Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 23


СӨС қалыптастыру бойынша жұмыстар



жүктеу 3,85 Mb.
бет11/16
Дата30.01.2018
өлшемі3,85 Mb.
#8186
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

9. СӨС қалыптастыру бойынша жұмыстар
2016-2017 оқу жылында СӨС қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы №41 қаулысымен бекітілген, «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасындағы нормативтік құжаттар, Павлодар облысы Білім басқармасының 2011 жылғы 27 сәуірдегі №1-05/150 бұйрығы және Денсаулық сақтау басқармасының «Денсаулықты нығайтуға әсер ететін мектептер» жобасы желісін кеңейту туралы» №271 ортақ бұйрығы, «Денсаулық» 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасына сәйкес жоспарланды және жүзеге асырылды.

Осы нормативтік база негізінде балалардың СӨС қалыптастыруға бағытталған ортақ шаралар жоспары өңделді және бекітілді:



  • ҰСӨСҚО;

- ШЖҚ «Павлодар облыстық наркология орталығы»;

- «ЖИТС алдын алу және онымен күрес бойынша Павлодар облыстық орталығы» ММ;



- БШҚО;

- «Здоровая нация» ОФ;

- «Жігер», «Азат», «Марафонец» балалар сауық орталығы;

- қалалық емханалар.

Оқушылардың денсаулығын сақтау және шынықтыру саласындағы педагогикалық ұжым қызметінің талдауы 2016-2017 жылдарға қойылған өзекті міндеттерді шешуде өз ықпалын тигізді.


  • «Оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақытын қамту» семинарын өткізу (қараша);

  • оқыту-тәрбие үрдісінде СанПин-ға қойылатын талаптарды орындау, сабақта және сабақтан тыс шараларды өткізу кезінде денсаулық сақтау технологиялардың психологиялық аспектілерін есепке алу;

  • оқушылардың СӨС қалыптастыру мәселесін ата-аналармен бірлесіп шешу;

Оқу жылы ағымында жұмыс жоспары құрылып, осыған сәйкес ата-аналармен бірге тақырыптық Онкүндіктер, айлықтар өткізілді:

- «Денсаулық фестивалі» акциясы;

- БЖЖ алдын алу онкүндігі;

- «Денсаулық жолы» акциясы;

- Дүниежүзілік жүрек күні;

- Артериальды гипертонияның алдын алу онкүндігі;

- алкогольді пайдаланудан бас тарту Ұлттық күні;

- Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен күресу күні;

- Дүниежүзілік диабетпен күресу күні;

- Шылым шегудің алдын алу онкүндігі;

- АИВ/ЖИТС алдын алу айлығы;

- Респираторлық вирустық инфекция, тұмау және пневмокок инфекциясын алдын алу айлығы;

- онкологиялық және т.б. аурулардың алдын алу онкүндігі.

Шаралар жоспары ТЖ жөніндегі орынбасар, СӨС бағытына жетекшілік ететін С.З. Каирбаева, СӨС координаторы Б.Б. Кенжебаева ұсыныстары бойынша жүзеге асырылды. Сынып сағаттары және басқа іс-шаралар сынып жетекшілер оқушылармен бірге өткізді, ата-аналар да қатысты. Осы шараларға белсене қатысқан бастауыш мектеп оқушылары мен 5,8,9,10 сыныптар арасында болды.

Оқу жылы ағымында қатаң түрде және белгіленген мерзімімен сыртқы ұйым өкілдерімен жоспарланған барлық кездесулер өткізілді, осы бағытта көзделген мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары, жасөспірімдер мен жастарға СӨС қалыптастыру:



  • ШЖҚ «ПОНД» КМК наркологы Колпакова В.А. бірге қыркүйек айында жұмыс жоспары құрылып, «Спайсы», «Миксы», «ПАВ профилактикасы», «Жасөспірімдермен жеке сұхбаттасу» және т.б. тақырыптары өңделді;

  • ПСӨСҚО маманы А.К. Тұрарова тиімді денсаулық сақтау мәселелері және мектепішілік лагерь педагогтары үшін аса қауіпті инфекцияның алдын алу;

  • ПСӨСҚО медқызметкері Аралбаевамен остеохондроздың алдын алу;

  • ОФ «Здоровая нация», ОО«Урбан» мамандарының 7-11 сынып оқушыларымен сұхбаттасуы;

  • СЭС жетекші маманы Н.А. Сычевамен;

  • Жоғары сынып оқушыларымен жеке әңгімелесу үшін және щылым шегудің алдын алу бойынша нарколог З.Н. Гарусовамен кездесу.

2016-2017 оқу жылының басынан 2016 жылғы 02 қыркүйектегі №350

бұйрыққа сәйкес, 17 спорттық секцияның жұмысы басталды, оған 642 оқушы қатысты (жалпы оқушының 57%), соның ішінде қыздар - 214 (21%). Балалардың физикалық күштерін дамыту үшін волейбол (қыздар мен ұлдар үшін), баскетбол (қыздар мен ұлдар үшін), пневматикалық қарудан ату, футбол, теннис, «Тоғыз құмалақ», грек-рим күресі, «Меткий стрелок» үйірмесі, жеңіл атлетика, шаңғы, пионербол, ұлттық ойындар сияқты секциялар жұмыс істейді. Секция меңгерушілерімен қатысатын оқушылар тізімі анықталды, оған қарапайым балалардан басқа, аз қамтылған отбасындағы балалар, жетім балалар, КІБ, МІБ, тәуекел топтағы оқушылар кіреді. Олардың сабаққа қатысуын тексеру үшін ӘБ меңгерушісі Джанкин К.К. арнайы журнал бастап, басшылық ететін оқу-іс меңгерушілерімен тексеріліп отырады.

СӨС қалыптастыру бойынша мектепте жүзеге асырылатын негізгі бағыттар:

- оқушыларды тамақтандыру;

- наркопост жұмысы;

- аурудың алдын алу;

- оқушылардың дене тәрбиесін дамыту;

- адамгершілік-жыныстық тәрбие.

Осыған байланысты мектеп асханасында жетім балалар мен аз

қамтылған отбасындағы мұқтаж жандарға тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Мектептегі барлық оқушыларға, сондай-ақ педагогтар мен жұмыскерлерге қызмет көрсету тәртібі СанПин-ға қойылатын талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырады.

Наркопост жұмысы (меңгеруші Б.С. Юсупова, әлеуметтік педагог) Нормативтік құжаттарды реттеумен айналысады: ҚР 2012-2016 жылдарға арналған наркомания және наркобизнеспен күресу салалық бағдарламасы, ЖОО-да, колледж, мектеп оқушыларының арасында шылым шегу, наркоманияның алдын алу бойынша көпсалалы білім беру бағдарламасы, мектепте 2016 жылғы 02 қыркүйектегі «Мектеп наркопостын құру туралы» №254 бұйрығын шығару, Бағдарлама, Наркопост ережесі, отырыстар мен ата-аналар жиналысының хаттамалары, әлеуметтік-психологиялық қызмет, стендтер мен бұрыш, әдістемелік нұсқаулық, диагностиалық компьютерлік бағдарламаларды меңгеру т.б.

Оқу жылы ағымында наркопост оқушылармен (сауалнама, топтық, жеке жұмыс), сондай-ақ сынып жетекшілермен (ӘБ отырысы, дәріс оқу), ата-аналармен (жиналыс, консультация) бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесі ай сайын наркопост отырысында талқыланды.

Әлдеқайда қызықты өткен шаралар: «Я выбираю жизнь…», «Мы рисуем жизнь» суреттер сайысы, денсаулық сынып сағаттары және «СПИД не спит» сынып сағаттары, «Жизнь без вредных привычек», «Свобода или наркотики», «О вреде курения», «Признаки употребления ПАВ» консультациясы, ата-аналар жиналысы т.б.

АИВ/ЖИТС алдын алу айлығы аясында:

- Колпакова В.А. жоғары сынып оқушыларымен сұхбаттасу және жоғары сынып оқушыларын кәсіби қарау;

- «Мы за здоровый образ жизни!» 9 сыныптар арасында сынып сағаты (жауапты: Хотянович З.В.).

Кітапхана меңгерушісі Куклина М.П. АИВ/ЖИТС алдын алу бойынша 7 библиографиялық каталог және 19 оқу және көрнекі құралдары құрылған.

2016-2017 оқу жылындағы наркопост жұмысы қанағаттанарлық деп айтуға болады.

Осы проблема жөнінде білгісі келсе де, АИВ/ЖИТС жұғу жолдары туралы жасөспірімдердің хабардар болуы төмен деңгейде екендігі байқалады, ВИЧ-инфекцияның жұғу жолдары және оның адамға қатысы жөнінде аса біле қоймайды.

Дене тәрбиесін дамыту бойынша оқу жылы ағымында мынадай шаралар өткізілді:

- Денсаулық апталығы (оқушыларды қамту – 100%, ата-аналар – 15%);

- «Күзгі бал» мектепішілік кросс (оқушыларды қамту – 720, 5-11 сынып оқушылары) «Жігер» және «Марафонец» клубтарымен бірлесіп;

- «Папа, мама, я – спортивная семья» спартакиадасы (150 оқушылар мен ата-аналар);

- «Веселые старты» (303 оқушы).

- Дене тәрбиесі мұғалімдерінің басшылығымен 55 оқушы «Фестиваль здоровья» қалалық акциясына белсене қатысты.

- «Президенттік миль» қалалық кросс (12 адам қамту).

- К.Макпалеевті еске алуға арналған қалалық футбол турниріне және Павлодар футболы ардагері А.А. Клопковты еске алуға орай 2003-2004 жылы туған оқушылар арасында мини-футболға қатысу (2 орын, дене тәрбиесі мұғалімі Джанкин К.К.);

- волейбол бойынша спартакиада, 3-ші орын;

- волейбол бойынша чемпионатқа қатысу, 2 орын;

- қалалық мини-футбол турнирі (3 орын, қамту 10 адам).

Мектепте 8-11 сыныптар арасында мектепішілік қысқы волейбол жарысы өтті (80 оқушы).

Демалыс кезінде мектеп оқушылары сынып жетекшілер мен ата-аналардың бақылауымен «Астана» (ССК) мұз айдыны, «Batyrmall» барды, «Жігер», «Азат», «Марафон» клубтарының спорттық шараларына қатысты.

2016 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында мектеп оқушылары дене тәрбиесі мұғалімдерінің жетекшілігімен қалалық жарыстарға: күзгі кросс (12 адам), тоғызқұмалақ (6 адам), баскетбол (10 оқушы), мини-футбол (үш турнир, 30 оқушы), шаңғы (12 оқушы), волейбол (20 оқушы), қысқы президенттік көпсайыс (12 оқушы), волейбол (мектеп волейбол лигасы) 7-8 сыныптар арасында (20 оқушы) белсене қатысты.

Ақпан айында 3-4 сынып оқушылары арасында (90 оқушы) мектепішілік мини-футбол жарысы орталықтандырылып өткізілді.

Наурыз мейрамына орай дене тәрбиесі мұғалімдері мектеп оқушылары (оқушыларды қамту 70%), сондай-ақ педагогтар мен ата-аналарға арнап, спорттық бағдарлама құрып дайындады.

Дене тәрбиесі және спорт апталығы сапалы дайындалды және өткізілді (оқушыларды қамту – 100%, ата-аналар 15%).

Адамгершілік-жыныстық тәрбие мақсатында ШЖҚ «Павлодар қаласының №2 емханасы» КМК гинеколог дәрігері Голованёва Ю.А. «Жыныстық даму. Интимдік гигиена» тақырыптарына дәріс оқу, сұхбаттасу сияқты кездесулер ұйымдастырылды.

2016 жылдың қазанында «Мектеп оқушыларының репродуктивті денсаулығы» тақырыбына облыстық СӨС орталығының дәрісі өтті.

2016 жылдың қараша айында 6-7 сынып қыздары арасында жыныстық жетілу туралы Procter & Gamble компаниясы дәріс өткізді.

Мектеп психологтарымен отбасылық тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес беру өткізді. «Ата-анам мені түсінбейді немесе жасөспірімдердің көңілін табу жолы», «Заманауи қоғамда әкелер мен балалардың мәселелері» тақырыптарына ата-аналар жиналысы өткізіледі, сонымен қатар 1-11 сынып оқушыларымен жеке әңгімелесулер өткізіледі.

Оқу жылында мектеп медбикесі оқушылардың медициналық тексерілуін ұйымдастырып өткізеді. Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша №2 балалар емханасының гинекологымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Медбике оқушылардың дене тәрбиесін бақылайды, айына бір рет дене шынықтыру және арнайы мед.топтардың сабақтарына қатысады. Оқыту мен тәрбиелеудің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылайды. Оқушылар үшін дәрістер мен әңгімелер жүргізеді. Медициналық тексерілу нәтижелерінің талдауын өткізеді. Денсаулық парақшасын рәсімдейді.

ҚР әкімшілік және қылмыстық Кодекс туралы түсінік берумен ақпараттық стенд рәсімделді.

Мектепте мектеп психологтары тексеретін секнім поштасы бар.

Балалар мен жасөспірімдер үшін Сенім ұлттық желісінің телефоны – 150 және ҚР БжҒМ балаларды құқығын қорғау бойынша Комитет сенім телефоны - 8 /7172/74-25-28 көрсетумен стенд бар.



Медициналық қызмет көрсету бағыты бойынша мектеп медициналық қызметкері Торопчанина Н.А. оқушылардың ай сайын және бір жылға екпе алу жоспары жасалған;

- 1-сынып оқушыларының туберкулезге қарсы (БЦЖ) және Манту сынамасын алуға тиіс тізім жасалған (қамту – 98%).

- әр оқушыға дене тәрбиесімен айналысу медтобы жасалған, сынып журналдарында арнайы толтыру парағы ресімделген (100%).

- қыркүйек айы ішінде және әр тоқсанда барлық оқушылар (100%) қышыма, педикулез, дерматомикозға тексерілді.

- оқушыларға эпидемияға, тұмауға қарсы екпе салу (119 доза) және ай сайынғы бала жасына қарай екпелер (50 – АДСМ, 270 – Манту).

- 1-сынып оқушыларының туберкулезге қарсы (БЦЖ) және Манту сынамасын алуға тиіс тізім жасалған (қамту – 98%).

- оқушыларға екпе салу (АДСМ – 56, тәуекел топтағы балаларға Манту – 270 адам).

- оқушыларға эпидемияға, тұмауға қарсы екпе салу (40 доза) және ай сайынғы бала жасына қарай екпелер (12 – АДСМ, 20 – Манту).

- барлық оқушыларды (100%) қышыма, педикулезға тексеру. 1 дерматомикоз анықталды, тазарту, сұхбаттасу жүргізілді, ай сайын аптасына бір рет тексеріліп отырды.

- ШЖҚ «Павлодар қаласының №2 емханасы» КМК өкілдерімен бірге 3,7-10 сынып оқушылары жан-жақты тексерістен өткізілді (99%); 1-4 сыныптар гельминтке тексерілді.

Павлодар облысының тұтынушылар құқығын қорғау бойынша департаменті, ДС, ББ «2016-2017 жылдары эпидемия кезінде тұмау және басқа жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы» бұйрығына сәйкес, №43 ЖОМ ММ-де ҚР 2015 12 наурыздан ҰЭМ тұмау және ЖРВИ таралуын тоқтату №194 алгоритмі шығарылды. Осыған сәйкес ЖРВИ және тұмаудың алдын алуға бағытталған шаралар жоспары жасалды және жүзеге асырылды.

Сондықтан барлық жоспарланған медициналық шаралар кешені жоғары сапалы деңгейде және белгіленген мерзімде орындалды.

Мектеп психологтары Тортопиди О.А., Штукерт Ю.В ата-аналармен «Ең үздік ата-аналар мектебі» (қамту 98%), «Орта мектепте оқушылардың оқу жағдайларына бейімделуі: мәселелері мен тапсырмалары» тақырыптық кездесулер өткізді.

- СӨС координаторы Б.Б. Кенжебаева ЖТЖ алдын алу онкүндігі аясында «Как обезопасить себя от ДТТ» тақырыбына бастауыш сынып оқушылары (100%) сынып сағаттарында сұхбаттасу-алгоритмін құрастырды;

- 5-8 сыныптар арасында 401 оқушыны қамтумен “Знай и соблюдай” линейкасы өткізілді (6 «Г» сынып үгітбригадасының жетекшісі Пономаренко К.С.).

- СӨСҚО орталығы 5,6,8,9 сынып оқушыларымен (қамту 365 адам) туберкулез туралы хабардар болу деңгейін анықтау үшін аноним сауалнама жүргізді;

- Дүниежүзілік шылым шегуден бас тарту күні және шылым шегудің алдын алу онқүндігі аясында 1-4 сыныптар арасында «Абайла, ТҰМАУ!» тақырыбына; 5-8 сыныптар «Диабет: алдын алу мен емдеу»; 9-11 сыныптар «Шлым шегудің алдын алу» сұхбаттасу өткізілді; «Бой никотину» үгітбригаданың орындауы, «No smoking» ойын-викторинасы өтті; 7-11 сыныптарда «АИТВ/ЖИТС алдын алу» (22 оқушы қамтылды); «Біз өмірді таңдаймыз» (324 оқушы қамтылды) тақырыптарына сынып сағаттар; «ЖИТС – ол таралатын ауру» кітап көрмесі (544 оқушы қамтылды), «STOP ЖИТС» флеш-мобы (37 оқушы қамтылды) өтті.

9-11 сыныптарда Дүниежүзілік диабетпен күресу күніне «Қант диабеті – заманауи мәселе» (132 оқушы қамтылды) тақырыптық сынып сағаттар түрлі формада ұйымдастырылды.

Туберкулездің алдын алу айлығына сабақтастырылған Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні аясында сынып сағаттары өткізілді: «Өзіңді туберкулезден қорға», «Туберкулез жоқ!» акциясы өткізу барысында: 1-4 сыныптар арасында «Біздің досымыз – денсаулық!» суреттер көрмесі (601 оқушы), «Мен туберкулезбен күресемін!» флеш-мобы (29 оқушы), «Күшті, епті, шебер» эстафетасы (52 оқушы) өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Күн, демалыс және ұйқы тәртібі», «Балаларды профилактикалық тексеру» (270 ата-ана); «Туберкулездің ерекше және тән емес алдын алу» (100 ата-ана), «Дұрыс тамақтану, дұрыс тамақтанудың 12 қағидасы, Адамның қорғаныс күшін нығайту үшін ұсынылған ВОЗ» (40 ата-ана) мәселелерді қамтитын ата-аналар жиналысы өтті. Сонымен қатар медқызметкер Торопчанина Н.А. 11-сынып оқушылары үшін қоғамдағы туберкулездің алдын алу шаралары туралы дәріс оқыды. 7-ші сынып параллельдеріне «Зиянды әдеттерсіз өмір» сынып сағаты өткізілді (80 оқушы қамтылды).

Қорытынды:

- 2016-2017 жылдарға қойылған мақсаттар орындалды, яғни оқушылардың саламатты өмір салтын қалыптастыру шаралар кешені жүзеге асырылды, сондықтан мектептің СӨСҚ бойынша қызметі қанағаттанарлық деңгейде деп атап өткен жөн.



2017-2018 оқу жылына қойылатын міндеттер:

- оқушылардың денсаулығын сақтау мәселесі бойынша мектепішілік (медқызметкері – ТЖ жөніндегі орынбасар СӨС бағыты – СӨС координаторы – сынып жетекшілер – оқушылар – ата-аналар) және мектептен тыс әрекет ету қызметін күшейту (ҰСӨСҚО, ШЖҚ «ПОНД» КМК, БҚО, «Здоровая нация» ОФ, БК, №2 емхана т.б.);

- жоспарға сәйкес және белгіленген мерзімде ата-аналармен бірлесіп, оқушыларды шынықтыруға, саламатты өмір салты мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесінің толық мөлшерде орындалуын қамтамасыз ету;

- мамандардың көмегімен АИТВ/ЖИТС, онкология, туберкулез, шылым шегудің алдын алу, САЗ қолдану, адамгершілік-жыныстық тәрбие мәселелері бойынша оқушылардың хабардар болу деңгейлерін арттыру.



IV Оқыту мен тәрбиелеудің қажетті деңгейін

қамтамасыз ететін жағдайлар
1. Кадрлық әлеуеттің сипаты
Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы «ҚР жалпы орта білім беру орта мектептері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы» ережесіне сәйкес келеді.

Жылдар бойы мектепте тұрақты педагогикалық ұжым қалыптасты. 2016-2017 оқу жылында мектеп ұжымында 86 педагог, оның ішінде әкімшілік қатары – 6, аға тәлімгер – 1, кітапханашы – 2, педагог-психолог – 2, 1 әлеуметтік педагог қызмет атқарады. Мұғалімдер – 100% мамандар. 7 (8%) педагог магистр дәрежесіне ие. Жалпы педагогтар санын алғанда: ер адамдар – 9 (10)%, әйелдер құрамы – 77 (90%) құрайды.


Білім деңгейі бойынша құрамы:

Білімі/ оқу жылы

2013-2014

2014-2015

2015-2016

2016-2017

Барлығы

76

76

85

86

жоғары

75(99%)

75(99%)

76 (89%)

76(88%)

Арнайы-орта

1(1%)

1(1%)

9 (11%)

10 (12%)

Педагогикалық білімі жоқ

0

0

0

0

Мамандар емес

2

0

0

0



Жоғары білімді педагогтер динамикасы соңғы 4 жылда тұрақты болып қалып отыр. Соңғы 2 жылда орта кәсіптік біліммен мұғалімдер санының өсуі байқалады. Бұл бастауыш мектеп сыныптарының көбеюімен байланысты, 2016-2017 оқу жылында педагагикалық колледждің түлектері жас маман болып жұмысқа қабылданды. Орта кәсіптік білімі бар мектептің барлық 10 мұғалімі бастауыш мектепте жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ПМПИ-де күндізгі-қашықтықтан оқу түрінде 5 мұғалім білім алуда.
Педагогикалық қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша сапалық құрамы


Санаты/ Оқу жылы

2013-2014

2014-2015

2015-2016

2016-2017

жоғары

30 (39,5%)

36 (47,4%)

34(40%)

39(45%)

бірінші

25 (32,9%)

18 (23,7%)

19(22%)

12(14%)

екінші

12 (15,8%)

18(23,7 %)

14(17%)

12(14%)

санатсыз

9 (11,8%)

4 (5,3%)

18(21%)

23(27%)


2015-2016 және 2016-2017 оқу жылдарында жас мамандарды және 3 жылға дейінгі (23 мұғалім) еңбек өтілімен мұғалімдерді жұмысқа алумен байланысты санаты жоқ мұғалімдердің үлесі 6%-ға артты. Сонымен бірге жоғары санатпен мұғалімдер саны 45%-ға жетті.

Осылайша, мектеп педагогикалық ұжымының біліктілік деңгейі айтарлықтай жоғары екенін және білім беру қызметінің сапасын арттыру тапсырмаларын шешу үшін жүзеге асатын негіз құратынын айғақтайды.


жүктеу 3,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау