84
- Көктемде қандай мерекелер бар? Бұл қай мереке деп
ойлайсыңдар? Иә, бұл
– наурыз мерекесі.
- Көктемде қандай өзгерістер болады? Балалар, біз
үйде не асыраймыз? Біздің үйімізде төрт түлік мал бар
ма? Атап айтып көрейікші? Балалар, енді біздің бүгінгі
өтетін тақырыбымыз да осы төрт түлік малға байланысты
«Үй жануарлары» деп аталады. Қандай үй жануарларын
білесіңдер?
- Сиыр, түйе, қой, жылқы, шошқа, ешкі.
Бүгінгі өтетін сабақтың мақсаты
– үй жануарларының
төлдерімен танысу. Балалар, бізге бүгін Мақта қыз бен
мысық қонаққа келіп тұр. Олар өзара керісіп қалыпты. Осы
Мақта қыз бен мысықтың татуласуына көмектесейік. Ол
үшін біз тапсырмалар орындайық.
Тапсырмалар орындау арқылы біз мысыққа қатықты
табуына көмектесеміз.
3. Тапсырмалар орындау: 1-тапсырма. Сурет бойынша
үй жануаларының төлін біліп ал.
Орысша баламасын.
Қозы – ягненок;
Бота – верблюжонок;
Бұзау – теленок;
Құлын – жеребенок;
Лақ – козленок;
Торай – поросенок.
2-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін оқы.
Сиыр үлкен сиыр
Бұзау кішкентай бұзау
Жылқы көп жылқы
Құлын бір құлын
Түйе ақ түйе
Бота
кішкентай бота
Шошқа қара шошқа
85
Торай сары торай
Қой қоңыр қой
Қозы
ақ қозы
Ешкі бес ешкі
Лақ екі лақ
3-тапсырма. өлеңді мәнерлеп оқы.
Жылқы деген жануар,
Құшақ жетпес жалы бар.
Бие,құлын,тайы бар,
Үйірімен жайылар.
4. Сергіту сәті: Ешкінің лағы
Селтиіп құлағы,
Жүгірсе ол далада,
Жеткізбейді балаға.
4-тапсырма. Үлгі бойынша сөйле.
1. Бұзау.
2. Мынау – бұзау.
3. Мынау – кішкентай бұзау.
1. Түйе.
2. Мынау – түйе.
3. Мынау – ақ түйе.
5-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, жаз.
Сиырдың.... бар. Жылқының ....бар. Түйенің....бар.
Шошқаның .....бар. Қойдың ....бар.
Керекті сөздер:
бұзау, торай, құлын, бота, қозы.
6-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.
1. Лошадь.
2. Свинья.
3. Жеребенок.
4. Теленок.
5. Верблюжонок.
6. Корова.
7. Козленок.
86
8. Поросенок.
9. Птицы.
5. Бекіту сұрақтары:
1. Балалар, біз бүгін қандай тақырып өттік?
2. Бізге қонаққа кімдер келді?
3. Мақта қыз бен мысықтың татуласуына көмектестік пе?
6. Үйге тапсырма беру:
Үйлеріңде қандай үй жануарлары бар, солар туралы
әңгімелеп келіңдер.
7. Бағалау: Кім қандай жапырақ жинады, соған
байланысты бағалаймын.
Меркурий ЖҰМАҒАЛИЕВА,
Орал қаласындағы
№7 жалпы орта білім
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ШЫЛАУ МЕН МАХАББАТ
КҮМБЕЗІ
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың сөйлеу
тілін дамыту, Қазақстанның ежелгі қалалары, тарихи-
мәдени ескерткіштері, жалпы көне мәдениеті туралы
білімдерін қайталау. Тәж-Махал күмбезі туралы мәлімет
беріп, білімдерін дамыту, шылау туралы түсінік беру;
дамытушылық – тақырып бойынша оқу, түсіну, сөйлеу
қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік – эстетикалық тәрбие
беру, өз елін, жерін сүйе білетін, озық ойлы, мәдениетті
азамат болуға тәрбиелеу. Туған жерінің тарихын білуге
ынталандыру.
87
Көрнекілігі: фотосуреттер, Power Point бағдарламасында
жасалған тұсаукесерлер, интерактивті тақта.
Пәнаралық
байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу,
оқушыларды түгелдеу).
- Армысыздар, оқушылар, өрендер,
Бар көңілді ықыласқа бөлеңдер.
Ал, кәнекей, аз уақытта байқалық
Кім ақылды, қайсың ұлы кемеңгер?
2. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыптарды
қайталау.
«Қайталау – оқу анасы,
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең
Ешкімнің жоқ таласы»,– демекші, балалар, «Тарих
мұрасы» модулі бойынша шолу жасайық.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағым
келіп тұр:
«Біз –
өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік
болашағымыз бар еуразиялық елміз».
Қай сөз сендерге ой салды, маңызды көрініп тұр? (тарих,
болашақ)
- Тарихымыз бен болашағымызды не байланыстырады?
(әдебиет, тарихи, даңқты тұлғалар, тарихи оқиғалар, киелі
жерлеріміз,
тарихи-мәдени ескерткіштер, мәдениетіміз, т.б.)
- Еліміздегі қандай тарихи-мәдени ескерткіштерді
білеміз? Мына суреттерді атаңдар. Сурет бойынша сұрақтар
қойылады. Ал, енді, ескерткіштермен танысуды әрі қарай
жалғастырайық.
2. Жаңа сабақ: Махаббат күмбезі.
1) Сабақтың мақсаты және эпиграфпен таныстыру.
Жаңа сөздермен жұмыстану.
2) Тәж-Махал суреті, ол туралы қысқаша мәлімет.
3) Айша бибі кесенесі туралы да айтып кету.