«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет198/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   296
materialy resp chteniy

 

Әдебиеттер

1.  А.  Ахметов.  Принципы  технологии  исодержание  образовательной 

программы. Алматы. 1995ж. 

2.Бұзаубақова  К.Ж.  Жаңа  педагогикалық  технолия.  Оқулық.  ТарМу 

2003ж. 

3.Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. Әдістемелік құрал. 

4.«Әдіскер – Методист» журналы 2013 ж. 

 

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛДОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ  

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ  

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 

 

Аманшиева Сания Шалабаевна 

№8 «Өркен» бөбекжай әдіскері 

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы 

 

Қазіргі  кезде  толғандыратын  өзекті  мәселелердің  ең  негізгісі  –  еліміздің 



болашағы.  Еліміздің  өркен  жайып,  биікке  самғауы  үшін  басты  мәселе  жас 

ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі. 

Балабақша  –  келешек  ел  басқарар,  жер-суына  иелік  етер,  ел-халқын 

гүлдентер,  мерейін  өсіріп,  мәртебесін  өсірер  жасампаз  жандарды  шыңдап 

өмірдің ең басты  сатысын қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» 

дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең 

алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына 

байланысты. Балабақша – бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын 

құнды,  қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан,  балабақша  –  баланы  тұлға  етіп 

қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына    Жолдауында:  «Ұлттық  бәсекеге  қабілеттілігі  бірінші  кезекте  білім 

деңгейімен  айқындалады», 

  деген  байламы  жеке  адамның  құндылығын 

арттыру,  оны  дайындайтын  ұстаз  жауапкершілігінің  өсуі,  тынымсыз  еңбек, 

сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.  

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы  білім 

берудің  ұлттық  моделіне  өту  оқыту  мен  тәрбиелеудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін, 




339 

 

жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияны   игерген,  психологиялық-



педагогикалық  диагностиканы  қабылдай  алатын,  педагогикалық  жұмыста 

қалыптасқан  бұрынғы  ескі  сүрлеуден  тез  арада  арылуға  қабілетті  және  нақты 

тәжірибелік іс-әрекет  үстінде өзіндік  даңғыл  жол салуға  икемді,  шығармашыл 

педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын, 

әдістерін,  технологияларын  таңдауда  көп  нұсқалық  қағидасы  бекітілген,  білім 

мекемелерінің  педагогтарына  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  тиімділігіне  қарай 

пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себепті, кәсіби дамып 

өсу,  жаңа  технологияны  меңгеру  –  балабақша  педагогтарының  басты 

мақсаттардың бірі болуы тиіс.      

Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам – өз заманының баласы», 

сәбиді  есті,  саналы,  сергек  етіп  тәрбиелеу  отбасы  мен  қоғамдық  тәрбие 

орындарының  бірден-бір  парызы.  Сондықтан  қазіргі  балабақшадағы  оқу-білім 

беруге  арналған  инновациялық  қызмет  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары 

педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр. 

Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  2010-2020  жылдарға  арналған  «Балапан»  

мемлекеттік бағдарламасы, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  стандартында  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін 

дамытудың төмендегідей негізгі бағыттары белгіленген: 

 

білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту; 



 

мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  педагогтарының  кәсіби 



құзыреттіліктерін арттыру; 

 



үш  тілді  оқыту  негізінде  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында 

көптілділікті дамыту; 

 

Отандық  және  шетелдік  әдістемелер  мен  технологияларды  зерделеу 



негізінде білім беру үдерісін технологияландыру. 

Білім беру үдерісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін 

ұйымдастыруы  мен  мектепке  дейінгі  білім  берудің  сапасына  оң  әсер  етеді. 

Қазіргі  заманғы  педагогтердің  инновациялық  технологияларды  білуі  уақыт 

талабы. Сол себепті: 

-Мектепке  дейінгі  білім  беру  саласында  мемлекеттік  саясатты  жүзеге 

асыру;  

-Педагогтардың  кәсіби  құзыреттілігі  мен  психологиялық-педагогикалық 

мәдениеттік деңгейін жоғарылату;  

-Балабақша  ұжым мүшелерінің  тиімді  қызметтестігіне  жағдай  жасап,  оқу-

тәрбиелік жұмысының деңгейін жоғарылату; 

-Мектепке дейінгі баланың жеке тұлғасы дамуы үшін тиімді жағдай құру;  

-Білім  беру  ұйымдарындағы  жас  педагогтардың  кәсіби  шеберлігін 

жоғарлату;  

-Ата-аналармен жұмыс істеуде серіктестік орнатуға көмек көрсету;  



340 

 

-Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  жеке  бағытталған  педагогикалық 



және  психологиялық  көмекті  жүзеге  асыру  сынды  мақсаттарды  алдымызға 

қойып, педагогикалық ұжыммен бірлесе осы бағытта жұмыс атқарудамыз. 

Мектепке  дейінгі  жасөспірім  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне 

байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға 

қуаныш  ұмтылмас  әсер  сыйлайды,  оның  көркемдік  талғамын,  еліктеуі  мен 

қиялын  дамытады.  Әдетте  адамның  жеке  басының  қасиеттері  бес  жасқа  дейін 

қалыптасады  екен.  Сондықтанда  да  баланың  жан-жақты  қалыптасуы  үшін 

мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндердің  бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді 

сіңіре  білу  керек. Бала  әр  нәрсеге  құмар,  қызыққыш,  ол  өзінің  айналасында 

болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-

жақты  дамып,  жеке  тұлға  болып  тәрбиеленуіне,  тілінің  дамуын 

театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған 

ойындарды балалар қызықтап ойнайды.  


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау