Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет81/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
оқытудың  тиімділігі  туралы  ашық  кәсіптік  талқылауларға  аз  назар  аударылады  деген  пкір 
қалыптасты.  Білім  беру  секторында  және  қоғамда  мұғалімдерді  бағалау  процесін  дұрыс  түсіну 
бақылау және есептілік аспектілеріне көбірек шоғырланған.  
Тағы бір проблемалы аспект жеке мұғалімдерді бағалау үшін оқу жетістіктері туралы (ҰБТ 
сияқты  стандартты  бағдарламаларды  бағалаудың  нәтижелері,  олимпиадалар  мен  басқа  да 
жарыстарда  оқушылардың  жүлдері  орындары)  бастапқы  деректерлерді  пайдалану  болып 
табылады. ҰБТ мен олимпиадалардың нәтижелері бағаланатын мұғалімнің жұмысына ғана емес, 
ал,  мысалға,  оқушы  отбасының  ықпалына,  оқушының  бұрыңғы  оқуына  немесе  мектептің 
ресурстарына  байланысты  (ЭЫДҰ,  2014b).  Бұл,  мысалы  жағдайы  жақсы  мектептерде  жұмыс 
істейтін  кейбір  мұғалімдерді  басқа  мұғалімдерге  қарағанда,  оң  баға  алуына  қатысты  қолайлы 
жағдайға қояды. Бұдан басқа, кейбір мұғалімдерді бағалағанда, оқушылар үлгерімінің белгіленген 
көрсеткіштерін пайдалану мұғалімдер мен мектептер тарапынан стратегиялық маңызды реакцияға 
әкеп соғуы мүмкін, мысалы: (i) мұғалімдер оқу бағдарламасымен көзделген құзыреттердің толық 
шоғырында  емес,  ал  ҰБТ  немесе  олимпиадаларда  бағануы  мүмкін  оқу  жетістіктеріне  сүйенеді 
(«тесттерге сүйену» және «оқу бағдарламаларын қысқарту»); (ii) мұғалімдер маңызды пән аралық 
оқу  жетістіктерін  ескермейтін  болады;  (iii)  оқу  бағдарламаларына  арналған  уақыт  бағалауға 
арналған ерекше дайындалу үшін пайдаланылатын болады;  (iv) мұғалім өткізетін бағалауға теріс 
ықпал ету және оқушылардың олар арқылы мұғалімдер оқушылардың шын жетістіктерін түсінуі 
мүмкін  оқу  бағдарламаларымен  көзделген  іс-шараларына  қатысуы  (нақты  талқыланған  Моррис 
2011 және Розенквист 2010 ).  
Бұдан  басқа,  сарапшылардың  кәсіптік  дамыту  мүмкіндіктерін  ұсыну  мұғалімдердің 
бағалауымен  байланысты  емес  деген  пікірі  қалыптасты.  Кәсіптік  дамытуда  қажеттіліктерді 
анықтау мұғалімдерді бағалаудың қолданыстағы тәжірибесінде міндетті табап болып табылмайды. 
Мұғалімдерді  аттестаттаудың  нәтижесі  бойынша  әр  бағаланып  жатқан  мұғалім  үшін  кәсптік 
дамудың  жүйелі  жоспары  жасалынбайды.  Сәйкесінше,  егер  әр  мектепте  баға  беру  тәжірибесі 
ерекшеленсе де, мектеп ішінде өткізілетін мұғалімдерді бағалау процесі көп жағдайларда олардың 
негізгі  мақсатының қатарына  мектептің  әр  мұғалімі  үшін кәсіптік жоспарды  әзірлеуді қоспайды. 
Кәсіптік даму мүмкіндіктерімен айқын байланыста болмай жатып, бағалау процесі мұғалімдердің 
жұмысын  жақсарту  үшін  жеткіліксіз  және  нәтижесінде  ол  көбіне  мағынасыз  шара  болып, 
сенімсіздікті  немесе  әрі кетсе бағаланып  жатқан мұғалімдер  тарапынан  бейжайлықты  тудырады. 
(Дэниелсон,  2001;  Милановски  және  Кимбалл,  2003;  Марго  және  басқалары,  2008).  Сәйкесінше, 
мұғалімдер  стандарттарының  жоқтығы  сондай  –  ақ,  түрлі  мектептің  ішкі  мұғалімдерды  бағалау 
процестерінің келіспендігі (осыдан түрлі мектептерді салыстыру барысында әділет туралы сұрақ 
туындайды)  және  жүйенің  осындай  процестің  сапасын  қамтамасыз  ету  қабілетсізділігіне  әкелуі 
мүмкін (3 Тарау). 
Мектептің басшы кадрларын бағалауды дамытудың алғашқы деңгейі  
Мектептің  басшы  кадрларын  бағалау  жүйесі  әлі  қалыптасып  жатыр.  Мектеп 
директорларының  жұмыстарын  жылдық  бағалау  туралы  заңдық  ереже  бар,  бірақ  оның  ресми 
белгілері  мен  нұсқаулары  айқындалмаған.  Бұл  жүріп  жатқан  бағалау  барлық  ел  бойынша  қатты 
ерекшеленіп  және  оған  сәйкес  директорлар  бірыңғай  стандарттарға  есеп  беруге  міндетті  емес 
екенін  білдіретіні  тәрізді.  Жиі  қарастырылатын  кейбір  көрсеткіштер  (мысалы,  оқушылардың 
жетістіктері,  ҰБТ  нәтижелері,  мұғалімдердің  кәсіптік  дамуы,  олимпиададағы  медальдар)  мектеп 
директорының  барлық  міндеттерінің  спектрі  туралы  ақпаратты  аз  береді.  Бұдан  басқа,  бақылау 
талаптарын сақтауды тексеру ретінде әзірленген сияқты, ал директордың көшбасшылық әлеуетін 
одан  әрі  дамыту  құралы  ретінде  емес,  себебі,  ол  мүмкін  болатын  кәсіптік  даму  мен  маңсаптың 
өсуіне  байланысты  емес.  Бұның  орнына  теріс  бағалау  мектеп  директорының  жұмыстан 
босатылуына  әкелуі  мүмкін.  Мектеп  директорларының  орынбасарлары  олардың  басшы 
функцияларын  бағалаудан  өтпейді,  тек  олардың  педагогикалық  міндеттеріне  қатысты  өтеді. 
Қазақстанда  мектеп  директорларының  орынбасарларын  бағалаудың  жоқтығы  ерекше 
қорқынышты, онда мектеп директорларының орынбасары 10 жыл ішінде қызмет етуде. 


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Мектепті тексеру – есептілік функциясы басым болатын қиын процесс 
Қазақстан  үшін  қазіргі  таңда  Білім  мен  ғылым  саласындағы  бақылау  бойынша  комитет 
тарапынан  жүргізетін  мектепті  сырттай  бағалау,  негізінен,  заңды  талаптардың  сақталуын 
бағалаудан  және  білім  беру  стандарттардың  талаптарын  атқарудан  тұратындығы  қиын  мәселе 
болып табылады.  Әдеттегідей, мектептерді бағалау мектептерде жақсартуды ынталандыруға емес, 
ал  заңнаманы  сақтауға  шоғырланған.  Осылайша,  ол  көбіне  талаптарды  жақсартуға  емес,  ал 
сақтауға  бағдарланған  және  бұл  Білім  мен  ғылым  саласындағы  бақылау  бойынша  комитеті 
жүргізетін  білім  туралы  заңнамамен  белгіленген  мектептерді  бағалаудың  рөлін  көрсетеді. 
Мектептерді  аттестаттаулаудан  кейінгі  келесі  жұмыс  тек  алғашқы  бағалауды  жүргізгенде 
аттестаттаудан өтпеген «тым төмен» мектептерде жүргізіледі (аттестаттаудан қайта өту процессі 
шеңберінде,  ол  бірнеше  ай  өткеннен  кейін  өткізіледі,  сол  аралықта  мектептер  өз  жұмыстарын 
жақсарту керек). Оқыту мен білім беру сапасын арттыруды ынталандыру және келесі сыныптарға 
өтуді  жақсартуды  және  осыны  көбірек  қажет  ететін  мектептер  үшін  білім  беруді  аяқтауды  қоса 
алғанда,  оқушылар  үшін  нәтижелерді  жақсарту  стратегияларына  жеткіліксіз  назар  аударылады. 
Сарапшыларда  мектептерді  аттестаттау  бойынша  есеп  беру,  оларда  ұсынылған  педагогикалық 
тәжірибелерді  жақсарту  бойынша  ұсыныстардың  мазмұны  бойынша  өте  шектеулі  деген  пікір 
қалыптасты.  Есеп  берудегі  бағалаудың  басым  бөлігі  заңнаманы  бұзуды  анықтауға  арналған. 
Нәтижесінде, Білім мен ғылым саласындағы бақылау бойынша комитет мектептерде жақсартуды 
қалай  жеткізуге  болатыны  туралы  аз  ақпарат  береді.  Бұдан  басқа,  мектептерді  аттестаттау 
нәтижелерін  қолдану  үшін  мүмкіншіліктер  мектептерде  тең  емес.  Сондай-ақ,  тиімділігі  аз 
мектептерде оқытуды жақсартуды қолдау үлгісі ретінде қолдануға мүмкін болатын алдағы оқыту 
тәжірибесін айқындауға және таратуға назар аз бөлініп жатыр.  
Білім мен ғылым саласындағы бақылау бойынша комитетке жүктелген бір топ мәселелер есеп 
берудің  есептілігі  мен  жақсартуды  бір  уақытта  қамтамасыз  етудегі  шиеленіске  ерекше  көңіл 
бөлінеді.  Шынында  да  ол  нормативтік  –  құқықтық  актілерді  бұзушылықтардың  мониторингіне 
жауап береді және осы салада үлкен жетістіктерге жеткен. Бірақ ол сонымен қатар мектептердегі 
қиындықтарды  өтеуге  көмек  беру  және  педагогикалық  тәжірибені  жақсарту  үшін  әдістемелік 
қолдауға жауап береді. Соның арасында, бұл екі функция кей дәрежелерде үйлесімсіз. Аттестаттау 
комиссиясы  мектептерге  норма  мен  ережелердің  сақталуын  тексеру  үшін  келгенде,  мектеп 
директоры  қорғану  позициясын  алады,  себебі  кез  –  келген  бұзушылықтың  айқындалуы  оның 
істерінің  аяқталмағандығын  көрсетеді.  Бірақ  Бақылау  комитеті  инспекторлары  олардың 
жақсаруын  қолдау  үшін  мектептегі  педагогикалық  процесстерді  бағалау  үшін  келгенде,  сыртқы 
сарапшыларға мектептегі қиыншылықтар туралы айтып беру үшін олармен қызмет етуге тырысу 
және  олардан  сараптамалық  кеңесті  сұрау  үшін  директор  керісінше  ашық  болуы  қажет. 
Тәжірибеде тексеру функциясы көбіне қолдау процессінен басымды. 
Қолданыстағы мектептерді аттестаттау үлгісі сондай-ақ тиімсіздіктің айтарлықтай қырлармен 
сипатталады: ол көп қаржыны талап етеді және әлеуетті пайданы қамтамасыз етпейді. Мектептер  
өзін  –  өзі  бағалау  бойынша  есеп  беруді  әкімшілік,  тәртіптік  мәселе  ретінде  емес,  ал  өзін  –өзі 
тексеру  үшін  қолдануға  мүмкіншілік  ретінде  жасайды.  Аттестаттау  комиссиясы  мамандырылған 
білімі бар ішінде бірнеше кісіден құралған топ. Әдеттегідей, комиссия құрамына 15-16 кісі кіреді, 
олар  бір  аптадай  мектепте  болады  және  олардың  саны  мектептің  көлеміне  қарай  өзгермейді 
(мектептен  алдын  білім  алудан  басқасы).  Аса  жетілген  мектепті  бағалау  жүйесі бар  мектептерде 
комиссия  құрамы  көлемі  бойынша  анағұрлым  аз  (5-6  кісі),  себебі  инспекторлар 
маманандандырудың  негізгі  пәндерін  қамтиды  және  назарды  педагогика  мен  мектептің  жалпы 
дамуына аударады (ЭЫДҰ, 2013b). Аттестаттау комиссиясы сондай – ақ, өте аз ақпаратты алады. 
Ол мектептің түрлі өкілдерімен сұхбаттар мен сауалнамаларды жүргізеді, оқушылардың үлгерімін 
бағалайды  және  сабақтарды  бақылайды.  Бұндай  көлемдегі  ақпаратты  қаржының  осындай 
деңгейінде  жинау  және  оны  мектептің  жақсартуына  терең  жәрдемдесу  үшін  қолданбау  тиімсіз 
болса  керек.  Бұндай  процесс  аттестаттаудың  нәтижесі  бойынша  мектептің  даму  жоспарын 
даярлауды  да  қарастырмайды.  Сондай  –  ақ,  түсініксіз,  егер  мектепте  есеп  берудің  баспа 
көшірмесімен  танысуға  мүмкіншілік  бар  болса,  неге  аттестаттау  туралы  есеп  беру  электрондық 
түрде басылып шығарылмайды. Бұдан басқа, аттестаттау және мұғалімдер мен мектептерге кеңес 
беру критериясын әзірлеген кезінде, тиімді оқыту, тиімділік пен мектепті жақсарту туралы соңғы 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау