Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-тарау. Орта топ (4-5 жастағы балалар)



жүктеу 0,52 Mb.
бет67/207
Дата24.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#39822
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   207
Үлгілік оқу бағдарламасы

4-тарау. Орта топ (4-5 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы

168. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - сипап-сезу және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлай білу.


169. Мақсаты - сенсорлы емес психикалық функциялардың дамуымен бірлікте, бұзылған көру мен сақталған анализаторлардың жүйелі өзара әрекеттестігі негізінде балалардың танымдық қабілеттерін түзету және дамыту.


170. Міндеттері:


1) заттардың маңызды белгілерін бақылау, салыстыру, ажырату біліктерін қалыптастыру негізінде танымдық тәжірибені байыту;


2) ұғымдарды қалыптастыру мақсатында білімді топтастыру, жіктеу және жалпылау тәсілдерін үйрету;


3) перцептивті әрекеттерді қалыптастыру негізі ретінде, заттық-практикалық іс-әрекетті дамыту;


4) кеңістіктік бағдарлау дағдыларын дамыту.

2-параграф. 1 - жартыжылдық

171. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекет, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс); заттар және заттық бейнелер, сюжеттік бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.


172. Көру-ізденістік іс-әрекеті. Қоршаған кеңістікте көру мотивтерін іздеуді жүзеге асыру және оларды көз қырында ұстап тұру білігін жетілдіру.


173. Сенсорлы эталондар. Дағдыларға бекіту:


1) геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) және көлемді денелерді (куб, шар, цилиндр) ажырату және атау;


2) ұзындығы және биіктігі бойынша заттарды салыстыру;


3) ұзындық пен биіктіктің артуымен қоршаған кеңістікте негізні түстерді ажырату.


174. Балаларды таныстыру:


1) цилиндрмен;


2) "түстің реңкі" ұғымымен.


175. Біліктіліктерді үйрету:


1) тік және кері контраста жазық геометриялық фигуралардың силуэттік және контурлы бейнелерін қабылдау;


2) геометриялық фигуралар мен геометриялық денелердің өзара арақатынасын салыстыру;


3) ұзындық пен биіктіктің артуы мен азаюы ретімен, үш заттан қатар құру;


4) негізгі түстердің ашық және қою реңктерін ажырату;


5) шынайы заттардың түсімен негізгі түстерді және олардың реңктерін салыстыру;


6) тура және кері контраста негізгі түстердің реңктерін (2 реңктен) жинақтау.


176. Заттар мен заттық бейнелер. Дағдыларға бекіту:


1) заттарды және олардың бейнесін жоспар бойынша қарау;


2) әртүрлі ракурста затты және оның бейнесін тану (алдынан, артынан, қырынан);


3) силуэттік және контурлы бейнедегі заттарды тану.


177. Біліктерге үйрету:


1) күрделі кескіндегі заттың контурлы және силуэттік бейнесін қиылыстыру;


2) ортақ және айрықша белгілері бойынша затты және оның бейнесін салыстыру.


178. Сюжеттік бейнелер. Балаларды оқыту:


1) бір композициялық жоспары бар сюжеттік бейнені бірізді қабылдау;


2) сюжетті ашатын информативті белгілерді ажыратып көрсету білігі;


3) қарапайым логикалық өзара байланыстарды орнату білігі.


179. Кеңістікті қабылдау:


1) топта үш-бес заттан кеңістіктік қатынастарды анықтау білігін жетілдіру;


2) жабық және еркін кеңістікте (алыс-жақын, жоғары-төмен) өзінен екі-үш затқа дейін қашықтықты көру арқылы саралауға арналған жаттығу.


180. Көру-моторлы координациялар. Дағдыларды үйрету:


1) сызықтар жүйесіндегі сызықтарды қадағалау (әртүрлі түстегі 2-3 сызық);


2) әртүрлі бағыттарда тура сызықтармен нүктелерді біріктіру;


3) контур, трафарет бойынша қарапайым және күрделі кескіндегі суретті айналдырып белгілеу.


181. Адам өміріндегі көру. Балалардың көру мүмкіндіктері туралы ұғымдарды қалыптастыру.


182. Күтілетін нәтижелер:


1) ұсынылған жоспар бойынша объектілерді бірізді қарай біледі;


2) "түстің реңкі" ұғымының мәнін түсінеді;


3) тану, атау, әрекет ету деңгейінде сенсорлы эталондарды қолданады (салыстыру, жинақтау, топтастыру);


4) әртүрлі ракурста, силуэттік және контурлы бейнелеуде объектілерді таниды;


5) сюжетті түсінеді, оны тифлопедагогтың сұрақтары бойынша сипаттайды;


6) контур, трафарет бойынша қарапайым және күрделі кескіндегі суретті айналдырып қоршай біледі;


7) өзіндік көру мүмкіндіктері туралы түсініктері бар.


183. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.


184. Қолдың сипап-сезу арқылы зерттеуге дайындығы.


185. Қолдың құрылымы мен мүмкіндіктері туралы ұғымдарды дамыту.


186. Біліктерге үйрету:


1) бір қолдың алақанымен ортасынан басқа қолдың үлкен саусағының ұштарына дейін сылау тәсілімен, қолдың және басқа қолдың алақанының сыртқы жағымен шымшу тәсілімен қолдың өзіндік уқалауын (массаж) орындау;


2) бір қолымен екі шағын затты ұстап алу;


3) қолдың саусақтарының тіркесуінің алуан түрлі тәсілдерін орындау;


4) оң қолдың саусақтарын бір мезгілде және кезектестіре сол қолдың аттас саусақтарына тигізуді орындау.


187.Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуде екі қолдың өзара әрекеттесу тәсілдерін бекіту.


188. Дағдыларға қалыптастыру:


1) сипап-сезудің көмегімен көлемді пішіндерді (шар, куб, цилиндр) және жазық геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) ажырату;


2) қарапайым кескіндегі заттардың пішінін анықтау;


3) ұзындығы, биіктігі бойынша біртекті заттарды салыстыру;


4) жазықтықтықтағы заттардың қарама-қарсы және аралық сипап-сезу сипаттамаларын дененің алуан түрлі бөліктерімен ажырату (тегіс-қатпарлы-тікенекті; қатты-жұмсақ, мамық; құрғақ-ылғал-дымқыл), температураны (суық-жылы-ыстық), салмақты (жеңіл-ауыр).


189. Заттық-тәжірибелік іс-әрекет. біліктерге үйрету:


1) берілген жағдайларға сәйкес бір объектінің құрылысын салу (биік және төмен мұнаралар, ұзын және қысқа жолдар);


2) әртүрлі тәсілдермен конструктордың бөлшектерін бекіту;


3) жалпиған пішіндегі шеттерді жазу, қысу, жалпиту, жымқыру тәсілдерін қолданумен қарапайым пішіндегі заттарды илеу;


4) бірнеше дайын бөліктерден заттардың аппликациясын фланелеграфта құрастыру;


5) бұрыштары мен қырларын қиылыстырумен қағаз парағын бүктеу.


190. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды.


191. Рельефті бейнелерді оқу:


1) "контур" ұғымын қалыптастыру;


2) контурды құрастыру тәсілдерімен таныстыру;


3) бағыттары, ұзындығы бойынша әртүрлі сызықтың түрлерімен (көлденең, тік, көлбеу) таныстыру;


4) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдерімен орындалған, әртүрлі бағытта орналасқан сызықтарды үйрету;


5) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдермен орындалған геометриялық фигуралардың рельефті бейнелерін (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) оқуға үйрету.


192. Рельефті-графикалық іс-әрекет. Біліктерді бекіту:


1) геометриялық фигуралардың ішкі трафаретінде нүктелерді қадау;


2) трафарет бойынша көлденең және тік сызықтарды жүргізу.


193. Біліктіліктерді үйрету:


1) табиғи материалдың, таяқшаның көмегімен фигуралардың контурын құру;


2) трафарет бойынша геометриялық фигуралардың контурларын грифельмен ою.


194. Күтілетін нәтижелер:


1) қолдың саусақтарымен статикалық және динамикалық қимылдарды орындайды;


2) заттардың сипап-сезуші белгілерін, көлемнің пішінін ажыратудың сипап-сезу тәсілдерін біледі және қолдана алады;


3) жазықтықтың құрылымы, пішіні, көлемі бойынша заттарды салыстыруды және топтастыруды біледі;


4) бірізді ұсынылған нұсқау бойынша объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуді орындайды;


5) заттық-практикалық іс-әрекетте сипап-сезуді қолдана біледі;


6) бағыты бойынша және оларды бейнелеу тәсілдері бойынша рельефті сызықтардың түрлерін біледі;


7) әртүрлі тәсілмен орындалған, әртүрлі бағыттағы сызықтарды, геометриялық фигураларды (шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш) оқиды;


8) табиғи материалдан, таяқшалардан геометриялық фигуралардың контурын құрай біледі;


9) трафарет бойынша көлденең және тік сызықтарды жүргізе біледі;


10) тифлопедагогпен бірлесіп, ішкі трафаретте фигуралардың контурларын оя алады.


195. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, өзіне қатысты және затқа қатысты бағдарлау, заттардың кеңістіктік белгілерінде бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, түйық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау, кеңістіктіктің сызбасында бағдарлау.


196. Дененің сызбасында бағдарлау. Өз денесінің жұптық-қарама-қарсы бағыттарын алдында тұрған баланың бағыттармен салыстыру білігін үйрету.


197. Өзіне қатысты және затқа қатысты бағдарлау:


1) өзіне қатысты қоршаған кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтау білігін бекіту;


2) қашықтықты қадамдармен өлшеумен, қоршаған кеңістіктегі өзінен бастап 2 әртүрлі қашықтықтағы заттарға дейін арақашықтықты (жақын-алыс) анықтау қабіетін дамыту;


3) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау білігін үйрету.


198. Заттардың кеңістіктік белгілерінде бағдарлау. Заттардың жұптық-қарама-қарсы қырларын анықтай алуды үйрету (алдыңы-артқы, жоғарғы-төменгі, оң-сол).


199. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Жабық кеңістікті және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды онда орналасқан қуыршақ жиһазының көмегімен модельдеуге үйрету.


200. Қозғалыс техникасы. Үлкен заттарды зерттеуде, баланың бойынан төмен немесе жоғары тұратын заттарды зерттеуде дұрыс позаны қабылдау білігін үйрету.


201. Қозғалу процесінде бағдарлау. Біліктерді қалыптастыру:


1) өзіндік қозғалыс барысында бағыттарды анықтау;


2) кедергілерді жеңумен қозғалу.


202. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау.


203. Кеңістіктік бағдарлауда көрудің маңызы мен сақталған анализаторлар туралы ұғымдарды қалыптастыру.


204. Біліктерді жетілдіру:


1) әртүрлі нұсқада көрсетілген белгілер бойынша қоршаған заттарды көрудің көмегімен ажырату (әртүрлі көлемдегі, пішіндегі және түстегі біртекті заттар);


2) қоршаған кеңістіктің дыбыстарын ажырату (адамның дауысы, әрекеті, табиғат дыбыстары), жабық және еркін кеңістікте дыбыстың қозғалмайтын және ауыспалы көзін жинақтау;


3) сақталған анализаторлардың көмегімен алынатын ақпаратты бағдарлау процесінде қолдану білігін жетілдіру.


205. Біліктерді қалыптастыру:


1) бөлмедегі еден төсемінің сипатын аяқтың табандарымен ажырату, нақты белгілерді бөлмелермен салыстыру;


2) серуенге арналған аумақта төсемді аяқтың табандарымен ажырату (асфальт, құм, шөп, жер, қар);


3) тұрмыста кездесетін иістерді иіс сезудің көмегімен анықтау.


206. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау:


1) балабақшаның бөлмелерінде және аумағында практикалық бағдарлау негізінде балалардың кеңістіктік ұғымдарын дамыту;


2) қозғалу жолдары туралы әңгімелеу білігін үйрету.


207. Микрожазықтыққа бағытталу:


1) микрожазықтықтың бағыттарын (қырлары, ортасы, бұрышы) және заттың микрожазықтықта кеңістіктік орналасуын анықтау білігін дамыту;


2) микрожазықтықтың аталған бағыттарында заттарды орналастыру білігін үйрету.


208. Кеңістіктің сызбасы бойынша бағытталу:


1) заттардың қарапайым сызбалы, шартты белгілері туралы ұғымдарды қалыптастыру;


2) заттарды олардың шартты белгілерімен салыстыру білігін үйрету;


3) кеңістіктің қарапайым сызбасы туралы түсініктерді қалыптастыру (үстел, орындық - жоғарыдан қараған түрі).


209. Күтілетін нәтижелер:


1) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтайды;


2) қуыршақ жиһазындағы заттардың көмегімен онда орналасқан заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды және Жабық кеңістікті модельдеу дағдылары бар;


3) кеңістіктік терминдерді түсінеді және қолданады;


4) қоршаған заттардың белгілерін сақталған анализаторлардың көмегімен ажыратады, оларды бағдар ретінде пайдаланады;


5) тифлопедагогтың сұрақтары бойынша қозғалу жолдары туралы әңгімелейді;


6) микрожазықтықтың бағыттарын және микрожазықтықта заттың кеңістіктік орналасуын анықтайды;


7) заттарды олардың шартты белгілерімен салыстыра біледі.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау