Мазмұны Кіріспе І тарау. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді рухани- адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі


Ислам дәстүрлерінің адамгершілік қағидалары арқылы жеткіншектердің рухани - адамгершілігін қалыптастыру



жүктеу 1,22 Mb.
бет2/5
Дата20.05.2018
өлшемі1,22 Mb.
#15192
1   2   3   4   5

1. 2. Ислам дәстүрлерінің адамгершілік қағидалары арқылы жеткіншектердің рухани - адамгершілігін қалыптастыру
Бүкіл мұсылмандардың үйренуі керек болған білімдерді «Ислам білімдері» деп атайды. Ислам білімдері үш салада топтастырылады:

1. Ислам сенімі; 2. Ислам құлшылығы; 3. Ислам ахлағы.

Осы ілімдердің үшіншісі, яғни Ислам ахлағы адамның рухани адамгершілігін қалыптастырып тәрбиелеу саласы.Бұл қазіргі таңдағы психология (жантану) ғылымының мақсаттары мен міндеттерін көздейтін ілім. Ислам ахлағы үш түрлі сала бойынша зерттеледі:


  1. Адамның істері мен амалдарының, қылықтарының жақсы немесе жаман екендігін түсіндіретін ілім саласы. Бұл адамның жалғыз болса да,көпшілікпен болса да бұлжымас қылықтарын үйретеді. Мысалы: жұмсақ мінезді, жомарт, ұялшақ болу т.б.

  2. Адамның отбасындағы, бала-шағасын, жұбайының алдындағы іс-әрекеттерінің зерттейді. Бұған отбасылық әдеп дейміз.

  3. Адамның қоғамдағы міндеттерін, іс-әрекеттерін, басқаларға

пайдалы болуын үйретеді. Бұған әлеметтік тәрбие дейміз.

Адам жақсы немесе жаман әрбір әрекетін бір себепке байланысты орындайды. Бұл себеп, не табиғи, не болмаса әмір, не болмаса заң. Табиғи әрекеттерге ақылы, ой-санасы, тәжірибелерінен туындаған қылықтар. Мұндай әрекеттер уақыт өте келе немесе қоғамдағы құбылыстарға байланысты өзгермейді. Ал, әрекетіне себеп болған әмір және заң болса, қоғамның, ұлттың ортақ пікірлерінен туындайды. Бұған ғұрып немесе дәстүр дейді. Немесе мұндай заңды танымал ғалымдар, тәжірибелі, үстемдік иесі адамдар тарапынан қойылады.

Пайғамбарлар, әулие-әмбиелер, патшалар, диктаторлар міне осындай адамдарға жатады. Пайғамбарлар, әулие-әмбиелер, ғалымдар тарапынан бізге білдірілген Аллаһ Тағаланың әмірлері (заңдары) үшке бөлінеді:


  1. Әрбір тұлғаның жеке-жеке орындауы керек болған, өзіне тән

әмірлер. Бұған құлшылықтар жатады.

  1. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын, бүкіл адамдардың бір-бірі алдындағы міндеттері. Мысалы: үйлену, қоғамдық тәртіп, сауда-саттық. Бұған ахлақи әмірлер дейміз.

  2. Мемлекет, қоғамға байланысты әмірлер – құқықтық немесе саяси жүйе. Осы үш заңдылықты ортақ атаумен «Фыкых» дейміз. Фыкых (үкім) ілімін және осы істерді реттейтін әмірлер, амалдар, әдістер мемлекеттерге, ұлттарға, уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Міне, Аллаһ Тағаланың діндер арасындағы жасаған өзгертулері, кейбір заңдарды жоюы осындай әмірлерде болған, сенімді емес. Өйткені қашанда тәңір біреу-ақ, қиямет хақ, есеп-қисап бар. Аллаһ Тағаланың діндер арасындағы кейбір заңдарды жоюы немесе өзгерткеніне байланысты мысал бере кетейік: Адам ата дәуірінде адамдардың көбеюі керек еді. Сондықтан, еркектің өз қарындасымен үйленуі халал әрі рұқсат болатын. Адамдар көбейген соң бұл заң керек болмады. Сөйтіп Аллаһ бұған тйым салды. Осы секілді, Ислам діні жер бетіне түсірілген соң, жаңа әмір, жаңа заңдылықтар әкелді де өзінен алдынғы тәңірлік діндердің (еврейлік, христиандық) үкімдерін жойды. Бұдан кейін қияметке дейін тек қана Ислам үкімдерінің ғана заңды күші бар. Бұл туралы Құран Кәрімде Әли-Имран сүресінде былай бұйырады: «Кімде-кім Исламнан басқа дін іздесе, ол дін одан әсте қабыл етілмейді...»

Енді ахлақ ғылымының пайдаларына тоқталайық. Адам, жан-жағындағыларды мысалы, жер мен көкті,жұлдыздар мен галактикаларды,олардың өз осьтерімен адаспай айналуларын,ғасырлар бойы бір-біріне сақтығыспағандығын,жер жүзінде ыстықтық, салқын, ауа, су мөлшерлерінің өзгермеуі, мезгіл бойынша ауыспай кезектесіп келулері,табиғат құбылыстарының өмір сүруге сай, ыңғайланып, өлшеніп-пішіліп қойылғандығы, адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің, жансыз заттардың, атомдардың, малекулалардың, клеткалардың, қысқаша мектеп пен жоғарғы оқу орындарында үйретіліп жаттақан, зерттеліп жатқан сансыз жаратылыстардың құрылысындағы, әрекетіндегі жүйені, тәртіпті, сәйкестікті көре отырып, бұларды істеген, жаратқан, құдіретті, ғалым біреудің бар екенін еріксіз қабыл етіп, сенбеуге шараң қалмайды. Ақылды адам, әлемдегі бұндай құдіреттілікті, жүйелікті көріп, дереу АллаһТағаланың бар екенін сенеді және мұсылман болады. Сондай-ақ 1966 жылы мұсылман болған Испанияның атақты философ проффесоры журналистердің сұрақтарына берген жауабында: «Ислам дінінің кітаптарын зертттей отырып, хақ жолдың не екенін түсіндіп. Ислам ғалымдарының ұлылығын ұғындым. Ислам діні таза әрі нық, өз түп негізіндей үйретілсе, бүкіл әлемдегі ақылы бар әркім қуана-қуана мұсылман болатын еді» деген.

Адам табиғатқа және өзіне зер сала отырып, мұсылман болғаннан кейін, Ислам ғалымдарының кітабынан Мұхаммед пайғамбардың өмірін, көркем мінез-құлқын оқып үйренсе, иманы күшейеді. Ахлақи мағлұматтарды оқып үйренген соң адам жақсы және жаман қылықтарды біледі. Жақсы әректтерді жасап, дүниеде толық, қадірлі адамға айналады. Істері жүйелі әрі оңай болады. Дүниеде рахат, ләззатпен өмір сүреді. Оны барлығы сүйеді. Аллаһ Тағала одан разы болады.Ақыретте Аллаһ Тағаланың мейірімі мен мақтауын алады. Қайтадан ескертейік, адам бақытты болуы үшін екі нәрсе керек. Бақытты адам осы екі нәрсеге қол жеткізген адам. Бұл екі нәрсенің біріншісі, пайдалы ілім мен кәміл иман иесі болу. Екіншісі, жақсы мінезді, жақсы қарым-қатынасты адам болу. Ал, бұл ахлақ ілімін оқып-үйренуімен қамтамасыз етіледі. Осы екі нәрсеге ие болған кісі Аллаһ Тағаланың разылығы мен махабатына, сүйіспеншілігіне бөленеді. Ал, жаман мінез-құлаққа ие болып, оны тастамаса, Алланың мейіріміене мақрұм қалуы мүмкін, жазаға ие болуы мүмкін.

Ахлақ ілімі, өте қасиетті, қадірлі, ең қажетті ілім. Ахлақ ілімі, жүрек пен рухани тазалық ілімі деген сөз. Себебі, жаман қылықтар жүрек пен рухтың аурулары, ал зиянды әрекеттер сол аурудың белгілері, кемшіліктері.

Ислам дәстүрінде мінездерді екі түрлі етіп қарастырады. Соның бірі – жарасымды мінездер /Туралық / шындық



Туралық - сөзімізде, ісімізде және әрекетімізде ақиқаттан ауытқымау, яғни жақсылықта болу деген сөз.

Бес уақыт намаз оқығанда Жәнәбі хақтан туралықты сұраймыз және: "Бізді тура жолға сала көр! Нығметке бөленгендердің жолына, Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! Әмин"- деп тілек тілейміз /Фатиха с-сі. 6-7 аяттар/.

Шыншыл адам жалған сөйлемейді, ешкімді де алдамайды, алаяқтық жасамайды.

Өзін абыройсыз ететін әрекеттен аулақ болғаны үшін, адамдар арасында құрметті де беделді болады, әр кезде сүйіспеншілікпен еске алынады.

Туралықты Аллаһ /Т/ мұсылмандарға ФАРЗ еткен. Көптеген аяттар мен хадистерде туралықтың маңызды екені бірнеше қайтара ескертіліп айтылады.

Жәнебі ХАҚ Құран Кәрімде: "Әй мү"миндер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар "-деп ескертеді. /Тәубе с-сі. 119-аят/.

Мұсылман сөйлегенде үш нәрсеге көңіл бөледі.

-турасын айтады;

-уәде берсе, уәдесінде тұрады;

-қолынан келмейтін істер жөнінде уәде бермейді.

Пайғамбарымыз туралыққа қатты көңіл бөлетін әрі мұсылмандарды да ақ пейілділікке үгіттейтін.

Бірде, бір арап келін пайғамбарымызға былай деді: "Уа, Аллаһтың Елшісі, мен бір наданадаммьш. Маған дін де пайдасы бар бір сөз үйретесіз бе?"- деп сұрады. Сонда пайғамбарымыз /ғ. с./: "Аллаққа сенгін және әр істе тура бол ", - деп жауап берді.

Пайғамбарлықтың бес сипаты болады. Солардың бірі САДАҚАТ, яғни шыншылдық. Сондықтан: "Шындық пайғамбардың сипаты" дейді.

Шындықты айтушылар Аллаһ /Т/-ның алдында да, адамдардың алдында да құрметті.

Жалғаншыларды, өтірікшілерді Аллаһ/ Т/-да, адамдар да жақтырмайды. Жалғандық барлық дінде де арам деп есептелінеді. Құран Кәрімде Аллаһ /Т/: "Әй мү"миндер Аллаһтан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер деген. /Азхаб с-сі, 70-аят/.

Мұсылманның қолынан және тілінен басқалар зиян шекпейді, мұсылман өзіне лайық көрген нәрсені басқа бауырластарына да жөн көреді. Мұсылман адалдан жиналған байлығына немесе мүлкіне арамды араластырмайды. Үй ішіне, бала-шағасына арам ас жегізбейді. Пайғамбарымыз /с. ғ. у. бір хадисінде былай деген еді: "Бір мұсылманға зиян тигізген әрі алдаған кісі бізден емес".

Құранда ла Аллаһ /Т/; "Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш! Олар қашан өлшеп алады да, қашан өлшеп немесе тартып беретін болса кемітеді". Мутаффифун с-сі, 1-3 аят/..

Біздер, Әлхамдулиллаһи, мусылманбыз. Не істесекте Аллаһ /Т/ көріп тұр, періштелер болса, не күнә істерімізді, не сауапқа лайық жақсы істерімізді жазып тұр. Адамдарды алдаған мен Аллаһты алдау мүмкін емес.



Ақ пейілділік және биязылық. Ислам дінінде қайырымдылықпен көмек көрсетуді мархабат (мейірімділік) дейді.

Аллаһ (Т) рахымды әрі Рахман, яғни мейірімді әрі қайырымды. Олай болса мархабат Аллаһ (Т)-ның берген бір ерекше сезімі. Мұсылман барынша ақ пейіл, әрі биязы мінезімен ерекшеленеді. Аллаһ (Т) жаратқандарына мейіріммен қарай білген адам абзал адам.

Мұндай адам Аллаһтың рахметі мен мейірімділік сипаттарынан үлес алғаны үшін әр түрлі сый, құрметтерге лайық. Аллаһ тағаланың рахметі мен мархабаты шексіз. Адамдарға олардың аз ғана бір бөлігі берілген. Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Аллаһ тағала рахметі мен мейрімін жүз бөлікке бөлді. Тоқсан тоғыз бөлігін өзіне қалдырып, бір бөлігін ғана жер жүзіне шашты. Міне сол бір үлестен тиген мейірімділік арқылы адамдар бір-біріне қамқорлық көрсетеді"- деген екен.

Адамдарға қатыгездікпен қарайтын пенделер, сондай-ақ басқаларға зұлымдық жасап, азап берушілер бұл дүниеде де, ахиретте де бақытты бола алмайды.

Ислам діні қатігездікті арам еткен. Исламнан бұрын араптар сондай бір надак әрі зұлым еді. Үнемі бірі мен бірі соғысып, нәтижесінде өлімге душар болып жататын, қыз балаларын - ұнатпаса трідей жерге көме салатын. Ислам діні мұндай жабайылыққа қатаң тыйым салып, адамдарға мейрімді болуға үгіттей бастады. Нәтижесінде адамдар жүрегінде мейірбандық көбейіп, тас бауырлықты жойып, пейілдерін жұмсартты. Дұшпандарын досқа айналдырды. Бірде Акра ибни Хабис деген сахаба хазіреті Пайғамбарымыздың немересі Хасанды құшақтап сүйгенін көріп бұлай деді: Сіз балаларды өбеді екенсіз. Менің он балам бар, мен оларды еш қашан өбкен емеспін". Пайғамбарымыз бұл кісіге жымия қарап: "Мейрімділік көрсетпеген кісіге мейрімділік жасалмас"-деді.

Басқа бір хадисінде пайғамбарымыз: "Адамдарға мейрімділік жасамаған кісіге Аллаһта мейрімділік жасамас"- деп айтыпты. Осы хадисте айтылып тұрғандай мейрімсіз, қатігез адамдарға Аллаһтың да мейрімі түспейді.

Ислам діні мұсылмандарды бір дененің мүшелері деп біледі, Дене мүшелері сияқты аса тығыз байланыста бола отырып мұсылмандар біріне-бірі қамқорлық жасап, бірінің басына түскен қайғы-қасырет, ауыртпашылыққа көмектесіп, мейірім мен ақпейілділік көрсетіп, араларындағы сүйіспеншілік пен құрметті арттыра түседі.

Құран Кәрімде Аллаһ тағала: "...рахметім әр нәрсені сыйдырады..."- дейді (Ағраф с-сі, 156 аят).

Ислам дінен бізге насихат етілген мейрімділік (Мархабат) барлық адамдарға, тіпті бүкіл мақұлықатқа (жаратылысқа) қатысты. Мұсылман адам тек адамдарға ғана емсе, жануарлар әлеміне де мархабатты келеді, зиянсыз жануарларды босқа өлтірмейді, сусыз немесе аш қалдырып, орынсыз қинап, азап бермейді. Ислам діні бойынша хайуандардың да алдында біздің жауапкершілігіміз әрі міндетіміз бар. Бірде пайғамбарымыз сахабаларына, бір дозаққа лайық болған әйел жайында айтып берді. Бұл әйел мысығына ашуланып, оны тар қуысқа қамап, сол қуыста аштан өлуіне себепші болған. Ислам діні тек адамдарға ғана емес, барлық жан-жануарларға, сыртқы қоршаған ортағажанашырлықпен қарауды бұйырды.

Сабыр. Сабыр-шыдамдылық көрсету, ауыр жағдайларда табандылық танытып, өзімізді жоғалтып алмауымыз үшін, орынсыз сөздерден, әрекеттен тыйылу.

Бұл дүние сынақ әлемі. Адам өмірінде әртүрлі жағдайларға кездеседі. Ол жағдайлардың бірі кісіні шаттандырса, екіншісі жабырқатуы мүмкін. Шаттық келгенде шүкірлік ету, яғни ризалық білдіру, ал ауыр жағдайларда сабырлық ету мұсылмандарға парыз етілген. Аллаһ (Т)-нын, ризалығын ойлап, Аллаһтың сынауға лайық көргеніне шүкіршілік етіп, сабыр сақтау өте сауапты іс. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала: "Шын мәнінде сабыр етушілерге силықтары есепсіз орындалады деп айт", - дейді (Зұмар сүресі, 10-аят).

Пайғамбарымыз хадистерінде: "Мұсылман кісі разы болған кезінде шүкіршілік етер. Ол үшін бұл жақсы, сауаб. Қайғылы кезде сабыр етер, бұл да ол үшін жақсы. Мұсылман адамның жағдайы сондай, әр ісінде сауап бар. Бұл мұсылмандардан басқада жоқ"- деген екен. Сабыр мұсылманның қаруы. Сондықтан оны уақыты келгенде қолдануы керек. Бірақ бел шешіп еңбек етпей, жалқаулық жасап, жоқшылыққа разы болып, Аллаһ тағдырымызға жазған екен деп, мұқтаждық алдында бас иіп әрекетсіз отырсақ сабырлы саналмаймыз. Әділдік пен ақиқат алдында аузымызды ашпай, сөзден тыйылсақ бұл да сабырлық болмайды. Сондықтан пайғамбарымыз айтқан екен: "Ақиқат алдында аузын жауып алған адам тілсіз шайтан"- деп.

Сабыр үш түрлі болады.

а) пәлеге және қасіретке сабыр ету:

Егер Аллаһ Тағала тарапынан пәндесінің малына, жанына, перзентіне пәле келсе және адамның бұл бақытсыздықты қайтаруға не күші, не білімі жетпесе, ол кезде разы болып сабыретеді. Зілзәлә (жерсілкіну), сутасқыны, соғыс кезінде болатын түрлі қиыншылыққа төзу сабырлық болып есептеледі. Сабырдың сауабына сенбегендер бақытсыздықтың алдында үмітсіздікке түсіп, өмірден безеді, олар үшін тіршіліктің ләззаты қалмайды. Құран Кәрімде Аллаһтағала "Әрине сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан, сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. Мұхаммед (с.г.с.) сабыр етушілерді қуандыр". (Бақара с-сі, 155-аят).Демек, адамдар бұл дүниеде сынақ үстінде. Аллаһ (Т)адамдарды сынау үшін өмірді және өлімді жаратты. Ол түрлі жағдайлар арқылы адамдарды сынақтан өткізеді. Бұл емтиханнан өту шарты тек сабыр. Худсий (киелі) хадистердің бірінде Жәнәбі Хаһ: "Менің пенделерімнің бірінің денесіне, жәніне немесе перзентіне зиян тигізгенімде, пендем ол пәлелерді сабырлықпен қарсы алса, мен ол пендем үшін таразы құрып, амал дәптерін ашудан, яғни қиямет күні болатын есеп-қисаптан құтқарамын," - деген екен. Сабырсыздық бұл дүние және ахирет бақытсыздығына себепші болады. Ісіміздің берекелді болуы да сабырлылыққа байланысты.



ә) ғибадат кезіндегі қиыншылыққа сабырлық ету.

Сабырдың екінші түрі ғибадаттағы қиыншылыққа шыдау. Ғибадаттағы қиыншылыққа шыдаған кісі Аллаһ (Т) ғұзырында жоғары дәрежеге иелік етеді. Ұзақ әрі ыстық күндерде, аштық пен шөлге шыдап ораза тұту, күн сайын күн шықпастан бұрын тұрып бамдат (таң) намазын оқу, бес уақыт намазды өз уақытында орындау, Мекке мен Мәдинеге барып қажылық ету, бай адамдарға жыл сайын малының немесе байлығының қырықтан бір үлесін зекет ниетімен мұқтаждарға үлестіру сияқты ғибадаттарды түгелдей орындаудың өзіндік қиыншылықтары бар. Сондықтан бұл қиыншылықтарға шыдамдылық көрсетпеген адамның Аллаһтың ризалығына жетуі мүмкін емес. Сабыр ислам ғибадаттарының бірі. Дініміздің мақсаты адамды шыдамдылыққа тәрбиелеп, бұл дүниеде де, ахиретте де бақытқа жеткізу. Мысалы, қажылық ғибадаты сабыр ғибадатының бірі. Бұл ғибадаттағы қиыншылыққа сабырлық етіп шыдамаған кісі осы ғибадаттың сауабынан құр қалады. Ораза ғибадаты да осындай сабыр ғибадатының бірі болып саналады. Пайғамбарымыз Рамазан айында оқыған құтпаларының бірінде: "Бұл ай сабыр айы. Сабыр етушілердің баратын орыны сол-жәннат"-деген екен. Демек ғибадаттардың мақсаттарының бірі адамдарды сабырға үйрету.



б) Күнә істі жасамауға сабыр ету.

Ғибадаттардағы қиыншылықтарға сабыр етуден басқа күнә мен арам істерден бас тарту сабырлығы және бар. Адам жақсы істерді істеген сияқты, жаман істермен де айналысуы мүмкін.

Аллаһ (Т) арам еткен істерден, күнәлардан бас тартып және бұл жолда сабыр етудің де үлкен мәні әрі сауабы бар. Адам бір жағынан нәфстің (нәпсінің) қалауынан шыға алмай көңілдегі орынсыз тілектерге, ой-пікірлерге бой алдырып әрі шайтанның айласымен пайда болатын қателіктерге ұрынады. Бұл жағдайда адам шайтанға алданып, Аллаһ (Т) тағала жолынан адасса, аса үлкен күнәға батады.

Кімнің болса да ішінде оны орынсыз істерге итеретін бір күш-қуат бар. Бұл қуатты ислам дініңде НӘФС - И АММОРА дейді. Міне осы күшке қарсы күресу, жарамсыз әрекеттерге қарсылық көрсету дініміздің өмірінің бірі. Бұл жайында пайғамбарымыз былай деген. "Күшті адам күрескен кезде қарсыласын жеңген адам емес ашуланған кезде, сабыр етіп, өз ашуын жеңген кісі".



Шүкірлік – адам өз жағдайына разы болып, Аллаһ Тағалаға алғыс сезімін білдіру. Адамзатты жаратқан, жегендерімізді, ішкендерімізді жаратқан, денсаулық беріп, өмір сүруімізге мүмкіншілік жасап отырған Аллаһ Тағала. Рух және ақыл беріп, бойымызға күш-қуат беріп, түрлі істерімізді амалға асыртып, жетістік беріп отырғаңда Аллаһ Тағала. Біз үшін, біздің өміріміз үшін әрі тіршілігіміз үшін табиғаттағы барлық нәрсені: ауаны, суды, өсімдікті және барлық жануарларды жаратқан Аллаһ Тағала.

Адам жаратылғандардың ішіндегі ең шарапаттысы. Олай болса, Аллаһ (Т)-ға шүкір етіп, бұл нығыметтердің шын егесін үнемі еске ұстап жүргеніміз дұрыс. Құран Кәрімде: "Егер Аллаһтың нығыметтерін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар"-дейді. (Ибраһим с-сі, ,34-аят).

Күнделікті өмірде бір кісіден көмек алсақ, оның бір-ер жақсылығын көрсек, рахметімізді айтып, ол кісіні құрметтейміз. Аллаһ (Т)-ға шүкіршілік етпесек, онда біздің кім болғанымыз?

Шүкір үш түрлі:

а) Ділмен шүкірлік ету:

Ділмен (пейілмен) шүкірлік ету, әр бір нығыметтін, Аллаһ (Т) тарапынан берілгендігіне ділмен сену. Бізге жеткен нығыметтердің бәрі Аллаһ Тағаладан. Осыған сенген мү"мин жақсылық нығыметтері мен байлыққа қол жеткізсе Аллаһ Тағала жолынан адаспай, бұл нығыметтердің Аллаһ (Т) тарапынан берілгендігін үнемі есте ұстайды. Нығыметі артқан сайын шүкіршілігі де артып отырады. Және оның Аллаһ Тағалаға деген ризалығы артқан сайын нәсібесі де арта түседі. Нығыметтің қадіріне жетпеу одан айырылуға себепші болады.

Құран Кәрімде Аллаһ (Т) бұйырған: "...Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты"-деді. (Ибраһим сүресі, 7-аят).

Тілмен шүкірлік ету-нығыметтің қайсысы болса да Аллаһ Тағаладан келді деп түсініп, оны тілмен де айту. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай деген: "Аллаһ пәндесіне бір нығымет берсе, пәндесіде - Әлхәмдулиллаһ-десе, осы нығыметке шүкір еткен болады. Пенде екінші рет- Әлхәмдулиллаһ - десе, Аллаһ Тағала ол кісінің сауабын арттырады, үшінші мәрте - Әлхәмдулиллаһ – десе, Аллаһ Тағала ол кісінің күнәларын кешеді".

Мү"мин шүкіршілік етсе, Аллаһ (Т) оның көңіліне, өміріне рахат әрі тыныштық жібереді. Шүкіршілігі жоқ адамдар байыса да, көңілдері қайғыдан құтылмайды. Сондықтан шүкірсіздің байлығының және өмірінің рахаты жоқ.

б) Дене ағзаларымен (мүшелерімем) шүкірлік ету.

Дене ағзаларымен шүкірлік ету Аллаһ Тағалаға ғибадат ету, Аллаһ Тағаланың дініне қызмет ету. Намаз оқу, ораза ұстау, қажылық ету сияқты ғибадаттармен бірге Аллаһ (Т) дінін насихат етіп әрі таратып, олар үшін қызмет ету деағзалармен орындалған шүкірлік деп есептелінеді. Шүкірлік ету пайғамбарларға, періштелерге және Аллаһ (Т)-ның сүйікті пенделеріне тән қасиет. Шүкірлік ету күннен-күнге арта беруі керек. Жақсылық нығыметтерін жоғалтпау үшін шүкірлік ету ең қажетті амал. Шүкірлік етіп жүретін мү"мин еш уақытта Аллаһ (Т)-ны естен шығармайды. Бұл дүниенің жақсылық нығыметтеріне мастанып, адамдарға жоғарыдан қарамайды, ешкімді де өзінен төмен көрмейді. Нығымет әсерлерімен өзінің төмен кісілердің жағдайына көңіл бөліп, олардан ғибраталады, өзінің жағдайына шүкірлік етеді.

үлкендерге құрмет, кішілерге ілтифат (ізгілік). Аллаһ Тағала айтады: "Расында адамдарды көркем бейнеде жараттық". (Тин с-сі, 4-аят). Ислам ғұламалары: "Адамға қарасаң, Аллаһ (Т)-ның ұлылығын, биіктігін көресің, өйткені дәл адам сияқты жан-жақты жетілген жаратылыс тек Аллаһ (Т)-ның ғана қолынан келеді"-деген.

Аллаһ (Т) адамды жаратып қана қоймай оған құрмет көрсетті. Сол себепті періштелер, Адам (ғ.с.) жаратылғанда сәждә жасаған. (Бақара с-сі, 30-34 аяттар).

Пайғамбарымыз үнемі адамдарға ілтифат етіп, оларға да бірін-бірі құрметтеуді насихат еткен. Бір хадисінде: "Үлкендерге құрмет, кішілерге ілтифат етпегендер бізден емес" - деген екен. Пайғамбарымыз адамдарды аса құрметтеп, әр дайым оларға шапағат пен мейірімділік көрсететін. Пайғамбарымыздың сахабаларының бірі Анас (Р.А.) былай деуші еді: "Мен Пайғамбарымыздың қасында онжыл жүріп, қызмет жасадым. Бірде-бір орынсыз сөз сөйлегенін естімедім. "Бұл істі неге осылай етіп істедің"-деп ашуланғанын да көрген емеспін".

Хазреті Мұхаммед саллаллаһу ғәләйһи уә, сәллим, замандастарының айтуынша, бір ұрыстың қызған шағында дұшпандардың қатарындағы жас балалардың да өлтірілгенін пайғамбарымызға хабарлады. Мұны естіп пайғамбарымыз қатты қайғырды. Қасындағы сахабалары: "Уа Раусуллаһ, олар кәпірлердің баласы, олар үшін неге қайғырасыз? - дегенде, Пайғамбарымыз: "Олар сендерден жақсырақ еді. Олар туылған уақтысындағы қалпында еді. Ер жетпегендіктен олар сафтаза әрі күнәсіз еді" - деп жауап берді.

Бірде пайғабарымызға: "Уа, Расулуллаһ, дұшпандарға лағнет тілегін оқыңыз" - дегенде, Пайғамбарымыз оларға. "Мен адамға лағнетайту үшін емес, жақсылық айту үшін жіберілгенмін," - деп дұшпандарына да жамандық тілемеді.

Пайғамбарымыз достары мен таныстарын қадірлейтін, жасы үлкендеріне құрмет көрсететін. Кейде оларға күлкілі сөздер айтатын. Бір күні пайғамбарымыздың үйіне бір кемпір кіріп келді. Пайғамбарымыз оны құрметпен күтіп алды. Бетпе-бет жайғасып, әңгмеге аса беріліп сөйлесіп отырғанда, кемпір Пайғамбарымызға қарап: "Уа Расулуллаһ, маған тілек етіңіз, менде жәннатқа кіріп қалайын" деді. Пайғамбарымыз: "Сіздей кемпірлерді Аллаһ (Т) өз жәннатына кіргізбейді" - деп жауап берді. Кемпір уайымдап жылай бастағанда, пайғамбарымыз: "Жыламаңыз, әзілдеген едім. Сіз жәннатқа кіргеніңізде, Иншааллаһ, жас қыздың бейнесінде боласыз. Аллаһ Тағала адамдарды жасартып жәннатқа кіргізеді" - деп жұбатты. Үлкендерге жасаған құрмет сауапты іс болып қана қоймай, сонымен бірге бұл дүниедегі өміріміздің тыныштығына себепші болады. Пәк көңілді қарттардың дұғалары адамдарға мейрімділік жеткізеді әрі ризықтарымызға береке береді. Бір жиында пайғамбарымызға ыдыспен шәрбәт берді. Пайғамбарымыз ол шарбатты жасы өзінен үлкен, отырғандардың ішіндегі қарт сахаба Әбу Убайдаға ұсынды. Әбу Убайда: "Уа Расууллаһ, алдымен сіз ішіңіз, менен гөрі сіз лайықсыз, сіз – Пайғамбарсыз, - дегенде, Пайғамбарымыз: Сіз ішіңіз берекет қарттарымыздан," – деді де шәрбатты Әбу Убайдаға ішкізді.

Пайғамбарымыз балаларды жақсы көруші еді, әрі оларды ардақтауды насихат ететін. Балаларды көргенде мүбәрәк жүзі нұрланып, оларды құшағына алатын. Көшеде кездесіп қалған балалармен сәлемдесіп, олармен сөйлесіп, оларға қызық-қызық әңгіме айтып беретін. Түйе мен жүрген болса, оларды түйеге мінгізіп қоятын. Тіпті, бірде жарысып ойнап жатқан балалармен бірге жүгіріп, оларды әбден разы етіпті.

Усәмә бинни Зайд мына бір риуаятты айтушы еді. "Пайғамбарымыз мені бір тізесіне, немересі Хасвнды бір тізесіне алып, біздерді құшақтап отырып, "Аллаһум, балаларға мейіріміңді түсіре көр, тауфиқты, бақытты еткейсің. Мен бұлардың жақсы да бақытты болғанын тілеймін," - деді.

Балалар бұл өмірдің сәні, қарттар болса өмірдің берекесі. Жас балаларға шарапат, қарттарға құрмет дініміздің негізі.

Аманат. Сақтау үшін бізге берілген нәрсені Аманат дейді.

Пайғамбарымызға пайғамбарлық келмей тұрғанда, оны - "Мұхаммед-ул-әмин, "-деп атайтын.

Әмин-сенімге ие болған, ешкімге зияны жоқ, тыныш, қауіпсіз адам дегенді білдіреді.

Аманат сөзінің әр түрлі мағынасы бар. Аманат бізге сақтап қою үшін қалдырған мүлік қана емес. Пайғамбарымыз 632 жылы, дүниеден қайтпастан үш ай бұрын, қажылық уақытында, веда құтпаларында былай деген еді: "Сендерге бір аманат қалдырамын. Ол аманатты сақтасаңдар тура жолдан айнымайсыңдар. Бүл аманат-Аллаһтың кітабы Құран Кәрім". Демек, Құран мұсылмандарға бір аманат. Бұл аманатты көзіміздің қарашығындай сақтап, бізден кейін келетін ұрпақтарға тапсыруымыз керек. Егер дінімізді сақтамасақ, кітабымызды үйренбесек, келе-келе дініміз ұмытылады. Ол кезде біз аманатты сақтай алмағанымыз үшін күнәлі боламыз.

Дін мен Құран Кәрімнен тыс біздің жанымызда адамдарға бір аманат. Жанды беруші Аллаһ Тағала, уақыты келгенде қайтып алады. Өзін-өзі өлтірген кісілер Аллаһ Тағаланың бұл аманатына қиянат жасағаны үшін әбден күнәлі есептеледі. Денемізді түрлі аурулардан қорғау, оны сау-саламат ұстауға әрекет ету де аманатты сақтау болып есептелінеді. Бұл міндеттер мен істерді қолымыздан келгенше өте жақсы орындауымыз керек. Егер борышымызды, міндеттерімізді түгелімен орындамасақ, аманатқа қиянат жасаған боламыз. мемлекет те, Отан да бізге бір аманат. Отанымыздың әр түрлі істерін алып жүруші адамдарды сайлаған кезде, ең жақсы кісілерді сайлап, аманатты алып жүруге лайық адамдарға тапсыруымыз керек. Құран Кәрімде: "Әлбетте, Аллаһ (Т) сендерге аманаттарыңды өз егелеріне тапсыруларыңды бұйырады,"-делінген. (Ниса с-сі, 58-аят).

Мемлекет пен Отанның мүлкі де бір аманат. Оларды бүлдіріп немесе өз пайдамызға жұмсағанымыз жарамайды.

Хазреті Омар (Р.А) бір күні кештетіп мемлекет жұмысын істеп отыр еді, Әбдірахман бинни Ауар есімді бір кісі келіп қалды. Сәлемдесіп, жағдай сұрасқаннан кейін, Омар (Р. А) бір шамды алып жақты да, өз алдындағы шамды сөндіріп қойды.

Әбдірахман бинни Ауар хазреті Омардың бұл ісіне қарап тұрып сұрады. "Уа Омар! Шамның бірін жағып бірін өшірдіңіз. Бұл шамның екеуі де бірдей. Неліктен бұлай жасадыңыз?".

Омар (Р.А) былайша жауап берді: "Сен келгенде мемлекет ісімен айналысып отыр едім, сондықтан қазынаның шамын жағып отырғанмын. Бірақ сен келген соң істеп отырған жұмысымды тоқтаттым. Сенімен әңгімелесіп отырғанда мемлекеттің мүлкін пайдалануға құқым жоқ, сондықтан өз қаржыма сатып алған шамды жақтым, " - деді.

Әр адамға оның үй-іші, бала-шағасы аманат болып саналады. Оларды дінге баулып, ахлақ тұрғысынан оқытып, салт-әдептерімізді үйретіп, ұлттық және діни рухта тәрбиелеуіміз аса қажет.

Саған сеніп айтылған сыр сипатындағы сөздер де аманат болып есептеледі. Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Бір кісі саған бір сөзді айтпас бұрын жан-жағына қарап алса, онда бұл сөз саған аманат деп түсін. Ол сөзді басқаларға айтпа"- деген еді.

Аманатты сақтамаған әрі оған зиян тигізіп қиянат жасаған кісіні, екі жүзді, сатқын дейді. Аманаттың жауы-оған жасалған қиянат. Бізге сенген бір іске зиян тигізу, міндеттерімізді, тапсырмаларымызды түгел орындамау аманатқа қиянат жасаған болып шығады. Әрі дінімізде арам.



жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау