«Кеңейтілген практика мейіргері» КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ
|
Коды:
|
3221-0-002
|
Топтық коды:
|
3221-0
2220 Мейіргер ісі саласындағы кәсіби мамандар
|
Кәсіп:
|
Кеңейтілген практика мейіргері
|
Басқа да ықтимал кәсіптік атаулары:
|
-
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
5.1.
|
Еңбек функциялары:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Мейіргерлік процесті ұйымдастыру, жүзеге асыру және тиімділігін бағалау
2. Дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу және пациенттерге патронаж жасау
3. Пациентті және/немесе отбасын оқытуды ұйымдастыру
4. Денсаулықты нығайтуға және аурулардың алдын алуға арналған іс-шараларды ұйымдастыру, жүзеге асыру және тиімділігін бағалау
5. Терапияда және хирургияда мейіргерлік күтім көрсету.
10. Мамандандырылған оңалту (қалпына келтіру) және паллиативтік мейіргерлік күтім.
7. Гериатрияда мейіргерлік күтім көрсету
8. Төтенше жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету
9. Психиатрияда және наркологияда мамандандырылған мейіргерлік күтім.
10. Мамандандырылған оңалту (қалпына келтіру) және паллиативтік мейіргерлік күтім.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
1-еңбек функциясы
Мейіргерлік процесті ұйымдастыру, жүзеге асыру және тиімділігін бағалау
|
1- міндет:
Мейіргерлік диагноздың формулировкасы
|
Іскерліктер:
Пациентті тексеру дағдылары.
Пациенттің проблемасын белгілеу және мейіргерлік диагнозды тұжырымдау дағдылары.
Білімдер:
Мейіргерлік процестің мақсаттарын, міндеттерін, кезеңдерін білу.
Ішкі ауруардың пропедевтикасын білу.
Органдар мен жүйелер ауруларының симптомдары мен синдромдарын және олардың өршу тетігін білу.
Науқастың қазіргі және ықтимал проблемаларын анықтауды және белгілеуді білу.
Дәрігерлік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығын білу.
|
2- міндет:
Мейіргерлік көмек көрсетуді іске асыру
|
Іскерліктер:
1. Мейіргерлік көмекті жоспарлау дағдылары.
2. Мейіргерлік араласуды жүзеге асыру дағдылары.
Білімдер:
1. Мейіргерлік көмекті жоспарлау іс-қимылдарын, критерийлерін, талаптарын білу.
2. Іс-шаралардың қажетті жеке жоспарын білу.
3. Науқасқа күтім жасауды және бақылауды білу.
4. Жоспарланған шараларды іске асыру түрлерін (тәуелді, тәуелсіз, өзаратәуелді) білу.
|
3- міндет:
Мейіргерлік процестің тиімділігін бағалау
|
Іскерліктер:
1. Мейіргерлік процестің тиімділігін бағалау іскерлігі.
Білімдер:
Мейіргерлік процестің тиімділігін бағалау критериялары.
|
2-еңбек функциясы:
Дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу және пациенттерге патронаж жасау
|
1- міндет:
Дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу
|
Іскерліктер:
Негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде (ЖҚТА, қант диабеті, бронх демікпесі және басқалар) дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу дағдылары.
Білімдер:
Аурулардың симптомдары және олардың өршу тетігі.
Негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде (ЖҚТА, қант диабеті, бронх демікпесі және басқалар) дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу ережелері.
|
2- міндет:
пациенттерге патронаж жүргізу
|
Іскерліктер:
Қарттар патронажы дағдылары.
Туберкулезге шалдыққан науқастар патронажының дағдылары.
Диспансерлік науқастар патронажының дағдылары.
Онкологиялық науқастар патронажының дағдылары.
Жүкті әйелдер патронажының дағдылары.
Босануға дейінгі (антенаталды) патронаж дағдылары.
Нәрестелер және бір жасқа дейінгі балалар патронажының дағдылары.
Психикалық ауытқулары бар пациет патронажының дағдылары.
Білімдер:
Патронаждың түрлері мен нысандары.
Жүкті әйелдерге патронаж жүргізу ережелері мен тәртібі.
Жүктіліктің, босанудың және босанудан кейінгі кезеңнің қолайлы аяқталуына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар.
Босануға дейінгі (антенаталды) патронаж жүргізу ережелері мен тәртібі.
Бала емізу және бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру қағидалары.
Аналарды сәби үшін күнделікті іс-әрекеттердің дұрыс жасалуын қадам-қадаммен орындауды үйрету ережелері.
Жүкті әйелдерге патронаж жүргізу ережелері мен тәртібі.
Лактацияның бұзылуымен (гипогалактия) күресу шаралары.
Массаждың және шынықтыру элементтері бар гимнастиканың ережелері мен әдістемесі.
Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы.
Психикалық ауытқулары бар пациентке патронаж жүргізу ережелері және тәртібі.
Онкологиялық науқасқа патронаж жүргізу ережелері және тәртібі.
Онкологиялық науқастарға күтім жасаудың жалпы қағидаттары.
Қатерлі ісіктердің алдын алу.
Туберкулезге шалдыққан науқастарға патронаж жүргізу ережелері мен тәртібі.
Диспансерлік науқастарға патронаж жүргізу ережелері және тәртібі.
Қарттарға патронаж жүргізу ережелері мен тәртібі.
|
3-еңбек функциясы:
Пациентті және/немесе оның отбасын үйрету
|
Міндет:
Пациентті және/немесе оның отбасын үйрету
|
Іскерліктер:
Пациенттің және/немесе оның отбасы мүшелерінің үйренуге қажеттілігін бағалау дағдылары.
Оқыту мақсаттарын қою, оқытуды жоспарлау, оның сапасы мен тиімділігін бағалау машығы.
Пациенттерді/клиенттерді/отбасыларды үйретуге және жетекшілік жасауға арналған әдістер мен технологиялардың кең ауқымын меңгеру дағдылары.
Клиентке/пациентке/отбасына арналған ақпараттық және оқыту материалдарын әзірлеу дағдылары.
Өмір сүру сапасын бағалау дағдылары.
Білімдер:
Психологиялық-педагогикалық ғылымның негіздері.
Пациенттерді және/немесе отбасыны оқыту мақсаттары, міндеттері, теориясы және әдістері.
Пациенттерді және/немесе отбасыларды пациенттің функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға арналған күтімдік ем-шараларды үйретудің жалпы ережелері мен талаптары.
Пациентің функционалдық мүмкіндіктерін сақтау әдістері.
"Өмір сүру сапасы" ұғымы.
Пациентке және отбасына оңалту әдістемесін үйрету.
Пациентті және отбасын өз ауруларын басқару бойынша үйрету.
|
4-еңбек функциясы
Денсаулықты нығайтуға және аурулардың алдын алуға арналған іс-шараларды ұйымдастыру, жүзеге асыру және тиімділігін бағалау
|
1-Міндет:
денсаулықты нығайтуға жөніндегі іс-шараларды бағалау және іске асыруды ұйымдастыру
|
Іскерліктер:
1.Мінез-құлық стратегияларын қолдану, денсаулықты нығайтуға және АМСК деңгейінде аурулардың алдын алуға арналған жеке және топтық кеңес беру дағдылары.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу дағдылары.
3.Пациенттерге/отбасына үйде тәуелсіз мейіргерлік күтім жасау және ауруларды басқару дағдылары.
Білімдер:
Отбасы медицинасының негізгі қағидаттары.
Жалпы практикадағы мейіргернің жұмысына қойылатын негізгі талаптар.
Денсаулық сақтау құрылымындағы АМСК рөлі туралы ұғым.
Ауруларды басқару бағдарламалары (АББ)
Отбасы денсаулығын қорғау және нығайту жөніндегі негізгі бағдарламалар.
Отбасының бастапқы скринингі қағидаттары мен әдістемесі.
Валеология негіздері.
Санология негіздері.
Демография негіздері.
Халықтың физикалық даму көрсеткіштері.
Сырқаттанушылық, жарақаттанушылық, мүгедектіктік көрсеткіштері.
Аурулардың бастапқы алдын алу негіздері.
Денсаулықтың негізгі факторлары.
Дұрыс тамақтану қағидаттары.
Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу тұжырымдамасы.
Денсаулықты нығайтуға арналған алдын алу бағдарламаларын ұйымдастыру қағидаттары.
Алдын алу қызметін реттейтін нормативтік құжаттар.
Денсаулықты нығайту үшін қолданылатын әдістер мен технологиялар.
АМСК деңгейінде қолданылатын мінез-құлық стратегиялары
Отбасындағы зорлық-зомбылық және балаларға қатыгездікпен қарау қаупі.
|
|
2- міндет:
Аурулардың алдын алуы жөніндегі іс-шараларды бағалау және іске асыруды ұйымдастыру
|
Іскерліктер:
1. Жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу іс-шараларын сақтау іскерлігі.
Білімдер:
1. "Жұқпа", "жұқпалы процесс", "жұқпалы ауру" ұғымдарының анықтамасы.
2. Микро және макроағзалардың өзара әрекеттесу ерекшеліктері.
3.Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері.
4. Эпидемиялық процестің белгілері.
5. Жұқпалы және паразитарлық аурулардың берілу тетігі, жолдары және факторлары.
Дезинфекция жүргізу ережелері және әдістемесі.
Жұқпалы және паразитарлық аурулар тобының сипаттамасы
|
5-еңбек функциясы:
Терапияда және хирургияда мейіргерлік күтім көрсету
|
1- міндет:
терапияда мейіргерлік күтім көрсетуді жүзеге асыру
|
Іскерліктер:
Бронх-өкпе жүйесі ауруларының синдромдары кезінде мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының негізгі синдромдары кезінде мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Асқазан-ішек жолдары ауруларының синдромдары кезінде мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Бауыр және өт жолдары ауруларының синдромдары кезінде мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының синдромдары кезінде мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Жүйке және эндокринді жүйе ауруларының синдромдары кезінде мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Қан түзу жүйесі ауруларының синдромдары кезінде мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Тірек-қимыл аппараты ауруларының синдромдары кезінде мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Терапиялық науқастарға диспансерлік бақылау жүргізу іскерлігі.
Білімдер:
Бронх-өкпе жүйесі аурулары синдромдарының клиникалық ағымы, диагнотикалау және емдеу қағидаттары.
Бронх-өкпе жүйесі ауруларының асқынулылары кезіндегі кезек шұғыл көмек.
Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары синдромдарының клиникалық ағымы, диагностикалау және емдеу қағидаттары.
Жіті жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің асқынулары кезіндегі кезек шұғыл көмек.
Асқазан-ішек жолы аурулары синдромдарының клиникалық ағымы, диагнотикалау және емдеу қағидаттары.
Асқазан-ішек жүйесі ауруларының асқынулары кезіндегі кезек шұғыл көмек.
Бауыр және өт жолдары аурулары синдромдарының клиникалық ағымы, диагнотикалау және емдеу қағидаттары.
Бауыр және өт жолдары ауруларының асқынулары кезінде кезек шұғыл көмек.
Бүйрек және зәр шығару жүйесі аурулары синдромдарының клиникалық ағымы, диагнотикалау және емдеу қағидаттары.
Бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының асқынулары кезіндегі кезек шұғыл көмек.
Жүйке және эндрокринді жүйе аурулары синдромдарының клиникалық ағымы, диагнотикалау және емдеу қағидаттары.
Жүйке және эндокринді жүйе ауруларының асқынулары кезіндегі кезек шұғыл көмек.
Қан түзу жүйесі аурулары синдромдарының клиникалық ағымы, диагнотикалау және емдеу қағидаттары.
Қан түзу жүйесі ауруларының асқынулары кезіндегі кезек шұғыл көмек.
Ревматологиялық аурулар кезіндегі синдромдардың клиникалық ағымы, диагностикалау және емдеу қағидаттары.
Ревматологиялық аурулардың асқынулары кезіндегі кезек шұғыл көмек.
Д1 тобына жататын жіті ауруларды өткерген пациенттердің санаты.
Д3 тобына жататын туа біткен, генетикалық ауруларға және даму ақауларға шалдыққан пациенттердің санаты.
|
|
2- міндет:
хирургияда мейіргерлік күтім көрсетуді іске асыру
|
Іскерліктер:
1. Операция алдындағы кезеңде мейіргерлік процесті сақтау дағдылары.
Операция кезеңінде мейіргерлік процесті сақтау дағдылары.
Операциядан кейінгі кезеңде мейіргерлік процесті сақтау дағдылары.
Хирургиялық практикада ауырсынуды сезетін пациенттерге мейіргерлік күтім көрсету дағдылары.
Операциядан кейінгі асқынулар кезінде мейіргерлік күтім көрсету машығы және олардың алдын алу.
Хирургиядағы синдромдар кезінде мейіргерлік көмек көрсету машығы.
Хирургиялық науқастарға диспансерлік бақылау жүргізу машығы.
Білімдер:
Операциядан кейін пациентке мейіргерлік күтім жасау ережелері.
Пациентке және оның отбасы мүшелеріне операциядан кейінгі күтім жасауды үйрету ережелері.
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің физиологиясы.
Ауырсынуға ықпал ететін факторлар.
Ауырсынудың орналасуы бойынша жіктелуі.
Операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу қағидаттары.
Операциядан кейінгі асқыну қаупі факторлары және олардың алдын алу.
Хирургиядағы синдромдар кезіндегі клиникалық ағымы, диагностикалау, объективті тексеру, зерттеу әдістері және емдеу қағидаттары.
Хирургиялық науқастарды диспансерлік бақылаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
Д2 тобына жататын созылмалы ауруларға шалдыққан пациенттердің санаты.
|
6-еңбек функциясы:
Акушерлік-гинекологияда және педиатрияда мейіргерлік процесті ұйымдастыру
|
1- міндет:
акушерлік-гинекологияда мейіргерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру
|
Іскерліктер:
Акушерлікте және гинекологияда мейіргерлік процесті ұйымдастыру дағдылары.
Жүкті әйелдерге және гинекологиялық науқастарға алдын алу көмегін және диспансерлік бақылауды ұйымдастыру дағдылары.
Акушерлік және гинекологиядағы тексерудің негізгі әдістерін жүргізу дағдылары.
Акушерлік және гинекологиядағы жіті және кезек жедел жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдылары.
Білімдер:
Жүктіліктің физиологиялық ағымы және патологиясы бар жүктілік ағымының ерекшеліктері.
Гинекологиялық науқастардың клиникалық суреттемесі, диагностика және емдеу қағидаттары.
Акушерлік-гинекологиядағы мейіргерлік процесс.
Медициналық-генетикалық консультацияға көрсетімдер.
Отбасын жоспарлау қағидаттары мен сатылары.
Заманауи контрацепция әдістері.
Жүкті әйелдерді және гинекологиялық науқастарды диспансерлеу және алдын алу көмегін ұйымдастыру қағидаттары.
Акушерлік және гинекологиядағы жіті және кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету қағидаттары.
|
2- міндет:
педиатрияда мейіргерлік күтім көрсетуді ұйымдастыру
|
Іскерліктер:
1. Жаңа туған кезеңде мейіргерлік процесті ұйымдастыру және жүргізу машығы.
2. Педиатриядағы жіті және кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдылары.
3. Балаларға алдын алу көмегін және диспансерлік бақылауды ұйымдастыру дағдылары.
Білімдер:
1. Педиатриядағы мейіргерлік процесс.
2. Балаларды диспансерлеуді және алдын алу көмегін ұйымдастыру қағидаттары.
3. Балалардағы органдар мен жүйелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
4.Балалардағы аурулардың негізгі синдромдарының клиникалық суреттемесі және диагностикасы.
5. Балалардағы жетел және жіті жағдай кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету қағидаттары.
|
7-еңбек функциясы:
Гериатрияда мейіргерлік процесті ұйымдастыру
|
Міндет:
қартайған науқастарға мейіргерлік көмек көрсетуді іске асыру
|
Іскерліктер:
Гериатрияда мейіргерлік процесті ұйымдастыру дағдылары.
Гериатриялық пациенттерді оңалту дағдылары.
Гериатриялық пациенттерді үйрету және жүргізу дағдылары.
Білімдер:
1. Қартаю және белсенді ұзақ өмір сүру теориялары мен тұжырымдамалары.
2. Гериатриялық синдромдар.
3. Гериатриялық пациенттерді оңалту қағидаттары.
4. Геронтологиялық пациенттерде мейіргерлік процесті ұйымдастыру қағидаттары.
5. Гериатриялық практикада жағдайлар мен қажеттіліктерді бағалау, пациенттің қауіпсіздігі.
6. Геронтологиялық пациенттердің денсаулығын және жақсы сезінуін сақтауға отбасының қатысуы.
|
8-еңбек функциясы:
Төтенше жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету
|
Міндет:
өмір сүруге қауіп төндіретін жағдайлар кезінде мейіргерлік және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету
|
Іскерліктер:
Төтенше жағдайлар кезінде кәсіпаралық командада жұмыс істеу дағдылары.
Өмір сүруге қауіп төндіретін жағдайлар кезінде мейіргерлік және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету машығы.
Білімдер:
Апаттардың жіктелуі.
Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаттары.
Медициналық іріктеу қағидаттары.
Өмір сүруге қауіп төндіретін жағдайлар кезінде мейіргерлік және дәрігерге дейінгі медициналық көмек тактикасы.
|
9-еңбек функциясы:
Психиатрияда және наркологияда мейіргерлік процесті ұйымдастыру
|
Міндет:
психиатрияда және наркологияда мейіргерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру
|
Іскерліктер:
Психиатрияда және наркологияда мейіргерлік процесті ұйымдастыру дағдылары.
Психиатрия және наркологиядағы кезек күттірмейтін жағдайларда мамандандырылған мейіргерлік көмек көрсету машығы.
Білімдер:
Жалпы психопатология және жеке психиатрия негіздері.
Психиатриялық көмекті ұйымдастыру қағидаттары, психиатрияның құқықтық аспектілері.
Психикалық ауытқуларға шалдыққан науқастарды бақылау және оларға күтім жасау ерекшеліктері.
Психиатриядағы мейіргерлік процесс.
Пациенттің психомоторлық қозуы, агрессивті немесе суицидті мінез-құлығы жағдайында дәрігерге дейінгі көмек көрсету ерекшеліктері
Наркологиядағы мейіргерлік процесс.
Психиатрияда және наркологияда туған-туыстармен жұмыс істеу ережелері.
|
10-еңбек функциясы
Мамандандырылған оңалту (қалпына келтіру) және паллиативтік мейіргерлік күтім
|
1-міндет:
оңалтуды іске асыру және ұйымдастыру (қалпына келтіру)
|
Іскерліктер:
Медициналық оңалтуда мейіргерлік күтім жасау және ұйымдастыру дағдылары.
Білімдер:
Медициналық оңалту негіздері.
Оңалтуда мейіргерлік көмекті ұйымдастыру қағидаттары.
|
2-міндет:
паллиативтік көмекті іске асыру және ұйымдастыру
|
Іскерліктер:
1.Паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттердің қажеттіліктерін анықтау іскерлігі.
Инкурабелді науқастарға паллиативтік көмек көрсету дағдылары.
Өлім халіндегі (жантәсілім) пациенттерге мамандандырылған мейіргерлік көмек көрсету дағдылары.
Білімдер:
1. Хоспис қызметінің негізгі қағидаттары және хоспис қызетінің философиясы.
2.Паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттердің негізгі симптомдары, проблемалары және қажеттіліктері.
Пациенттерге паллиативтік күтім жасаудың негізгі қағидаттары.
Онкологиялық науқас психологиясының ерекшеліктері.
Ауырсыну себептері және ісіктің орналасуына қарай клиникалық белгілері.
Ауырсынуды бақылау қағидаттары.
Паллиативтік көмек кезінде ауырсынуды басқаруға арналған негізгі дәрілік заттар.
|
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар
|
1. Құқықтық және регламенттейтін құжаттардың нормаларын сақтау дағдылары.
2. Этика, деонтология және субординация ережелерін сақтау дағдылары.
3. Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық режимнің және қоршаған ортаның эпидемиологиялық қауіпсіздінің нормаларын сақтау дағдылары.
4. Денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтау дағдылары.
5. Медициналық қызметтер көрсету процестерін құжаттауды (оның ішінде электронды) жүзеге асыру іскерлігі.
6. Ұйымдастыру, өзін-өзі басқару және өз қызметін үздіксіз жетілдіру дағдылары.
|
СБШ аясында басқа мамандықтармен байланыс
|
3221
3221
3221
3221
2220
2343 (2323)
2269
|
Кіші мейіргер (күтім бойынша кіші мейіргер)
Массажист
Мейіргер
Жалпы практика мейіргері
Кеңейтілген практика мейіргері
"Мейіргер ісі" мамандығының оқытушысы
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша ғылыми қызметкер
|
Бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығын
немесе біліктілік анықтамалығымен байланысты
|
-
|
|
Білім беру жүйесімен және біліктілігіне байланысы
|
Білім деңгейі:
|
Мамандығы:
|
Біліктілігі:
|
1. "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім (Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры)
2. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Техникалық және кәсіптік білім беру кестесінде
|
Мейіргер ісі
|
Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры
|