86
Сабақта қолданылатын педагогикалық техноло-
гиялар: АКТ, топтық жұмыс, жұптық жұмыстар.
Оқыту нәтижесі:
- қалай, қашан және қандай сұрақтар қою қажет
екендігін түсінеді;
- оқушылардың танымдық қабілеті артады;
- оқушылар өз ойларын толық жеткізуге тырысады;
- бір-бірін дұрыс түсінуге, сыйлауға ынталанады.
Түйінді идеялар:
- барлық оқушылар үшін тиісті орта қалыптастыру;
- еркін атмосфераны қамтамасыз ету;
- балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен
талқылау, сауатты оқытуға ықпал ету;
- оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттыру,өз пікірін айтқызу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, аудиокітаптар,
стикер, түрлі-түсті қаламдар, флипчарттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
сәлемдесу,
түгелдеу,
балалардың назарын сабаққа аудару.
«Көңіл
күй
қоржыны»
смайлдары
арқылы
оқушылардың көңіл күйін, сыныптың эмоциялық
ахуалын қалыптастыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымызды бір-бірімізге жақсы
тілек айтудан бастайық. «Шаттық шеңберін» кұрайық.
Үй тапсырмасын тексеру (1, 3, 5, 7-модульдер):
А. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс,
толық және түсініп орындауын анықтау, тексеру;
Ә. Оқушының білімі мен іс-әрекетіндегі кемшілік-
терді анықтау;
- Балалар, біз қандай грамматикалық тақырып өттік?
(3, 5, 6, 7-модульдер).
87
- Шылау.
- Ал, қандай лексикалық тақырып өттік?
- Уақыт өлшемдері.
- Олай болса, кәне, балалар, осы өтілген тақырып
бойынша бір жұмбақ шешіп алайық.
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
Оқушылар жауабын дұрыс шешті. (Адамның сәби,
жігіт, қарт кезі).
Енді таңертең, кешке, түсте бұлар нелер?
- Бұлар – уақыттар, мезгілдер.
- Ал, аяқ – адамның дене мүшесі.
Балалар, аяқтан басқа адамның қандай дене мүше-
лерін білесіңдер? (Бас, көз, қол, құлақ). Осыларды
бір сөзбен не деп айтамыз? Сонымен сабағымыздың
тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Топқа бөлу.
1-топ. Білімділер.
2-топ. Ақылдылар.
3-топ. Тапқырлар.
Топтық жұмыс.
Адамның дене мүшелерінің қандай қызмет атқара-
тынын оқушылар айтып береді.
Оқушылардың сөздерін мен толықтырып жіберемін.
(1, 2, 3 модульдер.)
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Құлақ не үшін керек?
88
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал, аяғың не үшін керек?
- Шет жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Осы өлеңде шылау бар ма? (Үшін)
Қандай шылау? (Септеулік шылау.)
Жаңа сабақ. (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 модульдер)
Топтық жұмыс. Мәтінді азатжол (абзац) бойынша
оқып, сұрақ дайындайды.
Жаңа сөздерді меңгерту, қайталату, есіне сақтап,
сөйлем құрастыру.
1-топ мәтінді аударады.
2-топ сұрақтар дайындайды.
3-топ мазмұнын айтады.
Ойқозғау.
«Қызықты грамматика»
1 топ
2 топ
3 топ
оценка –
брат –
не иди –
берег –
молоток –
яблоко –
мальчик –
город –
сто –
степь –
новый –
осень –
туча –
продай –
мир –
нация –
лошадь –
привет –
Берілген
сөздердің
аудармасын
жазып,
сөз
тіркесін,сөйлем құрастырады.
3 топ орындап болған соң тексереміз.
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін сергіту
сәті жүргізіледі:
Адамның суретін салу.
Жабдықтар: флипчарт, түрлі-түсті қаламдар, стикер.
89
Үйге тапсырма:
1-топ – 3-деңгей:
Адамның дене мүшелері туралы реферат дайындайды.
2-топ – 2-деңгей:
Жай сөйлемнен сұраулы сөйлем жасау.
3-топ – 1-деңгей:
Сұрақтарға жазбаша жауап беріледі.
Рефлексия.
Бағалау парағы.
Зарина МӘМБЕТОВА,
Орал қаласындағы
№32 жалпы орта білім
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
БАСТАУЫШ ПЕН БАЯНДАУЫШ
ҚОНАҒЫ –
ҚАЗАҚТЫҢ
ДАСТАРҚАНЫ
Сабақтың мақсаты: оқушыларға «Қазақтың дас-
тарқаны туралы» мәлімет беру. Міндеттері: білімділік –
90
тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау,
тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі
дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелік –
сауатты, көркем жазуға үйрете отырып ұқыпты болуға
тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту; дамытушылық –
тез ойлап, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру,
шығармашылыққа баулу, ауызекі сөйлеуге дағдылан-
дыру, ой-өрісін кеңейту.
Типі: жаңа сабақ. Түрі: аралас сабақ. Әдісі:
интерактивті оқыту әдісі, өзіндік ізденіс, сұрақ-жауап,
бейнелеу, баяндау. Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Пәнішілік байланыс: лексика. Көрнекілігі: интерак-
тивті тақта, топшама, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты түгелдеу, оқу құралдарының толықтығы,
оқушылардың сабақты бастауға көңіл-күйі, оқушы
назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап (оқушылар интерактивті тақтада
көрсетілген үстел үстіндегі нөмірленген шыны-
лардың бірін таңдап, сұрақтарға жауап береді):
1. Қазақтың ұлттық тағамы не?
2. Жылқының етінен не дайындалады?
3. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?
4. Ұлттық тағамдар нешеге бөлінеді?
5. Сусындарға нелер жатады?
6. Тағамдарға нелер жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ. «Бастауыш пен баяндауыш
қонағы – қазақтың дастарқаны».
Жаңа сабақ үй тапсырмасымен байланыстыра отырып
түсіндіріледі. Үй тапсырмасының сұрақтарына жауап
Достарыңызбен бөлісу: |