Ғалия Жәңгірқызы Халидуллина



жүктеу 0,88 Mb.
Дата25.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#24909
түріҚұрамы

Ғалия Жәңгірқызы Халидуллина,

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,

М.Қаналиев атындағы

Алғабас мектеп-балабақша кешенінің

мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Ң дыбысы және әрпі

Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Мақсаты: құрамында н, ң дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, ң дыбысы туралы дұрыс ұғым алуға үйрету. Балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Қажетті құралдар: аңдардың суреттері, қима әріптер мен буындар.

Көп тілдік: жабайы аңдар-дикие животные-wild animals

Оқу қызметінің барысы:

Салемдесу: Үлкенге сіз, кішіге сіз

Құрметпен бас иеміз біз


  • Балалар біз сауат ашу оқу қызметінде дыбыстармен әріптермен танысамыз.

  • Қане есімізге түсірейік, дыбыс деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Әріп деген не? (балалардың жауаптары)

  • Бүгін балалар біз орманға саяхатқа барамыз. (суретке назар аудару)

  • Не көріп тұрмыз, балалар? (орман, ағаштар)қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі)

  • Орманда нелер мекендейді екен? ( қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі)

  • Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?( аңдар)

  • Иә, балалар орманда жабайы аңдар мекендейді екен. Енді балалар Аң сөзіне дыбыстық талдау жасайық А дауысты дыбыс, ң дауыссыз дыбыс

  • Ң дыбысы қай дыбысқа ұқсайды, осындай тағы қандай дыбыс пен әріпті танимыз? (н дыбысына ұқсайды)

  • Дұрыс-ақ, балалар, н дыбысы мен әрпіне ұқсайды, жазылуында және айтылуында айырмашылық бар балалар.

  • Дыбыстардың (н,ң) айтылуына жеке-жеке дыбыстату арқылы айтылуына көңіл аударамын.

Үштілділік: жабайы аңдар – дикие животные – wild animals

Балаларға қайталатып айтқызамын



Сергіту сәті: Боран соқты оң жақтан

Боран соқты сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Су кетеді қолғаптан



Жұмбақ жасыру: «Қос арғымақ мінемін

Жолсызбен-ақ жүремін» (шаңғы)

Шаңғы сөзін тақтаға кеспе әріптермен жазғызу.

Дәптермен жұмыс

АҢ, ТАҢ, ОҢҒА сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Берілген суреттерді буынға бөлу: ЖАҢ-ҒАҚ, ЖАҢ-БЫР, ТО-ҢА-ЗЫТ-ҚЫШ,ТАҢ-ҚУ-РАЙ (балалар тапсырмаларды орындайды)

Балалар енді жазу дәптерімізді ашып Ң әрпін жазайық (жазылуын көрсетемін).



  • Балалар, біз қандай әріппен таныстық? – ң әрпімен

Қандай дыбыс екен? – дауыссыз дыбыс

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Мақсаты: тез әрі жылдам берілген әріпке сөз ойлап табу. Балалардың тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Балалар аң, шаңғы, қоңыз, жаңбыр, жаңғақ, аңшы сөздерін айтты. Жақсы, балалар, осымен оқу қызметіміз аяқталды, бәрің де өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет.


Күтілетін нәтиже:

Білді: ң әрпін басқа әріптерден айыра алады, дауыссыз дыбыс екенін, тиісті таңбамен белгілеуді;

Игерді: сөздің тек ортасында, соңында кездесетінін, сөздерге дыбыстық талдау жасауды;

Меңгерген дағдылары: н, ң әріптерінің айрмашылығын айтады.
жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау