Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет19/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100

1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
жарияланбайтын  және  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келмейтін  білім  беру  статистикасы. 
Мектептегі  білім  беруге  әсер  ететін  басқа  білім  беру  деңгейлерінің  проблемалары  мыналарды 
қамтиды:  мектепке  дейінгі  білімге  қолжетімділіктің  төмен  болуы,  білім  берудің  жұмыс 
берушілердің  ЖОО  мен  ТжКБ  білікті  түлектеріне  деген  сұранысына  сәйкес  келмеуі,  ұлттық 
біліктілік  жүйесінің  болмауы,  мектептегі  және  жоғарғы  білім  беру  мазмұны  арасындағы 
байланыстың бұзылуы.  
БДМБ  басты  мақсаты  тұрақты  экономикалық  өсу  үшін  сапалы  білімге  қолжетімділікті 
қамтамасыз  ету  арқылы  адами  капиталды  дамыту  және  білімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру 
болып табылады.  Жалпы мақсат 23 нысаналы индикатор мен  10 бағыт бойынша  іске асырылды. 
Бұдан  басқа,  осы  мақсаттарды  іске  асыру  барысын  өлшеу  үшін  58  көрсеткіш  анықталды 
(мақсаттардың толық тізбесі бар 1.A3 қосымшасын қараңыз). Әр бағытта 2015 және 2020 жылға 
дейін  қол  жеткізілуі  тиіс  индикаторлар  белгіленген,  орындау  барысының  мониторингі  үшін 
жауапты мемлекеттік орган белгіленген. Жоғарыда сипатталған проблемаларды шешу үшін БДМБ 
көзделген кейбір негізгі саяси мыналарды қамтиды : 

 
Кіші  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  және  оқыту:  мектепке  дейінгі  білім  беру 
ұйымдарының  желісін  кеңейту,  оқу  бағдарламасын  жаңарту,  кадрларды  оқыту  және 
даярлау  бағдарламасын  жаңарту,  толық  қамтуға  қол  жеткізу  (3-6  жыл),  тегін 
тамақтанумен қамтамасыз ету, бастауыш білімге ауысуды реттеу.  

 
Бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім  беру:  жанбасылық  қаржыландырудың  жаңа 
жүйесін  қоса  алғанда  білім  беруді  қаржыландырудың  жаңа  тетіктерін  әзірлеу;  мектеп 
мұғалімдері  мен  басшыларының  сапасын  арттыру;  білім  беру  секторы  үшін  жоғары 
білікті  кадрларды  даярлау;  қолдау  мен  ынталандыруды  арттыру;  мемлекеттік-жеке 
меншік  әріптестікті  дамыту  және  мектептерде  корпоративті  басқару  жүйелерінің  кейбір 
элементтерін  енгізу;  оқушыларды  бағалау  әдістемелерін  жетілдіру  және  халықаралық 
стандарттарға  сәйкес  келетін  ұлттық  білім  беру  статистикасын  құру;  білім  берудің  12-
жылдың  моделіне  көшу  және  оқу  бағдарламасын  жаңарту;  шағын  жинақталған 
мектептердің  проблемаларын  шешу;  инклюзивті  білім  беру  тұжырымдамасын  әзірлеу  
және мектептерде үлгерімі төмен оқушыларды қолдау.  

 
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  (ТжКБ):  елдің  индустриялық-инновациялық  даму 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  техникалық  және  кәсіптік  білімнің  оқу 
бағдарламасы  мен  құрылымын  жаңарту,  кадрларды  даярлауды  жақсарту  және  ТжКБ 
беделін арттыру.  

 
Жоғары  білім  беру:  жоғарғы  және  жоғарғы  білімнен  кейінгі  білім  беру 
бағдарламаларының  білім  алушыларын  елдің  индустриялық-инновациялық  дамуының 
қажеттіліктеріне сәйкес келетін дағдылармен қамтамасыз ету, жоғары білімнің еуропалық 
кеңістікке  ықпалдасуы,  білім,  ғылым  және  өнеркәсіп  арасындағы  байланысты  күшейту, 
зияткерлік  меншік  технологиялары  мен  өнімдерді  коммерцияландыру  үшін  жағдайлар 
жасау. 

 
Өмір бойы оқу және азаматтық білім: өмір бойы оқу үшін жағдайлар жасау, барлығына 
арналған білім, патриоттық білім беру бойынша шаралар пакетін іске асыру, әлеуметтік 
жауапкершілік пен белсенді азаматтық позицияны көтермелеу, жастар әлеуетін дамыту.  


1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
                                                      
1
  Соңғы  жылдары  Қазақстан  мектептерде  ресурстарды  пайдалану  тиімділігі  туралы  осы  шолуды 
санамағанда,  ЭЫДҰ-ның  білім  беру  саласындағы  бірнеше  шолуларына  қатысты:  кіші  жастағы 
балаларды тәрбиелеу және білім беру (Литенс және басқалары, жариялауға дайындалуда), кәсіптік 
білім  беру  және  дайындық  (Алварез-Галван,  2014),  мектеп  жүйесінің  жалпы  шолуы  (ЭЫДҰ, 
2014a), ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар (ЭЫДҰ, 2010), жоғары 
білім (ЭЫДҰ, 2007). 
2
 2015 жылы Армения және Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болды. 
3
  Бұл  баяндамадағы  талдау  аймағы  мектептегі  білім  беру  ресурстарын  пайдаланумен  шектелгенін  атап  өту 
қажет (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім). 


1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
 
 
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 
Алварез-Галван, Дж. (2014), Қазақстанда мектептен кейінгі дағдылар бойынша шолуЭЫДҰ 
техникалық және кәсіптік білім бойынша шолулары, OECD Publishing, Париж, 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264221826-en

Антонович, Л. (2013), Мектепке бармайтын балаларды және оқудан шығып кеткен оқушыларды 
анықтау және мониторингілеу: Қазақстан, Астана, Қазақстан Республикасындағы 
ЮНИСЕФ, Астана. 
Арабшибани Г. Р. және  А. Мусуров (2007), [Қазақстандағы оқыту табыстылығы: аспапты 
айнымалы мен OLS негізіндегі тәсіл], EconomicsofTransition, 15-том, № 2, 341–364-бет, 
Еңбек саласындағы зерттеу институты, Бонн. 
Азия даму банкі (2004),  Ауыспалы экономикасы бар елдердегі білім реформалары: саясат және 
процестер , Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстанда Азия 
даму банкі өткізген елдер бойынша нақты алты зерттеу, Азия даму банкі , Манила, 
www.pitt.edu/~weidman/2004-educ-reforms-countries.pdf
.  
Бхуйян, Х. С. (2010), [Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру], 
InternationalJournalofPublicAdministration, 33-том, № 12-13, Routledge, Лондон. 
Дали Дж. С. К. (2008), [Қазақстанда пайда болатын орта тап], Кавказ және Орталық Азия 
институты және «Жібек жолы» зерттеу бағдарламасы, Вашингтон, Колумбия округі. 
Хайнрих, A. (2010), [Әзірбайжан мен Қазақстандағы ресми саяси жүйе. Негізгі зерттеу], 
Forschungsstelle Osteuropa Bremen.Arbeitspapiere und Materialien № 107, 2010 жылғы наурыз
Forschungsstelle Osteuropa, Bremen 
Ибраева, А. Р. және Т. Г. Нежина (2013), [Қазақстандағы мемлекеттік сектордың реформалары ]в: 
С. Либерт және басқалары, Посткоммунисттік елдердегі мемлкеттік басқару: бұрынғы 
Кеңес одағы,  Орталық және Шығыс Еуропа, Монғолия, CRC Press, 43-68-беттер. 
Халықаралық дағдарыс тобы  (2013), Қазақстан өзгеріс кезеңінде , Халықаралық дағдарыс тобы  , 
Брюссель, 
www.crisisgroup.org/~/media/Files/asia/central-asia/kazakhstan/250-kazakhstan-
waiting-for-change.pdf

Халықаралық валюта қоры  (2013), [Қазақстан Республикасы, кейбір мәселелер], ХВҚ Ел есебі              
 13/291, Халықаралық валюта қоры , Вашингтон, Колумбия округі. 
Ақпараттық-талдау орталығы (АТО ) (2014), «Мектептерде ресурстарды пайдалану тиімділігін 
арттыру саясаты: Қазақстан бойынша елдің негізгі есебі» ЭЫДҰ шолуы,  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық-талдау орталығы,  Астана, 
www.
 OECD
.org/edu/school/schoolresourcesreview.htm
. қолжетімді.   
Литенс, И., Мельхуиш, Е. и Шмис, Т. (басылымға дайындалуда ), Кіші жастағы балаларды 
тәрбиелеу және білім беру саласында сапа мәселелері: Қазақстан , 2015, OECD Publishing, 
Париж.  
Махмутова М. (2001), [Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару ] в Ескі ортада жаңа 
ережелерді дамыту: Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінде жергілікті 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау