Мектебінде



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
бет11/30
Дата20.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#15273
түріЛитература
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

44

45

отыр.  Мәдени  мұраны  сақтап,  дамыту  арқылы  ғана  біз 



өркениетті мемлекет құра аламыз.

Әр халықтың ғасырлар бойы  жиналып, бейне бір арнасы 

кең  өзендей,  асқар  таудай  болып  қалыптасқан  өзіне  тән 

салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл дәстүрлер сол халықтың 

адам  тәрбиесі,  адамгершілік,  дүниеге,  өмірге  көзқарасы 

мен  рухани  күйінен  туған.  Сол  үшін  де  ол  халықтың  жан 

дүниесінің айнасы, ұрпақтарының қадір тұтар мұрасы болып 

қалады.


Халықтың  ғасырлар  бойы  асыл  ой  тамшысынан 

жинап,  алмас  қазынадай  сақтаған  мұрасын  құрметтеу, 

адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау 

– 

қасиетті 

сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, 

мәдениетін,  рухани,  табиғи  байлығын,  жерін,  елін  сүюге, 

айналасын  қоршаған  дүниеге  адамгершілікпен  қарауға, 

құбылыс-болмысты  парасатпен  табуға,  әділет  шапағатқа 

баулиды. Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол 

халықтың ежелден келе жатқан тұрмысы мен тіршілік еткен 

географиялық  ортасы,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы, 

өмірге  көзқарасы,  шаруашылық  тіршілігі,  т.б.  Сондықтан 

да  халық  дәстүрінің  қай-қайсысы  болсын  ортақ  ой,  ортақ 

өмірден туған ортақ қазынаға жатады. Қазақ халқы ежелден 

«жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  деп,  басқа  түскен  қайғы-

қасірет,  куаныш-шаттықты  бірге  көтеріп  келеді.  Қолда 

барды  бөліп  пайдаланған,  бір-біріне  көмектесу  сияқты 

белгілі бір ұжымға тән дұрыс әдет- ғұрыпты туғызған. Сол 

әдет- ғұрыптар ұзақ замандарға талмай жетіп, сол халықтар 

өзіне тән берік дәстүрінің негізін салған.

Олардың бәрінің де, ойлап қараған кісіге тамыры терең, 

мазмұны кең, тәрбиелік мәні зор, үлгі, өсиет аларлық парасаты 

мол. Осындай мақсатпен әрбір мұғалім өзінің сабақтарында 

оқушыларға  қазақтың  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  мәдениеті, 

тарихы  туралы әрдайым дәріс беріп тұрады.

Жоғарғы  сынып    оқулықтарында  осы  тақырыптарға 

байланысты  көптеген  мәтіндер  бар,  бірақ  өкінішке  орай 

олар  мазмұны  жағынан  қысқа  және  мәліметтері  өте    аз. 

Оқушылардың  қызығушылығын  ояту  мақсатымен  өз 

сабақтарымда  этнопедагогиканы  қолдануды  жөн  көрдім. 

Сабақтарға қойылатын негізгі мақсаттар –  қазақ мәдениеті, 

салт  –  дәстүрімен        таныстыру  арқылы  оқушылардың 

қазақ  халқына  деген  сүйіспеншілігін  ояту,  халық  дәстүрін 

сыйлауға  үйрету,  коммуникативті  мақсатта  тіл  қызметінің 

барлық мүмкіндігін пайдалана білу, сөздердің мағыналарын 

түсіндірме сөздік арқылы беру, мақал-мәтел мағынасына мән 

беру. Отансүйгіштік, атамекенді қастерлеу 

– 

қазақ үшін де 

өзге халықтар секілді аса терең, қанға сіңген қасиет. «Отаны 

жоқтық – нағыз жоқтық», «Жат елінде сұлтан болғанша, өз 

еліңде ұлтан бол» деген мақалдармен қатар, ұлы даналардың 

нақыл сөздері, жырау, терме, аңыздар, батырлар жыры секілді 

мұралардың дені атамекенді қастерлеуге арналған. Тірісінде 

атамекенін дәріптеген қазақ өлгенде «бір уыс топырақтың» 

өз  Отанынан  бұйырғанын  соңғы  пенделік  қасиетті 

тілегі  санаған.  Осыған  орай,  оқушылардың  лексикасы 

этноатаулармен, жаңа ұғымдармен толықтырылады. 

11-сыныпта «Көне түркі ескерткіштері»   тақырыбында 

өткізілген  сабақтың  мақсаты:  мәтінді  оқып,  мазмұнын 



46

47

айту. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тыңдап, қосымша 



мәлімет  алу.  Слайд  арқылы  ескерткіштердің  түрлерін  білу 

және  танысу.  Олар  тек  қазақ  халқының  мұрасы  болмай, 

бүкіл  адамзаттың  мұрасы  болып    табылатынын  балаларға 

жеткізу, мақтан етуге баулу. Сабақ бастар алдында  Олжас 

Сүлейменовтің сөзін түсініп оқып, өз ойларын жеткізе біледі. 

“Бұл  тас  ескерткіштердің  мәдени  маңызы,  құны 

қандай  болмасын  алтыннан,  қандай  болмасын  асыл 

тастан да артық, олардың құнына баға жетпейді... 

Бұл  тас  кітаптарды  сақтау 

– 

біздің  парызымыз 

болып табылады, себебі олар түріктерге ғана емес, барша 

адамзатқа  тиесілі.  Олар  біздің  төл  тарихымыз  бола 

отыра, бір мезгілде жалпыадамзаттық құндылық болып 

табылады”. 

                                              Олжас Сүлейменов.      

                                              Моңғолия, 1975 ж.  

Оның  сөзінен  осы  құлпытастардың  маңызы,  төл 

тарихымыз  және  жалпыадамзат  құндылық  болғанын  біліп, 

оларды сақтау 



– 

біздің парызымыз екенін айтады. Алдын-

ала оқушыларға тақырып бойынша жеке тапсырма беріледі. 

Оқушылар  шағын  ғылыми  жұмыстарын  дайындаған  кезде 

өздерінің сөз байлығын, сауатты сөйлем құру, мәліметтерді 

іріктей  білу,  тыңдаушылардың    назарын  аудара  білу 

қабілеттерін дамытады. Тыңдаушылардың есту, көру, ойлау, 

сұрақтарға  сауатты,  толық    жауап  беру,  түсіну  қабілеттері 

дамиды.

Қазақ  халқының  жеті  ғаламатының  бірі  –  домбыра.   



Домбыра халықтың тарихын, өмірін, сезімін баяндаған. Осы 

аспап  арқылы  қазақ  халқының  салт-дәстүріне,  тарихына, 

тұрмысы  мен  мәдениетіне  оқушының  қызығушылығын 

дамыту  тиімді.  Осы  сабақта  оқушылар  слайд  арқылы 

домбыраның құрылысы туралы өз беттерімен еркін әңгіме 

құра  білді.    Сабақ  алдында  жеке  тапсырмалар  берілді: 

домбыраның түрлері, атақты адамдардың домбыралары.Әр 

қазақ домбыраны асыл зат ретінде бағалап, киіз үйдің төріне 

іліп қойған.

Киіз  үй  –көненің  көзі,  ата-бабамыздың  баспанасы.    Ол 

туралы  мәліметтер  9-сыныпта,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

сабақтарында  берілген.  Сол  білімдеріне  сүйене  отыра 

киіз үйдің құрылысын кез келген оқушы айта алады, ағаш 

қаңқасы,  киіз  түрлері  туралы  еркін  сөйлейді.  Өздерінің 

сөздік  қорын  киіз  үйдің  ішкі  жасауға  қойылған  жиһаз 

атауларымен    толықтырады  және  слайд  көру  арқылы 

бекітеді.   Сабақты қорыта келгенде оқушылар өз білімдерін 

келесі слайд арқылы көрсете біледі және киіз үй неге төрт 

бөлімге бөлінетінін өз сөзімен түсіндіре алады. Әр бөлімін 

атап  қоймай  толық  мәлімет  береді.  Мысалы,  төрге  қандай 

адамдарды отырғызады? Неге төр деп аталады?, т.б. Киіз үйге 

байланысты  мақал-мәтелдер  берілген,  оның  мағынасына 

мән беріп, түсіндіреді және орынды қолдана біледі. Мысалы, 

«Шаңырақ  биік  болсын»  -  тілек-бата  ретінде;  «Түндігі 

ашылмай қалды» - ұрпақсыз қалу деген мағынада, т.б.



жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау