81
Ұялы телефон
Рефлексия: Сабақта не туралы білдік?
Үйге: 1. Мәтінді мазмұндау; 2. «Болашақтағы ұялы
телефон» тақырыбына эссе жазу.
Венера СУФИЯНОВА,
Петропавл қаласындағы
«№ 26 мектеп-балабақша» КММ-ның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МАМАНДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ
СӨЗДЕР
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – «Мамандыққа
қатысты сөздер» тақырыбына байланысты сөздерді
еске түсіру, сұрақ-жауап және әр түрлі тапсырмаларды
орындау арқылы сөйлеу тілдерін дамыту; дамы-
тушылық – оқушылардың ойлау, сауатты сөйлеу,
мәнерлеп оқу,мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
тәрбиелік – қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын
арттыру, еңбекке, білімге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-
жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, сөздік жұмысы,
тапсырмалар орындау, диалог құру, интерактивті әдіс.
82
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, флипчарт.
Сабақтың эпиграфы: «Әр адам өз мамандығының
шебері болуы керек».
(Н.Ә.Назарбаев).
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
II. Жаңа сабақ:
Ойқозғау.
- Балалар, бүгін сендердің көңіл күйлерің қалай?
- Көңіл күйіміз жақсы болу үшін бізге не керек деп
ойлайсыңдар? Олай болса, мына сұрақтарға жауап
беріңдерші:
- Әдемі үйлерді кім салады?
- Тәтті тамақтарды кім пісіреді?
- Бізді кім емдейді?
- Балаларды кім оқытады?
- Кітапты кім береді?
- Көлікті кім жүргізеді?
(Тірек-сызбаны интерактивті тақтада көрсету).
Дәрігер
Құрылысшы
?
Жүргізуші
Мұғалім
Кітапханашы
Аспаз
83
Осы сөздерді бір жалпы атаумен қалай атайды?
- Бұл сөздердің жалпы атауы – МАМАНДЫҚ деп
аталады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, эпиграфы айтылады.
(слайд)
III. Дағдыландыру кезеңі.
1. Сөздікпен жұмыс (слайд):
Мамандық – профессия;
Наубайшы – пекарь;
Егінші – полевод;
Емдейді – лечит;
Қияды – подстрегает;
Болғым келеді – хочу стать, хочу быть;
Ерекшелігі – особенности;
Таңдап алады – выбирает.
(Сөздерді өзім оқимын, балалар хормен оқиды,
сөздерге фонетикалық талдау жасалады, сөздермен сөз
тіркестері, сөйлемдер құрастырылады).
2. Мәтінмен жұмыс (Тыңдалым):
а) мәтінді мұғалім оқиды;
ә) балалар кезекпен оқиды;
б) мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:
- Адамдарға мамандық керек пе?
- Қандай мамандықтар бар?
- Саған қандай мамандық ұнайды?
- Біздің денсаулығымыз, көңіл күйіміз жақсы болу
үшін не істеуіміз керек?
- Таза ауада көп жүру керек. Денені шынықтыру
керек. Өте дұрыс айтасыңдар. Олай болса, денемізді
шынықтырып, аздап демалайық.
84
IV. Сергіту сәті.
3. Грамматика.
- Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
- Олар қандай жалғаулар?
- Жіктік жалғауының неше түрі бар?
- Жіктік жалғау неше жақта жіктеледі?
(Жалғауларын есімізге түсіреміз).
V. Бекіту:
1. Жазылым. Дәптермен жұмыс.
Егінші және аспаз сөздері жіктеледі. (Жекеше, көпше
түрде).
2. Айтылым.
- Балалар, мамандықтар туралы айтқанда біз көз
алдымызға не елестетеміз (әр түрлі қимылдар, заттар).
Олай болса, мамандықтың өздеріне қатысты сөздерін
жинайықшы.
3. «Сиқырлы сөздер» ойыны (флипчарт)
Дәрігер Шаштараз Наубайшы
емдейді қияды
пісіреді
дәрі
тарайды
нан
аурухана айна
ұн
(Соңынан әр мамандыққа қатысты сөздерді оқып,
бір сөйлемнен құрайды).
4. «Сәйкестігін тап» ойыны (флипчарт)
Әр мамандыққа не керек екендігін айту керек, мысалы:
- Жүргізушіге не керек?
- Жүргізушіге машина керек.
5. Тілдесім «Мен – саған, сен – маған» (слайд)
(Берілген суреттердің көмегімен сұхбат құрастыру).
VI. Рефлексия (флипчарт)
85
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Мамандық
аттарын
Мамандықтар
адамдарға керек
Өзіндік
ерекшеліктерін
VII. Үйге тапсырма: 1. Мәтінді мәнерлеп оқу; 2. Бір
мамандық бойынша жарнама жасау.
VIII. Бағалау.
IX. Қорытынды.
Сәуле ТҰРАРҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№57 жалпы білім беретін
мектептің мұғалімі.
ЖАҢА СӨЗДЕР МЕН АДАМНЫҢ
ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ
Сабақтың мақсаты: 1) шылаудың жазылу ережеле-
рімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату,
адамның дене мүшелері туралы айту; 2) оқушылардың
білімдерін толықтыру ойын жинақтай білуге баулу,
дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, оларды
бір тақырып деңгейінде еркін сөйлеуге дағдыландыру,
сауатты жазуға төселдіру; 3) ұлтжандылыққа, тазалыққа,
табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |