100
Ойын - ойдың өрісі
Алмагүл ЖОЛДАСОВА,
Майя ШӘКЕНОВА,
Павлодар қаласындағы
№ 24 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ
ОЙЫН ТҮРЛЕРІ
Қазақ тілі пәні қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне
балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік
тілді оқыту,қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру
ұстаздардан үлкен еңбекті қажет етеді. Сабақтың
қызықты өтуі үшін мұғалімдер әр түрлі әдіс-тәсілдерін
қолданады. Соның ұтымды бір түрі
– ойын арқылы тіл
дамыту болып табылады. Ойын – оқушы білімін берік
меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін өз орынымен
қолданып, мұғалімдер оқушылардың білімге, пәнге деген
қызығушылығын арттырады. Енді бірнеше ойын түрлерін
айта кетейік:
1. «Үнсіз қимыл» ойыны. Бір оқушы әр түрлі қимылдар
көрсетіп, қалған сөздерді басқа оқушылар атап отырады.
Мысалы: отырды, секірді, жүрді, қолын көтерді, т.б.
Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын байытады.
2. «Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен
кезде, нәтиже сабақта ойнауға болады. Мысалы, «Азық
түлік» тақырыбын өткен кезде үш оқушы тақтаға шығып
сөздер жазады. Бір оқушы сүт тағамдарын жазады,
екінші оқушы сусын түрлерін жазады, үшінші оқушы ет
тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол
оқушы жеңімпаз болады.
3. « Артық сөзді тап». Мұғалім оқушыларға бір қатар
101
сөздер береді. Ойынның басты шарты – әр қатарда бір
артық сөзді табу. Мысалы: мысық, ит, қой, ешкі, түлкі.
Күз, қыс, көктем, желтоқсан, жаз
Тәуелсіз, ата, қарындас, сіңлі, нағашы.
4. « Сөзден – сөз тіркесіне, сөйлемге» оқыта-үйрету
ойыны. Бұл ойын арқылы оқушылардың сөзден сөз
тіркесін, сөйлем құрай алу дағдылары қалыптастырылады.
Мысалы: мұғалім Қазақстан деген сөзді айтады,
оқушылар алдымен осы сөзбен сөз тіркесін, сөйлем
құрастырады.
5. « Ойлан, тап» ойыны. Мұғалім «кім?» деген сұрақ
қойғанда, оқушылар әже, ата, сіңлі деп жауап беруге
тиіс. Мұғалім «қайда?» деп сұрақ қойғанда мектепте,
үйде, мұражайда деп мысал келтіреді.
6. «Тақырыптық сөздер» оқыта-үйрету ойыны.
Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде жиі
қолданылатын ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап,
дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады.
Мысалы, мұғалім «Күз» десе, оқушылар осы тақырып
бойынша сөздерді атап шығады.
7. Адасқан сөздер. Бірінші және екінші бағанда
берілген буындардан тоғыз сөз құра.
ай ші
ки на
ой ім
би ың
түй яз
пи ме
үй мақ
тай шік
қай лақ
қи лық
сый яр
102
Білім негізі – бастауышта
Райхан БЕРДІБЕКОВА,
Алматы қаласындағы
№132 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МЕН НЕНІ ҮЙРЕНДІМ?
(1-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқу құралдары
тақырыбы бойынша, өтілген материалды қайталау; сұрақ
қоюға, дұрыс жауап беруге үйрену; дамытушылық
– логикалық ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, ауызекі
сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту; тәрбиелік
– тілге құрмет, айналасындағы заттарды дұрыс атауға,
ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Түрі: қайталау. Көрнекіліктер: интерактивті тақта,
слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу, Арайланып таң атты,
ә) Ауыз екі сөйлесу. Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан-анамыз,
Аман Ата-анамыз,
Қайырлы күн, балалар!
- Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Сұрақ-жауап:
1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Көктем айлары қай айлар?
3. Көктемде күн қандай болады?
103
- Жақсы, рахмет. Көктем туралы кім тақпақ біледі?
Көктем келді балалар!
Айналаға қараңдар.
Қызыл, сары гүлдерді,
Бәрің бірге санаңдар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен нені
үйрендім?»
Өткен
тақырыптар
бойынша
сабағымызды
қайталаймыз. Қазір, балалар, менің қойған сұрағыма
сендер дұрыс жауап беруге тырысыңдар. Ал, бастайық:
1. Оқу құралдарын қайталау.
Тақтада оқу құралдарының суреттері көрсетіліп
тұрады. Суретке қарап, аттарын атау: күнделік, қалам,
қарындаш, дәптер, өшіргіш, сызғыш, желім, қайшы.
- Жақсы, оқу құралдарын қайталап шықтық.
2. Сөзжұмбақ шешу. 113-бет.
Оқушы тақтамен жұмыс жасайды, сөзжұмбақты
шешеді.
- Балалар, берілген сөздермен қандай сөзтіркес жасай
аламыз? 114-бет.
Жаз – пиши;
Сыз – черти;
Өшір – сотри.
Оқушылар алдарында жатқан оқу құралдарымен
сөз тіркестерін құрастырып айтады:
Немен?
1. Қаламмен жаз.
2. Сызғышпен сыз.
3. Өшіргішпен өшір.
4. Қайшымен қи.
Сызғыш туралы қандай жаңылтпаш білеміз, кім
айтады?
Достарыңызбен бөлісу: |