

  2. Билік бөлінісі қағидасы

  3. Мемлекет органдарында барлық таптар мен топтардың өкілдердің болуы

  4. Азаматтардың теңдігі

  5. Халық билігі




  1. Диктаторлық режимнің белгісін бөліп көрсетініз

  1. Құқықтар мен бостандықтардың шектелуінің заңмен бекітілуі

  2. Билікті қалыптастыруда тұрғындардың ықпал етуінің шынайы мүмкіндігі

  3. Мемлекет үшін аса маңызды шешімдердің қабылдануына халықтың ықпал ету мүмкіндігі

  4. Саяси плюрализм

  5. Билік бөлінісі, заң үстемдігі




  1. Қоғамдық басқарудың мақсаттары мен міндеттерін көрсететін мемлекет қызметінің негізгі бағыттары қалай аталады?

  1. Мемлекет қызметі (функциясы)

  2. Құқық субьектілік

  3. Егемендік

  4. Саяси жүйе

  5. Құқықтық қатынас




  1. Беделді күштер мүдесін қамтамасыз ету мақсатында биліктің әртүрлі органдарына қысым жасайтын топтар жүйесін білдіретін терминді көрсетініз

  1. Сепаратизм

  2. Лоббизм

  3. Оппортунизм

  4. Коррупция

  5. Протекционизм




  1. Қазақстан Республикасының конституциясында Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп жариялаған, яғни зайырлы мемлекет дегеніміз

  1. Ешбір діннің үстемдігін мойындамайтын, барлық діндерге бірдей қарайтын алуан түрлі діндердің болуына жол беретін мемлекет

  2. Бір ғана дінді мойындап танитын мемлекет

  3. Ешбір дінді мойындап танымайтын мемлекет

  4. Діндердің барлық түріне тиым салатын мемлекет

  5. Бір таптың немесе топтың мүддесін қорғайтын мемлекет




  1. Фома Аквинский негіздеген құқықтың пайда болуының теориясы

  1. Теологиялық

  2. Келісім-шарт

  3. Психологиялық

  4. Күштеу

  5. Патриархалдық




  1. Заң ғылымдарының ішінде қайсысы басқа заң ғылымдарына қатысты әдіснамалық негіз болып табылады

  1. Мемлекет және құқық ториясы

  2. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы

  3. Саясаттану

  4. Әкімшілік құқық

  5. Азаматтық құқық




  1. Төменде аталғандардың қайсысы құқықтың ертедегі нысаны болып табылады?

      1. Рұқсат етілген әдет –ғұрып нормалары

      2. Нормативтік акт

      3. Сот преценденті

      4. Халықаралық шарт

      5. Заң доктринасы




  1. Нормативтік – құқықтық актінің кіріспе бөлімі қалай аталады?

  1. Преамбула

  2. Гипотеза

  3. Қорытынды

  4. Преюдиция

  5. Алғы сөз




  1. Заң қабылдауға құқықты орган

  1. Парламент

  2. Үкімет

  3. Ведомстволық

  4. Жоғарғы сот

  5. Министрлік




  1. Мемлекеті түсінігіндегі негізгі болып табылатын белгіні атаңыз

  1. Жария биліктің болуы, азаматтардың аумақтық қағида бойынша бірігуі

  2. Тұрғын мүшелерінің бірлігі

  3. Азаматтардың жүріс –тұрысының белгілі ережелерге бағынуы

  4. Азшылықтың көпшілікке бағынуы

  5. Бірлескен қызмет




  1. Алымдар, салықтар, неше түрлі түсімдердің болуы мемлекеттің белгі –нышандары ретінде не үшін қажет?

  1. Мемлекет қызметтеріндегі аппаратты ұстау үшін қажет (әскер, полиция, барлау, абақты және т.б.)

  2. Қоғамда Алла тағала мен діннің үстемдігін қамтамасыз ету үшін

  3. Көсемнің мүдделерін қамтамасыз ету үшін

  4. Патшаның мүддесін қамтамасыз ету үшін

  5. Үстем таптың мүддесін қамтамасыз ету үшін қажет




  1. Мына құбылыстардың қайсысы тікелей мемлекеттік –құқықтық құбылыстарға жатады?

  1. Заңдылық, нормативтік – құқықтық актілер, құқықтық сана, құқықтық

қатынас, мемлекеттік ақпарат

  1. Саяси сана және саяси мәдениет

  2. Салт дәстүр, ізгілік, мәдениет

  3. Әдет –ғұрып, моралы, дін

  4. Экономика, өндіргіш күштер, өндіріс тәсілі, қаржы, салықтар




  1. Тұлғаның белгілі бір мемлекетпен саяси –құқықтық байланысы қалай аталады?

  1. Азаматтық

  2. Мәртебе

  3. Кепілдік

  4. Заңдастыру

  5. Құзырет




  1. Мемлекет және құқық теориясында қоғамдық – экономикалық формация деп не түсініледі?

  1. Қоғам дамуының тарихи жеке кезеңдері

  2. Өндірістің белгілі бір тәсілі және өндірістік қатынастардың түрі

  3. Мемлекеттің идеалдық типі

  4. Мемлекет нысанының элементі, оның құрылымы

  5. Әр түрлі мемлекеттердің пайда болу нысаны




  1. Құл иеленуші мемлекеттің ең маңызды функциясын атаңыз

  1. Құл иеленушілердің жеке меншігін қорғау

  2. Кедейлердің құқықтарын қорғау

  3. Тең құқылықты қамтамасыз ету

  4. Әлеуметтік функция

  5. Азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігін қамтамасыз ету




  1. Мемлекеттің басқару нысандарының негізгілерін көрсетіңіз

  1. Монархия және республика

  2. Конфедерация және президенттік республика

  3. Охлократия және президенттік республика

  4. Империя және одақ

  5. Унитарлық мемлекет және федерация




  1. Мемлекеттің экономикалық қызметінің мазмұнына төмендегілердің қайсысы кіреді?

  1. Шетел инвестициясын тарту, кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасау

  2. Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету

  3. Мәдениетті, білімді, медицинаны дамыту

  4. Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету

  5. Құқықтық тәртіпті қорғау




  1. Қоғамдық келісім, мемлекет пен қоғамдық өмірдің мәселелерін демократиялық жолмен шешу, тең құқылық және адамдардың құқықтарын қорғау қандай мемлекеттің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары болып табылады?

  1. Құқықтық мемлекет

  2. Таптық мемлекет

  3. Ерте буржуазиялық мемлекет

  4. Социалистік мемлекет

  5. Өтпелі мемлекет




  1. Әдістер жүйесі, зерттеу тәсілдері мен амалдар жиынтығы деген

  1. Әдістеме

  2. Аксиома

  3. Парадигма

  4. Концепция (көзқараc)

  5. Презумпция




  1. Қандай құқықтық жүйе үшін соттық прецедент құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады?

  1. Англо –саксондық құқықтық жүйе үшін

  2. Діни –дәстүрлік құқықтық отбасы үшін

  3. Континенталдық құқықтық жүйе үшін

  4. Мұсылмандық құқықтық жүйе үшін

  5. Континенталдық және мұсылмандық құқық жүйелері үшін




  1. Әлеуметтік норманың қандай түрі мемлекеттің мәжбүрлеу шарасымен қамтамасыз етілген?

  1. Құқықтық нормалар

  2. Әдет –ғұрып нормалары

  3. Техникалық нормалар

  4. Моралдық нормалар

  5. Діни нормалар




  1. Заң шығару бастамасы қайда жүзеге асырылады?

  1. Мәжілісте

  2. Конституциялық кеңесте

  3. Үкіметте

  4. Сенатта

  5. Әділет министрлігінде




  1. Салалық заң пәндеріне жататын ғылымдарды көрсетіңіз:

  1. Азаматтық құқық, қылмыстық құқық

  2. Философия, азаматтық құқық

  3. Халықаралық құқық, философия

  4. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, отбасы құқығы

  5. Педагогика, психология




  1. Мемлекеттердің шығыстық типіне жататындарының негізгі белгісін көрсетіңіз?

  1. Бұл мемлекеттерде жерге жеке меншік иелік етуге негізделген

  2. Бұл мемлекеттер жерге мемлекеттің меншік иесі болуына негізделген

  3. Бұл мемлекеттерде биліктің негізі жеке меншік болып табылады

  4. Бұл мемлекеттерде чиновниктік аппарат болмайды

  5. Бұл мемлекеттер қала –мемлекеттер ретінде пайда болып өмір сүреді




  1. Мемлекеттің негізгі белгі –нышандары қандай?

  1. Егемендік, салық жүйесі

  1. Өнеге, ізгілік

  2. Астана, үрдістер, дін

  3. Жалау (ту), елтаңба, әнұран

  1. Саяси партиялар, банк, қоғамдық ұйымдар




  1. Төменде аталған белгілердің қайсысы қанаушы мемлекет типін сипаттауға лайық болып табылады:

  1. Тап үстемдігі, күш қолдану, басып –жаншу

  2. Әлеуметтік ымырашылдыққа, келісімге келу

  3. Заң мен сот алдында барлығының теңдігі

  4. Заңдылық және құқықтық тәртіп

  5. Саяси және идеологиялық әр алуандылық




  1. Мемлекеттерді түрлерге бөлуде өркениеттік тәсілді пайдаланғанда қандай критерилер негізге алынады?

  1. Этникалық, діни негіздер, адам мен табиғаттың үндесу дәрежесі, жеке тұлға бостандығының барлық көріністерінің жайы

  2. Климаттық және географиялық жағдайлар

  3. Таптық қайшылықтар мен таптық күрестер

  4. Тек қана ұлттық ерекшеліктер мен үрдістер

  5. Қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейі




  1. Абсолюттік яғни шексіз монархиялық билік қазіргі заманда қайсы мемлекеттерде сақталғандығын атап көрсетіңіз:

  1. Сауд Арабиясы, Оман

  2. Швеция, Бельгия

  3. Дания, Испания

  4. Ұлы Британия, Жапония

  5. Франция, Бельгия




  1. Мазмұны тауар -ақша қарым –қатынастарын дамыту тауар және қызмет көрсету нарығын қалыптастыру мен жетілдіру болып табылатын мемлекет қызметі қалай аталады?

  1. Экономикалық

  2. Әлеуметтік

  3. Қаржылық бақылау

  4. салық салу

  5. Құқық шығармашылық




  1. Иерархиясы (орналасу сатысы) бойынша мемлекеттік органдардың түрлері:

  1. Жоғарғы, жергілікті

  2. Құқық шығармашылық

  3. Федералды

  4. Алқалы

  5. Өкілетті




  1. Құқықтың тарихи мектебінің өкілін көрсетіңіз:

  1. Савиньи

  2. Монтескье

  3. Дидро

  4. Руссо

  5. Гроций




  1. Қандай құқықтық жүйе үшін нормативтік –құқықтық акт құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады?

  1. Континенталдық құқықтық жүйе үшін

  2. Англо –саксондық құқықтық жүйе үшін

  3. Мұсылмандық құқықтық жүйе үшін

  4. Әдеттік құқықтық отбасы үшін

  5. Діни –дәстүрлік құқықтық отбасы үшін




  1. Үкімет қандай нормативтік –құқықтық акті қабылдайды:

  1. Қаулы

  2. Жарлық

  3. Шешім

  4. Заң

  5. Конституциялық заң




  1. Мыналардың қайсысы жария құқыққа жатады:

  1. Әкімшілік құқық

  2. Сауда құқығы

  3. Азаматтық құқық

  4. Отбасы құқығы

  5. Меншік құқығы




  1. Мемлекеттің пайда болуы туралы келісім (шарт) теориясының басты идеясы неде?

  1. Мемлекет –адамдардың келісіп жасасқан мәмілелерінің нәтижесі

  2. Мемлекет –жеке меншіктің, таптардың пайда болуына байланысты туындайтын ұйым

  3. Мемлекет –Алла тағаланың ерік –ықтиярымен пайда болады

  4. Мемлекет –жер шарындағы әлемдік климаттық өзгерістердің салдарынан пайда болады

  5. Мемлекет –әрқашанда болған, ол азаматпен бір мезгілде пайда болған




  1. Төменде аталған ойшылдардың қайсысы мемлекет және құқықтың пайда болуына қатысты келісім теориясын ұстанды?

  1. Гроций

  2. Конфуций

  3. Аврелий Августин

  4. В Фогель

  5. Аквинский




  1. Жеке тұлғаның және азаматтың құқықтарын қорғаудың қандай нысаны құқықтық мемлекетте ең қолайлы деп саналады?

  1. Сот әділдігі арқылы

  2. Қорғаудың әкімшілік тәртібі

  3. Қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары

  4. Жоғарғы тұрған ұйымдардың қорғауы

  5. Прокурорлық қадағалау




  1. Өндіргіш күштердің дамуының деңгейі мен сипатына, өндірістік қатынастардың түріне сәйке мемлекет типін анықтайтын ғылыми тәсіл қалай аталады?

  1. Формациялық

  2. Әлеуметтік

  3. Тарихи

  4. Өркениеттік

  5. Хронологиялық




  1. Мемлекеттің формациялық тәсіл бойынша ажыратылатын түрлерінің басты факторы:

  1. Өндірістік қатынастардың түрлері мен тәсілдері

  2. Климаттық және географиялық жағдай

  3. Ұлттық ерекшеліктер

  4. Тұлға бостандығының көріну деңгейі

  5. Мәдениет деңгейі, дін, адамгершіліктің дамуы




  1. Мына белгілердің қайсысы тоталитарлық мемлекеттік –саяси режимді сипаттайды?

  1. Қоғам өмірінің барлық салаларының толық түрде мемлекет қарауына көшуі

  2. Билік органдарының халық арқылы сайлануы

  3. Биліктің құқықтық заңдармен шектеулі болуы

  4. Биліктің жоғарғы органдары шешімдерінің мемлекеттің төменгі органдарына міндеттілігі

  5. Мемлекеттік органдар қызметтерінің демократиялылығы, жариялылығы




  1. Мемлекеттің ішкі қызметіне жатпайды:

  1. Бейбітшілікті қолдау және басқа елдермен бейбіт қарым – қатынас жасау

  2. Экологиялық

  3. Мәдени

  4. Әлеуметтік

  5. Экономикалық




  1. Мемлекеттік аппарат дегеніміз:

  1. Мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыруды тікелей жүргізетін биліктік өкілеттік құзыреті бар органдар жүйесі

  2. Федералды аппарат

  3. Адамдардың белгілі бір тобын басқару аппараты

  4. Мемлекеттік құрылымның элементі

  5. Мемлекет қызметін жүзеге асыратын шенеуніктердің қызметі




  1. Мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу теориясының авторын атаңыз:

  1. Ш Монтескье

  2. Ф Энгельс

  3. К Маркс

  4. Ж Боден

  5. Г Гроций




  1. Төмендегілердің қайсысы феодалдық құқықтың мазмұнын сипаттайды:

  1. Бұл - сословиелік, шіркеу, әдет-ғұрып құқығы

  2. Бұл тұрғындардың мүддесін қорғайтын демократиялық құқық

  3. Бұл құқық - адамның табиғи құқықтарына негізделген

  4. Бұл - әділеттілік құқығы

  5. Бұл - теңдікті қамтамасыз ететін құқық




  1. Қоғамдық ой-пікірді анықтау арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін әдіс-тәсіл қалай аталады?

  1. Социологиялық

  2. Салыстыру

  3. Диалектикалық материализм

  4. Логикалық

  5. Тарихи материализм




  1. Халықты билiктiң қайнар көзi ретiнде тануға негiзделген қоғамдық билiктiң үлгiсi:

  1. Демократия

  2. Саяси

  3. Қондырма

  4. Әлеуметтiк

  5. Қоғамдық




  1. Осы заманғы мемлекеттердiң қорғаушылық қызметтерi неде?

  1. Мемлекет- қоғамдағы құқық бұзұшылықпен күреседi және азаматтардың құқықтарын қорғайды

  2. Мемлекет- меншiктiң барлық түрiн дамытады

  3. Мемлекет- елдiң шекарасын қорғайдытысқары жат жерлерде елдiң ресми өкiлi болады

  4. Мемлекет-қоғамдағы құқық бұзұшылықпен күреседi және азаматтардың құқықтарын қорғайды

  5. Мемлекет-елдiң экономикалық саясатын анықтайды




  1. Мемлекеттiң құрамына кiретiн бөлiнiстерде жеке конституциясы заң шығару атқару сот органдары бар мемлекеттiк құрылым нысаны:

  1. Федерация

  2. Халықаралық ұйым

  3. Империя

  4. Конфедерация

  5. Унитарлы мемлекет




  1. Мемлекттік саяси биліктің жүзеге асыру тәсілі:

  1. Ш Моньтескье, И Кант, Д Локк

  2. Л Петражицкий

  3. Е Эрих, Г Контрович, Р Паунд

  4. ГКельзен

  5. Фома Аквинский, Маритен




  1. Аристотель, РФильмер, мемлекеттің пайда болуындағы қандай теорияны жақтаған

  1. Патриархалдық теория

  2. Теологиялық теория

  3. Зорлық теориясы

  4. Келісім теория

  5. Органикалық теория




  1. Көрсетілген мемлекеттердің қайсысы унитарлық

    1. Қырғыстан

    2. США

    3. Германия

    4. Ресей

    5. Швейцария




  1. Мемлекеттік режим түсінігіне анықтама беріңіз

  1. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы

  2. Мемлекеттің құрылысы

  3. Мемлекеттің басқарылуы

  4. Мемлекеттің ұйымдастырылуы

  5. Дұрыс жауабы жоқ




    1. Антидемократиялық режимді көрсетіндер

    1. Фашистік, тоталитарлық, авторитарлық

    2. Тоталитарлық, фашистік, либералдық

    3. Авторитарлық, тоталитарлық, либералдық

    4. Либералдық, авторитарлық

    5. Барлығы дұрыс




    1. Қандай мемлекет басқару нысаны бойынша президенттік республика

        1. Франция

        2. Испания

        3. Япония

        4. Ұлыбритания

        5. Италия




    1. Мемлекеттік органдарды, ұйымдарды құруда азаматтардың кең көлемде қатысуы бұл

      1. Демократизм

      2. Заңдылық қағидасы

      3. Тең құқық қағидасы

      4. Жариялы қағидасы

      5. Дұрыс жоқ




    1. Қазақстан Республикасының құрылысы нысаны

          1. Унитарлық

          2. Федерация

          3. Демократиялық

          4. Монархия

          5. Парламенттік




    1. Қазіргі замандағы Республиканың түрлері

            1. Парламенттік және Президенттік

            2. Аралас, Парламенттік және Президенттік

            3. Тек Президенттік демократиялық

            4. Аралас, Парламенттік, Президенттік және Социалистік

            5. Дұрыс жоқ




    1. Г.Гроций, Спиноза, ДЛокк, ЖЖРуссо, Радишев жақтаған теория

              1. Келісім- шарт

              2. Органикалық

              3. Теологиялық

              4. Психологиялық

              5. Материалистік




    1. Мемлекеттің қызметін, мәнін, мақсатын және мазмұнын анықтайтын ең басты көрініс, ол

      1. Мемлекет түсінігі

      2. Мемлекет мәні

      3. Мемлекеттің мақсаты

      4. МҚТ- ның пәні

      5. Мемлекеттің қызметі


жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау