3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Бірнеше көршілес ШЖМ бірыңғай басқару командасы бар бір білім беру мекемесінің
«серіктері» болып қайта құрылуы. Бұл мектеп-серіктердің заңды мәртебесі өзгеретінін,
және тек мектеп-хабаның бір директоры ғана серіктес ұйымдардың қызметін
басқаратынын білдіреді. Осылайша, орталық мектеп пен мектеп серіктерді ұстауға бір
бюджет болады. Институционалдық құрылым тек мектеп оқушыларын орталық мектепке
көлікпен жетуін ғана емес, сонымен бірге орталық мектептер мұғалімдерінің серіктес
ұйымдарға сабақ беруге бару жолдарын, мысалы белгіленген оқу күндері баруын
қатмамасыз етуге көмектеседі.Оның үстіне, мұғалімнің жұмыс уақыты немесе жабдықтар
тәрізді жаңа білім беру ресурстарын бөлу жөнінде шешім қабылдануы тиіс: олар орталық
мектеп немесе мектеп-серіктердің қайсысында неғұрлым тиімді пайдаланылатыны
жөнінде. Бұдан басқа, әрбір серік мектеп үшін, онда қандай сыныптар оқытылатыны,
мысалы тек бастауыш білім беру немесе толық орта білі берудің қайсысы болатынын
шешу қажет. Соныменбұл мектеп директорының дербес шешімі болатындықтан,
ресурстарды пайдаланудағы елеулі икемділікке осы ұйымның аясында қол жеткізуге
болады.
Кейбір шалғай жерлердегі оқыту сапасын жоғарылату және қол жетімділікті кеңейту
үшін АКТ пайдалануды кеңейтумүмкіндігін қарастыруға болады. Ауыл оқушыларына,
Канада және Австралия тәрізді бөлінген халқы бар басқа үлкен елдерде жасалғандай,
қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып, сапалы білім беруді ұсынуға болады (Барбур
2011, Дэвис 2010). Шағын жиынтықты метеп оқушылары веб-сабақтарға қатыса алады, ал
мұғалімнің рөлі, негізінен, процессті ұйымдастыру мен оқушыларға қолдау көрсетуден
тұрады. Бұл тәсілдеме Бразилияда сыналған, мұнда мектептер «Educopedia» арқылы білім
беру онлайн-ресурстарына, - сабақ кестесі бар сандық платформалар мен мектеп
бағдарламасына сәйкес іс-шараларға рұқсат ала алады. Бұл платформа алғаш рет Рио-де-
Жанейро муниципалитетімен әзірленгшен және одан бері 680 000 мектеп оқушылары
үшін қызмет көрсетуді кеңейтті, және мұғалімдердің 50% бұл платформаны аптасына бір
реттер артық пайдаланатындарын көрсетеді. Тұтастай алғанда, қашықтықтан
технологиялық қолдайтын оқытуды тиісінше және тиімді енгізу, жүйедегі сәйкес
контентті ұсынуды, ауыл мектептерінің мұғалімдерін қайта даярлауды, үйедегі жеткілікті
байланыс сапасын енгізе отырып, жете дайындықты талап етеді.
Ауыл мектептеріне, өз ресурстарын неғұрлым тиімді басқарулары үшін көп көңіл аудару
және үлкен еркіндік беру қажет. 2-тарауда талқыланғандай, орталық бекітілген нормалардың
қолданыстағы жүйесі аса қатаң және сол жерде шешім қабылдайтын адамдарға, олар сапалы білім
беруді қамтамасыз етулері үшін, олардың мектептеріне неғұрлым қолайлы болып саналатын
ресурстардың мұндай құрылымын анықтауға мүмкіндік бермейді. Мысалы, мектептің күзетшісін
немесе директордың орынбасарын жалдау немесе бұл ресурстарды информатиканың тағы бір
мұғалімін тарту үшін жұмсау, - бұл ең дұрысы мектеп директорының қабылдауы тиіс шешім (ата-
аналар комитеті немесе қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша болуы мүмкін).
Ауыл мектептеріне ресурстарды ұсынудың әділдігі мен туралығы мәселелерін Айқын түрде
ескеру міндетті. Мектеп инфрақұрылымын жақсартуға, мұғалімдерді тағайындауға және
ақпараттық-коммуникациялық жабдықтармен жарақтандыруға қаражат бөліну кезінде, тиісті
түрде жеткілікті қамтамасыз етілмеген мектептердің қажеттілігін ескеру қажет (негізінен
ауылдық жерлерде). Мұны орталық ауыл мектептерін қолдау үшін «аффирмативті іс-қимыл»
арнайы бағадрламасының көмегімен, мектептер арасындағы ресурстарды бірігіп пайдалануға
ынталандырумен немесе мұқтаж отбасылар оқушылары ең көп шоғырланған мектептерге
ресурстар мен оқу материалдарын жіберу арқылы жасауға болады. Сондай-ақ ресурстарды бөлуді
жақсарту саясатын қарастыру қажет. Мысалы, ауылдық жерлерден қалаға ішкі көші-қонға
байланысты, мектеп қамтуындағы өзгерістерді ескеру үшін, оқулықтардың берілу және ауыстыру
нормаларын қайта қарау, және қазақ, орыс тілдеріндегі және басқа аз тілдердегі оқулықтардың
педагогикалық сапасын қамтамасыз ету.
Сапа және қолдау мониторингінің неғұрлым мұқият механизмдерін жасау қажет. Тек шағын
ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын нақты өлшегенде ғана, саясат жасаушылар бұл ұйымдар
баға мен сапаның жақсы арақатынасын қамтамасыз ете алуын түсіне алады. Оқушыларды оқыту
3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
нәтижесінің тереңдетілген бағасы (заманауи әлемдік бағалау тәжірибесін пайдаланып),
мектептерді
қаржыландыру
мен
ресурстарды
пайдаланудың
толық
мониторингімен
толықтырылып, білім беру секторында шешім қабылдайтын тұлғаларға, жүйелі өзгертулердегі
қажеттіліктерді тиісті түрде талдауға көмектеседі. Ақырында, әрбір ауылда сапасыз білім беретін
мектептерді орналастыру шектеулі ресурстарды пайдаланудың тиімді тәсілі болып табылмайды.
Мектептер инфрақұрылымын жақсарту бойынша күш салуды жалғастыру
Соңғы
жылдары
қабылданған
елеулі
күш
салуларға
қарамастан,
мектептер
инфрақұрылымындағы қажетті жақсартулар масштабы үлкен болып қалуда. Инфрақұрылымның
бұ мәселелерін шешу үшін Қазақстанға республикалықпен қатар, жергілікті қаржыландыруды
пайдалану,және білім беруге бөлінетін ресурстардың жалпы көлемін стратегиялық ұлғайту қажет
болады. 2022 жылдан бастап, үлкен бөлігі аз өңірлер қатарында шоғырланған, тұрақты өсіп
отырған туу деңгейін ескере отырып, ұлттық деңгейде қолдау көрсетуге өте мұқтаж өңірлерді
тиісінше қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша бұдан әрі іс-шаралар қолдану қажет.
Оңтүстік-Қазақстан облысы тәрізді өңірлер және елдің басқа оңтүстік өңірлерінің ауылдық
жерлеріндегі мектептер олардың инфрақұрылымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін
республикалық бюджеттің трансфертіне мұқтаж және бұдан кейін де мұқтаж болады. Орталық
және жергілікті атқарушы органдар арасындағы шығындарды бөлуді нақты теңдестіру қажет,
бірақ Астанадағы Үкіметке, бәрінен бұрын, елдің бүкіл өңірі бойынша білім берудегі қаржылық
ресурстарды теңестіруде ең күшті рөлді ойнау қажет болады.
Мектеп ғимаратын ұстау бюджеті
Сондай-ақ мектеп нысандары мен жабдықтарын ұстауды толық қаржыландыруды
қамтамасыз ету бойынша неғұрлым жүйелі қызметтер қажет болады. Мектеп құрылысын
республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша арнайы бағадарламалар, қазіргі шығындар
үшін кейінгі жылдарда жергілікті атқару органдарының жауап беруіне әкелуі мүмкін. Сәйкес
органдарда жаңа мектептер мен сатып алынған жабдықтарды ұстауға, және де ескі мектептердің
физикалық жағдайын қолдауға арналған қаражаттың болуын қамтамасыз ету шаралары
бюджеттендірудің жылдық процессінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |