76
шақырғанда, үйімізді жинап, ыдысымызды түгелдеп, бүкіл
жылы-жұмсағымызды қонақтың алдына қоямыз.
Көне ыдыстар туралы мәлімет беру (ХХІІІ-ХХХVІ слайд)
Қазақ дәм татыруды достықтың, татулықтың, бірліктің,
елдіктің сара жолы деп қараған, сондықтан асқа, жалпы
тамаққа байланысты қазақ халқында ырым-тыйымдар,
тұрақты
сөз тіркестер, мақал-мәтелдер көп.
Оқып, оны қай кезде айтуға болады екенін дәлелдейміз.
Ауызыңа май – қуанғанда, риза болғанда.
Ішкен асым батпайды, тамағымнан ас өтпейді –
уайымдағанда.
Ішкен асын жерге қояды – құрметтеу, сыйласу белгісі.
Ауызынан ақ май ағып отыр – тоқтық.
Сабасы керегеде ілулі тұр – қымызсыз ел.
Мақал-мәтелдер (ХХХVІІІ слайд)
Таспен атқанды аспен ат. Ас – бірліктің, татулықтың
белгісі.
Қазаны оттан түспейді. Ас отбасының берекесін,
дәулетін бейнелейді.
Бір күн дәм татқан үйге қырық күн сәлем. Әр қазақ өзі
дәм татқан үйді қатты құрмет тұтып айтқан.
Ас – иесімен тәтті, тағамымен жақсы. Қонақ келген
кезде үй иесі қонақпен дастархан басында отыруға міндетті.
Абысын тату болса – ас көп,
Ағайын тату болса – ат көп.
V. Сабақты қорыту. Рефлексия: (ХХХІХ слайд)
Бүгін сабақта ... білдім.
Мен үшін жаңалық...
Мені таңғалдырды...
Мен ол туралы білгенмін...
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үй жұмысы: «Қазақтың ұлттық тағамдары»
тақырыбына эссе жазып келу.
77
Әсия ЫБЫРАЕВА,
И.П.Шухов атындағы
орта мектеп-гимназиясының
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Солтүстік
Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы,
Преснов ауылы.
СөЙЛЕУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөйлеу әрекетін
қалыптастыру.
Міндеттері: білімділік – ата-дәстүр бойынша қазақтың
қонақжайлылығы туралы, қонақтарды қарсы алу, дастархан
жасау, дастархан басында күту, бата беру рәсімдерін үйрету;
дамытушылық – оқушылардың байланыстырып сөйлеу
қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру;
тәрбиелік –
халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты күшейте
отырып, халықты сыйлауға биік адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Түрі: жаңа білім беру.
Әдісі: сұрақ-жауап, жұптық
жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Көрнекіліктер: кәртішкелер, мақал-мәтелдер, сюжетке
байланысты қажетті суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
• оқушылармен сәлемдесу;
• оқушыларды түгелдеу;
• оқушыларды сабаққа бейімдеу.
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
- Біз бүгін сабақта қонақасы, қонақ күту жайлы
әңгімелесеміз, мәтінмен танысамыз.
III. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
78
1. Кіріспе сөз: - Әр халықтың өз салт-дәстүрлері бар
екеніне көзіміз жетті. Біздің қазақ халқы
– өте бауырмал,
қонақжай халық. Олар келген адамды әрқашан құшақ жая
қарсы алып,
оған мал сойып, табақ тартқан.
Эпиграф қандай мағынаны білдіреді?
«Қонақжайлылық – халық жанының айнасы»,
«Гостеприимство – зеркало души человека».
2. Сөздік жұмысы:
қонақжай халық – гостеприимный народ;
отағасы – хозяин;
қонақ келсе – когда приходят гости;
сыйлап күтеді – ухаживают;
тілек – пожелание.
3. Аудирование. Мәтінді тыңдап, мазмұнын айтып
беріңіз.
Қазақ халқы – өте қонақжай халық. Қонақ келсе
ол дастарханға барлығын қояды, сыйлап күтеді. Ата-
бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі
– қонақжайлылық. «Қонақпен еріп құт келеді» деген сенім
бойынша, қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі ашып,
алдымен қонағын кіргізеді. Жөн сұрасып болған соң, үй иесі
қонағына барын беріп, риза етуге тырысады. Қонақ шөлдеп
келсе, қымыз беріп, шөлін басады. Тамақ ішіп болған соң,
сыйлы, қадірлі, жасы үлкен адам бата береді, ас қайырады.
Ас қайыру деген – қонақ күткен үй иелеріне жақсы тілек
айту.
Тапсырма: сұрақ-жауап арқылы мәтіннің мазмұнын
айтқызу.
• Қазақ халқы қандай халық?
• Қонақ келсе ол қалай күтеді?
• Қонақпен не еріп келеді?
• Қонақ шөлдеп келсе не береді?