Әдістемелік тәсілдер
«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қатынас адамның тіршілік әрекетінің маңызды шарты болып табылады. Қатынас адамзаттың тарихи тәжірибесі болып табылады және байланыс жасау механизмі ретінде ерте заманда пайда болып, адам нәсілінің өміршеңдігімен шарттас екендігін дәлелдеді. Адам ақпаратты қарапайым аңдар тілімен жеткізуден анық сөйлеуге дейінгі даму сатысынан өтті.
Барлық қоғамдық қызмет түрлерінде тіл, байланыс және сауаттылық барлық индивидумдардың негізі болып саналады. Ерте жастағы балалардың қатынас жасау дағдыларын дамытуда мектепке дейінгі білім беру жүйесі маңызды рөл атқарады. 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың сенситивті дамуының орасан зор мүмкіндігін ескере отыра, оларды сауатты сөйлеуді дамыту, тіл байлығын кеңейту, көп тілді қарым-қатынас жасау ортасына енгізу қажет. Тілді және сауаттылық дағдыларын меңгеру — күрделі процесс, оның барысында балалар басылым материалдарын қолдануды және түсінуді, сөздерді қалай қолдану керектігін, сөз мағынасы мен құрылымын оқып-үйренеді. Тілді меңгере отыра, бала идеяларды анық тұжырымдау, басқалармен бөлісу, басқа адамдардың идеялары мен әрекеттеріне жауап беру қабілеттілігін меңгереді.
Тілді меңгеретін бала аса күрделі және қуатты жүйені меңгереді. Ауызша сөйлеу, жазбаша тіл және альтернативті құралдар арқылы байланыс жасау қабілеттілігі кең ауқымды әрекеттер үшін маңызды. Танымды, логиканы және дағдыларды дамытуда тіл өмірлік маңызды рөл атқарады. Тіл, сондай-ақ, әлеуметтік құзыреттіліктің дәнекері.
Балалар тілді өз пікірлерін, сезімдерін және басқа да ойларын білдіретін құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар басқа адамдармен қатынас жасап, түсіну және түсіндіру құралы ретінде де қолданулары тиіс.
Ата-аналар, тәрбиеші және оқытушылар кішкентай бала тілін қалыптастыруда және сауаттылығын дамытуда басты рөл атқарады.
ҰБА мәліметтері (2005 жыл) тіл, байланыс жасау және сауаттылық дағдыларын бөлек компонент ретінде белгілей отыра, әр компоненттің маңызды аспектілерін алдыңғы қатарға қояды.
Бұл үш компонент бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сауат ашуды ерте дамытуда тілдің кейбір дағдыларын дамыту сөздік дағдылардың дамуына әсерін тигізеді.
Жалпы әдістемелік тәсілдер
Бұл әдіс-тәсілдер баланың қажеттілігін бейнелеп, тәжірибе алуына кепілдік береді:
- балаларға тілді тереңдетіп үйретуде қоршаған ортадан алған әсерлерін қолданыңыздар;
- балалардың не туралы айтып жатқанына көңіл бөліп, толығырақ тоқталыңыз;
- дауыс, қатынас, ишара және бет-әлпет мәнерінен тұратын байланыстың мәдени және лингвистикалық түрлерімен қамтамасыз етіңіз;
- егер балаңыз телебағдарлама көргісі келсе, сапалы бағдарлама таңдап алыңыз және баламен бірге қарай отырып, балаға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіріңіз;
- балаға қоршаған ортада жаңа сөздерді естіп, тыңдауға мүмкіндік беріңіз;
- отбасындағы күнделікті өмір жайлы баламен қарым-қатынас жасаңыз;
- баланың отбасында сөйлеген сөзі сауатты болуына жағдай жасаңыз;
- қоршаған ортадағы жағдайлар мен объектілерді суреттеуге сөздер мен сөйлемдерді қолдану үлгілерін дайындаңыз;
- баланың ана тілімен қоса екінші тілді меңгеруін қолдаңыз;
- балалармен күнделікті қарым-қатынасты қолданыңыз;
- сөз бен қимылды байланыстырыңыз;
- тілдердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыра отырып, әр тілдің құндылықтары туралы түсінік беріңіз;
- балаға отбасындағы қарыс-қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, талқылаңыз;
- баланың айтқанын тыңдауға мүмкіндік беріп, баланы тыңдай білуді дамытуға жағдай жасаңыз.
Тіл дамыту
Тілдің дыбыстық мәдениеті
Ортаңғы топтан бастап ойындар мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сөздегі дауысты және дауыссыз, қатаң және ұяң дыбыстарды түсінікті, бірнеше рет қайталай отырып, балаларға түсінік беру.
Сөйлеу кезінде сөз қосымшаларын анық айту қажет.
Дауысты игеру үлгісін көрсету: сөйлеу қарқынын өзгерту: баяу және жылдам сөйлеу, дауыс ырғағының мәнерлілігіне көңіл бөлу (балалармен әңгімелесуде, диалогта, көркем әдеби шығармалар, өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар оқуда).
Әр балаға дыбыс артикуляциясын және олардың дұрыс айтылуын көрсету.
Балаға сөзді түсіндіре және түзете отырып, дұрыс айтуына мүмкіндік беру.
Ортаңғы топтан бастап баламен бірге бір дыбыстан басталатын және аяқталатын сөзді табу (сөз бен дыбыс туралы әңгімелесуде, ойында, мысалы, «Дүкенде», «Сөз ойлап тап» және т.б. ойындарында).
Күнделікті өмірде қоршаған ортадағы түрлі дыбыстарды анықтауға және балаларға айтуды ұсыну. Баламен бірге сөздік ойындар ойнау (мысалы, қоршаған ортадан бір дыбыстан басталатын затты көрсет).
Балаларға дыбыстарды қабылдауға, тыңдай білуді дамытуға бағытталған шығармалар оқиды.
Ұйқас өлең жолдары мен тақпақтарды тыңдағаннан кейін ұйқас сөздерді ойлап табуға жадай тудыру.
Қарапайым өлең жолдарын ойлап шығаруға көмектесу.
Ортаңғы топта жаңа сөздермен таныстыруда балалардың назарын сөздің негізгі бөліктеріне аудару.
Балаларға әліпбидегі суреттерді көрсетіп және жұмбақтар шеше отырып, кітаптар оқып беруге болады.
Сөздік қор
Балалармен сөйлескенде немесе қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейткенде тіл үлгісі ретінде (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) әртүрлі сөздіктер қолдану қажет.
Баланы жаңа материалдармен және объектілермен таныстырғанда, аттарын атап, мағынасын түсіндіру қажет.
Қоршаған ортадағы және әдебиет мәтініндегі жаңа сөздерді тыңдауға, оларды бөліп көрсетуге мүмкіндік жасау.
Бала үшін маңызды және түсінікті олардың өмірі жайлы әңгімелерге қатыстыру қажет.
Ойында, тұрмыста заттардың (киімдер, ойыншықтар) бөліктерін, сапасы мен қасиеттерін дұрыс атауға және ажыратуға үйрету.
Балаға заттардың сапасы мен қасиетін суреттеуге қажетті сөздер таңдайтын, заттың тобын қолданатын, синоним және антонимдерді білдіретін сөздерді таңдай алатын жағдайларды құру.
«Бұл туралы не айтуға болады?», «Қандай сөз таңдап алуға болады?» сұрақтарына ойланып жауап беруге мүмкіндік беру.
Шығармалар оқу, әңгімелесу барысында жаңа сөздерді түсіндіріп, қызығушылықтарын тудыру.
Бала адамдардың көңіл күйі мен жағдайына байланысты сөздерді қолдануына жағдай құру (көңілді, жабырқау, мейірімді адам).
Жаңа сөздермен эксперимент жасау үшін жағдайлар жасайды.
Бала тілін әзіл-оспақ, ұйқас сөздер, өлең-тақпақтар арқылы байыта отырып, сауатты болуына қол жеткізеді.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздердің көпше, жекеше түрде, септіктерде байланысу үлгілерін көрсету.
Бала өз тілінде жануарлардың және олардың төлдерінің атауларын (қой - қойлар, қошақан — қошақандар) білдіретін зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сонымен бірге таныс заттар мен ойыншықтарды барыс септігінде көпше түрде (боталарға, текшелерге) қолдануы үшін ойын жағдайларын құру.
Сөз қосымшаларын дұрыс түсіну және қолдану үшін ойындар өткізу. Мысалы: «Не қайда жатыр (тұр, ілініп тұр)?».
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін дұрыс пайдалана білуде сөздік ойын ұйымдастыру (Мен жейдені, шалбарды, шұлықты киемін).
Балаларды дұрыс грамматиканы қолдана отырып, жауабы бір немесе бірнеше сөзден тұратын, аяқталған ойды білдіретін сөйлемдер құрастыруға тарту.
Әңгімелесуде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға сұрақ қоя отырып, жауап беру үшін жеткілікті уақыт берген дұрыс, өйткені кейбір балаларға сұрақты түсіну үшін көбірек уақыт қажет.
Өз жауаптарында дұрыс грамматикалық құрылымдар жасап, жаттыға отырып, күн бойында баланы әңгімеге тарту.
Байланыстырып сөйлеу
Балалардың сөйлеген сөзді тыңдап, түсінуіне және әңгімені қолдап, сұрақтарға жауап беруі мен сұрақ қоюы үшін сөздік материалдар мен ашық, эмоционалды көрнекі ойын жағдайлары мен жаттығуларды қолдану қажет.
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауға, ойыншықтар мен суреттің мазмұны бойынша әңгімелер құрастыруға балаларды қатысуға ынталандыру.
Сөздік ойын түрлері (әзілдер, жұмбақтар) мен күрделі сөйлемдерді түсініп, қолдануға мүмкіндік туғызу.
Білім беру процесіне ойын мен баланы қуантатын элементтер енгізіп, ойнақы, бұрмалап сөйлеуге, жұмбақтар жасыруға, бас қатырғыштар шешуге мүмкіндіктер жасау.
Балаларды пікір-сайыстарға қатысуға, әңгімелесуге, оқиғалар тыңдауға қызықтыру үшін уақыт табу қажет.
Баламен ата-тегі, қоғам және мәдениет туралы жиірек әңгімелесу.
Әңгімелеп отырған оқиға барысына әндер мен өлеңдерді біріктіруді көрсете отыра, баланы да сол оқиғаны әңгімелеп айтуға қатыстыру мүмкіндігін жасау.
Балаларды оқиғалар мен жағдайларды сипаттап айту үшін ашық, толық, арнайы сұрақтар қоюға ынталандыру.
Балаларды түрлі ойларды білдіретін әңгімелерге тарту (түсіндірмелі әңгіме, ғылым туралы әңгіме, күнделікті оқиғалар туралы әңгімелер және т.б.).
Баланы құрдастары айтқан оқиғаларды тыңдауға ынталандыру.
Ерсектер мен балалардың әңгімелесу үлгісін құру.
Баланың қызығушылығына сәйкес әрекеттерге арнайы уақыт бөлу.
Суретті кітаптар мен ертегілерді қолдану, ол суреттерге сүйене отырып, өзінің бастан кешкендерін әңгімелеп беруін сұрау.
Балаға сөйлем құрастыра білу, сөйлемді аяқтау, қысқа әңгімелер мен ертегілерді мазмұндау біліктерін қолдана отырып, жаңа сөздермен эксперимент жасауға жағдай құру.
Қатынас мәдениеті
Балалардың дұрыс және дұрыс берілмеген жауаптарын қоспағанда, өз бетінше жауап бере алатын ашық, аяқталған сұрақтар қоя білуге ынталандыру.
Ересектердің қойған сұрақтарына баланың берген кез-келген жауаптарын қабылдау.
Күні бойы баламен қарым-қатынас жасай отыра, қызықты да көңілді әңгімеге уақыт бөлу, мәдени және әлеуметтік тілдік орамды қолдана отырып, жаттығу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, көрсету және түсіндіру.
Шығармашылық тілдік қызмет
Балаларға кітап оқу немесе оқиғаларды әңгімелеу барысында ойыншықтар қолдану немесе көрнекі материалдарды пайдалану қажет.
Бала сөздік және ұйқастырып сөйлеу ойындарынан рақаттануы, таныс ертегілерді сахналауға қатысу ниетін білдіруі, ойыншықтар жайлы шағын оқиғаларды ойлап табуы, таныс адамдар мен балалардың аттарын қолдана отырып, ұйқас өлең жолдарын құрастыруы үшін талпыныс жасау.
Үнтаспаларға жазылған оқиғалар мен ертегілерді тыңдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету немесе телефонмен «әңгімелесуге» және сөйлесушіні «тыңдауға» ынталандыру үшін ойын жағдайларының үлгілерін құру.
Оқиға немесе ертегі мазмұнын түсінгенін көрсету үшін баладан бір рөлді ойнап беруін сұрау, содан кейін кейіпкерді қалай қабылдағаны жайлы сұхбаттасу.
Баланың топқа хабарлап айтатын «Хабарды жеткіз» түріндегі шығармашылық ойындарын ойластыру.
Бала оқиғаны әңгімелеуде немесе ойын білдіруде денесін қолданатын мимикалық ойындарды ойнауына жағдай жасау.
Көркем әдебиет
Балаларға оқылатын кітаптың мазмұны мен әңгімеленетін оқиғалардың мазмұнын және тыңдай білу ұзақтығын біртіндеп ұзарта отырып, күнделікті кітап оқыған жөн. Кітап оқу баланы рахат сезіміне бөлеп, кітаптарды қолдана отырып, баламен әрекет жасау, әзілдерін түсіну қажеттігін есте сақтаған жөн.
Шығарманы оқып болған соң, балалармен бірге оқылған шығарманың мазмұнын кітаптар мен журналдардағы сурет бойынша әңгімелеу.
Шығарманы оқу барысында суреттер көрсете отырып, балаларға да осылайша жасау керектігін түсіндіру.
Балалармен бірге басқалар оны тыңдай алатындай ойындарды ойнау.
Топта балаларға аудиотаспаға жазылған оқиғаларды тыңдатып, оларды ауызша көмек көрсетуге талпындыру.
Балаға кітап оқи отырып, кітапты күтіп ұстау керектігін түсіндіру. Балаға кітапты дұрыс ұстау, парақтарын ашу жолдарын көрсету.
Балалар емін-еркін қолданатын және қызығатын әсем безендірілген кітаптармен қамтамасыз ету. Балаларды баспа материалдарымен: журнал, фотосурет альбомы, ән жинақтарымен таныстыруды жалғастыру. Басылымдарды дұрыс қолданған балаларды мадақтау.
Балаларды өзіне таныс ертегілер мен әңгімелер мазмұны бойынша сурет-кітаптар құрастыруға қызықтыру.
Балаға таныс шығарманы оқу барысында баламен рөлдеріңізді ауыстырыңыздар, бала Сізге «оқып берсін».
Баламен бірге жақын арада оқылған немесе әңгімелеп берген шығарманы қайталаңыздар.
Бала әңгімені тыңдағаннан кейін, оған әңгімеден өзіне ұнаған бөлігінің суретін салуды өтіну. Балаларға арналған әндердің ішінен қалағанын суреттеуге көмектесу.
Әңгімеден үзінді оқып, әңгіменің соңын балалардың өздеріне ойлап құрастыруларын тапсыру.
Балаларды өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, балалардың ермектерін суреттейтін кітаптармен таныстыру.
Балаларды кітапханаға, кітап дүкеніне немесе кітап көрмесіне апарыңыз.
Бала өміріне байланысты кітаптар жинап, балаларға осы байланыстарды топтастыруға көмектесіңіздер (мысалы, балаларға әжеге арналған сыйлық туралы кітап оқитын болсаңыз, олардың әжелеріне не сыйлағысы келетінін сұраңыз).
Кітаптарда ақпараттар болатыны туралы түсіндіру. Мысалы, досыңа қоңырау шалмас бұрын телефон анықтамалығын қарау.
Балалардың басқа да іс-әрекеттерін дамытатын кітаптар қолданыңыздар (мысалы, егер бала қамал жасайтын болса, қамал туралы кітап табыңыздар).
Балаларға түсінікті көңіл көтеретін кітаптар құрастырып жасаңыз. Мұндай кітаптар баланың мәдени деңгейін жоғарылатады және өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Қоршаған ортамен таныстыру
Балаға ойнау, әрекет ету үшін материал түсінікті болу керек.
Баланы қызықтырған сұрақтарына жауап табуға көмектесу.
Бірнеше балама тапсырмаларды орындау жолдарын көрсету.
Қатынастық мәселелерді баланың деңгейінде шешетін жағдайларды қолдану. Мысалы, «Әсет те, сен де— екеуің бірінші болып айтқыларың келеді. Ренжіспей, тату болу үшін не істеу керек?».
Шешілетін мәселелерді балаға айту және баланың өзі шешім табуға мүмкіндік беру.
Түрлі шешімдерді шешуде өз ойларын толық айта білуге үйрету. Балаға дұрыс шешім табуға көмектесіп, оны мақұлдау.
Баланың фото суреттерімен және суреттерінен альбом жасау.
Бала басқалармен бірге мәселелердің шешімдерін табу үшін ересектермен және құрдастарымен қатынаста болуға, өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру.
Күнделікті топта кездесетін әртүрлі жағдайларға негіздей отырып, дұрыс шешім қабылдау нұсқасын әзірлеу.
ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
перспективалық жоспар үлгісі
«Қатынас» білім беру саласы
Тіл дамыту
№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны
|
1
|
Тақырыбы: «Топпен танысу» (саяхат)
Мақсаты: Тәрбиешінің таңдауы бойынша балалардың сөздік қорын айналадағы заттардың атаулары-сөздермен байыту. Балаларды тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, диалогке қатысуға үйрету.
Дидактикалық жаттығу: «Айтшы, бұл не?»
|
1
|
2
|
Тақырыбы: «Шұбар тауық» (әңгімелеуге дайындық)
Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің сұрақтары бойынша ертегіні әңгімелеуге үйрету. Ересектердің айтқанын тыңдап және түсіне білуге, сұрақтарына жауап беруге үйрету. Дыбыстардың айтылуын анықтау.
Сөйлеудегі дем алысын дамыту (ойын жаттығу «Қауырсынды үрле»).
Дидактикалық ойын: «Балапандарды тамақтандыру»
|
1
|
3
|
Тақырыбы: «Шар мен текшені салыстыру» (сөздік жұмыс)
Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер - шар, текше атауларын естеріне сақтауға көмектесу. Олардың ерекшеліктерін сөзбен белгілеуге үйрету: шар — домалақ, домалайды, текше — тұрақты, орнынан қозғалтуға болады, бірінің үстіне бірін қоюға болады.
Дидактикалық жаттығу: «Айтшы, бұл не?»
|
1
|
4
|
Тақырыбы: «Балалар тешелермен ойнайды» (сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру).
Мақсаты: Балаларды сюжеттік сурет, жеке заттарды, кейіпкерлердің әрекеттерін атау бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.
Тәрбиешінің сурет бойынша құрастырылған әңгімесін тыңдау, сөздерді (мұнара, қақпа, сары, әдемі қақпа және т.б.) аяқтай білуді дамыту.
Жекеше және көпше түрде етістіктерді (құраймын-құраймыз, ойнаймын-ойнаймыз, әкеле жатырмын-әкеле жатырмыз) қолдана білуін дамыту.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту. Сөйлеуде тыныс алуды дамыту.
|
1
|
5
|
Тақырыбы: «Сөйлейтін текше» (дидактикалық ойын)
Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Мақсаты: Балалармен бірге дауысты дыбыстарды «а, ә, о, ө» қайталау.
Дыбыстарды айтуға үйрету «о, ө». Есту зейінін жетілдіру.
Дауыс және артикуляциялық аппараттарды дамыту.
|
1
|
6
|
Тақырыбы: «Көкөністерден көже жасау» (дидактикалық ойын)
Мақсаты: Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру (сөздерді қолдану: тазалау, жуу, турау, қайнату), жеке сөздерді айтуға ынталандыру. Балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорларын байыту, олардың неге арналғаны туралы таныстыру. «ш» дыбысын еліктеу бойынша айтуға үйрету.
|
1
|
7
|
Тақырып: «Тентек балалар» (жануар-ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру.
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен жануар-ойыншықтар туралы қысқа әңгімелер құрастыруды үйретуді жалғастыру. Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде еркелетіп атауға үйрету (күшік-күшіктер, көжек-көжектер, құыншақ-құлыншақтар, ботақан-ботақандар т.б.).
«ш» дыбысын айтуды натылау және бекіту. Дауыс екпінін жаттықтыру.
|
1
|
8
|
Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»
(ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Алдын ала дайындықпен ойыншық туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Жануарлар төлдерінің аттарының «-шақ», «-қан» жұрнақтары арқылы жасалуы туралы түсінік беру.
|
1
|
9
|
Тақырыбы: «Бізге қуыршақтар келді» (сипаттау әңгімесін құрастыру)
Мақсаты: Түрлі қуыршақ туралы қысқа сипаттау әңгімелерін құрастыруға үйретуді жалғастыру. Заттардың белгілерін атауға үйрету (үлкен, кішкентай қуыршақ, әдемі, сәнді көйлек, жағасы ақ). Ойын жаттығуы «Айтшы, қандай?», зат есім мен сын есімнің байланысын үйрету. Дыбыстар тіркесінде, сөздерде дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
|
1
|
10
|
Тема: «Көмекшілер» (Н. Калининаның әңгімесі бойынша мазмұнын айтуға дайындалу)
Мақсаты: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша балаларға таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге көмектесу. Ыдыс-аяқ» тақырыбы бойынша сөздікті белсендіру (қасық, шанышқы, кесе, таза, кір, әдемі ыдыс т.б.).
|
1
|
11
|
Тақырыбы: «Аю мен қодық - біздің достарымыз «
(шығармашылық элементтерімен әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Екі ойыншық туралы, оларды бір сюжетте қосып қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Бұйрық райдағы етістіктің жасалуын үйрету (секір, жүр, бар). Антонимдерді пайдаланудың жолдарын көрсету. «о, ү, ұ»дыбыстарының дұрыс айтылуын бекіту.
|
1
|
12
|
Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»
(ертегі бойынша дайындық жасау)
Мақсаты: Ересектер көмегімен ертегі айтуды үйретуді жалғастыру.
Жануарлар төлдерін, заттардың белгілерін атауға үйрету. (ң) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту. Айтылуы бір біріне жақын сөздерді ажырата білуге үйрету. Дауыс екпінін қалай өзгерту керектігін көрсету.
|
1
|
13
|
Тақырыбы: «Қыстың ызғарынан аңдар қалай сақталды?»
(қысқа сюжеттік әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша сөйлем құрастыруға үйрету. Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде еркелетіп қалай жасауға болатынын көрсету, сын есімді белсендіру. (ч), (ф) дыбыстарының дұрыс айтылуын бекіту.
|
1
|
14
|
Тема: «Мысықтың баласы қыста қалай таңғалды»
(әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен табиғат көріністерін сипаттау бойынша қысқа әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Қимыл-әрекетті білдіретін етістіктерді таңдауды үйрету. Сөзді оны білдіретін іс-әрекетпен қатыстыра білуді бекіту.
|
1
|
15
|
Тақырыбы: «Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз» (дидактикалық ойын)
Мақсаты:Тәрбиешінің көмегімен әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Киім-кешектерді, істелінетін әрекеттерді, түсті білдіретін сын есімдерді атауды үйрету. (п) дыбысын дұрыс айту және бекіту, сөздерді дұрыс және анық айту.
|
1
|
16
|
Тақырыбы: «Шана тебеміз» (әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Тәрбиешінің үлгісі бойынша әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Киім, белгілер (түс және мөлшер), әрекет (тебеміз, жүгіреміз, ойнаймыз т.б.) атауларын бекіту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді қолдану (жылы-суық, тұрды-құлады). (т) дыбысын дұрыс айту және бекіту, сөздерді дұрыс және анық айту.
|
1
|
17
|
Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында» (өлең бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Ә. Асылбековтың «Жасыл шырша жанында» атты өлеңінің мазмұны бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Зат есім, сын есім, есімдіктерді байланыстыра білуін дамыту (мысалы, сәнді, тікенек шырша, алуан түрлі ойыншықтар, олар сылдырлайды және т.б.).
|
1
|
18
|
Тақырыбы: Қысқы серуен
(суретті қарағаннан кейін сипаттау әңгіме құрастыру).
Мақсаты: Сызба бойыншы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Тілде «еркелету зат есімдерін» белсендіру. Сөзтіркесін дұрыс айтуды бекіту, дауыс екпінін жөндеу, қарқынын өзгерту.
|
1
|
19
|
Тақырыбы: «Шай қайнатуды үйренеміз» (дидактиклық ойын)
Сөздік жұмыс.
Мақсаты: Ойын жағдаятын көрсетуге болатын әрекеттерді сөзбен белгілеу және көрсету: бір қайнатымды шайнекке салу, қайнаған суды құю, оны кесеге құю. Шай ыдыстарының атауларын естеріне түсіру. — ғыш жұрнағы арқылы жасалған ыдыс атауларын үйрету (қант салғыш, нан салғыш, сүт құйғыш т.б.).
|
1
|
20
|
Тақырыбы: «Ойыншық дүкені» (дидактикалық ойын)
Мақсаты: Балаларға тәрбиешінің сұрақтары бойынша қысқа әңгіме құрастыруға көмектесу. Сапасын және әрекетін білдіретін сөздерді қолдануға ынталандыру (ақ, жұмсақ қоян, үлкен, мейірімді мысық және т.б.). Таныс жануарлар мен олардың төлдерінің атауларындағы м, б, п дыбыстарын дұрыс айтуды бекіту.
|
1
|
21
|
Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерім және Динара балаларда қонақта» (шығармашылық элементтерімен әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Заттардың атын, сапасын, олардың әрекеттерін, «үлкен», «кішкентай» сын есімдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру, зат есім мен сын есімді байланыстыра білуді бекіту.
(д) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
|
1
|
22
|
Тақырыбы: «Кімге не керек?» (дидактикалық ойын)
Сөздік жұмыс.
Мақсаты: Тілде жалпылау сөздерді қолдану «киім», «балалар», қыз балаға, ұл балаға арналған киімдер туралы 2-3 сөйлемнен тұратын сипаттау әңгіме құрастыру. Зат есім мен сын есімді байланыстыруды үйретуді жалғастыру.
|
1
|
23
|
Тақырыбы: «Музыкалық ойыншықтар» (сипаттау әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Ойыншықтар туралы 2-3-сөйлем құрастыруды үйретуді жалғастыру (тәрбиешінің көмегімен).
Таныс ойыншықтарды, олардың сапасы мен белгілерін (түсі, көлемі): сыбызғы гуілдейді, қоңырау сыңғырлайды, дауылпаз дүңгірлейді. Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту, дауыс екпінін жаттықтыру.
|
1
|
24
|
Тақырыбы: «Ертегіде қонақта» (ертегі бойынша әңгімелеуді дайындау)
Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын айтуға үйрету. (к) дыбысының дұрыс айтылуын, осы дыбыспен сөздерді бекіту. Есту зейінін жетілдіру.
Дауыс және артикуляциялық аппаратты дамыту.
|
1
|
25
|
Тақырыбы: «Менің сүйікті анам» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Алгоритмді қолданып тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Сын есім мен етістікті таңдауды, сөздікті белсендіруді үйретуді жалғастыру (анам мейірімді, қамқоршы, әдемі, балаларды жақсы көреді, оларға қамқоршы).
Сөздерді және дыбыстарды анық, қатты айтуға жаттықтыру.
|
1
|
26
|
Тақырыбы: «Сүйікті мысығым туралы» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Сызба бойынша әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру, тілде сын есімдерді (кішкентай, тентек, жұмсақ, ойыншыл т.б.) белсендіру. м, к дыбыстарының айтылуын жаттықтыру.
|
1
|
27
|
Тақырыбы: «Ертегі жазамыз» (шығармашылық элементтерімен әңгіме құрастыру).
Мақсаты: Cызба бойынша әңгіме құрастыру, зат есім мен сын есімді байланыстыру арқылы қарапайым оқиғаны ойдан шығару
|
1
|
28
|
Тақырыбы: «Бізге көлік қалай қандай көмек көрсетеді?»
(сұрақтар – жауаптар)
Мақсаты: Өтініш білдіретін сөйлемдерді құруға, септеулік шылауларды дұрыс қолданып бекітуде заттарды атауға жаттықтыру. Сұрақтар қою ынтасын тәрбиелеу. Дауыс екпінін жөндей білуін дамыту (ойын жаттығуы «қатты немесе ақырын айт»).
|
1
|
29
|
Тақырыбы: «Менің көңілді, саңғырлаған добым»
(сипаттау әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру.
Заттарды қарастыруда олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
|
1
|
30
|
Тақырыбы: «Әйгеріммен ойнаймыз» (ойын — сахналау)
Сөздік жұмысы.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын сын есім және оның түрлерімен байыту. Үлгі және тәрбиешінің сөздері бойынша заттардың белгілі бір түсі мен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру (текше, кішкентай, үлкен, әдемі, көк, қызыл, матрешка).
|
1
|
31
|
Тақырыбы: «Бізге көктем келді» (сұрақтар – жауаптар)
Мақсаты: Тәрбиешінің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылытады, құстар ұшып келеді), сөздерге анықтама таңдауға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. Сұрақтар қою ынтасын тәрбиелеу. Жұмбақтардың мағынасын түсінуге, суретте шешімін табуға үйрету. (к) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
|
1
|
32
|
Тақырыбы: «Өзінің отбасы туралы әңгіме» (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).
Мақсаты: Өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету, сұрақтарға жауап беру: «Сен кіммен тұрасың? Сенің отбасыңда кімдер бар ?», «Саған кім қамқорлық жасайды?», «Анаңа қандай көмек көрсетесің?» және т.б. Тілде сын есімдерді (мейірімді, тату), етістіктерді (қамқорлық жасау, жұмыс істейді, көмектеседі). (г), (п) дыбыстарының айтылуын бекіту.
|
1
|
33
|
Тақырыбы: «Әйгерімнің қуыршағының бөлмесі»
(сұрақтар – жауаптар)
Мақсаты: Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруді үйретуді жалғастыру. Жиһаздарды және олардың бөлшектерін атау (үстел, орындық, диван, кереует, олардың аяқтары, отыратын жері, арқасы) бар. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруды үйретуді жалғастыру (әдемі диван, үлкен кереует жоқ болды). Сұрақтар қою ынтасын тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын «Қайсысы жоқ?»
|
1
|
34
|
Тақырыбы: «Біз дәрігерде қонақта болдық»
Сөздік жұмыс.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын «медициналық терминологиялармен» толықтыруды жалғастыру.
(к), (т) дыбыстарын айтуды, дауыс екпінін өзгерте білуді бекіту.
|
1
|
35
|
Тақырыбы: «Ғажайып қалта» (дидактикалық ойын)
Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Мақсаты: Сөйлеу фразасында дыбыстар мен сөздерді дұрыс анық айтуға жаттықтыру, сұраулы сөйлемдерді қолданып интонациялық мәнерлілікке мүмкіндік туғызу, ұзақ дем шығаруға жаттықтыру. Сөйлеу қарқынын өзгерте білуін дамыту: ақырын сөйлеу. Есту зейінін жетілдіру.
Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
|
1
|
36
|
Тақырыбы: «Сипаты бойынша таны» (дидактикалық ойын)
Бақылау.
Мақсаты: Ойыншықтың сипаты бойынша тану үшін ойыншық туралы қысқа әңгіме құрастыра білуді бекіту. Ойыншықтармен әрекетін және сыртқы белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға ынталандыру.
|
1
|
Барлығы:
|
36
|
Достарыңызбен бөлісу: |