1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
(2013)
(2012)
Мемлекеттік шығындар ЖІӨ
3
-
ден %-бен
Білім берудің барлық шығындары
3.8
5.6
Бастауыш
және орта білім
2.1
3.6
Қамтудың таза коэффициенті
Бастауыш және негізгі орта білім (6-14 жас)
99
98
Жалпы орта білім (15-19 жас)
86
83
Сыныптың орташа көлемі
Бастауыш және негізгі орта білім
23
21
Орта білім
18
24
Оқушы-мұғалім қатынасы
5
Бастауыш және негізгі орта білім
17
15
Орта білім
6
13
Оқыту нәтижелері
PISA 2012
математика, орташа балл
432
494
PISA
2012 математика, % 2-деңгейден төмен
45
23
Ескерту:
1:
Арнайы түзету мектептерін, республикалық мектептері және басқа мектептерді қамтиды.
2:
Оқушылар саны 2012 жылғы деректерге негізделген.
3: ЭЫДҰ үшін 2011 жылғы деректерге негізделген .
4: Қазақстан үшін 2012 жылғы деректерге негізделеген.
5: Есептерде Қазақстан үшін мұғалімдердің нақты саны, ЭЫДҰ үшін мұғалімдер санының толық штаттық бірлігінің баламасы
пайдаланылған .
Дереккөздер: ҰББСБО (2014) және ЭЫДҰ (2014b).
Ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар жеке «түзету»
мектептерінде, кәдімгі мектептердің жеке сыныптарында, немесе үйінде оқытылады. Кәдімгі
мектептерде оқитын, ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар құрамын
арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат шаралары қабылдануда (3-бөлімді қараңыз).
Қамту, тиімділік және жетістіктер
Қазақстанда бастауыш және орта білімге қол жетімділік жүз пайыз деуге болады. 2013 жылы
қамтудың таза коэффициенті (ресми белгіленген мектеп жасына сәйкес келетін халық үлесінде
көрінетін ресми белгіленген мектеп жасындағы балаларды қамту) бастауыш білімде 99%-ды және
негізгі орта білімде 86%-ды құрады (1.2-кестені қараңыз). Қазақстан баршаға арналған бастауыш
және орта біліммен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізе алды, бірақ географиялық орналасуы,
әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары және жыныстық тиесілілігі бойынша қамтуда аздаған
өзгешеліктер бар. Қыз балалар мен ер балалар, ауылдық жерлер мен қалалар, жоғары және төмен
табыс деңгейі бар отбасылар арасындағы қамтудағы айырмашылық бастауыш білімдегі бір
пайыздық тармақтан кем (ЮНИСЕФ, 2012). Бұл айырмашылықтар табыс деңгейі ең төмен халық
санатына жататын балаларды қоспағанда, орта білімде де байқалады. Мектепті тастап кеткен
балалардың шамамен 90%-ға жуығы – бұл аз қамтамасыз етілген және төмен отбасылардан
шыққан балалар (Сингх, 2012). Білім алуға тең қол жетімділікке қарамастан, мектептер бір-бірінен
ресурстарының саны және сапасы бойынша едәуір ерекшеленеді (3-бөлімді қараңыз). Бұдан басқа,
әсіресе ауылды жерлерде мектепке дейінгі біліммен қамтудың төмен деңгейі оқушылардың
мектепке түсу кезінде әр түрлі бастауыш мүмкіндіктеріне әкеледі. Қазақстанда мектепке дейінгі
білім беру ұйымына бір жылдан артық уақыт барған балалардың пайыздық үлесі (24%) PISA
бағдарламасына қатысқан елдерде ең төмендерінің бірі болып табылады (ЭЫДҰ, 2013b).
Халықтың білім деңгейі өте жоғары: 25 жастан жоғары ересек адамдардың төрттен бір
бөлігінің жоғары білімі бар, 30% - орта білімнен кейінгі білімі бар, 40% жалпы орта білім алған
(АТО, 2014). Әйелдер арасында білім деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: әйелдердің 28%-ы ерлер