3-тарау. Екінші кіші топ (3 - 4 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
80. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - түйсіну және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлау арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
81. Мақсаты ретінде, полисенсорлы қабылдау негізінде қоршаған әлемді тануда іс-әрекеттің арнайы тәсілдерін қалыптастыру.
82. Міндеттері:
1) танымдық іс-әрекетте бұзылған көрудің, сипап-сезудің және басқа анализаторлардың ұтымды өзара әрекетінің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
2) заттардың қасиеттері мен сапалары туралы ұғымдарды дамыту;
3) кеңістіктік ұғымдарды меңгеру арқылы, кеңістікте бағытталу қабілетін дамыту.
2-параграф. 1 - жартыжылдық
83. Көру арқылы қабылдау мыналарды қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекет, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс); заттар және заттық бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.
84. Көру-ізденістік іс-әрекет. Қабылдау өрісінде (макро және микро кеңістікте) көру арқылы объектілерді табу дағдыларын қалыптастыру.
85. Сенсорлы эталондар. Біліктерді дамыту:
1) түстердің эталондарын шынайы заттардың түстерімен салыстыру;
2) көпшіліктен таңдау жасалатын, оқшауланатын объектілердің көлемін бірте-бірте азайтумен және көбейтумен негізгі түстерді оқшаулау (3 түстен таңдау);
3) түстің бегісі бойынша біртекті және әртекті заттарды топтастыру.
86. Біліктерді үйрету:
1) жазық геометриялық фигуралардың пішінін көру және сипап-сезудің көмегімен зерттеу;
2) шеңбер, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тану және атау;
3) біртекті геометриялық фигураларды өзара салыстыру;
4) силуэттік бейнелеуде берілген геометриялық фигураларды жинақтау;
5) үлкен кеңістікте көлемі бойынша екі заттан кішкентай немесе үлкен затты таңдау;
6) 3 заттан көлемі бойынша екі бірдей затты таңдау;
7) көлемнің азаюы және артуы ретімен үш-бес заттан қатар құру.
87. Заттар және заттық бейнелер. Балаларды оқыту:
1) қоршаған әлемнің объектілерін жоспарлы көру арқылы зерттеу, көру ақпаратын нақтылау және толықтыруға арналған сақталған анализаторларды қолдану;
2) силуэттік және контурлы бейнелеуде қарапайым кескіндегі заттарды тану, тану белгілерін ажырату;
3) шынайы, силуэттік және контурлы бейнелеуді салыстыра білу;
4) заттарды салыстыра білу, жалпы және айрықша белгілерді ажырату.
88. Кеңістікті қабылдау. Біліктерге үйрету:
1) 3 заттан құралған заттар тобында заттың кеңістіктік орналасуын көру тәсілімен ажырату, бір заттың орналасуын екінші затпен арақатынаста бағалау;
2) үлгі және нұсқау бойынша заттар тобындағы заттың орналасуын өзгерту.
89. Көру-моторлы координациялар:
1) көру бақылауында әртүрлі сызықтарды қолмен және көрсеткішпен қадағалау біліктерін жетілдіру; әртүрлі бағыттағы тік сызықтарды айналдырып белгілеу және суретін салу;
2) шекаралар арасындағы сызықтарды жүргізу біліктерін үйрету.
90. Адам өміріндегі көру. Балаларды қоршаған әлемді танудағы көрудің рөлімен таныстыру.
91. Күтілетін нәтижелер:
1) бірізді ұсынылған нұсқау бойынша көру-сипап-сезу зерттеу әрекеттерін орындайды;
2) "түс", "пішін", "көлем" ұғымдары туралы түсініктері бар;
3) шеңбер, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды және негізгі түстерді біледі және атайды;
4) үлгі бойынша көлемнің артуы немесе азаюы ретімен бірнеше заттардан қатар құра біледі;
5) сенсорлы белгілердің бірі бойынша заттарды топтастыру дағдылары бар;
6) силуэттік және контурлы бейнелеудегі заттарды таниды;
7) заттар тобындағы заттың кеңістікте орналасуын анықтайды;
8) әртүрлі бағытта тік сызықтарды қадағалау және жүргізу дағдылары бар;
9) адам өміріндегі көрудің рөлі туралы түсініктері бар.
92. Сипап-сезу және және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.
93. Қолдың объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге дайындығы.
94. Біліктерді бекіту:
1) қолдың білезігімен тік, көлденең және айналмалы қимылдарды орындау;
2) қолдың саусақтарын жұдырыққа түю және жазу (бір мезгілде екі қолмен және әрбір қолмен кезектестіріп), әрбір саусақты кезектесіп бүгу және жазу.
95. Балаларды оқыту:
1) қолдың саусақтарын атау, нұсқау бойынша өз қолындағы әрбір саусақты жеке ажырату;
2) алақанды жазу тәсілімен қолдың өзіндік уқалауын (массаж) орындау;
3) екі затты екі қолмен бір мезгілде ұстап алу және ұстап тұру;
4) алақанның көлбеу қалпында қолдың білезіктерін біріктіру;
5) екі қолдың аттас саусақтарын біріктіру.
96. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері. Біліктерді бекіту:
1) үлгі және нұсқау бойынша симметриялы және күрделі емес ассиметриялы заттарды сипап-сезу арқылы зерттеуді орындау;
2) зерттеуге белсенді сипап-сезумен бірлесіп, қалдық көруді енгізу.
97. Біліктерге оқыту:
1) сипап-сезудің көмегімен геометриялық фигураларды ажырату және атау (шеңбер, шаршы, үшбұрыш);
2) біртекті геометриялық фигураларды салыстыру және топтастыру;
3) көлемі бойынша әртекті заттарды салыстыру;
4) заттың кеңістігінің алуан түрлі сипап-сезуші қасиеттерін (ылғал-құрғақ), температураны (суық-ыстық) ажырату.
98. Заттық-практикалық іс-әрекет. Балаларды таныстыру:
1) қағаз түрлерімен: майлық, әжетхана, альбомдық;
2) ілгек түрлерімен: түймелер, батырмалар, сыдырмалар, жабысқыш ілгектер.
99. Балаларды оқыту:
1) конструктор бөлшектерінен жиһаздың жекеленген заттарын құрастыру;
2) алақанның арасында шарикті жаншылау тәсілмен қарапайым заттарды жабыстыру;
3) ермексазды ағаш тақтайға, картонға саусақтармен жағу;
4) магнитті тақтада таяқшалардан тік, көлденең (баған, жол) қатарларды құрастыру;
5) шарғыға ірі тесіктері бар моншақтарды ілу;
6) әртүрлі ілгектермен әрекеттер;
7) әртүрлі қағаз түрлерімен әрекеттер (жырту, мыжу, тегістеу).
100. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды.
101. Бедерлі бейнелерді оқу:
1) қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;
2) бедерлі суретті зерттеу тәсілдерімен таныстыру;
3) нақты заттың (жарма, құм, бисер) мысалында нүкте туралы ұғымдарды қалыптастыру;
4) сызықтық және бейнелеуші жазықтықтың әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бірдей және әртүрлі диаметрдегі нүктелерді оқуға үйрету.
102. Бедерлі-графикалық іс-әрекет:
1) бедерлі сурет салуға арналған приборлармен және аспаптармен, олармен жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстыру;
2) прибордың жұмыс өрісінде бағдарлауға үйрету;
3) приборды жұмысқа дайындау дағдыларын қалыптастыру;
4) нүктелерді қадауды оқыту.
103. Күтілетін нәтижелер:
1) нұсқау бойынша қолындағы әрбір саусақты жеке ажыратады;
2) екі қолымен екі затты ұстай алады және ұстап тұра алады;
3) сипап-сезудің көмегі арқылы геометриялық фигураларды ажырата алады (шеңбер, шаршы, үшбұрыш);
4) заттарды көлемі, жазықтықтың құрылымы бойында заттарды салыстырудың сипап-сезуші тәсілдерін қолдануды біледі;
5) тану деңгейінде сипап-сезу түйсіктерін саралайды;
6) бейнелеуші жазықтықта нүктелердің бедерлі бейнелерін табады;
7) қолында грифельді ұстап тұра алады;
8) тифлопедагогпен бірлесіп, нүктелерді қадай алады.
104. Кеңістікте бағытталу мыналарды қамтиды: дененің сызбасында бағытталу, киімде бағдарлау, өзіне қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау.
105. Дененің сызбасында бағдарлау. Біліктерге үйрету:
1) өз денесінің, қуыршақ денесінің жұп бөліктерін анықтау;
2) олардың кеңістіктік орналасуын бағдарлау.
106. Киімде бағытталу. Дағдыларға үйрету:
1) киімнің бөлшектерін ажырату және атау;
2) өз киімінің бөлшектерін кеңістіктік орналастыруда бағдарлау.
107. Өзіне қатысты бағдарлау. Біліктерге үйрету:
1) кеңістіктің жұптық-қарама-қарсы бағыттарын: алға-артқа, жоғары-төмен, солға-оңға анықтау және сөзбен белгілеу;
2) өзіне қатысты жақын кеңістікте заттардың орналасуын анықтау.
108. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Үлгі және нұсқау бойынша бірнеше ойыншықтардан кеңістіктік қатынастарды модельдеу білігін жетілдіру.
109. Қозғалыс техникасы:
1) тұрақты бағдардың айналасында өз бетімен қозғалу дағдыларын дамыту (баспалдақтың сүйеніші, қабырға);
2) көрмейтін балаларды көретін қатарластармен жұптасып қозғалуға үйрету.
110. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау.
111. Біліктерді жетілдіру:
1) кеңістіктік бағдарлауда көру бағдарларын қолдану;
2) дыбыстың қозғалмайтын көзінің бағытын жинақтау (көру бақылауымен және онсыз) және сол бағытта қозғалу.
112. Біліктерге үйрету:
1) дыбыстары және олармен жасалатын әрекеттері бойынша заттарды тану, дыбыстың көзінің бағытын жинақтау;
2) бөлмеде еденнің қатты және жұмсақ төсемін аяқтың табанымен ажырату, кеңістіктік бағдарлауда сипап-сезу бағдарларын қолдану (едендік төсемнің сипаты).
113. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау.
114. Білімді қалыптастыру:
1) өз тобының, музыка және спорт залдарының, көз дәрігерінің кабинетінің балабақшаның кеңістігінде кеңістіктік орналасуы туралы; балабақшаның аумағында серуенге арналған телім туралы;
2) кеңістікті толтыратын заттар туралы, олардың кеңістіктік орналасуы туралы.
115. Практикалық бағдарлауда бағдар ретінде осы заттарды қолдануға үйрету.
116. Микрожазықтықта бағытталу. Біліктерге үйрету:
1) микрожазықтықтың қырлары мен ортасын анықтау;
2) микрожазықтықта заттардың кеңістіктік орналасуын анықтау.
117. Күтілетін нәтижелер:
1) өзіне қатысты кеңістіктің бағыттарын біледі, өзіне қатысты заттардың кеңістіктік орналасуын анықтайды;
2) заттардың жұптық-қарама-қарсы қырларын анықтай біледі;
3) үлгі және нұсқау бойынша бірнеше ойыншықтардан кеңістіктік қатынастарды модельдей алады;
4) балабақшаның таныс бөлмелерінің кеңістіктік орналасуы туралы біледі;
5) кеңістіктік бағдарлауда көру, сипап-сезу, дыбыстық бағдарларды қолдануды біледі;
6) микрожазықтықтың қырлары мен ортасын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |