Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет77/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Сыныптан тыс бағдарламалар кеңінен таралған және барлық оқушылар үшін қол жетімді 
Мектептер  және  басқа  да  мамандырылған  мемлекеттік  немесе  жеке  меншік  ұйымдар 
көптеген  міндетті  емес  сыныптан  тыс  бағдарламаларды  ұсынады,  олар  оқушыларға  мектептен 
кейін  оқуға  және  олардың  қызығушылықтарына  қарай  түрлі  іс-шараларға  қатысуға  мүмкіндік 
береді.  Мектептер  бұл  бағдарламаларды  оқушылар  үшін  тегін  ұсынады,  сол  бір  уақытта  жеке 
меншік  ұйымдар  осыған  ұқсас  және  басқа  да  бағдарламаларды  ақылы  негізде  жүзеге  асырады. 
Кейбір  бағдарламалар  өтемақылық  сипатта  болады,  сол  бір  уақытта  басқалары  қабілетті 
оқушыларға бағытталған. Мұғалімдер де оқу пәндері бойынша репетиторлық қызметтер көрсетуі 
мүмкін, репетиторлық қызметтер жеке оқытушылық қызметке жатады және заңмен реттеледі.  
Көптеген  сыныптан  тыс  бағдарламалар  міндетті  оқу  пәндеріне  бағытталған  және 
Қазақстанда жалпы ЭЫДҰ-ның  оқушыларымен  салыстырғанда,  15  жастағы  оқушылардың  көбісі 
негізгі  оқу  пәндері  бойынша  сабақтан  тыс  сабақтарға  қатысады  (4.5-сурет).  Қазақстанның  төрт 
облыстарындағы  9-шы  сынып  оқушыларының  12  000  ата-аналары  қатысқан  2012  жылы 
жүргізілген  зерттеу  репетиторлық  қызметтер  пайдаланудың  жоғары  дәрежесін  көрсетті.  Ана-
аналардың  үштен  бір  бөлігінен  көбісі  олардың  балдары  ҰБТ-ға  дайындалу  кезінде 
репетиторлардың  көмегіне  жүгінетінін  белгіледі.  Репетиторлар,  ең  бастысы,  математика,  физика 
және ағылшын тілі бойынша дайындалуға көмектескен (ҰБСБО, 2012).  
4.5-
сурет 15 жастағы оқушылардың сыныптан тыс сабақтарға қатысуы, 2012 жыл 
 
Ескертпе: Бұл сурет 15 жастағы қатысушылардың пайыздық үлесін және экономикалық, әлеуметтік және мәдени статусы 
PISA 
индексінің жоғарғы және төменгі әлеуметтік-экономикалық квартилі арасындағы айырмашылықты көрсетеді.  
ESCS Q1 
– экономикалық, әлеуметтік және мәдени статусы төмен квартилі 
ESCS Q4 
– экономикалық, әлеуметтік және мәдени статусы жоғары квартилі  
Дереккөз: ЭЫДҰ (2013а), PISA-2012 нәтижелері: мектептерді не сәтті қылады (IV Том: Ресурстар, саясат және тәжірибелер): 
оқушылардың 
математика, 
оқу 
және 
ғылымдар 
бойынша 
нәтижелері, 
PISA, 
ЭЫДҰ 
Publishing, 
Париж, 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264201156-en



4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Нашар  оқитын  оқушылар  жағдайға  қарай  мектептен  тыс  бағдарламаларға  қатысады. 
Оқушылардың  барлығы  сарапшыларға  негізгі  пәндер  бойынша  қосымша  түзету  біліміне  қол 
жеткізе  алатынын  және  ол  оқушыларға  тегін  көрсетілетінін  айтқан.  15  жастағы  оқушылар 
арасындағы  PISA  зерттеулер  шеңберінде  респонденттер  ұсынған  мәліметтер  жағдайлары 
төменірек  әлеуметтік-экономикалық  топтағы  оқушылардың  осындай  үлесі  сабақтан  тыс 
сабақтарға қатысады. Бұл деген сөз, осы бағдарламаларды ұйымдастыру үшін біршама күш керек 
(4.5-сурет). Бұған қарамастан, жағдайы төменірек әлеуметтік-экономикалық топтағы оқушыларда 
сабақтан тыс оқуға қатысқанда немесе элиталық орта мектептерге және жоғары оқу орындарына 
түсуге  дайындалу  кезінде  репетиторлық  қызметтерді  алу  кезінде  көп  қиындықтарға  тап  болуы 
мүмкін.  
Сабақтан  тыс  оқулар  жеке  оқу  қажеттіліктеріне  сәйкес  қабылданатынына  ұқсайды. 
Мысалы,  мектептердің  90%-нан  көбі  математика  бойынша  сабақтан  тыс  оқуды  ұсынады,  осы 
орайда  осы  мектептердің  26%-ы  белгілегендей,  сабақтардың  тереңдетілген  немесе  түзетілген 
сипаты оқушылардың оқу жетістіктеріне байланысты. Мектептердің жартысынан көбі математика 
бойынша  тереңдетілген  және  түзетілген  оқытуды  ұсынады,  бұл  ЭЫДҰ  бойынша  орташа 
көрсеткішпен  салыстырмалы,  дегенмен  мектептердің  азы  түзету  сабақтарына  шоғырланады  - 
ЭЫДҰ  елдеріндегі  мектептердің  үштен  бір  бөлігімен  салыстырғанда  мектептердің  шамамен  4% 
(ЭЫДҰ, 2013a). Оқушылар сарапшыларға айтқандай, пән бойынша қиындықтар туындағанда олар 
оқытушыдан тақырыпты түсіндіруін сұрайды және сабақтан тыс оқуға тегін қалуы мүмкін.  
Персоналды,  мектептерді  және  мектеп  білімін  бағалауға  күннен  күнге  көбірек  назар 
аударылуда 
Мұғалімдерді аттестаттау процесі бар  
Қазақстанда  мұғалімдерді  сертификаттау  процесімен  (мұғалімдерді  аттестаттау) 
байланысты  әрбір  мұғалім  төрт  санатты  болып  нақты  белгіленген  лауазымдар  құрылымы 
шеңберінде  жұмыс  істейді  (3-Тарау).  3-Тарауда  айтылғандай,  лауазымдар  құрылымымен 
орындалатын  функциялар  (мектептегі  орындалатын  рөль  үшін  тиісті  дағдыларды  анықтау) 
қызметтік  саты  бойынша  көтерілудің  басты  принципі  оның  еңбегі  болып  табылатыны  туралы 
маңызды  ақпарат  береді  және  сыныптарда  оқытушылық  жұмысты  жалғастыратын  мұғалімдерге 
сыйақылар  беруге  мүмкіндік  береді.  Мұғалімдердің  лауазымдар  құрылымы  бойынша  жоғарғы 
санаттарға көтерілу үшін олардың терең білімі, олардың оқытудың күрделі және тиімді тәсілдерін 
көрсетуі, оқу процесі және мектепте мұғалімдерды бағалау жүйесі саласындағы өзіне міндеттерді 
алуы,  қызметтестеріне  көмектесуі  қажет  және  т.б.  Мұғалімдердің  қызметтік  сатымен  көтерілуі 
бойынша  мектептегі  лауазымдардың  ықтимал  кең  шоғырын  назарға  ала  отырып,  лауазымдар 
құрылымы  мансаптың  әртараптандырылуына  ықпал  етеді.  Әртараптандырудың  мұндай 
мүмкіндіктері  қазақстандық  мектептерде  бар,  мысалы  мектепте  мұғалімдер  үшін  басқару 
функциялары, әдістемелік бірлестіктерге қатысуы, жаңадан келген мұғалімдерге тәлімгер болуы. 
Бұл,  бәрінен  бұрын,  оң  уәждемелік  ықпал  етеді.  Алайда,  лауазымдар  құрылымдарының  түрлі 
санаттары мектептегі нақты функциялармен және міндеттемелермен байланыспаған.  
Лауазымдар  құрылымының  жоғарғы  санатын  иемдену  сертификаттаудың  (мұғалімдерді 
аттестаттаудың)  ресми  процесін  өткізуді  көздейді.  Мансаптық  дамумен  байланысқан 
сертификаттаудың  (мұғалімдерді  аттестаттаудың)  мұндай  процестері  мұғалімдердің  барынша 
жақсы жұмыс істеуі үшін, мықты мұғалімдердің танылуын қамтамасыз ету үшін, кәсіптік дамуды 
қолдау  үшін,  тиісті  тәжірибені  анықтап,  кеңінен  тарату  үшін  ынта  жасауы  мүмкін.  Мұғалімдер 
мансаптарының белгілі бір кезеңдерінде санаттардың өзгеруін қарастыратын аттестаттау есептілік 
туралы  (мысалы,  мұғалімдерді  мамандығына  сәйкес  сертфикаттау  және  тиімсіз  жұмысты 
анықтау), кәсіптік дамуы және қызметтік саты бойынша көтерілуі туралы тиімді ақпарат беру де 
мүмкін. Мұғалімдер үшін аттестаттаудың жоғары мәнін назарға ала отырып, бұл процеске сыртқы 
тараптардың қатысатыны (мысалы, сыртқы бағалаушылар, әсіресе ең жоғары санаттар бойынша) 
орынды, бірнеше бірыңғай анықтамалық құжаттардың бары («Педагог қызметкерлер және оларға 
теңестірілген  тұлғалар  лауазымдарының  үлгілік  кәсіптік  сипаттамалары»),  және  ақпараттың 
бірнеше түрлері және бірнеше бағалаушылар қолданылатыны орынды.  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау