Мектебінде


–  қара  сөмкеде,  қара  сызғыш  –



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет25/30
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4130
түріЛитература
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

104
«Сары  сызғыш  –  қара  сөмкеде,  қара  сызғыш  –  сары 
сөмкеде».
- Оқу құралдарының ішінде ең көп не?
-  Дұрыс,  балалар,  ол  –  қарындаштар.  Ал,  енді,  бір- 
бірімізге  сұрақ  қойып  жауап  алайық.  Сенде  қандай 
қарындаш бар? Сен онымен не істейсің? 
- Лиза, сенде қандай қарындаш бар?
- Менде қызыл қарындаш бар, мен онымен қызыл гүл 
саламын.
Гүл туралы тақпақты кім айтады? 117-бет
- Вика, ал сенде қандай қарындаш бар? 
-  Менде  қоңыр  қарындаш  бар,  мен  онымен  кірпінің 
суретін саламын.
- Ал сенде қандай қарындаш бар, Руслан?
-  Мен  қара  қарындашты  жақсы  көремін,  онымен 
машинаның суретін саламын.
-  Балалар,  қарындаштар  туралы  қандай  тақпақ 
білесіңдер? 
4-тапсырма, 117-бет.
Бір үйде бар көп бала:
Біреуі – көк бала,
Біреуі – қызыл бала,
Біреуі – сары бала. 
Сергіту сәті.
Сандарды қайталап, сергіту сәтін орындаймыз.
1-Амандасу.
2-Иық түйістіру.
3-Арқа жабыстыру.
4-Қолмен шапалақтау.
Сергіту барысында сандардың орынын ауыстыру.
-  Балалар,  қазір  дәптерімізді  ашып,  тапсырмаларды 
орындайық:


105
1-тапсырма.  Суреттердің  орынына  керекті  сөздерді 
жазып, сөйлемді толықтырып, жазуды үйренеміз.
2-тапсырма. Сұрақпен жауапты сәйкестендіріңдер.
-  Балалар,  сөздерді  дұрыс  және  көркем  жазуды 
үйренейік.
Жазу  дәптерлеріңдегі  тапсырмаларды  орындап 
болсаңдар,  назарымызды  алдарыңда  тұрған  суретке 
аударайық.
1-сұрақ: Бұл не?
2-сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
3-сұрақ: Бұл көктемнің қай айы?
- Жақсы, сұрақтарға толық жауап бердіңдер.
Балалар, осы сөзбен әр түрлі сөз тіркесін құрастырайық.
Қазақша-орысша аудару:
Әдемі сурет-Красивая картина;
Үлкен сурет-Большая картина;
Қызық сурет-Интересная картина;
Көктем туралы сурет-Картина о весне.
- Өте жақсы, өздерің қазақ тілінде білетін жаңа сөздерді 
жақсы қолдана алдыңдар.
-  Ал,  енді,  кім  сурет  арқылы  сұрақ-жауап  құрастыра 
алады?
Тақтамен жұмыс:
Мынау не? Мынау – сурет.
Мынау қандай сурет? Мынау – әдемі сурет.
Сен не саласың? Мен әдемі сурет саламын.
-  Ал,  балалар,  бүгін  «Мен  нені  үйрендім?»  атты 
сабағымызды қорытындылайық:
1. Оқу құралдарын қайталадық;
Партада  не  бар?  (Әр  қатардан  бір-бір  оқушының 
жауабын тыңдау);
2. Сөзжұмбақ шештік;


106
   
   
 
3.  Оқу  құралдарымен  сөз  тіркесін  құрастырдық 
(Мысалы: қаламмен жаз; қайшымен қи);
4. Сұрақ-жауап (Менде қандай қарындаштар бар?);
5. Жазу дәптерімізде тапсырма орындадық;
6. Суретке сұрақ қойдық;
7. Сурет арқылы сұрақ-жауап құрастырдық;
8. Тақтамен жұмыс жасадық;
9. Өлең, тақпақ айттық.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Ал, енді, балалар, үйде салған суреттеріңді көрсетіп, 
соны әңгімелейік.
Үйге: түстерді қайталап келу. 
Орал ҚЫРҚАРБЕКОВА,
Алматы қаласындағы
халықаралық «Мирас» мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
БАҚТАҒЫ ҚАЗАҚША АТАУЛАР
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  өсімдіктер          
жайында  тақырыпты  тереңдете,  жан-жақты  әрі  жеңіл 
түрде  игерте  отырып  пысықтау;  дамытушылық  – 


107
балалардың  көкөніс  пен  жеміс  ағаштарының  атауларын 
қазақша  дұрыс  атап,  оларды  естерінде  сақтау  қабілет-
терін дамыту; тәрбиелік – өсімдіктер туралы білім беру 
арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, оқу, суретпен жұмыс, ойын, жаттығу. 
Көрнекілігі:  бақ  өсімдіктері      жайында  кеспе  қағаздар, 
өсімдіктерге 
байланысты 
слайдтар, 
үлестірмелі 
парақшалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу.
ә)  Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, түгелдеу.
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Үйге  берілген  «Бақшада»  тақырыбындағы  жаттығу-
лары  мен  жаңа  сөздерді  сұрап  шығу.  Интерактивті 
тақтаны  пайдалана  отырып,  бақша  өсімдіктерінің,  яғни: 
қызанақ, қияр, бұрыш, пияз, орамжапырақ, сәбіз, картоп, 
т.б. көкөністердің суреттерін  көрсетіп, олардың қазақша 
атауларын  сұрап  шығу.  Балалар  әрбір  өсімдік  атауының 
қазақшасын атайды және оның қай жерде өсетіндігін атап 
шығады.  Мысалы,  Мынау  –  қызанақ.  Қызанақ  бақшада 
өседі. Қызанақ қызыл түсті. Мынау – қияр. Қияр  бақшада 
өседі.  Қияр  жасыл  түсті.    Балалардан  бақшада  өсетін 
өсімдіктердің  орысша  және  қазақша  атауларын  жатқа 
сұрап шығу. 
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. 
Балаларға  жақсы  көремін  және  жақсы  көрмеймін 
деген сөзді таныстырып, осы сөзді пайдаланып, сөйлету. 
Тақтаға жазып көрсету. Мен  бұрышты жақсы көрмеймін. 
Мен сәбізді жақсы көремін. Балаларды өздерінің қандай 
көкөністерді  жақсы  көретіндігі  мен  жақсы  көрмейтін-
діктері  жайында  сөйлете  отырып,  тілдік  қорларын 


108
кеңейту. Екі сөздің айырмашылығына тоқталу. Болымсыз 
етістік  жұрнағының атқаратын рөлімен таныстыру. 
ІV. Жаңа сабақ.
Балаларға жемістердің суреттерін көрсетіп, «олардың 
атауларын  кім  қазақша  біледі?»  деген  тәрізді  сұрақтар 
қойылады.  Балалар  өздеріне  бұрыннан  таныс  сөздерін 
атап  шығады.  Жеміс  суреттері:  алма,  алмұрт,  шие,  өрік,                                    
алхоры, жүзім, қарақат, таңқурай. 
Енді осы жемістердің суреттері бар парақша таратылып, 
әрбір  жеміс  атауын  суреттің  астына  жазады.  Олардың 
түстерін  атап,  балалар  бояп  шығады.  Балалар:  Мынау  – 
алма. Алма қызыл және жасыл түсті. Ол бақта өседі.
Мен  алманы  жақсы  көремін.    Осы  сөйлемдерге  ұқсас 
сөйлемдер құрастырып, дәптерлеріне жазып шығады. 
Балаларға бірдей ағаш суретін тарату. Тақтаға плакат 
іліп,  осы  плакатқа  балалар  өздері  ұнататын  жеміс 
ағашының  жапырақтары  мен  жемістерін  салып,  оның 
кесінділерін  жабыстырады.  Өздері  суреттеген  жеміс 
ағаштары жайында әңгімелейді.   
V. Жаңа сабақты пысықтау.
Балаларды  екі  топқа  бөлу.  Екі  топқа  екі  плакат  беру. 
1-топқа  мынадай тапсырма: Бақшада не  бар?  2-топқа да 
осындай тапсырма беріледі. Олар осы сауалға, «Бақта не 
бар?» деген тәрізді сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы 
орындайды. Тапсырманы орындаған оқушылар тақтаның 
алдына шығып, өз жұмыстарымен таныстырады.  
VІ. Сергіту сәті.
Балаларға  «Сиқырлы  қорапша»  ойынын  ойнату.  Ол 
үшін  қорапқа    бақша  мен  бақ  өсімдіктерінің  орысша 
атаулары бар жаңа  сөздерді жасырады. Балалар қораптан 
кез келген сөз жазылған парақшаны алып, жылдам аударып 
шығуы керек. Сондай-ақ сөз тіркестерін де құрастырады.  


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау