Қорытынды
Ислам дәстүрінде адамгершілік ахлақтық борыштармен беріледі. Сонымен бірге жақсы мінез-құлық міндеттері де ашып көрсетіледі. Адам баласына қойылатын белгілі бір заңдылықтар да бар. Олар: шек қоюшылық немесе тілектестік заңдылықтарымен белігленеді. Біз дипломдық жұмысымызда осы көтерілген мәселелерге жан-жақты таладама бердік. Ислам дәстүріндегі адамгершілік дәстүрлеріне қағидалы және қағидалы емес дәстүрлер де жатады. Бұлар да диплом жұмысы барысында жан-жақты көрсетілді. Адам өміріндегі ең маңызды ролге ие міндеттердің бірі борыш деп аталады. Ол жөнінде бес ахлақтық борыштарды қарастырып өттік. Жеткіншектердің психологиялық және педагогикалық мүмкіндіктері ескеріле отырып «Адамгершілік мұраттары» деген мектептер арқылы берілді. «Адамгершілік мұраттары» мектебінің негізгі мақсаты ахлақтық қағидаларды, үкімдерді, заңдылықтарды танытып, олардың адамгершілік жағынан жетілуіне мүмкіндік жасау болып табылады. Енді біршама адамгерішлік борышына қысқаша тұжырым беріп кетейік.
Отбасы алдындағы борышымыз. Бір ұлттың немесе мемлекеттің ең кіші бөлігі-жанұя. Жанұяның негізі ата-ана. Жанұяда бірге тұрып жатқан адамдардың да бір-біріне қатысты борыштары бар. Олар: 1. Ата-ананың балалары алдындағы борышы; 2. Балаларының ата-аналары алдындағы борышы; 3. Туысқандар мен бауырластар арасындағы борыштар.
Отан мен мемлекетіміз алдындағы міндетіміз. Біздің кең байтақ жеріміз, бір мемлекетке біріккен, көп ұлтты Отанымыз бар. Сол Отанда тұрып жатқандарды отандастар дейді. Әр адамның өз отанының, мемлекетінің алдында міндеттері бар: 1. отаңдастар арасындағы адами қатынастарды реттеу мақсатында, сол мемлекеттің Үкіметі заңдар шығарады. Біздің борышымыздың бірі сол заңдарды құрмет тұту. Өйткені осы заңдарды негіз ете отырып өмір сүреді, жақсылықта әрі тыныштықта болады; 2. адамдар өздерінің тапқан қаражаттарының бір бөлегінен мемлекетімізге алым-салық төлеп тұрулары керек. Бұл түсім арқылы Үкіметіміз отандастарымыздың мүддесі үшін қажетті экономикалық, саяси, әлеуметтік және тағы басқа шараларды іске асырады. Мысалы: ауруханалар, мектептер, үйлер, өндіріс орындарын құрады. Сондықтанда мемлекетіміз талап етіп отырған салықты уақытында түгел төлеп отыру отандастарымыздың үлкен борышы. 3. Отанды сақтау тек қана қаржымен шектелмейді. Бұл күндері мемлекетіміз өз еркіндігін өрі отандастардың тыныштығын сақтау мақсатында неше мыңдаған әскер ұстауға міндетті. Сондықтан қаржы борышы салықпен, ал Отан қорғау борышы әскерге қызмет етумен орындалады. Уақыты келгенде әскерлік міндетімізді өтеу Отан алдындағы бір борышымыз болып саналады; 4. мемлекет істерін алып жүруші үкімет қызметкерлерін отандастар сайлайды.
Сайлау кезінде сол іске лайық кісілерді Үкіметке немесе мемлекет қызметіне сайлауда, сайлауға қатысып дауыс беру де Отан және мемлекет алдындағы борышымыздың бірі.
Бүкіладамзат алдындағы міндетіміз. Ислам діні көрсетіп отырғандай, бүкіл адамзат Адам-Ата мен Хауа -Ананың ұрпағы. Дүниеде түрлі түстегі, түрлі тілдегі адамдар өмір сүруде. Мұсылмандардың бірі мен бірінің алдындағы борышы сияқты, мұсылман еместердің де алдында түрлі борыштарымыз бар: 1. басқа адамиың өмірі де біздікі сияқты құрметті, қымбатты әрі қадірлі. Кім болса да бұл дүниеде өмір сүруге құқылы. Дініміз көрсетіп отырғандай ешкімді де әділетсіздікпен өлтіруге болмайды. Сондықтан Ислам дінінде нақақтан кісі өлтіру ең ауыр күнәнің бірі болып саналады; 2. Аллаһ /Т/ барлық адамды еркін етіп жаратқан. Олар еріксіздікте, тұтқында болу үшін жаратылмаған. Исламнан бұрын Құлдарды мал сияқты базарларда сатушы еді. Исламият бұл іске тыйым салды. Пайғамбарымыз: "Аналарынан еркін болып туылған адамдарды құлдыққа ұстауға сенің қақың жоқ "-деген еді. 3. адамдардың ой-пікірлері бірдей емес, сенімдері әр түрлі. Түрлі пікірдегі адамдар кездеседі. Әр адамның өзіне тән түсінігі— фәлсәфасы бар. Олай болса бізге ұқсап ойламайтын адамдардың пікірін де тыңдап, адамзаттың рухаятына тигізетін пайдасы мен зиянын айыра білгеніміз абзал. Олардың жақсы ойларын мақұлдап, теріс пікірлеріне орынды жауап беріп, олармен сұхбаттасып, ақиқатты түсіндірген дұрыс. Пікірлердің бірдей болмауы олардың арасында қайшылықтар туғызуы мүмкін. Қайшылықтар күреске жетелейтіні белгілі. Әрине бұл күрес, пікірлер әлемін кеңейте отырып, ақиқатқа алып баратын жолды көрсетеді; 4. Әр адамның ары мен намысы құрметті. Адам ең ұлы, ең ізгілікті жаратылыс. Оның абыройын төгу үшін жала жауып, ғайбат айту, жамандау, шағыстыру исламда арам етіліп, қатаң түрде тыйым салынған; 5. адамның жаны да, мүлкі де қымбат нәрселер. Басқалардың мүлкіне не байлығына зиян тигізуге болмайды. Әділетсіздікпен, зұлымдықпен басқалардың мүлкін тартып алу арам, яғни тыйым салынган. Адамдардың үйлерін, бұйымдарын, басқалай байлықтарып бүлдіру немесе малдарына зиян тигізу күнә болып есептелінеді. Демек, әр адамның өмірін, мүмкін, намысын құрмет тұта отырып, ой-пікірімен, сенімімен санаса білсек, адамдар арасындағы ахлақтық борышымызды орындаған боламыз.
Аллаһ тағала мен пайғамбарымыздың алдындағы борыштар да мазмұны ашып көрсетілді.
Диплом жұмысының барысында көрсетілен адамгершілік борыштары, қағидалары мен заңдылықтары жеткіншектің өзін-өзі жетілуіне мүмкіндік берері сөзсіз.
Қосымша
Ислам дәстүріндегі ахлақи мәселелердің қарастырылуы
Кесте №1
Жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негізі
Кесте № 2
Қ
Ұ
Р
А
Н
К
Ә
Р
І
М
СӨЗ
Қ
А
Й
Н
А
Р
К
Ө
З
І
Құранда, Сүннет-те, Жинақ-тауда белгілен-беген мәселе-лерге билік беру
МАҚҰЛДАУ
ӘРЕКЕТ
Билік туралы пікір ортағына ие дін ғалымда-рының келісімі-мен болған еңбектер, дүниелер
М
ІНДЕТТЕР
І
Діннің бар-лық негізін қамту
Кітап-ты түсін-діру
Тәфсір-лермен талдама беру
Өзге көктен түскен кітап-тардың қорытын-дысы
Құранда жазылма-ған кейбір биліктерді белгілеу
Діни еңбектер арқылы ашып көрсету
«Адамгершілік мұраттары» мектебінде қарастырылатын тақырыптар
Кесте № 3
№
|
Тақырыптар
|
Сыныптар
|
1.
2.
|
Адамгершілік мәселесінің Ислам дәстүрінде қарастырылуы.
Адамгершілік міндеттері
|
5
|
6
|
7
|
8
|
+
+
|
+
+
|
+
+
|
+
+
|
а)
ә)
б)
в)
г)
|
Аллаһ, Пайғамбар алдындағы міндеттеріміз
Жеке басымызға байланысты міндеттеріміз
Отбасы алдындағы міндеттеріміз
Отан және ұлтымыз алдындағы міндеттеріміз
Барлық адамзат алдындағы міндеттеріміз
|
+
+
|
+
+
|
+
+
+
|
+
+
+
+
|
3.
|
Адамгершілік қағидалары
|
+
|
+
|
+
|
+
|
4.
|
Жақсы және жаман мінез- құлықтар
|
+
|
+
|
+
|
+
|
5.
|
Ислам дәстүріндегі адамгершілік мәселесінің қазақ халық әдебиетіндегі көріністері
|
+
|
+
|
+
|
+
|
Жеткіншектерде рухани-адамгершілік қағидаларын қалыптастыру мазмұны
Кесте № 4
1)Рухымызды негізсіз және жалған сенімдерден тазарту
|
Аллаһты танып, білу; Жалғыз Аллаһқа сеніп, құлшылық ету; Аллаһ тарапынан жіберілген кітаптарға сену; Жаман ойдан, сөзден бойымызды аулақ ұстау.
|
2) Дұрыс және берік сенімдерді орнықтыру
|
Өзінің жан дүниесін билеп, нәпсісін бағындыру; Құран оқу, мазмұнын, ашықтамасын түсінуге тырысу; Күнәлі істерден сақтануға тырысу; Сенімін нық бекіту; Жан дүниесін байыту, жүрегін таза ұстау.
|
3) Дұрыс және пайдалы білімдермен қаруландыру
|
Білмегенін білуге, білген білімдерін жетілдіруге, іздену, жаңалыққа талпыныс; Білім алу жолына шек қоймау; Біліктілік негізінің бірі, бірнеше тілді меңгеру; Білгенді тарату, айту парыз.
|
4) Жаман ойлар мен жағымсыз мінез- құлықтан тазарту
|
Дұшпандық, ашу, басқалардан қызғану, өтірік айту, сөзінде тұрмау, екіжүзділік, ұятсыздық, құрметсіздік, мейірімсіздік, менмендік, жалқаулық, дөрекілік, әділетсіздік т.б.
|
5) Жақсы ойлар мен тамаша мінез- құлықпен безендіру
|
Достық, мейірімділік, шыншылдық, батылдық, еңбекқорлық, сабырсыздық, ұяттылық, үлкенге құрмет, нәзіктік, әдептілік, кешірімшілдік, жанашырлық, сөзінде тұру, т.б.
|
Жеткіншектерге рухани-адамгершілік қағидаларына бағыттылық ережесі
Кесте № 5
Достарыңызбен бөлісу: |