40
41
Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін
сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады,
яғни, балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.
Мәтіндегі кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды
түсіндіру 3 кезеңде жүргізіледі:
I. Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде.
II. Мәтінді оқу барысында.
III. Мәтінді оқып шыққаннан кейін.
Өлең оқу барысында сөздік жұмысы өлеңді оқымас
бұрын немесе оқып болғаннан соң ғана жүргізіледі.
Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері
алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
1. Затты табиғи жағдайда бақылау немесе көрсету,
экскурсия ұйымдастыру.
2. Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздің
мағынасын ашу.
3. Синоним сөздер қолдану: «қандай сөздермен
ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?»
деген сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға
оқушылардың өздерін қатыстыру.
4. Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай
талдау арқылы да түсіндірген пайдалы. Мысалы:
белестері сөзінің түбірі қайсы? т.б.
5. Сөздерге анықтама беру арқылы түсіндіруге
болады. Мысалы: аэродром – ұшақ ұшып, қонатын
алаң, т.с.с.
1. Абстракциялы ұғымдарды түсіндіру үшін
тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріп, әңгіме
айтылады. Мысалы: батырлық, адамгершілік, т.с.с.
сөздердің мағынасы осы әдіспен түсіндіріледі.
2. Сөздердің мағынасын түсіндіруге техникалық
құралдардың біраз пайдасы бар.
Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер
мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді. Ол жаңа
ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа
көріністерді байқау сияқты жұмыстармен тығыз
байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойын,
тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады.
Сөздік жұмыстарының ең маңызды бөліктерінің бірі
-оқушылардың үйренген сөздерінің белсенділігін
арттыру. Ол үшін сабақ сайын жүйелі түрде арнаулы
тапсырмалар ойластырылып отыруы керек:
- үйренген сөздерін кірістіріп, сөз тіркестерін құрау;
- үйренген сөздерін қатыстырып, сөйлем құрау;
- осы сөздерді қатыстырып, мәтінге жақын әңгімелеу,
т.б.
Оқушы өзінің үйренген сөздерін ауызекі сөйлеу
тілінде қолдана білсе, оның ақыл-ойын дамытуға әсер
етеді. Демек, сөзді орынды қолданып, оның мағынасын
жетік білетін бала өз бетімен сөйлем құрап, оның
мағынасын түсініп, сөйлеу тілінде шебер қолданатыны
сөзсіз. Грамматиканы, синтаксисті жақсы меңгерген
оқушы сөз тіркесін дұрыс біліп, сөйлем құрастыра
алады. Мұғалім сөз тіркесін және сөйлемді құрату
арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана
білуге, әсіресе синонимдік қатарларды, сөзді талғап,
таңдап қолдануға үйретеді. Сонда ғана баланың жазған
мазмұндама, не шығармасы талапқа сай болады, жазба
тілі дамиды. Ауызша тіл кітап оқу, әңгімелеу арқылы
көрінсе, жазбаша тіл дамыту мазмұндама, шығарма, т.б.
жазу жұмыстары арқылы іске асады. Бұл жұмыстардың
қайсысы болсын, сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға,
үйретуге, оның шығармашылық қабілетін арттыруға,
сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін
42
43
қамтамасыз етуге бағытталады. Ауызша және жазбаша
(мазмұндама, шығарма) жұмыстарын дидактикалық
ұстанымға сүйене отырып оқушылардың ойы мен тілін
дамытуға мүмкіндік береді. Ана тілінде дұрыс сөйлеп,
сауатты жаза білу – әр адамның азаматтық парызы
болып саналады.
Әдебиеттер:
1 Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Алматы, 2005.
2 Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. Лексика. Фонетика.
Морфология. Синтаксис. Алматы, «Атамұра», 2006.
Роль словарной работы в развитии речи
учащихся
Статья рассматривает одну из самых актуальных
вопросов в преподавании казахского языка в
иноязычной аудитории, особенности словарной
работы на уроках, автор пишет, что словарная
работа преследует различные цели и имеет разное
содержание.
Ключевые слова: словарная работы, развитие
речи , государственный язык, разговорный язык.
Role of dictionary work in development of the
speech of pupils
Article considers one of the most topical issues
in teaching the Kazakh language in foreign-language
audience, especially the dictionary work at lessons,
writes that dictionary work has various aims and has the
different contents.
Key words: dictionary works, development of the
speech, state language, spoken language.
Р.БЕКЕШОВА,
№8 орта мектебі.
Ақмола облысы,
Көкшетау қаласы.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
эТНОПЕДАГОГИКАНЫ ҚОЛДАНУ
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ
СӨЙЛЕТУ
Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман
талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық сананы
қалыптастыру арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің
бірі болып отыр. Ұлттық сананы қалыптастыру, ұлттық
құндылықтарды құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде
қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде
күн тәртібінде тұрары белгілі.Әсіресе, бүгінгі жаһандануға
бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап
беру жағдайына бұл мәселенің өзектілігі айшықталып отыр.
Елбасының бұл жайлы «Толық өркениетті ел болу үшін
алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға
сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз
жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді.
Сондықтан бүгінгі таңда басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық
игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани – мәдени
мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу болып