38.Саркодалылар класы. Саркодалылар класы (Sarcodina)
Бұларға 10000-ға жуык түрлер жатады; олар негтізінен теңіздерде, тұщы суларда және топырақтарда кездеседі.Бұлар - ең қарапайым жануарлар.Олардың цитаплазмасы жіктелмеген, бір немесе бірнешe ядролары болады.Дене пiшiні тұрақсыз, қозғалу органоидтары болып жалған аяқтары саналынады. Жалған аяқтары қозғалу мен қатар жемтікті қармау қызметін де аткарады.Ауыз қуысы болмайды, жасушаға заттардың eнyi және жасушадан заттардың сыртқы шығарылуы денесінің кез келген жері арқылы жүзеге асады. Жиырылғыш вакуольдері - бipey. Көбеюі негізінен жыныссыз жолмен — жасушаның 2-ге бөлінуі арқылы жүреді
Бұл кластың өкілдерінің ішінен бip отряд өкілдерінің медициналық маңызы белгілі.Ол — Амеба отряды (Amoebina).
Амеба отряды — Amoebina
Адам денесінде амебаның бірнеше түрлері кездеседі,олардың iшінен маңыздысы қантышқақ (дизентерия) амебасы (Entamoeba histolytica)
Дизентерия амебасы- Entamoeba histolytica адамдардың зілді ауруы -амеба дизентериясы немесе амебиаз ауруының қоздырушысы болып табылады.Ол адамның тоқ ішегінде паразиттік тipтшiлiк етеді.Ол барлық жерлерде, әcipece климаты ыстық, болып келетін жерлерде, кездеседі.
Бұлар тек адам паразиті болып табылады. Оның тipnшiлiк циклінде мынадай формалары кездеседі циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma minuta), ipi вегетативтік формасы (forma magna) және ұлпалық формасы.
Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегінде циста қабығы epiп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амебаға тез бөлініп 4 бip ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7—15 мкм) (forma minuta) түзіледі.Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп ұзақ уақьгг зиянсыз тіршілік етеді.Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады.
Кейбір адамдарда, белгі 6ip жағдайларда (мысалы, салқындағанда, авитаминозда, диета бұзылғанда, гельминтоздарда) ұсақ вегетативтік форма iшекқабырғасына eнiпішектің сілемейліқабытында жара пайда етеді.Бұл оныңұлпалық формасы. Бұл кезде қылтамырлар қабырғасы жараланып, iшекқуысына қан ағуы байқалады.
Дизентерия амебасының тіршілік циклі, а) цистотасымалдаушы, б) амебиазбен ауыратын адам; 1-циста, 2-вегетативтік формасы, 3-ұсақ вегетативтік формасы, 4-ipi вегетативтік формасы, 5-ұлпалық формасы, 6-7-нәжіспен сыртқа шығарылуы.
Ішектің амеба арқылы зақымдаушы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30—40 мкм және ядро құрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондықтан оларды эритрофагтардеп атайды.
Ішек қабырғасының ұлпасында көбеюші амебалар (ұлпалық формасы) ішек қуысына өтуі мүмкін. Олардың құрылысы және көлемі ірі вегетативтік формаға ұқсас болады, бірақ олар эритроциттермен қоректене алмайды.
Емдеу немесе ағзаның қорғаныстық реакциясының күшеюі нәтижесінде ірі вегетативтік форма қайтадан ұсақ вегетативтік формаға өтіп цистаға айналады.
Кейбір адамдарда ұсақ вегетативтік форма еш уақытта да ірі вегетативтік формаға айналмайды. Ондай адамдарды цистотасымалдаушылар деп атайды. Олар өздері ауырмайды, бірақ басқа адамдар үшін өте қауіпті, себебі басқа адамдардың зақымдану көзінің бірі болып табылады. Циста тасымалдаушы 1 тәулікте 600 млн цисталарды бөліп шығарады. Оларды дер кезінде тауып емдеу қажет.
Амебиаздың жуғуының жалғыз көзі болып адам саналады. Нәжіспен бөлініп шыққан цисталар топырақты, суларды ластайды, бау-бақшаларға жетіп жеміс-жидектерді ластайды. Ластанған жеміс жидектерді жумай жеген кезде амеба цистасы адамға жүғады. Олардың механикалық таратушылары болып шыбындар, тарақандар саналады.
Клиникалық сипаты.Негізгі белгілері (симптомдары) ішектің қансырап тұратын жарасы, қан мен сілемей араласқан сұйық үлкен дәреттің жиі келуі болып табылатын зілді ауруды қоздырады. Дұрыс емделмесе 40% жағдайда дүние салуға алып келеді.
Лабораториялық анықтау. Нәжісті микроскопиялық зерттеу арқылы жүргізіледі. Аурудың зілді кезінде үлкен дәретте эритроциттерді жұтқан ірі вегетативтік формасын, ал созылмалы ауру кезінде не цитотасымалдаушыларда 4 ядролы цисталарды іздейді.
Алдын алу шаралары ретінде жеміс-жидектерді жуып жеу, қайнаған суды ғана ішу, тамақтану алдында, дәрет алғаннан кейін, қолды сабындап жуу, яғни жеке тазалықты сақтау болып табылады механикалық тасымалдаушыларды (шыбындар, тарақандар) жою және санитарлық ағартушылық жұмыс (үгіт-насихат) жүргізу әдістерін атауға болады.
Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді емес амебалар кездеседі. Ол - ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы (Entamoeba dingivalis). Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |