Мектеп: «Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)»кмм мұғалімнің есімі: Ашимова Н. Т. Тақырыбы



жүктеу 41,77 Kb.
Дата06.02.2018
өлшемі41,77 Kb.
#8844

Мектеп: «Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)»КММ Мұғалімнің есімі:Ашимова Н.Т.

Тақырыбы: Мен және менің отбасым. Менің отбасымның тарихы мен дәстүрлері.

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынастың маңыздылығын, отбасындағы құнды дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын айқындату.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, «отбасы ағашы», оқушылардың шығармалары



Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1. Амандасу.

-Қане, балалар, шаттық шеңберіне тұрып, сабағымызды мына өлең жолдарымен бастасақ.

Қайырлы күн деп айтамыз,

Мектептен білімді боп қайтамыз.

Қайырлы күн, қонақтар,

Біз әдепті баламыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

-Ал, балалар, сабағымызға сәттілік тілеймін.

2.-Сендер топқа бөліндіңдер. Топта жұмыс істеудің «Алтын ережесін» еске түсірейік. Топтарыңның аты «Айым», «Күнім», «Жаным» деп неліктен аталған деп ойлайсыңдар? Бұл сөздерді кімдер айтады?

- Ендеше, бүгінгі сабағымызда отбасы туралы сөз қозғаймыз.

ІІ. «Топтастыру» стратегиясы.

І топ. Айым. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІ топ. Күнім. Отбасына қатысты туыстық атауларды жаз.

ІІІ топ. Жаным. Отбасындағы жарасым бірін-бірі сыйлайтын, түсінетін, бір-біріне қамқор болу үлкендерге де, кішіге де байланысты екен. Онда осы жарасымды күшейтетін «Отбасы ережесін» құрыңдар.

«Айым болып тудың ба?» әні орындалып тұрады. Топ жұмысын қорғайды.

Мұғалімнің сөзі:Ертеде ата-бабаларымыз киіз үй ортасында от жағатын, оны ошақ деп атаған. Бүкіл отбасы мүшелері от басына жиналып әңгімелесіп, ас ішіп отыратын. Сол кезден бір үйде тұратын жақын туысқандарды отбасы деп атайды. Отбасы дегеніміз - бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Оларды отбасы мүшелері дейміз.

ІІІ. «Текті білу тегін емес, өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек. Осы мақсатта мен балаларға тапсырма берген болатынмын. («Менің ата-тегім» отбасы ағашын қорғауы.)

IV. Мақал – мәтелдің жалғасын тап.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.

Отбасы туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.

Ұлың – қымбат,

Немерең – ыстық.

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер

Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

Балалы үйдің еңсесі биік.

Ұлы бар үйде қуат бар,

Қызы бар үйде шуақ бар.

V.Поэзия минуты.

Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел –отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел – ананың тікелей міндеті.

Балалардың отбасы туралы жыр шумақтарын оқуы.

-Қандай жыр жолдарын арнағыларың келеді? «Ана» өлеңі

Ана – аяулы жан. Ана – сабырлылығымен, кешірімділігімен, сыпайылығымен үй ішіне береке әкеліп, шаңырақ бақытын орнататын адам.

«Әке» өлеңі

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

«Әке – асқар тау» деген сөз тектен-текке айтылмаған. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.

VI. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасымның тарихы»  тақырыбындағы шығармаларын оқу.

-Балалар, мен сендерге үйге тапсырма берген болатынмын. Шығарма жазып келдіңдер. Солардан оқып берсеңдер.

VII. Ойын: «Біз екеуміз бірге…»

Бұл ойында бала ата-анасымен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз... VIII. Оқушыларға арналған жағдайларды талдау:

Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

Сенің досың – шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой.»– деп кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап, дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 

IХ. «Менің отбасымдағы дәстүрлер» топтастыру.

Бауырласқан жанымыз

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз, - дегендей әр отбасында жақсы дәстүрлер сақталған. Соларды топтастырып жазсаңдар.

Х. Қорытынды.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрдің сақтаушысы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни, «Отбасы – алтын діңгек» екенін дәлелдейді. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, алтын діңгегі.

Топтарға қошемет көрсету.





жүктеу 41,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау