Пәні: Информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыс
Пән мұғалімі: Саттарқұлов М.
Сыныбы: 10 «б».
Мерзімі: 10.02.11.
Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды жетілік»
Мақсаты:
Фотошоп бағдарламасына байланысты оқушылардың білім – білік дағдыларын тексеру;
Міндеттері:
Фотошоп бағдарламасы туралы теориялық білімдерін тексеру;
Практикалық жұмыс жасату арқылы оқушылардың практика жүзінде қолдану шеберлігін анықтау;
Шығармашылық деңгейін бақылау және бағалау.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Фотошоп бағдарламасы, интерактивті тақта
Сабақтың кезеңдері:
«Фотошопты жарнамалау» бөлімі
«Жарықсыз Фотошоп құралдары» бөлімі
«Қызметші сөздер» бөлімі
«Саммит» және «Азиада» тақырыбында коллаж жасау бөлімі.
«Жаттанды командалар» бөлімі
«Галлерея» бөлімі
Бағалау, қорытындылау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың шарттарымен танысу;
Жарыс сабағының шарты:
Сабақ негізгі 7 кезеңнен тұрады. Шарт бойынша әр кезеңде оқушы өзінің білімін көрсете білуі тиіс. Ең көп балл жинақтаған оқушы жеңімпаз атанады.
І КЕЗЕҢ
«Фотошопты жарнамалау» бөлімі – бұл жерде оқушылар фотшоп бағдарламасын мадақтап, оны жарнамалайды. Әр жарнамаға 1 бал беріледі
Жарнамалау үлгісі:
Фотошоп өте қызықты бағдарлама.
Фотошопта адамды әдемілеу, оған қосымша әсерлер қолдануға болады.
Фотошоп өте ыңғайлы, өте қарапайым, өте мықты құрал болып табылады.
Фотошопта кисть құралы арқылы өте әдемі суреттер салуға болады.
Қабаттар терезесінде қабаттармен жұмыс жасауға өте қолайлы.
Навигатордың өзі не тұрады десеңші.
Құралдар панеліндегі құралдарды пайдаланып, көптеген қызықты графикалық бейнелер құруға болады.
Түстер палитрасын қолдануға өте ыңғайлы.
Меню жолындағы командаларды оп-оңай қолдануға болады. Мысалы, егер құралдар жоғалып кетсе, оларды ОКНО менюы арқылы тез тауып алуға болады.
Жұмыс терезесіне екі рет шертсе жетіп жатыр, файлды ашуға мүмкіндік береді.
ІІ КЕЗЕҢ
«Жарықсыз Фотошоп құралдары» бөлімі – бұл жерде әр топтан бір сезімтал оқушы шығады. Көздерін байлап, құрал аспаптар панелінде орналасқан құралдарды тауып оларды көрсетеді. Құралдарды ең көп дұрыс тапқан топ жеңіске жетеді. Әр құралға бір ұпай беріледі. Барлығы 5 минут уақыт беріледі.
Сиқырлы таяқша деген кезде осы құралды көрсету қажет!
Түстерді таңдау деген кезде осы құралды көрсету қажет!
Достарыңызбен бөлісу: |