«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


«Балбөбек»  бағдарламасымен жұмыс жасаған кезеңде  «Оқытудың ойын



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет183/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   296
materialy resp chteniy

«Балбөбек» 

бағдарламасымен жұмыс жасаған кезеңде 



«Оқытудың ойын 

формасы» 

технологиясы бойынша жеткен нәтиже жетістіктеріміз



1998 жылдың сәуір айында «Балаларға тәрбие мен білім беруде балабақша 

мен мектептің байланысы» атты облыстық семинарда  «Ойын әдістері арқылы 



317 

 

сан    және  санау  ұғымдарын  бекіту»  тақырыбында  тәжірибелік  сабақта 



Ғибатуллина  Алма  Сағындыққызының  жалпы  педагогикалық  жұмыс  дәрежесі 

жоғары  деңгейде  бағаланып  семинар  қортындысымен  «жоғары»  біліктілік 

санатына ұсынылды. 

Желтоқсан айында «Білім және ғылым қызметкерлерінің І сьезіне делегат 

болып  қатынасып,  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  қосалқы  секциясында 

«Этнопедагогика  балабақшада»  тақырыбында  іс-тәжірибелік  баяндама 

жасалды.  

Съезд  күндеріндегі  «Қазақстан  мұғалімі»  газетіне  «Ұлыс  пен  ұлт  ертеңі» 

атты мақала жарияланды. 

2000 жылы балабақшамыз «Ең таңдаулы балабақша»  аудандық, облыстық 

байқауларында  І  дәрежелі  Дипломға  ие  болып,  Республикалық  байқаудың 

«Лауреаты» атанды. 

Осы  жылы  Республикалық  ХХУ  Педагогикалық  оқуда  «Балбөбек 

бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру» тақырыбында 

баяндамасын  қорғаған  тәрбиеші  Есенгенжина  Галия  Рахметоллақызы  ІІІ 

дәрежелі Дипломмен марапатталды.  

«Балабақшадағы 

5-7 


жастағы 

балаларды 

Мектепалды 

даярлық 


бағдарламасы»  бойынша  «Сын  тұрғысынан  ойлау»,  «Тәй-тәй»  әдістемесі 

қолданылды.  

2004  жылы  балабақша  меңгерушісі  Қайрлиева  Балғаным  Қуандыққызы 

Қостанай қаласында өткен «Мектепалды даярлыққа - 5 жыл: түйінді мәселелер 

және болашағы» халықаралық конференциясына делегат болып қатысып, №11 

«Шағын  мектеп»  ғылыми-әдістемелік  журналында  «Құлыншақ  балабақшасы» 

тақырыбында балабақшаның  іс-тәжірибесі жарияланды. 

2005  жылы  «ХХІ  ғасырдағы  мектепке  дейінгі  білім  беру;  ізденістер,  

түйінді  мәселелер  және  болашағы»  атты  облыстық  ғылыми-практикалық 

конференциясында    «Мектепалды  дайындық  бағдарламасы  мазмұнын  «Тәй-

тәй» әдістемесімен ұштастыра жүргізудің маңызы тақырыбында балабақшаның 

іс-тәжірибесімен таныстырылды. 

2006  жылы  Халел  Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 

университетінде ұйымдастырылған «Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен 

келешегі» 

Республикалық 

ғылыми 

практикалық 

конференциясында 

«Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық негізінде 

балаларды  мектепке  дайындау  мәселелері»  тақырыбындағы  іс-тәжірибе 

жинаққа енгізілді. 

Білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  бір  бағыты  –  білім  беру  үрдісін 

ақпараттандыру.  Балабақшаның  бұл  тұрғыдан  негізгі  мақсаты  –  балалардың 

ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру.  Бұл  бағыттада  жұмыстар  жүргізіліп 

нәтижесін  беруде,  2007  жылы  Алматы  қаласында  «Мектепке  дейінгі  балалық 

шақ»  Республикалық  орталығы  ұйымдастырған  «Мектепке  дейінгі  тәрбие 

стандартын  дайындау  мәселері  жөніндегі»  халықаралық  конференцисында 

«Баланың  бойында  ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудағы  отбасы  мен 

балабақша  арасындағы  қарым-қатынас»  тақырыбындағы  баяндамаларын 




318 

 

қорғап, ол баяндама негізі халықаралық конференция материалдары жинағына 



енгізілді. 

2008  жылы  Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  республикалық 

педагогикалық  оқуларында  Сыралиева  Динара  Әділбекқызының  «Мектепалды 

дайындық  топтарындағы  балалардың  кітапқа  деген  қызығушылығын 

қалыптастыру»  тақырыбындағы  баяндамасы  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрлігінің  «Құрмет  Грамотасымен»  марапатталып, 

«Ағартудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық  теория  мен  практикаға  дейінгі 

жетістіктері» атты республикалық жинаққа енгізілді. 

Балабақшамыздың  инновациялық  бағыттағы  жұмыс  тәжірибесінің 

нәтижесінде  2009  жылы  Атырау  облыстық  кадрлар  біліктілігін  арттыратын 

және қайта даярлау институтының 2009 жыл 9 қыркүйек № 57 куәлігі бойынша 

балабақшамыз «Сын тұрғысынан ойлау арқылы балалардың ой-өрісін дамыту» 

бағытында тірек балабақшасы болып бекітілді. 

2013  жылы  мамыр  айында  Талдықорған  қаласында  «Баланың  жасында 

көргені  бүкіл  өміріне  азық  болады»  тақырыбында  өткен  республикалық 

педагогикалық  оқуларда Абілбашарова Нұрсәуле Ғапурынқызының «Ертегілер 

арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  құзіреттіліктерін 

қалыптастыру»  тақырыбындағы  баяндамасы  «Алғыс  хатпен»  марапатталды 

республикалық баяндама жинағына  енгізілді. 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2014  жылғы  9  қазандағы  №408 

бұйрығымен  «Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  жаңа  технологиялар  мен  білім 

беретін  оқу  бағдарламаларын  апробациядан  өткізу  алаңы»  болып  республика 

бойынша 77, облыс бойынша 5 балабақша бекітілді. Сол 5 балабақшаның бірі – 

біздің «Құлыншақ» бөбекжай балабақшасы болды.  

Қазіргі ақпараттандыру кезеңінде интернет ресурстарын қолдану тиімділігі 

артуда. 


WWW.45MINUT.KZ 

сайтымен 

тұрақты 

байланыста 

болып 

тәрбиешілердің іс-тәжірибелері интернет желісінде жарияланып келеді. 



2016  жылы  Республикалық  қосымша  білім  беру  оқу-әдістемелік 

орталығының  ұйымдастыруымен  «Ұстаз  салтанаты»  қашықтықтан  өткізілетін 

Республикалық  интернет  байқауында  Ортаңғы  «Жұлдызша»  тобының 

тәрбиешісі  Есенгенжина  Ғалия  Рахметоллақызының  «Қазіргі  заманға  сай  бала 

тілінің  дамуы»  тақырыбындағы  шебер  сыныбы  «Ата-анамен  жұмыс» 

номинациясы бойынша «Бас жүлдеге» ие болды.  

Музыкант  Қайрлиева  Шұға  Жантұрғанқызы    Ортаңғы  «Гүлдер»  тобында 

өткізген  «Аккаланың  жаңа-жылдық  шырғалаңы»  тақырыбындағы  қойылымы 

«Жаңа-жылдық  букет»  қашықтықтан  өткізілетін    Республикалық  интернет-

байқауында жүлделі ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

Республикалық  45minutkz»  басылымынан  шыққан  «Жаңа  білім  –  жаңа 

ғасыр»  кітап-топтама  жинағына  тәуелсіздік  жылдар  ішіндегі  тәрбиешілердің 

шығармашылық  жұмыс-нәтиже  көрсеткіштері,  яғни  баяндама  топтамалары 

жинақталып  интернет  желісі  арқылы    мектепке  дейінгі  білім  беру  мекеме 

педагогтарына көмекші құрал ретінде ұсынылды. 



319 

 

Мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңарту  –  негізінен  білім  мазмұнының 



мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын 

арттырумен  және  оны  қалыптастыруда  жаңа  педагогикалық  технологияларды 

пайдалана  білумен  де  тығыз  байланысты  десек,  Қазақстанда  100  жылдық 

тарихы  бар  мектепке  дейінгі  білім  беру  саласына  жарты  ғасырдан  астам 

шығармашылықпен  еңбек  етіп  келе  жатқан  «Құлыншақ»  бөбекжай 

балабақшасыныңда қосып отырған үлесі жалғасын таба береді. 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау