5. ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
егжей-тегжейлі ақпаратты береді. Ресурстарды пайдалану бойынша мониторинг және ішкі
есептілік білім жүйесін басқару құрылымының бірнеше деңгейлерінде іске асырылады. Бұл жұмыс
«төменнен-жоғарыға қарай» жүргізіледі, яғни әрбір бірлік және деңгей ұйымдастырушылық
иерархияда анағұрлым жоғары деңгейдің алдында өзі және төменгі тұрған деңгейлер туралы үнемі
есеп береді. Мектеп өзінің жылдық есебін аудандық білім бөліміне, одан кейін – облыстық білім
басқармасына жолдайды, онда ақпарат жинақталады және ең соңында – Білім және ғылым
министрлігіне жіберіледі. Жоспарлау мақсаттарын жүзеге асыру туралы үлгі есептерден басқа,
қызығушылық тудыратын нақты мәселелер бойынша (мысалы, оқулықтармен қамтамасыз
етілгендік, келесі оқу жылына дайындық, мектеп олимпиадаларын ұйымдастыру) тақырыптық
есептер бар (АБР, 2004).
Орталық деңгей
Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті Білім және ғылым
министрлігінде білім беру саясатының мониторингі үшін жауап береді. Мониторинг процесіне
сондай-ақ Министрлік құрылымында қызмет ететін не оған бағынатын көптеген басқа
департаменттер мен мекемелер қатысады. Одан басқа, мониторинг жөніндегі есептерде аудандар
мен мектептердің біріктірілген есептерін қамтитын, облыстардың ұсынған ақпараты қолданылады.
Министрлік 2011-2020 жылдарға БДМБ бойынша және 2011-2015 жылдарға Іс-әрекеттер жоспары
бойынша, сондай-ақ жылдық операциялық жоспар бойынша мониторинг есептерін жасайды.
Кез келген стратегиялық бағдарламалық құжат бойынша мониторингтік есеп мыналарды
қамтуға тиіс (Помфрет, 2014): 1) сан көрсеткіштерін орындау деңгейі; 2) егер қандай да бір
көрсеткіштерге қол жеткізілмеген болса, орындамау себептерін талдау; 3) жоспарланған,
орындалған не орындалмаған іс-әрекеттерді талдау; 4) шығыстарды талдау; 5) жүзеге асыру
процесінде үйлестіруді және өзара іс-қимылды талдау; 6) нәтижеге ықпал еткен ішкі және сыртқы
факторлар; 7) жүзеге асырудың жалпы тиімділігін және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайға
ықпалын талдау; 8) азаматтардың мемлекеттік қызметтерді қанағаттанушылығының деңгейі; 9)
қаржы аудитін қоса алғанда, басқа мемлекеттік органдардың жүргізген аудиті бойынша шаралар
нәтижелері; 10) қорытынды және ұсыныстар. Ұлттық жоспарлар бойынша есептіліктің қызметтегі
талаптары 5.1-кестеде сипатталған.
5. ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Жергілікті және өңірлік деңгейлер
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары және аудандық білім
бөлімдері өз аумағында қаржы талаптарының және нормативтік білім құжаттарының сақталуын
бақылайды. Аудандық деңгейдегі білім бөлімдері мектептердің берген деректерін даярлайды және
әрі қарай біріктіру және Білім және ғылым министрлігіне және жоғары тұрған деңгейге (облысқа)
ұсыну үшін біріктірілген есепті ұсынады, ол өз кезегінде 2011-2020 жылдарға арналған ББДМБ
сәйкес белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру барысы туралы ұлттық біріктірілген есепті жасайды.
Мектептер
Мектеп директорлары және қамқоршылық кеңестері мектеп деңгейінде мониторингті жүзеге
асыратын басты тұлғалар болып табылады. Мектептер есептер нысанында мониторинг жөнінде өз
жұмысының нәтижелерін аудандық/қалалық органдарға береді. Жыл сайын мектептер көптеген
мәселелер бойынша (мысалы, білім алушылар, адами ресурстар, қаржы ресурстары, материалдық-
техникалық база) есептілік үшін 82 жуық нысан толтырады (АТО, 2014). Жуырда нысандардың
саны есептілік бойынша мектептердің жүктемесін азайту үшін 467-ден қысқартылды. Мектептер
жыл сайын адами ресурстар туралы ақпаратты ұсынады (мысалы, туған күні, жасы, ұлты,
біліктілік санаты, лауазымы, оқу мәні, білімі, жұмыс өтілі, педагогикалық жүктемесі, соңғы
бағалауды өткізу жылы, кәсіби даму бойынша шараларға соңғы қатысу күні). Ай сайын, тоқсан
сайын және жыл сайын мектептер еңбекақыны, трансферттерді, кредиторлық/дебиторлық
берешекті, мемлекеттік сатып алуды және есептік айдың соңында қалдықты бақылау қаржы
есептерін ұсынады. Инфрақұрылым мен материалдарға қатысты, негізгі құралдар жыл сайынғы
түгендеуде ескеріледі (материалдық құралдар – тоқсан сайын, ақшалай қаражат – ай сайын,
кітапхана қоры – бес жылда бір рет). Амортизация туралы есептер ай сайын ұсынылады,
жетіспейтін материалдық-техникалық база тексерілуі және жергілікті атқарушы органдардың
мектеп балансынан алып тасталуы тиіс (АТО, 2014).
Тексеру және аудит
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мектептерді сыртқы бағалау жүйесін жүзеге
асыру мақсатында 2011 жылы құрылды (4-тарауды көріңіздер). Комитет, ең бастысы, жүйені
бақылау, яғни қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау мәселелерімен айналысады. Оның
негізгі қызмет түрлері мыналарды қамтиды: мектептерге лицензия беру және кері қайтару,
мұғалімдер мен мектептерді бағалауды жүргізу, заңдар мен қағидаларды тарату және олардың
орындалуын қадағалау, білім беру ұйымының аудит жоспарын әзірлеу мен бекітуді бұзу үшін
әкімшілік жаза қолдану, тексерілген субъектілердің есебін жүргізу, аумақтық органдардың
қызметін үйлестіру және қадағадау және аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі орталық атқарушы органдардың және
жергілікті атқарушы органдардың жылдық бағалау жүйесіне сәйкес мониторингтік есептерді
бағалайды. Бұл бағалау бірнеше өлшемдерді қамтиды (Помфрет, 2014): мемлекеттік талаптарды
және тапсырмаларды жүзеге асыру тиімділігі, бюджетті тарату және басқару тиімділігі,
көрсетілетін қызметтердің сапасы, АКТ енгізу тиімділігі. Бағалау жөніндегі есеп мыналарды
қамтуға тиіс (Помфрет, 2014): 1) жүзеге асыру нәтижелері, қол жеткізілген мақсаттар (нысаналы
көрсеткіштерге қол жеткізбеу себептері); 2) әрбір орындамау жағдайының себептерін көрсете
отырып, көзделген және жүзеге асырылмаған шаралар тізілімі; 3) жүзеге асыруға ықпал еткен
факторларды талдау; 4) жүзеге асыру кезеңінде бөлінген және қолданылмаған бюджет
ресурстарын талдау; 5) бақылау шаралары туралы ақпарат; 6) бағалау жөніндегі алдынғы есеп
негізінде стратегиялық не жоспарлы құжатқа енгізілген түзетулер тізілімі; 7) жүзеге асыру
тиімділігі туралы қорытынды; 8) жүзеге асыру процесінде үйлестіру сапасы туралы қорытынды; 9)
әлеуметтік-экономикалық даму процесінде жүзеге асыру нәтижелері туралы қорытынды; 10)
ұсыныстар.
Бюджетті тарату тиімділігін бағалау мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде жалпы
тиімділікті талдау бөлігі болып табылатын жеке салааралық бағалау аясында жүзеге асырылады
Достарыңызбен бөлісу: |