«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДА



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет189/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   296
materialy resp chteniy

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДА 

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

 

Арғынбекова Салтанат Атабековна 

№26 «Нұрай» балабақшасының әдіскері   

Жамбыл облысы, Тараз қаласы  

 

Мақсаты:

  Дидактикалық  ойын  түрлерін  пайдалану  арқылы  ересек  топ 

балаларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру. 

Міндеттері:

 

1. Ойын  іс-әрекетін оқыту үрдісінде қолдану жолдарын  айқындау;



 

2. Дидактикалық ойын түрлерінің жіктемесін жасау; 

3.Ересек  топ  балаларының  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыруға 

арналған дидактикалық ойындар  мазмұнын жасау; 

4.Ересек 

топ 


балаларының 

оқу 


іс-әрекетіне 

қызығушылығын 

қалыптастастыруға арналған  тәжірибелік зерттеу жүргізу.   

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  заман  талабынан  тыс  қалдырмауға, 

әлеуметтік  ортаның  тыныс-тіршілігін  ұлттық  болмыспен  қабылдауға  бейімдей 

отырып,  олардың  санасын  «ұлттық  құндылықтарды  меңгерген  жаңа  дәуір 

балалары» моделіне бағыттай білу қажет.  

Бүгінгі    таңдағы  заманауи  өзгерістер  ағымы  балалар  психологиясының  

дамуына ықпал етуде, ойын іс әрекетін тиімді қолдануды көздейді.  Сондықтан 

да мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуде ойын түрлерін ұтымды 

пайдалану  қажет.Ойын  іс-әрекеті  арқылы  балалар  оқу  материалдарын  тез 

меңгереді,    ақыл-ойы  дамиды.    Себебі,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

негізгі  іс-әрекеті  –  ойын.  Балалардың  өте  жауапты  сензитивті  осы  кезеңінің 

ерекшелігін  есепке  алу  аса  маңызды,  өйткені  баланың  мектеп  жасына  дейінгі 

шақтан, кіші мектеп оқушысы кезеңіне өтетін күрделі, ауыспалы кезеңі. Нақты 

осы шақта балалардың іс-әрекет түрлері де бірте-бірте, ойыннан оқу әрекетіне 

ауысады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  ынталандырудың  негізгі  әдісі  де  – 

ойын.  Ойын  әдісі  арқылы  балалардың  оқу  іс-әрекетіне  танымдық 

қызығушылығын қалыптастырамыз. Ойын іс-әрекеті, ойын түрлерін пайдалана 

отырып  ұйымдастырылған оқу қызметінде, топ серуендерде, әртүрлі тәрбие іс-

шараларында 

сюжетті-рөлдік, 

дидактикалық 

ойындар, 

ойын-жарыс 

элементтерін  пайдалану  керек.  Ойындар,  олардың  сан  алуан  түрлері  ежелден 

этнографтарды,  психологтарды,  археологтарды,  педагогтарды  және  басқа 

ғалымдарды  қызықтырған.  Балалар  тәрбиесінде  ойындардың  алатын  орны 

жайлы Қазақстанда тұңғыш еңбек  жазғандардың  бірі  педагог  Н.С.Құлжанова 

болды. 



331 

 

Ойын  іс-әрекетін  бүгінгі  таңда  пайдаланып,  балалардың  танымдық 



қызығушылығын,  белсенділігін  арттыру  бала  мен  тікелей  қарым-қатынасқа 

түсу,  оны  оқыту  үрдісіне  ынталандыру,  сапалы  қасиеттерін  ашу  білім, 

біліктілігін, іскерлік пен дағдысын қалыптастырудың  маңызы зор.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ойын  іс-әрекеті  балаларды  тәрбиелеудің  

негізгі  құралы  ретінде  қарастырылса,  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  ойын 

оқыту  әдісі  ретінде  көрініс  табады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 

мектепалды  даярлауда    дидактикалық  ойындар  ойын  әдісі  ретінде  үлкен 

маңызға  ие.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде 

дидактикалық  ойындарды  дидактикалық  мақсатта  қолданудың  педагогикалық 

мүмкіндіктері ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.  

Мектепке  дейінгі  кезеңнің  оқу  іс-әрекеті  процесінде  аса  дайындықты 

қажетсінбейтін  дидактикалық  ойындарды  пайдалану  керек  және  олар 

оқытатын,  үйрететін  сипатқа  ие  болуы  тиіс.  Дидактикалық  ойындарды 

ұйымдастырғанда оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру 

маңызды.  Оларды  сабақтың  әрбір  кезеңіне  сәйкес  дұрыс  пайдалану  да  өте 

тиімді.  Дидактикалық  ойындарды  ұйымдастыру  мен  жүргізу  педагогикалық 

тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты: 

1.Ойынның  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  дидактикалық  мақсатына 

сәйкестігі. 

2.Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі; 

3.Ойынға қатынасушылардың белсенді шығармашылық позициясы; 

4.Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы; 

5.Ойынның эмоционалды болуы. 

Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін оның 

арнайы құрылымы болуы шарт. Оның құрылымы : 

1.

 



Міндеті; 

2.

 



Әрекеті; 

3.

 



Ереже; 

4.

 



Нәтиже, ойынның аяқталуы. 

1.  Міндеті.  Әрбір  дидактикалық  ойынның  белгілі  міндеті  болады,  ол 

дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның (мақсаттан келіп) міндеті 

оның  оқу  мазмұнын  құрайды.  Ойын  мазмұны  балалардың  қызығушылығын 

оятады,  олардың  танымдық  іс-әрекетін  дамытады  және  жаңа  білім,  іскерлік, 

дағдымен байытады. 

2. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге 

асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір баланың мінез-

құлқын анықтап, ұйымдастырып, бір тұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы 

іске  асады.  Ол  балалардың  қызығушылығын  оятып,  олардың  ойынға  деген 

эмоционалдық  қатынасын  анықтайды.  Дидактикалық  ойында  әрекет  нақты 

анықталған  және  айқын  түрде  белгіленген.  Ол  әртүрлі  болуы  мүмкін,  бұл 

жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс: 

3.  Ереже  ойын  міндетіне  бағынады.  Олар  іс-әрекетті  ойынның  міндетін 

жүзеге  асыруға  бағыттай  ұйымдастыруды  көздейді.  Сондықтан  дидактикалық 



332 

 

ойында іс-әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не 



және қалай істеу керектігін анықтайды.  

Ережесіз  іс-әрекет  жайбарақат  дамып,  дидактикалық  міндеттің  жүзеге 

асуына  ықпал  ете  алмайды,  сөйтіп  өзінің  негізгі  сипатынан  айырылады. 

Дидактикалық  ойынның  ережесі  іс-әрекетті  ұйымдастырып  қана  қоймайды, 

сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады. 

4. Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен 

ойынның  аяқталуын  екі  тұрғыдан  бағалау  қажет:  баланың  көзқарасы 

тұрғысынан және тәрбиешінің көзқарасы тұрғысынан. 

Балабақшада  дидактикалық  ойындарды  оқу  іс-әрекетінде    қолданудың 

бірқатар педагогикалық шарттары бар: 

-  дидактикалық  ойындарды  балабақшада  пайдалану  қарапайымнан  

күрделіге, нақтыдан абстрактілеуге және керісінше принципіне сәйкес қолдану; 

- беріліп отырған дидактикалық ойындарды өткен материалды еске түсіру 

және бекіту барысында тиімді, жүйелі қолдану; 

дидактикалық 



ойындарды 

көрнекілікпен 

астарлап 

қолдану, 

көрнекіліктерді  эстетикалық  талаптарға  сай  жасап,  ойынның  дидактикалық 

мақсатына сай дұрыс қолдану; 

-дидактикалық  ойындарды  әрбір  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде 

материалдардың дидактикалық мақсатына сай қолдану; 

-  ойындарға  қажетті  көрнекіліктер  жасау,  оларды  арнайы  қораптарға 

салып жүйелі пайдалана білу керек. 

Тәрбиеші  бағдарламалық  материалға  сәйкес  мазмұны  жағынан  әртүрлі 

дидактикалық  ойындарды,  саяхат-ойындарын,  тапсырма-ойындарды,  жарыс-

ойындарды, әңгіме-ойындарын, танымдық іс-әрекеттің сипатына қарай әртүрлі 

ойындарды,  орындаушылық  іс-әрекеті  талап  ететін,  қайта  жаңғырту  әрекеті 

орындалатын,  бақылау  әрекетін,  ізденушілік  әрекетті  көздейтін  ойындарды 

пайдаланады.  Содан  кейін  тәрбиеші  ойынның    құрылымындағы  орнын  және 

оны  жүргізу  әдістемесін  анықтайды.  Дидактикалық  ойындардың  қайсысын 

болсын  өткізу  барысында  балалар  түрлі  іс-әрекеттерді  орындайды.  Дегенмен, 

оларды  қандай  да  бір  іс-әрекеттің  басым  орындалуына  орай  топтастыруға 

болады.  Демек,  ойын  барысында  орындалатын  негізгі  іс-әрекеттерді  анықтап, 

оның түрлерін іс-әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді.  

Кейбір  дидактикалық  ойындарда  балалардың    орындаушылықпен 

(берілген  үлгіге  еліктей  отырып),  біршамасында  еске  түсіруімен,  (қайта 

жаңғырықтандырумен)  байланысты,  қайсы  бірінде  тексеру  мен  бақылау, 

өзгерту,  түрлендіру,  әртүрлі  мүмкін  нұсқаларды  іздестіру  сияқты  іс-әрекеттер 

орындайды. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы сияқты іс-

әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да 

жүзеге асыруымыз керек.  




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау