4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
242. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады - әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлай білу.
243. Мақсаты - жақын тұрмыстық және әлеуметтік ортада балалардың өзбетінділігін қамтамасыз ететін біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
244. Міндеттері:
1) тұрмыстық іс-әрекетте өзбетінділікке үйрету;
2) ересектердің еңбегі және оның маңызы туралы түсініктерін дамыту;
3) жақын әлеуметтік ортада ересектермен және қатарластармен өзара қатынастарды орнату ережесі туралы ұғымдарды дамыту;
4) коммуникативті іс-әрекеттің вербальды және вербальды емес тәсілдерін жетілдіру.
5-параграф. 1 - жартыжылдық
245. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдары, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
246. Заттық әлем:
1) көру және сақталған анализаторлардың көмегімен заттардың қасиеттері мен белгілерін ажыратуға арналған жаттығу;
2) жалпылаушы ұғымдар шеңберін кеңейту.
247. Біліктерді үйрету:
1) заттардың бөлшектерін ажырату және атау;
2) түрлері жақын заттарды салыстыру;
3) пішіні, түсі, материалы, қызметі бойынша заттарды топтастыру.
248. Бала және қоршаған адамдар. Ұғымдарды дамыту:
1) өз денесінің негізгі бөліктері мен мүшелерінің функциялары туралы;
2) өз сырт бейнесінің жеке-дара ерекшеліктері туралы.
249. Ұғымдарды қалыптастыру:
1) адамдардың жасы бойынша айырмашылықтары туралы;
2) әртүрлі жастағы балалардың сырт бейнесінің, киімінің, мінез-құлқының сипаттамалық ерекшеліктері туралы.
250. Жеке гигиена. Ұғымдарды қалыптастыру:
1) гигиена ережелерін сақтау мен өз ағзасының жай-күйінің арасындағы өзара байланыс туралы;
2) пайдалы және зиянды әдеттер туралы.
251. Көшедегі мінез-құлық ережесі:
1) "көлік жүретін жол" ұғымын бекіту;
2) көшеден өту ережесімен таныстыру.
252. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер. Балаларды таныстыру:
1) адамның әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекетінің салаларымен;
2) дүкенде, емханадағы мінез-құлық ережелерімен;
3) мекеме қызметкерлеріне сұрақтармен, өтініштермен, рақмет айтумен қаратылған сөз түрлерімен.
253. Ересектердің еңбегі. Кәсіптер туралы еңбектің нәтижелерінің мазмұны мен мәні туралы білімді қалыптастыру.
254. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті:
1) алуан түрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларда балаларды ересектермен және қатарластармен өзара әрекетке түсу білігін үйрету;
2) адам беті мен денесінің сызбасын қабылдау алгоритмін қалыптастыру;
3) адамдардың эмоционалды күйлері (қуаныш, мұң, бірқалыпты күй, қорқыныш) және оларды бет қимылы, ым-ишара, позалар арқылы көрсету тәсілдері туралы ұғымдарды бекіту;
4) адамның эмоционалды күйімен және осы күйді туындататын себептің арасындағы байланысты орнату білігін үйрету.
255. Қабылдауға және қайта жаңғыртуға үйрету:
1) мимика: таңғалу;
2) ым-ишара (ал, басқа жоқ, білмеймін, бермеймін, бұл менікі, төмен, жоғары, ұзын, қысқа);
3) пантомимикалық қимылдар (ішім ауырады, ұйқым келді, сыпырып жатырмын, шаң сүртемін).
256. Күтілетін нәтижелер:
1) түрлері жақын заттарды ажыратады және атайды;
2) пішіні, түсі, материалы, қызметі бойынша заттарды топтастыра біледі;
3) адамдардың жасы бойынша айырмашылығын түсінеді;
4) пайдалы және зиянды әдеттер туралы ұғымдары бар;
5) сатушының, дәрігердің еңбегінің мазмұны мен бағыттылығы туралы ұғымдары бар;
6) қоршаған адамдармен мәдени өзара әрекеттесу формаларын біледі;
7) адамның беті мен денесінің сызбасында бағдарлай алады;
8) адамның эмоционалды күйлерін мимика, ым-ишара, позалар арқылы көрсету тәсілдерін біледі және қайта жаңғыртады;
9) адамның эмоционалды күйлері мен осы күйді туындататын себептің арасындағы өзара байланысты түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |