211
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Навий Лиза, Қошанова М.Т., Темирбекова Ж.Ж.
Көкшетау қ., Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Көптеген зерттеушілер кәсіпті алдын-ала таңдаудағы кез-келген сатыда
қызығушылық, қабілет және құндылық кездеседі деп санайды. Жеке тұлғаның
кәсіби өзін-өзі анықтауының кешігуі онда, тұрақты қызығушылықтың,
әлеуметтік бейімділігі мен мінез-құлқындағы инфантильдігі. Бұл кәсіби өзін-өзі
анықтауда ең басты «Мен бейнесінің» тұрақты қалыптасуы мен есею
компоненті.
В.А.Сластенин «кәсіби өзін-өзі анықтау» туралы физиологиядағы,
кибернетикадағы,
психологиядағы,
әлеуметтанудағы,
педагогикадағы
түсініктерді анализдей келе, мынадай тұжырымдама жасайды: тек мамандықты
таңдау ғана емес, сонымен қатар ЖОО студент пен мұғалімнің екі жақты
қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында өзара қатынасының дамуы
мен пайда болу процесі.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, тәжірибелі-
эксперимент жұмысын жүргізу барысында біз кәсіби өзін-өзі анықтаудың екі
бағыты болу керек деген қорытындыға келдік. Олар:
1. Кәсіби
ойының,
мүмкіншілігінің,
практикалық
іс-әрекетінің
қалыптасуымен байланысты.
2. Кәсіби өзін-өзі анықтау - әлеуметтік, оның мазмұны жас мұғалімнің
оқу мекемесінің педагогикалық ұжымына кірігуі, өзара іс-әрекеті мен қарым-
қатынасының әлеуметтік дағдысының қалыптасуы.
Демек, психология жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау проблемасының
шығармашылығына ерекше мән береді және оны индивидтің тұлға ретінде
қалыптасуындағы бірінші фазасы ретінде қарастыра отыра оны тұрақты түрде
әлеуметтік қоғаммен байланыстырады [1;22]. Өзін-өзі жетелеу іс-әрекетін
анализдеу рамкасында адамның тек өзін-өзі анықтайтын зат ретіндегі
түсінікпен шектеледі және кәсіби өзін-өзі анықтауда мүмкін болатын мінез-
құлықтарын ғана кіріктіреді. Нәтижесінде, индивидтің өзін-өзі анықтауы және
жеке тұлғаның даму процесінің бағытына қарсы кәсіби өзін-өзі анықтау
процесінің рөліне жаңа сапалы бағалау мүмкіндігі ерекше атап өтіледі.
Психологияда өзін-өзі анықтау, әлеуметтану жағдайында қажетті ең бір
жетекші тәсіл ретінде ұғынылады. Л.С.Выготский баланың жаңа әлеуметтік
жағдайларға және оларды белгілі бір қоғамның қоршаған ортасына қалыптасу
процесіне кіру: баланың үлкендермен тікелей әлеуметтік қатынастарында пайда
болады, жоғары психикалық функциялары уақыт өткен сайын оның санасында
«өсіп жетіледі»[2; 5]. Мұндай жағдайларда балаларда әлеуметтік нормалардың
интериоризацияны
және
құндылықтарды,
үлкендермен
өзара
қарым-
қатынасында ол дамудың формаларын, жолдарын басынан кешіреді, бұл
сыртқы нормалар мен әлеуметтік талаптардың оның жеке белсенділіктерінің
212
ішкі мінезін көбінесе қанағаттандыруға көшеді. Бұл өз кезегінде жеке тұлғаның
жаңа қасиеттерінің қалыптасуына алып келеді.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде, өзін-өзі
анықтауды, әдетте, индивид өзі туралы ақпарат алатын жеке адамның бағалау
тәсілдеріне қатысты қолданылатындығын және өзін-өзі анықтауды - «өзін-өзі
бағалау» деп сөздікте көрсетеді. Бұл студенттің өзін-өзі бағалау қызметін
реттейді,
рефлекстік
ойлауды
басқарып
отырады
және
адамның
профессионалды түрде қоғамдағы орнын белгілейді [3;168].
Демек, өзін-өзі бағалаудың адекваттік жағынан маңызы - тұлға өзін жан-
жақты, нағыз тұлға ретінде бағалай алуында.
Ал мұндай қасиеттерді дамыту үшін студентке топтағы бір оқушының
немесе оқытушының портреті беріледі. Студенттің мақсаты сол суретті үлгі
тұтып, өзінің ойын, қиялын, фантазиясын пайдалана отырып жаңа автопортрет
жасайды. Сонымен қатар студент бұл тапсырманы орындауда теориялық және
практикалық біліміне жүгінуіне де болады. Студент «суретші» ретінде өзі
қалаған және өзіне ыңғайлы этюдтарды, пантомималарды, мүсіндерді
тапсырмада қолдана алады. Сонымен бірге, «портрет» жасау үшін аппликация,
эпиграмма, тіпті болмаса өзі ойынан өлең жазуына да болады.
Тапсырманың ең қызығы берілген суреттегі адамның сыртқы көрінісі
емес, оның жеке қасиеттері, тұлғалық көрінісі жұмбақ болуы керек, яғни
белгісіз болуы шарт. Оқу барысында студент басқалардың бұл тапсырмаға
деген қызығушылығының барлығын немесе мүлдем енжарлық танытатын және
бұл пәнді оқу керек пе деген сияқты жағдайлармен бетпе-бет келеді.
«Суретші» портреті бойынша оқу кезінде студент біліміне, іскерлік пен
дағдысына профессионалды тұрғыда баға бере алуын қамтамасыз етеді.
Психологиялық портрет жасай отырып «суретші» адамның жеке қасиеттерін,
ерекшеліктерін аша отырып, толығымен көрсетуі керек.
Бұл тапсырманың қиын жері студенттердің бірін-бірі жете, толық білмеуі,
бір-бірінің жеке қасиеттерін танып білмеуі, біріне-бірі жеке тұлға ретінде баға
беруінде қиындық тудырады. Дегенмен де әрбір студент өзінің жан дүниесін
ашып, көрсете алмайды. Сонымен бірге студенттің мамандығына қатысты, не
мақсатпен осы мамандықты таңдағаны, жоғары оқу орнына түсуінің мақсатын
анықтауға мүмкіндік береді.
Профессионалдық жағынан өзін-өзі жетілдіруде (мамандыққа қатысты
көзқарасы жағымды ма әлде теріс пе) студент пен оқытушының ара қатынасы
маңызы болады:
біріншіден, өзін-өзі ашып, әрбір қатысушының өзін-өзі жетілдіруі;
екіншіден, студент болған жағдайды қабылдауы, басқа адамдармен
жақсы қарым-қатынас орнату, бағалау;
үшіншіден, ортақ қызығушылықтары бар жағымды атмосфераны сезіне
білу.
Ең бастысы - әрбір студенттің «Мен»-ін қалыптастыру болып табылады.
Студенттердің жоғары оқу орнында алған білімдері олардың қоғамда,
басқа да белгілі жерлерде тез арада бейімделуге, жекеленген психологиялық
құбылыстарды өз бетімен танып білуге, қазіргі заманауи технологияларды
Достарыңызбен бөлісу: |