|
Павлодар облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"20" желтоқсандағы
№ 374/8 қаулысына
1-қосымша
|
|
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "17" шілдедегі
№ 216/7 қаулысымен
бекітілген
|
"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысы аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
1) аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куәлік не Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызметті көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлы қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
4. Өтініш және Стандарттың 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) баланың тууын тіркеу:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, алынған құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді - 20 (жиырма) минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды - 30 (отыз) минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актісінің жазбасы" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "АХАТ" ТП" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті басып шығарады не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды - 30 (отыз) минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді - 20 (жиырма) минут ішінде;
2) баланың туылғаны туралы өтініш берілген жағдайда бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін, сондай-ақ азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, алынған құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді - 20 (жиырма) минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды - 30 (отыз) минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін "АХАТ" ТП" АЖ-да акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті басып не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды - 30 (отыз) минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді - 20 (жиырма) минут ішінде.
Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде немесе басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
6. Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз тасымалдағыштағы туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы қайталама куәлік мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болып табылады не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте) келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимылдардың тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;
Стандарттың 9-тармағымен белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызметті көрсету мерзімі қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 15 (он бес) күнтізбелік күн (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесін алу тәртібі:
1-үдеріс - мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация АЖ) Мемлекеттік корпорация операторының авторландыру үдерісі;
1-шарт - логин және пароль немесе ЭЦҚ арқылы тіркелген Мемлекеттік корпорация операторы туралы деректердің түпнұсқалығын Мемлекеттік корпорация АЖ-да тексеру;
2-үдеріс - Мемлекеттік корпорация операторының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты Мемлекеттік корпорация АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-үдеріс - Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі, сканерленген құжатты бекіту);
4-үдеріс - Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа) қол қою және Мемлекеттік корпорация операторының одан кейінгі іс-қимылдары туралы ақпарат алу;
2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігін қолдану мерзімін және Мемлекеттік корпорация АЖ-дан қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
5-үдеріс - Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ)/"электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі (бұдан әрі - ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
7-үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады және Мемлекеттік корпорация АЖ-ға жіберіледі;
8-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының қолына беру немесе электрондық поштасына жіберу арқылы Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
1-үдеріс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен парольді енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);
1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
2-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаның қалыптастыруы;
3-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа) қол қою;
2-шарт - сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін және қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын порталда тексеру;
5-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті үндеуі;
7-үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылдың тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
|
"Бала тууды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
|
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары реттілігінің сипаттамасы
1) баланың тууын тіркеу:
Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағымының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Құрылымық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы
|
Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы
|
ЖАО АЖ-да құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
Жауапты маманды анықтау
|
Ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды
|
Журналда тіркеу
|
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді
|
Бұрыштама
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі
|
Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
|
Нәтижені беру
|
Орындау мерзімдері
|
20 (жиырма) минут ішінде
|
30 (отыз) минут ішінде
|
1 (бір) жұмыс күні ішінде
|
30 (отыз) минут ішінде
|
20 (жиырма) минут ішінде
|
|
2 (екі) жұмыс күні
|
2) баланың туылғаны туралы өтініш берілген жағдайда бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін, сондай-ақ азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш:
Іс-қимыл (жұмыс барысы, ағымы) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы
|
Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы
|
ЖАО АЖ-да құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
Жауапты маманды анықтау
|
Ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды
|
Журналда тіркеу
|
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді
|
Бұрыштама
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі
|
Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
|
Нәтижені беру
|
Орындау мерзімдері
|
20 (жиырма) минут ішінде
|
30 (отыз) минут ішінде
|
14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде
|
30 (отыз) минут ішінде
|
20 (жиырма) минут ішінде
|
|
15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде
Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде немесе басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады
|
|
"Бала тууды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
|
Электрондық мемлекеттік қызметті портал арқылы
көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы
Шартты белгілер мен қысқартулар
|
"Бала тууды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |