128
129
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О,адамдар қадіріне жетіңдер,
Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер.
Енді ана тілі туралы шумақтарға, ақын-
жазушылардың даналық сөздеріне, мақал-мәтелдерге
кезек береміз. (кезекпен шығады)
Жүргізуші:
- Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Ортамызды ашайық.
Думандатып ән салып,
Інжу-маржан шашайық.
- Құрметті көрермендер, сіздерге арналған сазды
сәлем.
Ән орындалады.
3-кезең. Көңілі ояу, көзі ашық
Сайыстың келесі кезеңі «Көңілі ояу, көзі ашық»
деп аталады. Бұл сайыста ойыншыларға әрбір пәннен
3 сұрақ қойылады (қазақ тілі, тарих, жаратылыстану,
ән-күй сабағы).
Қазақ тілі:
1. Қазақ тілінде неше әріп? (42 әріп)
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі
тілдер тобына)
3. Буын түрлерін атаңдар? (ашық, тұйық, бітеу)
Тарих:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерін ата (ту, елтаңба, әнұран)
2. Үш биді ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
3. Қазақстан Республикасының Президенті?
(Н.Назарбаев)
Жаратылыстану:
1. Жыл мезгілдерін ата? (қыс, көктем, жаз, күз)
2. Казақстанның астанасы қай қала? (Астана)
3. Сен қай облыста тұрасың?
Ән сабағы
1. До-ре- ми-фа...бұл не? (нота)
2. Құрманғазы кім?
3. Екі ақынның өлең жарысы не деп аталады?
Жүргізуші:
- Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Ортамызды ашайық.
Думандатып ән салып,
Інжу-маржан шашайық.
- Құрметті көрермендер,сіздерге арналған сазды
сәлем.
Ән орындалады.
4-кезең. Сөз тапқанға қолқа жоқ
- Келесі кезең – торкөздерді ашып, қазақтың
мақтаныштарын атау. (Н.Назарбаев, Р.Рымбаева,
Т.Әубәкіров, И.Ильин, А.Винокуров, Ш.Уәлиханов,
т.б.)
5-кезең. Өнерліге өріс кең.
Өнерлінің қолы – алтын, өлеңшінің сөзі – алтын.
Сайыстың келесі кезеңінің шарты бойынша оқушылар
өз өнерлерін ортаға салады. (кезекпен өз өнерлерін
көрсетеді)
130
131
6-кезең. Құрақ сөз.
Берілген әріптерден көп сөз құрастыру керек:
А Н М Ә І Қ Ө А Ы Р
7-кезең. Тіл өнері.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады. Жауабы 3 тілде
айтылуы керек.
1.Үндемес серік,ақылы берік (кітап-книга-book)
2. Бесікте тентек бала шырылдайды, көтерсең
құлағына сыбырлайды. (телефон-telephone)
3. Толып келіп бос кетеді (қасық-ложка-spoon)
4. Жемге ауыз салса-ұтылғаны, айналып өтсе-
құтылғаны (балық-рыба-fish)
5. Екі бала үстінде, орын бермес ешкімге.
Бара жатыр ерні жарық қояндай (түйе-верблюд-
camel)
6. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар.
(бор-мел-chalk)
Жүргізуші: - Осымен бүгінгі сайысымыз да өз
мәресіне жетіп қалыпты. Қорытынды сөз әділқазылар
алқасына беріледі.
«Туған жер»әні тыңдалады.
Жүргізуші: - Көңіл қойып тыңдағаңыздарға көп-
көп рахмет! Сау болыңыздар!
Әдебиеттер:
1 «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде»
жұрналы. №11. 2007ж.
2 Қазақ тілі оқулығы. 5-сынып.
3 Ғаламтор көзі.
Ж.ҚАЙРЗАЕВА,
Сапар Байжанов атындағы
№162 мектеп-гимназия.
ҚАЗАҚ ЕЛІ – БІРЛІК ПЕН
ТАТУЛЫҚТЫң АЛТЫН БЕСІГІ
Мақсаты: оқушы бойында ұлтаралық бірлікті
қалыптастыру, Отанға, тілге, елін сүюге деген
патриоттық сезімін ояту, ынтымақтастық қарым-
қатынастарды нығайту.
Міндеті:
- сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы
түсініктерін кеңейту.
- өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.
- өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан рәміздерінің суреттері,
гүлдердің суреттері,күн, бейбітшілік құсы.
Әдіс-тәсілдері:
слайд,
топтық
жұмыс,
шығармашылық жұмыс, сергіту сәті, сахналық
қойылым.
Ұйымдастыру кезеңі:
1-әрекет.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
«Татулық – достықтың киелі белгісі» деп
аталады. Сабағымыздың мақсаты ұлтаралық
бірлікті қалыптастыру, Отанға, тілге, елге деген
сүйіспеншіліктеріңді әрі ынтымақтастық қарым-
қатынастарыңды ояту.
132
133
2-әрекет.
- Алдарыңда немісше бірінші топта «freundschaft»
деген сөз жазылған, екінші топқа «tong il», үшінші
топқа «едність» деген сөздер жазылған. Бұл сөздер
не сөз, қай тілдің сөзі, қандай мағына береді деп
отырған шығарсыздар. Бұл жерде:
Freundshcaft – достық;
tong il – бірлік;
едність – ынтымақ деген мағыналарды білдіреді
екен.
3-әрекет.
Тақтада плакатқа жасалған татулық сөзіне
оқушылар өз түсініктерін жазып шығады және сол
суреттің астынан бесікте жатқан «Татулық» деген
баланың суреті шығады. Елдің бірлігі мен татулығын
сақтап жатқан баланың айналасына елімізде бірге
тұрып жатқан ұлттарды теріп жазады. Ал, балалар,
олай болса, біздің елімізде қандай ұлт өкілдері
тұрады?
Мұғалім сөзі:
- Демек, осы ұлттарды біріктіріп отырған
татулықтың алтын бесігі – бірлік, ынтымақ, достық
екенін ұмытпайық!
4-әрекет.
«Сәлемдесу – сөз басы» демекші, енді қазақ
жерін мекендеген әр ұлт өкілдері өздерінің амандасу
рәсіміне кезек берейік.
Әр ұлт өкілдері өлең жолдарымен өз ұлттарын
таныстырып өтеді.
Қазақ:
- Егінді тың жеріміз
Еркін қазақ еліміз.
Құрметтейміз достықты,
Досқа дайын төріміз!
Орыс:
- Өкіліміз орыстың
Ұлы мекен қоныстың.
Ұранымыз-туыстық,
Ұлттар бізге тым ыстық.
Грузин:
- Ер грузин-ұлтымыз,
Еркін бірлік салтымыз.
Жалынындай достықтың,
Жанымыз-от, жарқынбыз.
Молдова:
- Молдова бау мен бақша, жүзім елі,
Қысы жұмсақ, шұрайлы туған жері.
Халқы Молдован мен гагауыздар,
Орыс, украин, славян – ата-тегі.
5-әрекет.
Сергіту сәті
Қазір қай ұлттың музыкасы ойналады, соған билеп
кету керек.
Би.
1. Қара жорға.
2. Кәріс халқының биі.
3. Лизгинка.
4. Орыс.
5. Өзбек.
6. Қара жорға.
134
135
6-әрекет.
«Ұлттардың келу тарихы».
Оқушыларға ұлттардың келу тарихы жайлы
айтып өтеді.
7-әрекет.
Сахналық қойылым.
«Келін түсіру» салты бойынша әр ұлт келін
түсірудегі дәстүрлерін көрсетеді.
Мұғалім сөзі:
- Жақсы, олай болса, оқушылар, Елбасшымыз
Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір
халық – бір ел – бір тағдыр»! деп сөйлеген сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық
мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен
қиындықтар мен жеңістер!
Міне,
қазақстандық
қоғамдық
келісімді
шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған.
Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері
жылжи алмайды» деді.
Міне, балалар, «Қазақстан» деген ортақ
үйімізде әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ
пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп
жатырмыз.Сондықтан ертеңгі ел болашағы сендердің
қолдарыңда. Әр кез достықты дәріптейік. Осы
елде, осы жерде туып өскен барлық ұлттың ортақ
үйі – Қазақстан екенін естен шығармаңдар,- дей
отырып, тәрбие сағатын біздің ұранымызға айналған
Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен
аяқтайық.
Біліктілер байқауы – тест сынағы
А.НУРИЕВА,
Пантелеймоновка негізгі мектебі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Көкпекті ауданы,
Пантелеймоновка ауылы.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
(8-сынып қазақ әдебиеті)
1. Ерте кезде туған және күрделі оқиғаға құрылған
жырдың бір түрі:
А. лиро-эпостық жырлар;
Б. ертегілер;
В. әңгімелер.
2. Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы:
А. елін қорғау;
Б. отбасын қорғау;
В. жастардың махаббаты мен сүйіспеншілігі.
3. Лиро-эпостық жырлардың басты кейіпкерлері:
А. батырлар;
Б. қарапайым адамдар;
В. балалар.
4. Лиро-эпостық жырларға жататындар:
А. батырлар жыры;
Б. ертегілер;
В. ғашықтық жырлары.
5. Лиро-эпостық жырларға жататындар:
А. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»;
136
137
Б. «Ер Төстік», «Алтын сақа»;
В. «Қобыланды батыр», «Ер Қосай батыр».
6. «Қыз Жібек» жырының неше нұсқасы бар?
А. 18;
Б. 17;
В.19.
7. «Қыз Жібек» жырының басты кейіпкері:
А. Жібек пен Баян;
Б. Төлеген мен Жібек;
В. Сансызбай мен Баян.
8. С.Қожықов қай жылы «Қыз Жібек» фильмін
түсірді?
А. 1970ж.;
Б. 2007ж.;
В. 1934ж.
9. «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің сүйгені.
А. Бекежан;
Б. Төлеген;
В. Базарбай.
10 Қыз Жібектің бейнесін суреттейтін көріністің
саны.
А. 16;
Б. 18;
В. 13.
11. Қыз Жібектің ақтығын неге теңейді?
А. наурызда жауған қарға;
Б. ақ мамыққа;
В. ақ қағазға.
12. «Портрет» сөзінің мағынасы қандай?
А. бейнелеу, бейнеленген;
Б. сипаттау;
В. жазу, сызу.
13. Көркем шығармадағы оқиғалардың рет-ретімен
баяндалып, бір-бірімен байланысып, біртұтас желіс
құруын ...
А. композиция дейміз;
Б. портрет дейміз;
В. сюжет дейміз.
14. Көркем шығарманың ішкі сырының үйлесімін,
құрылысын ....
А. портрет дейміз;
Б. сюжет дейміз;
В. Композиция дейміз.
15. Абай кім?
А. ұлы ақын;
Б. суретші;
В. әнші.
16. А.Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары:
А. 1804-1845жж;
Б.1845-1904жж;
В. 1904-1945жж.
17. «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған жазушы:
А. Ғ.Мүсірепов;
Б. М.Әуезов;
В. І.Есенберлин.
18. Абайдың неше өлеңі бар?
А. 176 ;
Б. 1076;
В. 76.
19. «Сегіз аяқ» өлеңінің авторы кім?
А. Абай ;
Б. Шәкәрім;
138
139
В.М. Мақатаев.
20. «Қайрат, Ақыл, Жүрек үшеуі өнерлерін
айтысып, таласып, Ғылымға келіп жүгінеді...».
Абайдың нешінші қара сөзі?
А. Бесінші қара сөзі;
Б. Он бесінші қара сөзі;
В. Он жетінші қара сөзі.
21. «Лира» сөзінің мағынасы:
А. музыкалық аспап атауы;
Б. киім-кешек атауы;
В. сабақ, пән аты.
22. Ш.Құдайбердіұлы қай жылы, қайда туған?
А. 1931 жылы Батыс Қазақстан облысында;
Б. 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысында;
В. 1858 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында.
23. Ш.Құдайбердіұлының өлеңі қай қатарда
жазылған?
А. «Қыс», «Жазғұтыры», «Жаз»;
Б. «Адамдық борышың», «Бостандық таңы атты»;
В. «Алатау», «Ленинградтық өренім».
24. Жүз жыл жасаған, оның сексен бесін өлең-
жырмен өткізген ақын.
А. Абай;
Б.Шәкәрім;
В. Жамбыл.
25. Ж.Жабаевтың ұстазы. Ол адамнан бата алған.
А. Абай;
Б. Сүйінбай;
В. Шәкәрім.
26. «Көңіл айту» сөз тіркесінің мағынасын тап.
А. Азалы адамды жұбату;
Б. Көңіл көтеру;
В.Ойын ойнап, би билеу.
27.С. Торайғыров неше жыл өмір сүрген?
А. 37ж;
Б.27ж;
В.47ж.
28. С.Торайғыровтың өлеңін тап:
А. «Қыс»;
Б. «Алатау»;
В. «Бір адамға».
29. Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін
мағынасында қолдануды не деп атайды?
А. сюжет;
Б. ирония;
В. композиция.
30. Үш бәйтерекке кімді жатқызамыз?
А. Ж. Жабаев;
Б. С.Сейфуллин;
В. С.Торайғыров.
31. С.Сейфуллиннің поэмасы:
А. «Аққудың айырылуы»;
Б. «Ескендір»;
В. «Бір адамға».
32. Махаббаттың символына айналған құс:
А. қарлығаш;
Б. сауысқан;
В. аққу.
33. «Поэма» сөзінің мағынасы:
А. құс;
Б. өлең;
В. туынды.
140
141
34. «Бес арыстың» бірі, сталиндік репрессияның
құрбаны болған, «Халық жауы» деген жалған
айыппен сотталып, 1938 жылы атылған ақын.
А. С.Сейфуллин;
Б. Б.Майлин;
В. М.Жұмабаев.
35. «Батыр Баян» поэмасының авторы:
А. Абай;
Б. М.Жұмабаев;
В. С.Сейфуллин.
36. М.Әуезовтің өмір сүрген жылдары:
А. 1897-1961жж.
Б. 1861-1947жж.
В. 1887-1951жж.
37. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы:
А. М.Әуезов;
Б. М.Жұмабаев;
В. Б.Майлин.
38. «Абай жолы» роман-эпопеясы неше тілге
аударылған?
А. 40;
Б. 30;
В. 50.
39. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы «Кәкітай»
кім?
А. Абайдың інісі ;
Б. Абайдың ағасы;
В. Абайдың көршісі.
40. М.Әуезовтің «Татьянаның қырдағы әні»
шығармасындағы думан қай жерде болған?
А. Семейде;
Б. Жидебайда;
В. Ақшоқыда;
41. Ғ.Мүсірепов кім?
А. суретші;
Б. ақын;
В. жазушы.
42. Ғ.Мүсіреповтің аударған шығармасы:
А. «Қазақ солдаты»;
Б. «Ұлпан»;
В. «Өлімді жеңген ана».
43. Ғ.Мүсіреповтің «Өлімді жеңген ана»
шығармасында анаға бас иген, анадан жеңілген кім?
А.Ақсақ Темір;
Б. Баязит сұлтан;
В. Жәңгір.
44. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған,
Түркістан қаласын түрлендірген, Самарқанды
көркейткен қолбасшы, билеуші:
А. Ақсақ Темір;
Б. Баязит сұлтан;
В. Абылай хан.
45. Тосын, тың оқиғалар туралы шындыққа жақын
әңгіме - ...
А. поэма;
Б. ирония;
В. новелла.
46. М.Мақатаевтың өмір сүрген жылдары:
А. 1931-1976жж.;
Б. 1921-1967жж.;
В. 1831-1876жж.
142
143
47. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін жазған ақын:
А.М.Мақатаев;
Б. Ғ.Мүсірепов;
В. М.Жұмабаев.
48. Параллелизм қай тілдің сөзі, аудармасы қандай
мағына береді?
А. Грек сөзі, «қатар жүру» деген мағына береді;
Б. Араб сөзі, «Асыл сөз» деген мағына береді;
В. Парсы сөзі, «кітаптар» деген мағына береді.
49. Қ. Мырза Әлі кім?
А. суретші;
Б. педагог ;
В.ақын.
50. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»
өлеңінің авторы кім?
А. Ы.Алтынсарин;
Б. Абай;
В. Қ.Мырза Әлі.
51. О.Сүлейменов қай жылы дүниеге келген?
А. 1936 ж.;
Б. 1938 ж.;
В. 1836 ж.
52. «Невада-Семей» атом полигонының жабы-
луына зор еңбек сіңірген қоғам қайраткері:
А. Қ.Мырза Әлі;
Б. М.Мақатаев;
В. О.Сүлейменов.
53. О.Сүлейменовтың шығармасы:
А. Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру;
Б. «Арғымақ»;
В. «Өмір сүрейік алмасып».
54. «Атыңа ерік бер, жігіт»,
Қуып жетіп көр, жігіт!»- қай өлең жолдары?
А. Қыз қуу;
Б. Арғымақ;
В.Сүйемін.
55. Қазақтың ұлттық ойыны туралы өлең жазған
ақын:
А. М.Жұмабаев;
Б. О.Сүлейменов;
В. М.Мақатаев.
Жауап кілті:
1. А 15. А 29. Б 43. А
2. В 16. Б 30. Б 44. А
3. Б 17. Б 31. А 45. В
4. В 18. А 32. В 46. А
5. А 19. А 33. В 47. А
6. А 20. В 34. В 48. А
7. Б 21. А 35. Б 49. В
8. Б 22. Б 36. А 50. В
9. А 23. Б 37. А 51. А
10. Б 24. В 38. Б 52. В
11. А 25. Б 39. А 53. Б
12. А 26. А 40. В 54. А
13. А 27. Б 41. В 55. Б
14. В 28. В 42. В
144
Бас редакторы – Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе” –
ай сайын шығатын республикалық
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы:
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-
дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 05.06.2015 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68.
Таралымы – 830. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және
бөлімдер.........................268-32-48.
Факс................................243-15-53.
электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru
Жұрнал сайты: www.kazhu.kz
Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш.
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
№6, 2015 ж., 144 бет, Алматы.
Document Outline - _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
Достарыңызбен бөлісу: |