6-параграф. 2-жартыжылдық
159. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
160. Заттық әлем:
1) ойыншықтарды, кітаптарды, киімді, аяқ-киімді сақтау ережелерімен таныстыру;
2) өз заттарының сипаттамалық белгілері бойынша ажырату біліктерін қалыптастыру, оларды басқа заттардың арасынан тану;
3) жалпылаушы ұғымдарды бекіту;
4) заттармен әрекет ету тәсілдерін жаттықтыру.
161. Бала және қоршаған адамдар:
1) өзінің сырт бейнесінің ерекшеліктері туралы ұғымдарды қалыптастыру;
2) өз отбасының мүшелерін атау білігін дамыту, туыстық өзара қатынастарды түсіну.
162. Жеке гигиена. Жуынуда, ауыз қуысын күтуде, сырт бейнесін күтуде әрекеттің бірізділігін айқындау білігн қалыптастыру.
163. Көшедегі мінез-құлық ережесі. Балаларды таныстыру:
1) "жол жүретін бөлік" ұғымымен таныстыру;
2) жаяу жүргінші мен көліктің қозғалысында сигналдардың мәнімен.
164. Ересектердің еңбегі:
1) балабақшадағы мейірбике мен кір жуушының еңбегі, олардың маңызы туралы білімді қалыптастыру;
2) еңбек бұйымдарын, жекеленген еңбек әрекеттерін тану және атау білігін үйрету.
165. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті:
1) балабақшада мәдени-тұрмыстық мінез-құлық ережесі туралы түсініктерді кеңейту;
2) бет сызбасын қабылдау алгоритмін қалыптастыру;
3) мимикалық, ым-ишара және пантомимикалық қимылдарды қайта жаңғыртуға қатысатын бұлшық ет аппаратын дамыту.
166. Қабылдауға және қайта жаңғыртуға үйрету:
1) бет қимылы: қорқыныш;
2) ым-ишара: бұл мен, болмайды, үлкен, кішкентай;
3) пантомимикалық қимылдар: бетімді және қолымды жуамын, сорпа ішемін, қуыршақты ұйықтатамын, машина айдаймын, кітапты парақтаймын, сыбызғыда ойнаймын;
4) объектілі картинада кейіпкердің бет қимылының, ым-ишарасының, позасының маңызын түсіну білігін үйрету.
167. Күтілетін нәтижелер:
1) басқа заттардың арасынан өз заттарын сипаттамалық белгілері бойынша таниды;
2) өзінің сырт келбетінің бірқатар ерекшеліктері туралы түсініктері бар;
3) жуынуда, тістерін тазалауда, сырт бейнесін күтуде әрекеттің бірізділігін біледі;
4) бағдаршам сигналдарының мәнін түсінеді;
5) балабақшадағы ересектердің негізгі еңбек әрекеттерінің мазмұнын және маңызын түсінеді; еңбек қаруларын біледі және атайды;
6) мәдени-тұрмыстық мінез-құлықтың негізгі ережесін біледі;
7) объектілі картинадағы кейіпкердің бет қимылының, ым-ишарасының, позасының маңызын түсінеді;
8) қарапайым эмоцияларды, ым-ишараларды, позаларды қайта жаңғырта біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |