Меншік және әлеуметтік- экономикалық жүйе 1. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері;
Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені ұйымдастырудың іргетасы болып табылады. Меншік ұғымы тарихи
категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен
байланыстырылады.
Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне
ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық байлықтың және пайда
табудың қайнар көзі ретінде саналады.
Меншік теориясына зор үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит,
Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты.
Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады.
Ал Коуздың пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды,
тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын анықтауға болады.
Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын сипаттайды.
Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп түсінуге болады. Меншік нысаны меншік объектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді.
- Экономиканың негізгі үш іргелі мәселесі – не қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын шешу экономикалық агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді болып табылады. Осыған байланысты, кез келген меншік иесі болып табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік объектісін иемденеді, пайдаланады және билік етеді.
Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:
1) Иемдену – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық
тұрғыдан қамтамасыз етілуі.
2) Пайдалану – белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
3) Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.
Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің
толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны «бір буда құқық»
немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11 элементтен құралады:
1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау
құқығы;
2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін
алуға деген құқығы;
3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай
шешетіндігі жөніндегі құқығы;
4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай
да бір нәтижеге жете алу құқығы;
5. Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою
құқығы;
6. Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және
сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;
7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы;
8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға
қарсылық жасау құқығы;
10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни
қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;
11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын
қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
Меншік – бұл адамдар арасындағы
материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады.
Меншік субъектілері – бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады.
Меншік объектісі – бұл к осылар арқылы меншік қатынастары
туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б.
Меншік объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал жабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б. жатады.
Меншіктің 2 түрі ажыратылады:
жеке меншік және мемлекеттік меншік.
Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің
немесе ресурстың иесі болып табылуы.
Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді.
Еңбектік жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп
түсетін табыс арқылы анықталады.
Еңбектік емес жеке меншік мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден
алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады.
Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады.
Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және
акционерлік меншік жатады.
1) Кооперативтік меншік деп бірігіп
қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құралжабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің бір түрін айтады.
2) Акционерлік меншік – бұл акцияларды сату
нәтижесінде қалыптасатын меншік.
Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табылатын
меншіктің түрі.
Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді
мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік меншіктің
басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |