«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


БАЛАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА АСЫҚТЫҢ РӨЛІ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет185/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   296
materialy resp chteniy

БАЛАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА АСЫҚТЫҢ РӨЛІ 

 

Омарбекова Фарида Қызырқанқызы 

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, МКҚК 

№51 бөбекжай – балабақшасының  меңгерушісі 

 

Мектепке  дейін  білім  –  бұл  барлық  білім  беру  жүйесінің  іргетасы,  мұнда 

баланың  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғасы  қаланады.  Жаңа  оқу  жылынан 

бастап,  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы 

қолданысқа енгізілді. Ал біздің міндетіміз жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие 

мен  оқыту  мазмұнын  тиімді  іске  асыру.  Халқымыз  бала  тәрбиесіне  қашан  да 

ерекше  мән  берген  өйткені,  бала  біздің  өміріміздің  жалғасы.  Халықтық 

педагогика  –  қазақ  халқының  сан  ғасырлық  ұрпақ  тәрбиесіндегі  ұлттық  салт-

дәстүрлері  мен  тарихи  -  мәдени  ойлау  үдерісі,  солардың  озық  үлгілерінің 

жиынтығы.   мен әдіс - тәсілі, біздің «№51 Бөбекжай – балабақшасында» алға 

қойған  мақсат  осы  халықтық  педагогиканы  меңгеріп,  оны  іс-жүзінде  жүзеге 

асыру,  осыған  орай  бақшамызда  біраз  жұмыстар  атқарылып  келеді. 

Ұйымдастырылған  оқу  қызметінде,  ертеңгіліктерде  халық  педагогикасы 

бойынша  баланың  бойына  имандылық,  адамгершілік,  шыдамдылық  пен 

шыншылдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелейміз. «Басында бұлағы бар өзен ұзақ 

ағады» - демекші, қазақ халқымыз өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, 

абзал  азамат  болып  өсуіне  бағыт  бағдар  беру  әрбір  педагогтың  міндеті. 

Балабақшада тәрбие ең негізгі ең алғашқы орынға қойылуы заңды. Бұл мәселе 

жөнінде Әбу Насыр әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі 



320 

 

керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен. Осы орайда 



балалардың жан - жақты дамуына халықтық педагогиканың берері мол. 

Мектеп    жасына    дейінгі  балалармен  ұйымдастырылған    оқу-  қызметінде 

ойын әдісі маңызды  орын  алатыны мәлім. 

Қызықты  ойын  әрекеті  процесінде    балалардағы  білімдермен, 

іскерліктердің    қалыптасуы  тікелей  оқуға  қарағанда    жылдам  іске  асады. 

Осыған  байланысты,  біз  барлық  тақырыптар    бойынша  ойын  жаттығуларын 

құрғанда  бүгінгі  балалардың  қызығушылығы  мен  мүмкіншіліктерін  ескере 

отырып,  олардың  белгілі  бір  ақыл-ой  күшін  жұмсайтындай  мазмұнды  құруға 

тырыстық, сол үшін тәрбиеші - педогогтарға жоғары  талап қойылып отыр, ол 

оқу қызметтерін дұрыс ұйымдастыру. 

Баланың бірінші әрекеті - ол ойын, сондықтан да оның маңызы ерекше.   

Балабақшамыз «Орыс тілді» болсада жоғарыда айтып кеткендей, заманның 

ағымына  қарай  өзге  ұлт  өкілдері  болашақ  ұрпақтарының  мемлекеттік  тілді 

меңгеріп,  қазақ  елінің  тәрбиелік  мәні  зор  салт  дәстүрін,  ертегі  әңгімелерін, 

жұмбақтарымен  санамақтарын  және  де  денсаулықтарымен  ойлау  қабілеттерін 

дамытатын  ұлттық  ойындарын  тек  балабақшада-ғана  емес  үйлеріне  барғанда 

отбасы  мүшелерімен  жалғастыратынын  айтып  ата-аналар  өз  ризашылығын 

білдіріп жатады. «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма, күміс күлкі көрмей 

ол,  кемеліне  толама»  -  дегендей  балабақшамыздағы  әр  педагогтың  күнделікті 

жұмысында    қазақтың  бір  ұлттық  ойыны  жоспарланған.  Өзге  ұлт  балалары 

болғандықтан  «ойынның»  сөзімен,  шартын  қазақ  тілі  мұғалімі,  тәрбиешімен 

балаларға  түсіндіріп,  жаттатып  тілдерін  жаттықтырады,  балалар  бос 

уақыттарында    ойынды  қызығушылықпен  жалғастыра  жөнеледі.  Балаларды 

кішкентайынан  өнерге,  әнге  баулыйтын  ойындар  көптеп  саналады,  соның 

ішінде  «Тақия  тастамақ»,    «Айгөлек»,    «Ұшты  -  ұшты»,    «Қазақ  үйде  бұрыш 

жоқ» ойындары.  

«Білім  туралы»  2007  жылғы  27  -  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы 

Заңының  14-бабының  5-тармағына  сәйкес  Республика  бойынша  77  мектепке 

дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  жаңа  технологиялар  мен  білім  беру 

бағдарламаларын  апробациядан  өткізу  2015  жылғы  12  қаңтардан  басталды, 

соның ішінде біздің балабақшамызда эксперименталды алаң болып бекітілді. 

№51  бөбекжай  балабақшасы  "Мектепалды  оқыту  негізінде  денсаулық 

сақтау  технологияларын  дамыту"  –  бойынша  оқу-тәрбие  жұмыстарын  бастап 

кеттік. Осы тәжірибиенің мақсаты: денсаулық сақтауда құзыреттілігі, дарынды 

балаларды  дамыту  жүйесін  мұқият  ойластырылуы,    дамыған  балаға  жаңа 

технологиялардың  ықпалын  теория  және  практика  жағынан  негіздеу  болып 

табылады.  Ең  бастысы  осы  тәжірибиеміз  балалардың  рухани  -  адамгершілік, 

әлеуметтік - психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған. Баланы оқыту 

және 

тәрбиелеу 



жаңа 

технологияларды 

зерттеу 

мақсатында 

бізді 

В.Воскобовичтің  және  Н.А.Зайцевтің  тәсілдері  айырықша  қызықтырды.  Бұл 



тәсілдер балалардың қысқа мерзімде оқу және жазу дағдыларын ойын арқылы 

дамытады. Осы тәсілдер балалардың зияткерлік дамуына зор ықпалын тигізеді. 

Жәнеде  осы  тәсілдер  инновациялық  денсаулық  сақтау  технологияларымен 



321 

 

тығыз байланыста болғандықтан, біз "Мектеп алды оқыту негізінде денсаулық 



сақтау технологияларын дамыту" атты тақырыбымызды толық қамтыдық әрине 

жұмысымыз  әлі  де  нәтижелі  жалғасын  табуда.  Жалпы  асыққа  тоқтала  кететін 

болсақ,  асық  –  төрт  түлік  малдың  ішінде  қой  -  ешкінің  тілерсегінде,  асықты 

жілік  басында  орналасатын  шымыр  сүйек.  Аңдардың  да  тілерсек  тұсында 

болады.  Қазақта  асық  қасиетті  саналады.  Баласы    ұл  болса,  бесігінің  басына 

бөрінің асығын іледі. Бәле - жаладан аулақ, шымыр - қайратты болсын дегені. 

Асық патшасы – сақа. Оның ең ірі, шымыры арқардың асығы – құлжа не қолқар 

деп  аталады.  Кейде  қошқардың  асығын  ұстайды.  Шымыр,  салмақты  болса, 

қойдікі де жарайды. Иіргенде, алты қырынан түседі. Асық иірудің өз атаулары 

бар:  алшы  –  асықтың  иірілгенде  тегіс  табаны  жерге  тиіп,  тұрық  түсуі.  Ойын 

кезінде  оған  бірінші  дәрежелі  мән  беріледі;  тәйке  (тауа)  –  асықтың  иіріленде 

шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие; бүк – 

асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші 

дәрежелі мәнге ие; шік – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, 

шалқасынан  жатық  түсуі.  Ол  төртінші  дәрежелі  мәнге  ие;  табан  –  асықтың 

тәйке  жағы  болып  табылады.  Сонымен  қатар  асық  ату  ойыны  көз  жітілігін, 

мергендікті  дамытады,  баланың  бойында  еріктілікті,  ұстамдылық  пен 

шыдамдылықты,  қарсыласын  сыйлай  білу,  адалдық  және  басқа  да  ізгі 

қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады. Асық ату ойынын таңдаған себебіміз 

осы.  Ойымызды  іске  асыру  үшін  жан  –  жақты  көп  іздендік  мәселе  ұлттық 

кітапханамызға  барып,  асық  туралы  мәліметтер  жинастырдық.  Ата- 

аналарымызбен де бұл ойымызбен бөлісіп балаларға қазіргі таңда смартфондар 

мен компьютерлердің зиянды жақтарын, олардың бала денсаулығына пайдасыз 

екенін  төмендегідей    түсіндіріп  дөңгелек  үстелдер  ұйымдастырылып 

компьпютермен асықтың өсіп келе жатқан бала ағзасына пайдасымен зиянын   

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау