Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



жүктеу 0,52 Mb.
бет201/207
Дата24.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#39822
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   207
Үлгілік оқу бағдарламасы

9-параграф. 2 - жартыжылдық

187. Сенсорлық даму ішіне иіс және дәм түйсігі, тактильды қабылдауының дамуы, қалдық көру арқылы қабылдауын, есту арқылы қабылдауын, вестибулярлы аппаратының дамуы кіреді.


188. Дәм мен иістің дамуы:


1) қышқыл, тәтті дәмді ажыратуға үйрету;


2) қолданылатын тамақтың бірдей және әртүрлі дәмі болатыны туралы білімдерін бекіту;


3) күрделі иістерді дифференциациялауға үйрету;


4) қоршаған кеңістіктегі иісі бар заттарды сәйкестендіруге үйретуді жалғасытру;


5) иіс бойынша кеңістікте орналасу орнын (асхана, кір жуу бөлмесі, дәрігер бөлмесі) анықтауға үйрету.


189. Тактильды қабылдауының дамуы:


1) өзіне массаж жасауды қолдану арқылы тактильды қабылдауын дамыту;


2) форма мен көлемді ескере отырып, затты қолмен алу біліктілігін бекіту;


3) оң және сол қолын ауыстыру арқылы қысып көрумен таныс затты тануға үйрету;


4) қысып көру арқылы көлемді (шар, шаршы), тегіс (төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш), геометриялық фигураларды атауға үйрету;


5) алақанның сыртқы және ішкі жағымен, саусағымен сұйық және басқа заттардың температурасын анықтауын дамытуын жалғастыру;


6) әртүрлі ауырлықтағы заттарды ажыратуға үйрету;


7) салмақты әрекет арқылы бағалауға үйрету: бір қолмен, екі қолмен көтеріп көру; бір немесе екі алақанда "өлшеп" көру; қолынан затты түсіріп, оның баяу және тез құлағанын бақылау;


8) көлдеңнен кеңістікте алақанмен "сурет салуға" үйрету.


190. Қалдық көру арқылы қабылдауының дамуы:


1) қоршаған ортадағы заттарға, олардың түстерін, формаларын байқауға көру реакйиясын дамыту, заттармен әрекет жасауын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызығушылығын оятуға тәрбиелеу;


2) көру амалы арқылы заттарды зерттеуді қалыптастыру: геометриялық фигуралардың формаларын атауға және ажыратуға (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және тегіс бейнелердің формаларымен және геометриялық денемен сәйкестендіруге, шынайы көлемді заттардан формаларымен сәйкестендіру;


3) қоршаған ортадан геометриялық фигураның нақты көлем, түс, формасы бойынша заттарды табуға үйрету;


4) қозғалып бара жатқан объектіні табуға үйрету (доп домалап барады, құс ұшып барады; машина жүріп барады);


5) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) атауға және ажыратуға, түстердің сенсорлық эталондарын шынайы заттардың түстерімен сәйкестендіру;


6) заттың көлемін салыстыру және ерекшелеу, ажырату (үлкен-кіші) қою және салу жолы арқылы заттардың көлемін көзбен салыстыру; үлкен және кіші заттарды табу;


7) геометриялық фигуралар бейнесі бар қиындыны (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) өлшем, түсіне сәйкес толтыруға үйрету;


8) үстіне қою және салу амалы арқылы екі затты өлшеу біліктілігін бекіту;


9) көзбен өлшеуін дамыту;


10) заттар тобынан ең үлкен және ең кіші затты таңдауға, бір сенсорлық белгісі бойынша (форма, көлем, түс) бірдей заттарды топтастыруға үйрету;


11) суреттегі бейнелердегі заттарды атау және ажыратуға, реттілікпен негізгі белгілерін атауға үйрету;


12) еліктеу бойынша күрделі емес құрастыруларды құру біліктілігін бекіту;


13) қолмен жасалытн әрекетті көзбен бақылау жасауға үйрету;


14) түзу және көлдеңнен кеңістік және фронталды кеңістікте орналасу (алдында, артында, алыста, жақында) туралы түсініктерін қалыптастыру;


15) әрекетке бағдарлана отырып, уақыт тәулігі туралы түсініктерін қалыптастыру: танертен - жуынамыз, күндіз - түстенеміз, кешке -ұйықтаймыз;


16) табиғаттың мезгіл уақыттарымен танысу шамасына қарай жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.


190. Есту арқылы қабылдауын дамыту:


1) бірден шыққан екі түрлі музыкалық аспаптың даусын ажыратуға үйрету (барабан, баян);


2) шулы ортада естілген дыбысты ажыратуға үйрету;


3) сөздік және сөздік емес дыбыстарды дифференциациялауға үйрету;


4) ырғақ сезімін қалыптастыруға жәрдемдесу;


5) дыбыстың жоқтығы мен бар болуына реакциясын көрсете отырып, сөздік емес дыбыстарды шығаруын дамыту;


6) әртүрлі аспаптардың дыбыстарының әртүрлігін азыратуға және әрекет жасауға, оның әртүрлілігіне (барабан-адымдау, топырлату; баян-секіру, шапалақтау) үйрету;


7) сөздік дыбыстарды тыңдауға, оларды заттармен сәйкестендіруге үйрету;


8) дыбысқа еліктеуге үйрету;


9) адамның даусын тыңдау, таныс адамның дауысын ажыратуға үйрету;


10) дыбыс күшін өлшеу арқылы баяу және қатты дауыстарды ажыратуға үйретуді жалғастыру.


191. Вестибулярлы аппартын дамыту:


1) отыру қалпында, кейінен тұру қалпында баяу тербелуге үйрету (алдыға-артқа, солдан оңға қарай);


2) үстел, барабанды алақанмен немесе екі қолымен соғуға үйрету;


3) еңкейтілген және көлдеңнен кеңістікте қол құралдарымен сурет салуға үйретуді жалғастыру;


4) көлдеңнен бағытта екі қолымен допты лақтыруға үйрету;


5) допты екі қолымен қағып алуға үйрету;


6) аяғымен допты ұруға үйрету;


7) нақты реттілікпен қимылды орындауға үйрету;


8) қимыл бағытын өзгертуге үйрету (солға қарай адымда, бұрылды, оңға қарай адымдады);


9) қарапайым әрекеттерді (кезектілікпен қимылдау) қол саусақтарымен, аяқ өкшесімен дұрыс қайталауға үйрету;


10) әртүрлі темпіде қимылдарды орындауға үйрету;


11) тосқауылды айналып өтуге үйрету;


12) нақты кеңістікте заттар бөліктерін бір-біріне сәйкестендіруге үйрету;


13) бауды байлауға үйрету.


192.Сенсорлық дамуы бойынша күтілетін нәтиже:


1) қышқыл, тәтті дәмді ажыратады;


2) қолданылатын тамақтың бірдей және әртүрлі дәмі болатыны туралы біледі;


3) күрделі иістерді дифференциациялайды;


4) қоршаған кеңістіктегі иісі бар заттарды сәйкестендіреді;


5) иіс бойынша кеңістікте орналасу орнын (асхана, кір жуу бөлмесі, дәрігер бөлмесі) анықтайды.


6) форма мен көлемін ескере отырып заттарды ұстайды;


7) оң және сол қолы ауыстыру арқылы ұстап көру арқылы таниды;


8) қысып көру арқылы көлемді (шар, шаршы), тегіс (төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш), геометриялық фигураларды таниды;


9) алақаның сыртқы және ішкі жағымен, саусағымен сұйық және басқа заттардың температурасын анықтайды;


10) әртүрлі ауырлықтағы заттарды ажыратады (бастапқыды өте контрастылы: қанат, алма);


11) салмақты әрекет арқылы бағалайды: бір қолмен, екі қолмен көтеріп көру; бір немесе екі алақанда "өлшеп" көреді; қолынан затты түсіріп, оның баяу және тез құлағанын бақылайды;


12) көлдеңнен кеңістікте алақанмен "сурет салуға" салады.


13) қоршаған ортадағы заттарға, олардың түстерін, формаларын байқауға көру реакиясын дамытады, заттармен әрекет жасайды, қоршаған ортаға қызығушылығын оятады;


14) көру амалы арқылы заттарды зерттейді: геометриялық фигуралардың формаларын атауға және ажыратуға (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және тегіс бейнелердің формаларымен және геометриялық денемен сәйкестендіруге, шынайы көлемді заттардан формаларымен сәйкестендіру;


15) қоршаған ортадан геометриялық фигураның нақты көлем, түс, формасы бойынша заттарды табады;


16) қозғалып бара жатқан объектіні табады(доп домалап барады, құс ұшып барады; машина жүріп барады);


17) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) атайды және ажыратады, түстердің сенсорлық эталондарын шынайы заттардың түстерімен сәйкестендіреді;


18) заттың көлемін салыстырады және ерекшелейді, ажыратады (үлкен-кіші) қою және салу жолы арқылы заттардың көлемін көзбен салыстырады; үлкен және кіші заттарды табады (ойыншықтар, жиһаздар, киімдер);


19) геометриялық фигуралар бейнесі бар қиындыны (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) өлшем, түсіне сәйкес толтырады;


20) үстіне қою және салу амалы арқылы екі затты өлшейді;


21) заттар тобынан ең үлкен және ең кіші затты таңдайды, бір сенсорлық белгісі бойынша (форма, көлем, түс) бірдей заттарды топтастырады;


22) суреттегі бейнелердегі заттарды атау және ажыратуға, реттілікпен негізгі белгілерін атайды;


23) еліктеу бойынша күрделі емес құрастыруларды құрады;


24) қолмен жасалатын әрекетті көзбен бақылау жасайды;


25) түзу және көлдеңнен кеңістік және фронталды кеңістікте орналасу (алдында, артында, алыста, жақында) туралы түсініктері бар;


26) әрекетке бағдарланады, уақыт тәулігі туралы түсініктерін қалыптастыру: танертен - жуынамыз, күндіз - түстенеміз, кешке - ұйықтаймыз;


27) табиғаттың мезгіл уақыттарымен танысу шамасына қарай жыл мезгілдері туралы түсініктері бар;


28) бірден шыққан екі түрлі музыкалық аспаптың даусын ажыратады (барабан, баян);


29) шулы ортада естілген дыбысты ажыратады;


30) сөздік және сөздік емес дыбыстарды дифференциациялайды;


31) дыбыстың жоқтығы мен бар болуына реакциясын көрсете отырып, сөздік емес дыбыстарды айтады;


32) әртүрлі аспаптардың дыбыстарының әртүрлігін ажыратады және әрекет жасайды, оның әртүрлілігіне (барабан-адымдау, топырлату; баян-секіру, шапалақтау);


33) сөздік дыбыстарды тыңдайды, оларды заттармен сәйкестендіреді;


34) дыбысқа еліктеуге үйрету;


35) адамның даусын тыңдайды, таныс адамның дауысын ажыратады;


36) дыбыс күшін өлшеу арқылы баяу және қатты дауыстарды ажыратады;


37) отыру қалпында, кейінен тұру қалпында баяу тербеледі (алдыға-артқа, солдан оңға қарай);


38) үстел, барабанды алақанмен немесе екі қолымен соғады;


39) еңкейтілген және көлдеңнен кеңістікте қол құралдарымен сурет салады;


40) көлдеңнен бағытта екі қолымен допты лақтырады;


41) допты екі қолымен қағып алады;


42) аяғымен допты ұрады;


43) нақты реттілікпен қимылды орындайды;


44) қимыл бағытын өзгертеді (солға қарай адымда, бұрылды, оңға қарай адымдады);


45) қарапайым әрекеттерді (кезектілікпен қимылдау) қол саусақтарымен, аяқ өкшесімен дұрыс орындайды;


46) әртүрлі темпіде қимылдарды орындайды;


47) тосқауылды айналып өтуге үйрету;


48) нақты кеңістікте заттар бөліктерін бір-біріне сәйкестендіреді;


49) бауды байлайды.


193. Кеңістікте бағдарлай білу:


1) балабақша мен бөлмеде бағдарлана алу біліктілігін бекіту;


2) басқарушы қолымен оңға солға әріптерді, сандарды орналастыруға үйрету;


3) қимыл бағытын шартты белгілерді (сызық), заттардың орналасуын (пиктограмма) қолдану;


4) адамның схема түріндегі бейнеленген қалпын түсінуге үйрету (пиктограмма, сызба бойынша қалыпты орындау);


5) заттар-ойыншықтардың қарапайым схема-сызбада орналасуын қолдану (Қуыршаққа жиһазды орналастыру);


6) қағаз бетіндегі жоғарыда-төменде бағдарлана алуын түсінуге, бұл қатынасты көлемде (ойын, тұрмыста), жазықтықта (сурет салу, аппликация, жоспар-схемада) қолдануға үйрету;


7) әрекетті темпіде орындауын түсіну: баяу, тез;


8) ойыншықтар, заттар, басқа адамның (өзіне қарай жақын, әлде алыс) орналасқан орнын анықтау біліктілігін қалыптастыру;


9) қоршаған заттардың қызметі (жиһаздар, топтық бөлменің құралдары) туралы түсініктерін қалыптастыру;


10) баладан біртіндеп көру және сипап сезу арқылы таныс заттарды (3 және одан көп) табуды талап ету;


11) микрооратада бағдарлана алу дағдыларын қалыптастыру (қағаз бетінде).


194. Күтілетін нәтижелер:


1) балабақша мен бөлмеде бағдарлана алады;


2) басқарушы қолымен оңға солға әріптерді, сандарды орналастырады;


3) қимыл бағытын шартты белгілерді (сызық), заттардың орналасуын (пиктограмма) қолданады;


4) адамның схема түріндегі бейнеленген қалпын түсінеді (пиктограмма, сызба бойынша қалыпты орындау);


5) заттар-ойыншықтардың қарапайым схема-сызбада орналасуын қолданады (Қуыршаққа жиһазды орналстыр);


6) қағаз бетіндегі жоғарыда-төменде бағдарлана алуын түсінеді, бұл қатынасты көлемде (ойын, тұрмыста), жазықтықта (сурет салу, аппликация, жоспар-схемада) қолданады;


7) қоршаған заттардың қызметі (жиһаздар, топтық бөлменің құралдары) туралы түсініктері бар;


8) баладан біртіндеп көру және сипап сезу арқылы таныс заттарды (3 және одан көп) табады;


9) микрооратада бағдарлана алу алғашқы дағдылары бар (қағаз бетінде).


195. Жаратылыстану.


196. Мен және қоршаған орта.


1) топтағы педагогтардың, балалардың аттары туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;


2) таныс және таныс емес адамдарды тануға үйретуді жалғастыру.


197. Мекен жайы:


1) мекен жайы ретінде үй туралы түсініктерін қалыпастыру;


2) үйдегі бөлменің қызметтері мен түрелі туралы білімдерін қалыптастыру;


3) үйдегі заттармен олардың функцианалды қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру;


4) үйде орындалатын әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыру;


5) ересек адамның көмегімен баланы қоршаған заттарды қызметтері бойынша адекваты қолдану біліктілігін қалыптастыру.


198. Оқу орны:


1) балабақша бөлмелерінің қызметтері мен түрелі туралы білімдерін қалыптастыру;


2) алаң территориясы туралы білімдерін қалыптастыру;


3) ересек адамның көмегімен баланы қоршаған заттардың қызметтері бойынша адекваты қолдану біліктілігін қалыптастыру.


199. Тәулік бөліктері:


1) бала орындайтын тәжірибелік әрекет негізінде тәулік бөліктері (күн-түн) туралы білімдерін бекіту;


2) күн мен түннің белгілері туралы білімдерін(күндіз - жарық, күн жарқырайды, түнде-қараңғы) бекіту;


3) графикалық бейнелерді қолдану арқылы тәулік бөлігін (сөйлеу мүмкіндігі бар балаға сәйкес) атауға, күн мен түнді ажырату біліктілігін қалыптастыру.


200. Жыл мезгілдері:


1) бала орындайтын (жазда-құмда ойнаймыз, қыста-қармен ойнаймыз) тәжірибелік әрекет негізінде жыл мезгілдері (жаз-қыс)туралы білімдерін бекіту;


2) графикалық бейнелерді қолдану арқылы жыл мезгілдерін (қыс-жаз) ажыратуға, жыл мезгілдерін (сөйлеу мүмкіндігі бар балаға сәйкес) атау біліктілігін қалыптастыру.


201. Өлі табиғаттың объектілері:


1) құммен әрекет жасау (себу, салу, қазу, жапыстыру) біліктілігін қалыптастыруды жалғастыру;


2) өлі табиғатың объектілері туралы білімдерін қалыптастыру (су, қар);


3)сумен, оның қызметімен таныстыру (ішу, жуыну, өсімдікті суғару үшін);


4) судың температурасын анықтау біліктілігін қалыптастыру (жылы-суық);


5) тәжірибелік әрекетте қардың қасиеті мен ерекшеленетін белгісі туралы білімдерін қалыптастыру;қармен әрекет жасау (қарды тазалау, ақшақар жасау) біліктілігін қалыптастыру.


202. Өсімдіктер:


1) жақын ортадағы өсімдіктеріне (ағаш, шөп, бөлме гүлдері) қызығушылығын оятуды жалғастыру;


2) жемістер және көкіністер туралы білімдерін бекіту;


203. Күтілетін нәтиже:


1) жақын ортадағы адамды таниды;


2) өзі тұратын жерді біледі;


3) үй жағдайындағы заттардың қызметтерін біледі;


4) үйде орындалатын әрекеттер туралы түсініктері бар;


5) ересек адамның көмегімен баланы қоршаған заттарды қызметтері бойынша адекваты қолданады;


6) бала бақша бөлмелерінің мақсаты туралы түсініктері бар;


7) ересек адамның көмегімен баланы қоршаған заттардың қызметтері бойынша қолданады;


8) графикалық бейнелерді қолдану арқылы тәулік бөлігін (сөйлеу мүмкіндігі бар балаға сәйкес) атауға, күн мен түнді ажыратады;


9) бала орындайтын практикалық әрекеттер (жазда құммен, қыста қармен ойнаймыз)негізінде жыл мезгілдері (жаз-қыс) туралы біледі;


10) өлі табиғат объектілері (су, қар) туралы түсінігі бар;


11) судың қызметі туралы біледі (ішу, жуыну, шомылу, гүлдерді суару үшін);


12) практикалық әрекет процесінде қардың айқын, ерекше қасиеттері туралы біледі (қар - суық, таза);


13) қармен жұмыс істей алады (қар жинау, қар кесегін жасау);


14) жемістер мен көкөністер туралы біледі.


204. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:


1) саусақ санына (үш шамасында) сәйкес қосу және алу амалымен сан жағынан кіретін заттарды топпен салыстыру;


2) "қанша", "тең" (бірдей), "көп", "аз" сөзін қолдануға үйрету;


3) сөз (ауызша және кестелік түрде), сан, үлгі, еліктеу, бойынша көптіктің ішінен 1,2,3 затты ерекшелеуге үйрету;


4) үш саны шамасында санау арқылы саусақ санына сәйкестендіру;


5) сан бұл түс, форма, көлем, кеңістікте орналасқан орнына тәуелді еместігін түсінуге үйрету;


6) заттардың тек біртүрлі емес, алуан түрлі топтары бойынша салыстыру;


7) 1 саны және цифрімен таныстыру (1 цифрі және "бір" сөзі жазылған кесте);


8) 2 саны және цифрімен таныстыру;


9) 3 саны және цифрімен таныстыру;


10) 2 және 3 санын құрамын түсінуге жеткізу;


11) 3 шамасындағы заттарды ашу және жабу арқылы заттарды қосу және алуға үйрету;


12) сан, нұсқау, еліктеу, форма, көлем, өлшем бойынша әртүрлі 2-3 заттан бірнешеу құруды үйрету;


13) көлемі бойынша бірдей және котрастылы заттарды салыстыруға үйрету;


14) ойында көлемді ескере оытырп, тәжірибелік әрекетте заттарды салыстыруға үйрету;


15) баланы "бірдей" сөзімен таныстыру;


16) көлемді және жазық формаларды сәйкестендіруге үйрету;


17) "дөңгелек", "төртбұрыш" сөзін қолдануға үйрету;


18) заттарды салыстыру кезінде үстіне қою, алу, көру және тактильды қимылдар арқылы зерттеу;


19) мерзім ұзартуды таңдаумен (5-7 сек.дейін) үлгі бойынша форманы есте сақтауға үйрету;


20) бір формадағы фигураның түсі, көлемі, жасалған материалы әртүрлі болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру;


21) қоршаған ортадағы ойыншық пен заттың формасын ерекшелеуге үйрету;


22) қорап қиығына геометриялық фигураны кіргізуге үйрету.


205. Күтілетін нәтижелер:


1) саусақ санына (үш шамасында) сәйкес қосу және алу амалымен қол саусақтарының көмегімен заттарды топпен салыстырады;


2) "қанша", "тең" (бірдей), "көп", "аз" сөзін қолданады;


3) сөз (ауызша және кестелік түрде), сан, үлгі, еліктеу, бойынша көптіктің ішінен 1, 2, 3 затты ерекшелейді;


4) саусақпен санау арқылы үш санын сәйкестендіреді;


5) сан бұл түс, форма, көлем, кеңістікте орналасқан орнына тәуелді еместігін түсінеді;


6) сан құрамын түсінеді;


7) көлемі бойынша бірдей және котрастылы заттарды салыстыруады;


8) ойында көлемді ескере оытырп, тәжірибелік әрекетте заттарды салыстырады;


9) көлемді және жазық формаларды сәйкестендіреді;


10) "дөңгелек", "төртбұрыш" сөзін қолданады;


11) заттарды салыстыру кезінде үстіне қою, алу, көру және тактильды қимылдар арқылы зерттейді;


12) мерзім ұзартуды таңдаумен (5-7 сек.дейін) үлгі бойынша форманы есте сақтайды;


13) бір формадағы фигураның түсі, көлемі, жасалған материалы әртүрлі болатыны туралы түсініктері бар;


14) қоршаған ортадағы ойыншық пен заттың формасын ерекшелейді;


15) қорап қиығына геометриялық фигураны кіргізеді.


206. Құрастыру


1) объектілердің кеңістіктегі қатынасы мен өлшемі, формасын айту мен қабылдауын дамыту үшін арнайы жаттығулар мен ойындар жүргізу;


2) еліктеу және қарапайым үлгі бойынша құрылыс үстел жұмысының жинағын (қуыршаққа жиһаз, қақпасы бар үй, жануарларға арналған қоршаулар, сырғанақ, көпір) жасауға үйрету;


3) бір объектіні құрудың бірнеше амалдарымен таныстыру;


4) ересектің көмегімен үлгіні талдауға үйрету (бөліктерін ерекшелеу, орналасқан орнын анықтау, жұмыстың реттілігін белгілеу);


5) 5 элементке дейін үлгіні күрделендіру (дәл сол объектіні қолдану);


6) таныс тапсырмаларды орындау үшін алуантүрлі құрылыс материалдарын қолдану;


7) жазық үлгі бойынша құрастырғыштармен таныстыру (объектіні құрайтын элементері бар фронтальды тегіс бетін көрсететін);


8) нәтижені бағалау үшін заттар мен құрастырғышты сәйкестендіруге үйрету;


9) құрастыруды ойын әрекетіне қосу.


207. Күтілетін нәтижелер:


1) еліктеу және қарапайым үлгі бойынша құрылыс үстел жұмысының жинағын (қуыршаққа жиһаз, қақпасы бар үй, жануарларға арналған қоршаулар, сырғанақ, көпір) жасайды;


2) ересектің көмегімен үлгіні талдайды (бөліктерін ерекшелеу, орналасқан орнын анықтау, жұмыстың реттілігін белгілеу);


3) таныс тапсырмаларды орындау үшін алуантүрлі құрылыс материалдарын қолданады;


4) нәтижені бағалау үшін заттар мен құрастырғышты сәйкестендіреді;


5) құрастыруды ойын әрекетіне қосады.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау