Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы оқу әдістемелік құрал



жүктеу 1,75 Mb.
бет4/8
Дата07.02.2018
өлшемі1,75 Mb.
#8926
1   2   3   4   5   6   7   8

Құқық институты бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты – заң нормаларының құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Әрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта – ескерту мерзімі институты, өкілдік институты және т.б. Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық институты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады: 1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы; 3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бірліктерінде жинақталуы.

Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі. Заңнамада құқықтағы сияқты, оның ішкі құрылым болып табылатын өз жүйесі бар. Алайда, бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:

1) егер құқық жүесінің алғашқы элементі болып норма табылса, заңнама жүйесінің алғашқы элементі болып нормативтік акт табылады;

2) егер құқық жүйесі мазмұн түрінде көрініс тапса, заңнама жүйесі нысан түрінде көрініс табады;

3) егер құқық жүйесі негізгі, алғашқы сипатты иеленсе, заңнама жүйесі туынды сипатқа ие, себебі, алғашқысы екіншісі үшін негіз болып табылады.

4) егер құқық жүйесі негізгі, алғашқы сипатты иеленсе, заңнама жүйесі туынды сипатқа ие, себебі, алғашқысы екіншісі үшін негіз болып табылады;

5) құқық жүйесі мен заңнама жүйесі көлемі бойынша ажыратылады: заңнама, бір жағынан, нормативтіліктің барлық түрлерін қамтымайды, себебі, құқық заңнамамен қатар әдет нормаларынан, нормативтік шарттардан және заңды прецеденттерден де көрініс табады; екінші жағынан, нормалардың атауларынан басқа да элементтерді қамтиды – преамбулалар, тараулардың, бөлімдердің, баптардың атаулары және т.б.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқық жүйесi қандай элементтерден тұрады?

2 Құқық институты деген не?

3 Құқық саласы деген не?

4 Қандай құқық салаларын бiлесiң?

5 Материалдық құқық салаларына не жатады?

6 Процессуалдық құқық салаларына не жатады?

9 Заңнама жүйесi мен құқық жүйесiнiң арақатынасы қандай?


16 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
Мақсаты: Студенттерде заңнама жүйесі туралы, олардың арақатынасы туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Жоспары:

1 Заңнаманы жүйелеу ұғымы.

2 Кодификация.

3 Инкорпорация.

4 Консолидация.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлығын арттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет.

«Заңнаманы жүйелеу» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Бір жағынан, бұл ұғым заңдарды ретке келтіру, оны бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегенді білдіреді. Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу құқықтық реттеуді одан әрі дамыту және жетілдіру, қоғамдық өмірдің қозғалысын, өзекті қажеттіліктерін оңтайлы да тиімді бейнелеу үшін керек. Нормативтік құқықтық актілерді іздеуден оңайлығына, олармен халықтың қалың бұқарасының, қоғамдағы белсенділердің таныс болуына қол жеткізуде, жұртшылықтың құқықтық санасын өрістетуде, азаматтардың өз заңды құқықтарын пайдалануын және заңдық міндеттерін тиісінше орындауын, мемлекеттік аппараттың қызметін ойдағыдай қамтамасыз етуде, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді есепке алу үшін жүйелеудің маңызы зор.

Жүйелеудің түрлері:

1. Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нәтижесінде олардың біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны.

2. Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны.

3. Консолидация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Инкорпорациядан айырмашылығы – мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес мәнін жоғалтады.

Кодификация өзінің кең ұғымында заңдарды жетілдірудің және тәртіпке келтірудің үлгілі әрі мейлінше тиімді нысанын білдіреді. Ол қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын, жеке құқық тұтқасын құрайтын қолданыстағы барлық нормативті материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылатыны белгілі. Жүргізілген талдау нәтижесіне сүйене отырып, заң шығарушы ғылыми өлшемдердің негізінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігіне қарай болашақ кодификацияланатын актінің тақырыбын айқындайды, уақыт тезінен өтіп, өзінің мәнін сақтап қалған қолданыстағы нормативтік нұсқауларды таңдап алады, сөйтіп оларды кодификациялаушы актінің жобасына енгізеді, ескірген нормативтік ережелер мен әлдебір түзетулерді қажет ететін ережелерді анықтайды, қоғамдық өмірдің дамуындағы ағымдарды бейнелейтін жаңа нұсқауларды әзірлейді.

Нормативтік құқықтық актілерді инкорпорациялау түрінде жүйелеу, алдында айтқанымыздай, қолданылып жүрген актілердің түрлі жинақтарын, жиынтықтарын әзірлеу мен басып шығаруды білдіреді. Инкорпорацияның мақсаты- субъектілердің қалың бұқарасын (азаматтарды, заңды тұлғаларды, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды) олар үшін оңтайлы тәсілдер арқылы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерімен қамтамасыз ету. Әдебиетте кездесетін инкорпорация ұғымын қорыта келе оның мынадай аса маңызды белгілерін тұжырымдауға болады: 1) жүйелеу түрлерінің бірі ретінде инкорпорацияның белгісі – нормативтік актілерді тәртіпке келтіру болып табылады; 2) инкорпорация дегеніміз – нормативтік актілердің әлде бір жүйе бойынша заң шығарушының жариялаған мәліметтері; 3) мұндай актілердің мазмұнындағы өзгерістердің көрсетілмеуі; 4) актілерге сыртқы редакциялық-техникалық өңдеу жүргізу: барлық соңғы ресми өзгерістердің енгізу, лауазымды адамдардың қойған қолын алып тастау, күші жойылған деп танылған нормативтік емес, уақытша бөліктерді алып тастау және т.б. Заңдарды инкорпорациялаудың ең қарапайым мысалы – қолданылып жүрген акті мәтініне барлық кейінгі ресми өзгерістерін енгізіп, оны жаңа өзгертілген нұсқасында жариялау болып табылады. Инкорпорация дегеніміз – нормативтік актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң шығарушының баспа бетінде жарияланған мәліметтері.

Нормативтік актілердің көптігі оларды бір ірілендірілген актіге біріктіру арқылы еңсеріледі. Жүйелеудің мұндай тәсілі консолидация деп аталады. Жаңа іріленген акт оған енген нормативтік актілерді ауыстырады, өйткені құқық шығарушы орган оны жаңадан қабылдап отыр және өзінің ресми деректері: атауы, қабылданған күні, нөмірі, әрі лауазымды адамның қолы бар. Бұлайша айтқанда, консолидация мемлекеттік органдардың құқық шығару қызметінің бір түрін білдіреді. Оның басты ерекшелігі - консолидация кезінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің мазмұны өзгермейді. Бұрын қабылданған актілердің нормативтік нұсқаулары жаңа актіге өзгеріссіз біріктіріледі. Олар ең әрі кеткенде редакциялық жөндеуге түседі: қарама-қайшылықтары, қайталаулар, үздік-создықтығы жойылады, мазмұны ұқсас нормативтік нұсқаулар және т.б. бір тармаққа жинақталады.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу деген не?

2 Кодификация деген не?

3 Консолидация деген не?

4 Инкорпорация деген не?
17 тақырып. Құқықшығармашылық
Мақсаты: Студенттерде құқықшығармашылық қызмет туралы білім қалыптастыружәне оның шығарылу жолын ажырата білуге үйрету.

Жоспары:

1 Құқықшығармашылық ұғымы және принциптерi.

2 Құқықшығармашылық қызметтiң түрлерi және субъектiлерi.

3 Заңшығармашылық процесс ұғымы және сатылары.

4 Заңдық техника.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқықшығармашылық – бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге және жоюға байланысты арнайы қызметі. Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;- оның негізгі өнімі – нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдарламасы қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қабылданады;- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің сапасы – бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.

Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түрлерге бөлінеді: 1) халықтың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін – референдум жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы; 2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқықорнықтырушы қызметі; 3) әдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылданған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.

Құқықшығармашылыққа мынадай қағидалары тән:

1) ғылыми – нормативтік актілерді дайындау процессінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жағдайларды, қоғамның дамуының объективтік қажеттіктерін және т.б. зерттеудің маңызы зор;

2) кәсіби – мұндай қызметпен құзіретті тұлғалар – заңгерлер, экономистер және т.б. айналысуы қажет;

3) заңдылық – бұл қызмет Конституцияның және басқа да заңдардың негізінде жүзеге асырылуы тиіс;

4) демократиялық – азаматтардың бұл процеске қатысу дәрежесін, қоғамдағы процедуралық нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;

5) жариялылық – құқықшығармашылық процестің көпшілік қауым үшін ашықтығын білдіреді.

Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады: 1. Заң шығарушы ынтасы – құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсынылады. 2. Заң жобасын талқылау – бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарам-қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мәселелерді және т.б. жою үшін қажет. 3. Заңды қабылдау. 4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни заңды жариялау.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқықшығармашылық деген не?

2 Құқықшығармашылық қандай принциптерге негiзделедi?

3 Құқықшығармашылықтың қандай түрлерi бар?

4 Заңшығармашылық процесс қандай сатылардан тұрады?

5 Заңдық техниканың құқықшығармашылық үшiн қандай маңызы бар?


18 тақырып. Құқықтық қатынастар
Мақсаты: Студенттерде құқықтық қатынастардың мазмұны, субъектілері мен объектілері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Жоспары:

1 Құқықтық қатынастар ұғымы, белгiлерi және түрлерi.

2 Құқықтық қатынастардың мазмұны және құрылымы.

3 Құқықтық қатынастардың субъектiлерi.

4 Құқықтық қатынастардың объектiлерi.

5 Заңдық фактiлер және олардың классификациясы.


Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастың түрлері: 1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып бөлінеді; 2) сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек және т.б.) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар; 3) құқықтық функциялар бойынша – реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар; 4) қатысушыларының құрамына қарай – жай және күрделі құқықтық қатынастар; 5) субъектілерінің анықталу дәрежесіне қарай – абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар; 6) жалпы және нақты құқықтық қатынастар.

Алғышарттар – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады: 1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамның құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіліктері мен мүдделері жатады. 2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқықсубъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады.

Құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас – құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас. Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді: а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады; ә) құқық нормасы – бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі; б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды; в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді; г) құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды. д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау); е) құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен салдар ретінде байланысқа түседі, яғни құқық қатынас – бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.

Құқықтық қатынас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастардың субъектісі; құқықтық қатынас объектісі; субъективтік құқық және заңды міндет. Құқықтық қатынастардың субъектілері – бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқық қатынас субъектісі – бұл өзінің құқық әрекет қабылеттігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады: 1. Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетел тұлғалары жатады. 2. Ұжымдық субъектілер (заңды тұлғалар); бұларға жататындар: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық қатынастарға түскен жағдайда), мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар (фирмалар, кәсіпорындар және т.б.)

Құқыққабілеттілік – бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттілік – бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттіліктің келесі түрлері болады: толық – 18 жастан бастап, және жартылай – 14 пен 18 жас аралығында. Азаматтық құқықтағы құқыққабылеттілігі мен әрекетқабілеттілігін былай ажыратуға болады: а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үішн қажет; ә) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттілігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады. Құқықсубъективтілік – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік.

Зандық фактілер - құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі не болмаса жойылуы жөніндегі айқын өмір жагдайлары. Заңдық фактілер, олардың жекелеген субъектілерінің еріктеріне байланысты екі топқа бөлінеді: оқиға және әрекет. Оқиға - адамның еркінен тәуелсіз өтетін заңдық фактілер (деректер) (туу не адамның өлімі, кәмелеттік жасқа толу). Әрекет - болуы адамдардың еркінің сапасына байланысты заңдық фактілер. Заңдылық жағынан көзқарас бойынша, барлық адамдардың қимылдары құқыққа сай және құқыққа сай емес (құқықбұзушылық) болып екіге бөлінеді.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Қандай қатынастарды құқықтық қатынастар деймiз?

2 Құқықтық қатынастар қалай классификацияланады?

3 Құқықсубъектiлiк деген не?

4 Құқыққабiлеттiлiк деген не?

5 Әрекетқабiлеттiлiк деген не?

6 Субъективтiк құқықтарға нелер жатады?

7 Құқықтық қатынастардың субъектiлерi деген кiмдер?

8 Құқықтық қатынастардың объектiлерiне нелер жатады?

9 Оқиға дегенiмiз не?

10 Әрекет дегенiмiз не?
19 тақырып. Құқық нормаларын жүзеге асыру
Мақсаты: Студенттерде құқық нормаларын жүзеге асыру және оның нысандары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

Жоспары:

1 Құқық нормаларын жүзеге асыру ұғымы және формалары.

2 Құқыққолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы ретiнде.

3 Құқыққолдану процесiнiң сатылары.

4 Құқыққолдану актiлерi.

5 Құқықтағы олқылықтар және оларды жою жолдары.

6 Құқық ұқсастығы/аналогиясы/ және заң ұқсастығы/аналогиясы/.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқықты жүзеге асырудың түсінігі және нысандары. Құқықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде әсер ете отырып, оларды заңнамаға сәйкес жүріп-тұруға итермелеу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нәтижелерге жетуге болады.

Субъектілерінің әрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады: 1) сақтау – қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту; 2) орындау – оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру; 3) пайдалану – олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандыратын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру; 4) қолдану – құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке акт қабылданады.

Құқықты қолдану – бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өзқұқықтары мен мінджеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қолданады;- биліктік сипатқа ие;- іс жүргізушілік нысанды жүзеге асырылады;- сәйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;- үш кезеңнен құралады.

Заңды коллизициялар (қарама-қайшылықтар). Заңды қарам-қайшылықтар – бұл бір қағамдық қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар. Қарама-қайшылықтардың түрлері: 1) Конституция мен басқа барлық актілер арасындағы басымдылық Конституцияға беріледі; 2) заңдар мен заңға сәйкес актілер арасындағы заңдарға басымдылық беріледі; 3) бір органның актілері арасындағы уақыты бойынша кейін қабылданған актіге басымдылық беріледі; 4) әр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы жоғары тұрған органның актісіне басымдылық беріледі.

Құқықтық олқылықтар – бұл қолданыстағы заңнамада қажетті нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы. Олқылықты жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқық шығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады. Заң ұқсастығы – бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу. Құқық ұқсастығы – бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мәні негізінде шешу. Құқықты қолдану актісі – бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде құзыретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:- құзыретті орган шығарады;- мемлекеттік - биліктік сипатқа ие;- нормативтік емес, жеке сипатқа ие;- заңмен аталған өзіне тән нысандарға ие.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқық қандай формаларда жүзеге асырылады?

2 Құќыќты саќтау деген не?

3 Құќыќты орындау деген не?

4 Құќыќты пайдалану деген не?

5 Құқықтағы олқылықтар дегеніміз не және оларды жою жолдары қандай?


20 тақырып. Құқық нормаларына түсінік беру
Мақсаты: Студенттерге құқық нормаларына түсінік беру ұғымы, оның субъектілері, тәсілдері туралы білім беру және бекіту.
Жоспары:

1 Құқық нормаларына түсiнiк беру ұғымы және қажеттiгi.

2 Құқық нормаларына түсiнiк берудiң түрлерi.

3 Құқық нормаларына түсiнiк берудiң тәсiлдерi.

4 Құқық нормаларына түсiнiк беру актiлерi.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру мақсаты – заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мәнін анықтау. Түсіндіру екі жақтан құралады: - норманың мәні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін); - норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін). Түсіндіру тәсілдерібұл құқықтық нормалардың мазмұнын анықтауға бағытталған тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Түсіндіру тәсілдерінің мынадай түрлері бар: 1) грамматикалық – тіл құралдарының, грамматика ережелерінің және т.б. көмегімен түсіндіру; 2) логикалық – логика заңдарының және ережелерінің көмегімен түсіндіру;

3) жүйелік – заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен ролін талдау арқылы түсіндіру;

4) тарихи-саяси – құқықтық норманы қабылдаудың мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;

5) телеологиялық (мақсатты) – нормативтік актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;

6) арнайы-заңды – заңнамада қолданылатын заң терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру.

Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады:- ресми; мұндай түсіндіруді өкілетті субъектілер ғана береді, олар арнайы актіде көрініс табады және заңды салаларды туындатады.- бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мәні болмайды және биліктік күші жоқ.

Көлемі бойынша түсіндірулердің үш түрін бөліп қарастырады: 1) дәлме-дәл түсіндіру – құқық нормасының шын мағынасы мен оның мәтіндік көрінісі сәйкес келген жағдайда мүмкін; 2) шектелген түсіндіру – құқық нормасының шын мәніндегі мағынасы оның мәтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолданылады; 3) кеңейтілген түсіндіру – құқық нормасының шын мәніндегі мағынасы оның мәтіндік көрінісінен кең болған жағдайда қолданылады. Құқықты түсіндіру актісі – бұл заң нормаларының мағынасы түсіндіруге бағытталған құқықтық акт. Құқықты түсіндіру актінің ерекшеліктері: - заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған; - нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған; - дербес сипатқа ие емес және өзі түсіндіріп отырған нормалармен бірге әрекет етеді; - құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1 Құқыққа түсiнiк беру не үшiн қажет?

2 Құқыққа түсiнiк берудiң қандай түрлерi бар?

3 Құқыққа түсiнiк берудiң қандай тәсiлдерi бар?

4 Құқыққа түсiнiк беру актiлерiне нелер жатады?
21 тақырып. Құқыққа сай мінез-құлық және құқықбұзушылық
Мақсаты: Студенттерге құқыққа сай мінез-құлық және құқықбұзушылық туралы білім беру.
Жоспары:

1 Құқыққа сай мiнез-құлық ұғымы және түрлерi.

2 Құқықбұзушылық ұғымы және белгiлерi.

3 Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы.

4 Құқықбұзушылықтың түрлерi. Қылмыстар және терiс қылықтар.

5 Құқықбұзушылықтың себептерi.

6 Құқықбұзушылықпен күрес жолдары.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Құқықтық мінез-құлық – бұл субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы. Құқықтық мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады:- заңмен орнықтырылған шекте болады (формальдік аспект);- әлеуметтік пайдалы қоғамдық мақсаттар мен мүдделерге қайшы келмейді; бұлар оның объективтік жағын құрайды (мазмұнды аспект);- саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды. Құқықтық мінез-құлық мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді: 1) әлеуметтік маңыздылығы дәрежесіне қарай: қажетті (мысалы, әскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, діни рәсімдерді орындау).2) себептеріне, яғни субъективтік жағына, байланысты: әлеуметтік белсенді; конформисттік; әдетті; маргиналды. Әлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс келесі элементтерден құралады: а) қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлеріндегі, құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру салаларындағы белсенділік; ә) ерікті ұйымдардың қызметіндегі белсенділік; б) қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды құрудағы және олардың қызметіндегі белсенділік; в) тұлғаның құқық саласындағы дербес белсенділігі. Конформисттік жүріс-тұрыс – бұл құқықтық ережелерге оларды терең, әрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсенділіксіз бағынуымен сипатталатын әрекет.Әдетті жүріс-тұрыс – бұл құқық нормаларының орындалуы әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табады. Маргиналдық жүріс-тұрыс – бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің, жазадан қорқудың нәтижесінен қорқудың нәтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлық.

Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекет. Құқықбұзушылықтардың белгілері: әрекет немесе әрекетсіздік:- кінә;- құқыққа қайшылығы;- зияңды нәтиже;- әрекет пен заянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;- заңды жауапкершілік.

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді. Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшелінетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін қылмыстық құқықбұзушылықтар. Теріс қылықтар - әлеуметтік қауаптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшелінеді қоғамдық өмірдің әр түрі саласында жүзеге асырылуы мүмкін.

Құқықбұзушылықтың заңды құрамы – бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті және жеткілікті белгілердің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:1) Құқықбұзушылық субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқыққабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым. 2) Құқықбұзушылық объектісі –бұл осы құқықбұзушылықты неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. 3) Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілер жиынтығы. 4) Құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқықбұзушылық сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы.


жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау