- 1 -
«Формула жаттағаннан гөрі, іздемпаздық дағдыны дамытқан жөн»
Құндылықтар мен мәдениет ғана адамды өзін және қоршаған ортасын өзгертуге жетелейді,- дейді
Open Mind
жобасының негізін қалаушы, IT университетінің оқытушысы Александра Цай. Сондай-ақ
жауапкершілік, білім алудағы бәсекелестік пен алға ілгерілеушілік туралы.
-
Александра, сіз KIMEP-ті бітіріп, іскер журналистика саласында жұмыс істеп үлгердіңіз.
Неліктен сіз Англияға барып, өнер саласында магистр дәрежесiн алдыңыз? Неліктен өнер
саласын таңдадыңыз?
-
Мен үшін әрдайым мәдениет пен өнер бағыты үлкен қызығушылық тудыратын. Ия, мен KIMEP-ті
«Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітіріп, сосын іскер журналистика саласында
жұмыс істедім. Мен түсінгенім қоғам және адам үшін ең маңызды құндылықтар мәдениет арқылы
ғана жол табады. Және біздің дамуымыз осы мәдени құндылықтармен тікелей байланысты.
Егер де біз мемлекетімізде, өз өмірімізде, қызметтік сатымызда қандай да бір өзгеріс жасағымыз
келсе, мұның бәрі біздің негізгі құндылықтарымызбен, көзқарасымызбен, әлемді түсінумен және
өзіміз тұлға ретінде қайда ұмтылатынымызбен тікелей байланысты. Осы тілектерді жүзеге асыру
арқылы біз жеке тұлға ретінде қалыптасамыз. Осы құндылықтар шәкілі нақты іс-қимылдар мен
белгілі нәтижелерге түрткі болады. Мен үшін адам өзін, өз өмірін зерттейтін және одан кейінгі
дамуын саралайтын мәдениет саласы әрқашан үлкен қызығушылық тудыратын. Мен осы салады
жұмыс істеп, оны зерттегім келді. Өйткені мен өзім үшін де белгілі бір қағидаларды түсінгім келді.
-
Неліктен Англия?
Оқуды жалғастыру - бұл менің саналы таңдауым болды. Англияны таңдаған себебім, біріншіден мен
тілді білем, екіншіден мен көп уақыт іздеп, көптеген бағдарламаларды қарастырып, ішінен өзіме
жақын мамандықты University of Warwick университетінен таптым. Айта кетейін, осы университет
жақында шет елдік оқу орындары рейтингінде жоғары орындардың бірін иеленді. Нәтижесінде мен
«Халықаралық мәдени саясат» мамандығы бойынша Master of Art атандым.
-
Сіздің оқуыңыз ерекшелігi және сіздің мастерiңiздiң негізгі басымдылығын айтып өтсеңіз?
-
Біз мәдени теорияны оқыдық, уақыт өте келе еуропа ойшылдарының мәдениет жәйлі дискурстарды
қалай тұжырымдағанын, оның нақты адам үшін құндылықтары, жеке тұлғаның мәдениет арқылы
дамып-жетілуі, оның жалпы қоғамның дамуына әсерін оқып, жалпы қоғамға пайда әкелу үшін
мәдениет пен өнерді қалай дамытқан жөн деген сауалдарға жауап алдық.
Немістерде «bildung» деген сөз бар, ол «үнемі жетілу», «білім алу», «қалыптасу» деген мағынаны
білдіреді. Біздің профессорлардың бірі былай дейтін : «Мәдениет дегеніміз - мұражайдағы
картиналар емес, мәдениет дегеніміз – ол үздіксіз процесс, сол арқылы сіз өсіп-жетіліп, алға баса
аласыз». Шығармашылық бастамашылдық, тың дүниені ойлап шығару қажеттілігі, креативті ойлау
мұның бәрі кез-келген салада қажет дүниелер.
Жалпы шығармашылық және креативті ойлау қабілеті, білім беру саласындағы маңызды
алғышарттардың бірі болып табылады. Мектептегі менің математика мұғалімім де өте керемет
болатын. Ол кісі бізге ешқашан формула жаттатқан жоқ. Керісінше осы формулаға жүйелі түрде
келуді , көптеген сағаттар бойы сынып ішінде отырып үйретті. Енді формулаға өзіміз түсініп жеткен
сәтте ұстазымыз : «Енді оны жаттамай-ақ қойсаңдар болады, өйткені оған келудің жолдарын
білесіңдер»,-дейтін. Меніңше, бұл керемет дағды, білім беру саласы осыны жетілдіріп, оқушыдан тек
дұрыс жауапты ғана талап етпей, оны шешудің көптеген жолдары мен тәсілдерін үйретсе, тамаша
- 2 -
болар еді деп ойлаймын. Формула жаттағаннан гөрі, ізденімпаздық қасиетті дамытқан дұрыс.
Тек нақты деректерге ғана сүйенбей, ойлай білуді үйрету – білім беру саласының негізгі сапа
көрсеткіші болып табылады. Сізге өнерді қабылдаудың бес теориясы беріледі, осы кезде
көзқарастардың өте көп екенін түсінесің, сізге бірнеше теориялық қалып беріледі, сіз осы арқылы
кез-келген дүниеге - эстетикалық, әлеуметтік, тарихи, гендерлік тұрғыдан әр-түрлі түсінікпен қарауға
болатынын түсінесіз. Дұрыс жауаптар жоқ тәрізді, бастапқыда мұның бәрі үйреншікті емес болады.
Алайда мұндай дағды ерекше ойлау қабілетінің дамуына жол ашады. Бұл тәсіл маған өте ұнайды.
-
Сіз қазір IT университетте сабақ бересіз, неліктен оқытушылық? Қазіргі студенттердің
бойынан не көресіз және осы процестен өзіңіз не түйдіңіз?
-
Маған оқытушылық жаныма жақын болғасын, осы салада өзімді сынап көргім келді. Студенттердің
бойынан көп нәрсені байқаймын, тек қана жақсыны көрем деп айта алмаймын, алайда білім беру
саласының өзінде проблемалар жетерлік. Және бұл үлкен секем туғызатыны анық. Өйткені осы
жүйе арқылы білдей бір ұрпақ қалыптасып жатыр, бірнеше жылдан соң олар өз бетінше шешім
қабылдап, жұмыс жасап, бiздi басқаратын болады.
Өз оқытушылық тәжірибемнен түсінгенім – адамды ынталандыруға болады, ол үшін оған екпін беріп,
дамуына қолдау жасап жіберу керек. Егер студент қалап тұрса, білім беру жүйесінен бөлек басқа
мүмкіндіктер бойынша да оқуға жол табуға болады. Меніңше қазіргі оқытушының басты мақсаты -
оқытып қана қоймау, өйткені бәріне үйрету мүмкін емес, студенттердің өздерін оқу дағдысына баулу.
-
Өзіңіздің жеке тәжірибеңізге сүйене отырып, отандық және батыс университеттер
жұмысының ерекшелігі неде екенін айта кетсеңіз?
-
Бірінші айырмашылық – ол жауапкершілік. Англияда бұл мені қатты таң қалдырды. Біздің
университетте оқу залдары бар, төрт қабатты үлкен кітапхана болды. Бір қызығы оған таңертеңгі
сағат онда барсаң да бос орын табылмайтын кездер болатын. Ал сессия кезінде кітапхана тәулік
бойы демалыссыз жұмыс істейтін. Студенттердің бойында жауапкершілік қасиеті күшті дамыған,
университетке түсе сала өзіне не керек екенін түсінеді, оларға қызық, бірі-бірімен алған білімімен
бөліседі. Жалпы студенттер ортасының оқуға деген құштарлығы мол.
Екінші ерекшелік – ол ынталандыру. Үшіншісі – ол бәсекелестік. Бізде бәскелестіктен гөрі,
ынтымақтастыққа басымдылық жасалады. Егер сен үздік оқушы болсаң, осыдан ыңғайсызданып,
басқалар да жақсы баға алсын деп білмейтіндерге көшіруге бересің. Батыста көшіру ұят болып
саналады, өйткені сен бөтен интеллектуалдық еңбекті ұрлайсың деген түсінік қалыптасқан. Жалпы
батыста зияткерлік еңбекке деген көзқарас мүлдем басқа.
-
Сіз TEDxAlmaty ұйымдастырушыларының бірісіз, ал былтыр өз Open Mind білім
жобаңызды іске қостыңыз. Неліктен ол керек деп ойлайсыз, оның мақсаты неде?
- Open Mind
– мәденитанушылық лекторий, бұл формалды емес білім процессінің алаңы, мұнда
кездесулер, шеберлік сағаттары мен талқылауы бар лекциялар өткізіледі. Кездесулер мен
лекциялар мәдениет пен өнер, әдебиет пен қылқалам өнері, философия мен психология, өзін-өзі
дамыту, тарих сияқты өзге де көптеген тақырыптарды қамтиды.
Бұл бұрыннан бар ой еді, өйткені маған ашық кездесулер форматы өте ұнайды. Мен философия,
мәдениет тақырыптары бойынша кездесулер мен лекциялар өткізгім келді, мен олардың үлкен
жанкүйерімін, қазіргі таңда олар назардан тыс қалып отырған тәрізді.Меніңше осы гуманитарлық
пәндер әлемге, адамға, адам мен әлемнің әдемілігіне қатысты жаңа көзқарастар қалыптастырады.
Және бұл әдемілік жан-жақты, бірегей, тіпті кейде түсініксіз болатынын түсіндіріп бере алады.
Біз лекция форматы бойынша жұмыс істеген сәтте тыңдармандардан кері байланысты күттік,
лекциялар интерактивті болғанын қаладық, біз айтқан дүниелерді бірден өз өміріңізге кірістіріп
қолдануға болатын еді. Open Mind - (әріптестермен немесе қызметтестермен, олардың бірі –Гюзель
Камалова мәдениеттанушы) арқылы біз өзіміз де көп нәрсені үйреніп, жаңаны бақылап, сынақтан
өткіземіз.
-
Көбі Қазақстанда мәдени өсуге қарағанда, экономикалық өсуді қалайды. Сіз қалай ойлайсыз,
- 3 -
мәденитсіз өсу мүмкін бе?
-
Мәдениеттің дамуы экономиканың дамуымен етене байланысты. Театр, музыка, саяхат, дизайн –
шындығында адамдардың басым бөлігі осындай мәдени іс-шараларға келеді. Сондықтан мәдениетті
дамыта келе, сен креативті экономиканы дамытасың. Экономикалық дәлел жұмыс жасайды, алайда
мәдениет пен өнердің дамуы бұл экономика ғана емес екенін естен шығармау керек. Бұл кім
екенімізді белгілейтін, айырмашылығымызды түсіндіретін, нені бағалайтынымызды, қоғам ретінде
бізді біріктіретін құндылықтарды түсіндіретін үлкен күш.
Мәдени өсу туралы айта келіп біз оны қоғамымыздың өсуі үшін керек дейміз. Егер де сіздер
Европаға қарасаңыз, олардың өздерінің европалық құндылықтары бар, олар соның негізінде
шешімдер қабылдайды, олардың ішінде саяси шешімдер де бар. Бұл әлеуметтік шарт тәрізді,
Ангела Меркель: «Біз мигранттарды қабылдауға тиіспіз, өйткені біз өзіміздің европалық
құндылықтарымызды ұстануымыз керек» дейді. Және де бұл құндылықтарды жеке адамдар ғана
емес, бүкіл ел құптайды.
-
Ал бізде қандай құндылықтарды көресіз?
-
Меніңше, бізде бар өте маңызды құндылық – этностық топтардың қоғам өміріне кірігуі, Қазақстанда
120-
дан астам ұлттар бар, солай болғанымен де олар қоғамның аутсайдері болып қалған жоқ, кірігіп
кетті. Ұлттық саясат – жанды процесс, онда өзгерістер болып тұрады, бірақ этностық кірігу –
бастамалар үшін маңызды шарт.
Сосын бізде дәстүрлік құндылықтар өте күшті сақталған, оның плюсі де, минусы да бар. Біз
көптеген әлеуметтік – гендерлік, мәдени құрылымдарды бір іргелі заттай қабылдаймыз. Біз
дәстүрлі патриархалдық қоғамбыз және маған қазір ол бұрынғыдан да дәстүрлі, жабық болып бара
жатқан сияқты.
-
Қазіргі заманда Қазақстандағы адамға қажетті 3 маңызды дағдыны айтыңызшы, сосын сіз
өзіңізді дамытуға қалай ынталандырасыз?
-
Сыни ойлау – бұл ең маңызды дағды. Екіншісі – өз- өзіңнің алдыңдағы жауапкершілік. Егер де сен
шешім қабылдасаң, одан кейін жасайтын ісің – сенің жауапкершілігіңнің көрінісі. Ол әрдайым
істелген іс пен жасалған қадам арқылы көрінеді. Өзімді дамытуға қалай ынталандырамын? Бәлкім,
кітаптар арқылы шығар. Сосын, бәлкім, таң қалу арқылы болар. Маған түрлі жағдайларда: өнерде –
кәсіби түрде, өмірде – кездейсоқтықтардың қиылысуында және өмір әуеніне таң қалу, сұлулықты
іздеп табу, оны ашу ұнайды.
Сізді неғұрлым бай ететін үш кітап (менің ойымша бұл өте күрделі бола тұра):
Дантенің «Божественная комедия» атты еңбегіндегі «Ад» (Анна Андреевна Ахматова өзінің өмір
бойы Дантені оқитыны туралы айтқан. Оны мен толыққанды түсінемін деп айта алмаймын. Бірақ
оны оқу сенi әлдеқайда мәдениетті ете түсетіні даусыз.), М. Булгаковтың «Мастер және Маргарита»
туындысы және өзіңіз таңдаған кез келген поэма жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |