5. ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
бюджеттік өтінімдерді беруді (мектептердің директорлары үшін) және бюджеттік өтінімдерді
бағалауды (аудандық және облыстық шенеуніктер) қамтуы тиіс.
Ресурстарды тиімдірек пайдалануды көтермелеу үшін ынталандыру жасау
Қолданыстағы нормативтік талаптар жүйесінен тиісті ынталандыру жүйесіне өту – қиын
процесс, себебі алдын айтып өткендей, нормативтік талаптар кейбір мектептер үшін қорғаушы
рөльді атқарады және олардың күшін жою, егер, ашықтық шарттары қанағаттандырылмаған болса,
ресурстар бенефициарларын қауіпті жағдайға қояды. Басқа сөзбен айтқанда, оқыту сапасын және
реформаларды жүзеге асыру барысында, сондай-ақ болашақ реформаланған білім беру жүйесінің
шеңберінде мектептер ресурстарының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін қорғау шараларын
қабылдау қажет болады.
Есептің басқа бөліктерінде егжей-тегжейлі қарастырылатын, тиімділікті арттыру үшін кейбір
мүмкіндіктер, мысалы, мектептерді, жергілікті және өңірлік органдарды тиімділікті арттыруға
көтермелейтін және үнемделген қаражаттарды өздеріне қалдыруға мүмкіндік беретін жан басына
шаққандағы қаржыландыру формуласын енгізуді қамтиды. Бұл бюджеттік процеске қатысты
нормативтік талаптардың әлсіреуімен көмектеседі және бюджетте белгілі бір соманы ұсынуды
қамтуы тиіс, оны мектептердің өз қарауынша олардың басымдықтарына сәйкес пайдалану мүмкін.
Алдыңғы жылдан үнемделген қаражаттар өз қарауынша пайдаланылатын сол сомаға енгізілуі
мүмкін.
Мониторинг тетіктерін және деректер жинағын жақсарту
Қазақстанның білім беру жүйесінің сыртқы және тәуелсіз мониторингін жасқарту үшін үлкен
әлеует бар. Қазақстан оның мониторинг жүйесінің шегінде алатын деректерлердің ауқымды
көлемі саясаттың және дамудың көптеген мақсаттарына қызмет етеді. Жақсы жұмыс істейтін
мониторингтің жүйесін әзірлеу кез келген мемлекет үшін ауыр міндет болуы мүмкін және оларға
он жыл және одан көп уақыт қажет болуы мүмкін (Дүниежүзілік Банк, 2010). Алайда осындай
жүйенің пайда болуымен қатар мониторингтің тиісті механизмдерімен байланысты жаппай
пайдалар да туындайды: мектептердің ресурстарын пайдалану индикаторларды салыстыру және
олардың мониторингі саясатты жоспарлауды және жүзеге асыруды жетілдіру үшін негіз жасай
отырып, кез келген мемлекетке өзінің білім беру жүйесін тез бағалауға мүмкіндік береді
(Дүниежүзілік Банк, 2013b).
Қазақстанда мониторинг жүйелерінің тиімділік мәселелері алаңдатушылық туғызады, себебі
тәуелсіз және сыртқы бағалау органы жоқ. Қолданыстағы мониторинг жүйесі білім беру жүйесі
тиімділігінің өзін-өзі бағалау жүйесі болып табылады. Ұлттық және жергілікті органдары үшін
өзін-өзі бағалау жүйесі, сондай-ақ сыртқы бағалау жүйесі де тиімді болады, себебі бұл бір тәсілді
пайдаланумен байланысты қиындықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Алайда ресурстарды
пайдаланудың сыртқы тәуелсіз мониторинг жүйесі басымды болуға тиіс. Сыртқы және тәуелсіз
органдар қолданыстағы мониторинг жүйелері шеңберінде алынатын көп деректерлердің талдауын
күшейтетін еді.
Сондай-ақ деректерлер жинағының жүйесін және тәжірибесін жетілдіру қажет. Сыртқы
тәуелсіз мониторингтің жүйесіне қоса деректерлердің тереңдетілген талдауын мектеп деңгейінде
жүргізу үшін деректерлер жинағының жүйесін және тәжірибесін жетілдіру қажет. Дәлірек
айтқанда, деректерлерді жинаудың және өңдеудің әрбір кезеңінде деректерлердің сапасын
қамтамасыз ету рәсімін енгізу қажет. Бұл деректерлердің дұрыстығы мен дәйектілігін айтарлықтай
арттырады. Бұдан басқа, деректерлердің тереңдетілген талдауы белгіленген талаптардың
сақталуын қамтамасыз етуге шоғырландырылған, бар болған тәсілден ауытқу болып табылады.
Деректерлерді жинау жүйелерін күшейту мониторинг жүйесінің көптеген аспектілерінде жақсы
айқындалатын болады және ол ел ішінде Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу
бойынша алдағы уақыттағы міндеті үшін қажет болады. Сондай-ақ мектептердің сыныпталуын
қайта қарастыру қажет. Мониторинг жүйесі барлық мектептерді қамтуға бағытталған, сол бір
уақытта шағын жинақталған мектептер көбінесе үлкен мектептер сияқты қарастырылады. Мұндай
көзқарас ресурстардың шексіз қол жетімділігі мен бар болуы жүйесінде аз проблема туғызатын
5. ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
еді. Алайда, шын мәнісінде, шағын жинақталған мектептердің қажеттілігі мен ресурстары өте
ерекшеленеді. Мониторинг жүйесінде шағын жинақталған және үлкен мектептерге тең қарауы
шағын жинақталған мектептердің қолайсыз жағдайға тап болуына әкеп соқтыратын сияқты.
Жүйеде шағын жинақталған мектептердің бейінін арттыру қажет. Осы мектептердің мониторингін
жақсарту және әсіресе ауылдық жерлерде білім беру сапасын арттыру үшін шағын жинақталған
мектептерді анықтауда нақты жетекшілік принциптерді қабылдау қажет.
Бюджетті атқарудың айқындылығы мен мониторингін күшейту
Білім берудің әртүрлі деңгейі мен секторлары арасында ресурстарды бөлуді бақылау қажет.
Үкіметті ресурстарды пайдалану туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан білім
берудің шығындары бойынша, деңгейі мен секторлары бойынша бюджеттік есептілік жүйесін
енгізуі қажет. Білім және ғылым министрлігі білім беру секторларын салыстырмалы
қаржыландыру Үкіметтік басымдықтарға сәйкес келетінін анықтау үшін жан басына шаққандағы
шығындарды сыныптардың оқу нормаларымен және көлемімен салыстыру қажет. Мысалы,
мектепке дейінгі және кәсіби білім мектеп біліміне қарағанда, біршама көп немесе аз
қаржыландырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, секторлар арасындағы азғана қайта бөлу білім берудің
тиімділігін арттырар еді. Осылайша, білім берудің басқа секторларымен салыстырғанда НЗМ
мектептерін қаржыландыру және кадрлық қамтамасыз ету деңгейі туралы ақпаратты жариялау
қажет.
Сондай-ақ, инвестициялар үшін қаражаттардың көзі туралы (республикалық, жергілікті,
сыртқы) ақпаратпен білім беру секторында барлық ағымдағы және күрделі шығындар бойынша
ұлттық бюджеттік есептілікті енгізу қажет. Бюджеттің атқарылуы туралы барлық егжей-тегжейлі
ақпаратты қамтитын бюджеттік есептерді ұсыну қажет; Білім және ғылым министрлігі осы
есептерді жасап, қолдайтын еді; және оларды жұртшылыққа жариялайтын еді. Осы есептердегі
ақпарат біріктіріле ғана қоймай (мысалы, облыс деңгейінде), білім берудің жеке ұйымдары
бойынша да ұсынылғаны өте маңызды. Бюджеттік есептерді кейінгі жылдарда салыстыру үшін
білім берудің барлық ұйымдарына тиісті кодтар жасау қажет. Бұл үшін білім берудің ұлттық
деректерлер базасында мектептердің қолданыстағы кодтар жүйесін пайдалануға болады.
Өнімділікке негізделген тиімділікті талдауға көп назар аудару
Талдау әлеуетті күшейту Үкіметке саясатта жоспарланған өзгерістерді тиімдірек жүргізуге
көмектеседі. Сыртқы аудит механизмдерінің жоқтығымен және сот төрелігінің дамып келе жатқан
жүйесімен бірге үйлестікте бухгалтерлік есеп, мониторинг және бақылау саласында бар болған
төмен талдау әлеуеті алаяқтықты анықтау үшін мүмкіндіктерді төмендетеді (ЮНЕСКО / IIEP,
2007). Білім деңгейі, шығындар санаттары, елді мекендері немесе тіпті жеке мектептер бойынша
білімге жұмсалатын шығындар туралы егжей-тегжейлі бюджеттік есептілік бар болған жағдайда,
Қазақстандағы саясатты әзірлеушілер өз шешімдерін қабылдауда оны қолдану үшін ресурстарды
пайдалану туралы нақты ақпаратты ала алады. Бұдан басқа, егжей-тегжейлі қаржылық және
қаржылық емес деректерлердің жақсы талдауы саясат бойынша шешімдердің сапасын
айтарлықтай арттыруы мүмкін, өйткені сақтауды қамтамасыз етуге негізделген қолданыстағы
тәсіл оны жасай алмайды.
Қолданыстағы мониторинг жүйесі Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасымен көзделген көп сандық индикаторларды қамтиды, бірақ қызметтің
нәтижелерімен салыстырғанда, ресурстарды пайдалану тиімділігін өлшеу бойынша үлкен
жұмысты көздемейді. Тиімділік негізінде субұлттық деңгейде мониторинг аз жүргізіледі. Білім
беру жүйесінің барлық деңгейінде тиісті нәтижелерді қадағалаумен сапалы және егжей-тегжейлі
ақпаратқа негізделген бюджеттік процесс ресурстарды пайдалану тиімділігін айтарлықтай
арттыруы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдардың және мектептердің деңгейінде ресурстарды пайдалануда
дербестілік пен есептілікті арттыру сектордың тиімділігін одан әрі арттыруы мүмкін. Білім беру
секторын бюджеттік қаржыландырудың жай сандық көбеюлері (мысалы, мұғалімдер еңбек
ақысының жаппай көбеюі) білім беру жүйесіндегі есептілік пен мониторингтің тиісті жүйелі
Достарыңызбен бөлісу: |